Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

13 Тақырып. Мәмілелердің түсінігі, нысандары және түрлері

  1. Мәміленің түсінігі және нысандары

  2. Мәмілелердің түрлері

1 сұрақ. Мәміленің түсінігі және нысандары

Мәмілелер - азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкелдіретін негізгі және өте жиі кездесетін заңдылық фактілердің бірі болып табылады. Азаматтық құқықтағы мәмілелер ұғымы тұрақтандырылған және әдетті болады: мәмілелер – ол азаматтық құқықтар мен міндеттерді (құқық қатынастарын) белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттері (ҚР АК 147 б.). Мәміле деп тек қана заңды әрекеттер аталады.

Мәмілелердің саралануы оларды әр түрлі негіздер бойынша нысандар мен түрлерге бөлүден тұрады. Мәмілелердің нысандары ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Жалпы ереже бойынша, заңдарда арнайы көзделмеген жағдайларда ғана, әрбір мәмілелерді ауызша жасауға болады, әсіресе жасалған кезде атқарылатын мәмілелерді. Мәмілелерді ауызша жасау дегеніміз - ол мәмілелерді сөзбен немесе конклюденттік әрекеттер арқылы жасау. Жазбаша нысандағы мәмілелер жай және мамандырылған болып бөлінеді. Мәмілелерді жазбаша мамандырылған нысанда жасау дегеніміз – оларды нотариалдық күәландыру және (немесе) мемлекеттік тіркеуден өткізү болады.

Мәмілелердің заң талап еткен жай жазбаша нысанын сақтамау екі қолайсыз жағдайдың туындауына әкелдіреді. Біріншісі – ол мәміленің жасалу фактісі: оның мазмұны, бағасы мен т.б. жөнінде дау туындаған жағдайда, оларды күәгер айғақтарымен дәлелдеу, растау мүмкіншілігінің болмауы. Бұл шаралар кәсіпкерлік саласында жасалған және құны жүз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын сомаға жасалған азаматтар арасындағы мәмілелерге қолданылады (егер ол мәмілелер жасау кезінде орындалмайтын болса, орындалуы кейін көзделсе (ҚР АК 152, 153 б., б.)). Мәмілелердің жай жазбаша және мамандырылған нысанын орындамау нәтижесінде туындайтын екінші қолайсыз жағдай - ол оның жарамсыз деп танылуы. Мысалы: кәсіпорынды сату, кепіл туралы келісім, сыртқы экономикалық мәмілелер және т.б., заң талап етуі бойынша жазбаша жай нысанда жасалуы; өсиет, рента шарты және т. б. нотариалдық күаландырылуы, ал жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер - жылжымайтын мүлік орталығында тіркеуден өткізілүі қажет. Бұл мәмілелер үшін заң талап еткен нысанды орындамау олардың жарамсыз деп танылуына әкелдіреді.

2 сұрақ. Мәмілелердің түрлері

Мәмілелердің әр түрін сипаттап өту кажет болады. Мәселен, қатысушыларының санына қарай мәмілелер бір жақты, екі жақты және көп жақты болады. Бір жақты мәмілелер – ол бір тұлғаның еркіне байланысты жасалатын және басқа біреумен келісімге келүді қажет етпейтін мәмілелер болады (өсиет, қарызды кешіру, мұраны қабылдап алу, жариялы түрде сыйақы төлеу жөнінде үәде беру, конкурс өткізу туралы хабарландыру және т. б.). Екі және көп жақты мәмілелер шарт деп аталады. Олардың жасалуы екі немесе одан да көп тұлғалардың келісімге келуіне байланысты болады. Мәмілелердің көбі шартболып келеді. Мәмілелердің өзге түрлеріне: нақтылы, консенсуалды, мерзімді, мерзімсіз, шартты, шартсыз, биржалық, трастық, каузальдық, абстрактілік, т.б. жатады.

Заң (АК-ның 148-бабы) мәмілелердің екі түрін ажыратады: бір жақты мәмілелер және шартгар. Бір жақты мәміле бір тараптың еркін білдіреді және оған басқа азаматгардың немесе занды тұлғалардың қалай қарайтынына қарамастан қолданыла береді. Мысалы, азаматтың өзіне тиесілі әлде бір құқығынан бас тартуы, берілген сенімхатын, өсиетін тоқтатуы және т.б. бір жақты мәміле болады. Бір жақты мәміле, әдетге (бір өзі немесе басқа заң факгілерімен бірге), бұл жөнінде өздеріне хабарланғанға дейін мүндай қүқықтар туралы тіпті білмейтін басқа адамдардың қүқығын туғызады. Мысалы, өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін оның қалдырған өсиеті мұрагерлердің қүқықтарын туғызады. Бірақ мүндай мәміле ұшінші жаққа берілетін қүқықтардан туындайтын міндеттемелерден басқа міндеггерді жүктей алмайды (мысалы, өсиетгік бас тарту - АК-ның 1057-бабы).

Бірқатар жағдайларда бір жақты мәміле жай міндетгемені туғызады, мұңца мәміле жасаған адам борышқор болады, ал оның пайдасына мәміле жасаған адам — несие беруші болады. Мысалы, жай векселъді беру.

Кейде бір жақты мәміле міндеттемені тоқтатады, мұнда мәміле жасаған адам несие беруші болады да, ал оның пайдасына мәміле жасалған адам — борышқор болады. Мысалы, борышты кешіру (АК-ның 373-бабы).

Мәмілелердің көпшілігі екі немесе бірнеше тұлғаның үйлескен еркін білдіреді, яғни шарт болып табылады. Шарттар туралы АК-ның 37 8-405-баптарын қараңыз.

Мұвдай әрекеттер, ең ақырында, бір мақсатқа жетуге бағьпталғанына қарамастан, екі немесе бірнеше түлғаның жай ғана мәміле жасасуы оны шарт деп тану үшін жеткіліксіз болады. Олардың әрекеттерінін, өзара үйлесімді болуы талап етіледі, яғни қатысушының әрқайсысы басқа қатысушы саналы түрде мойындайтын немесе тіпті қолдайтын әрекеттер жасайды. Егер мүндай әрекеттер дербес болып, әрбір қатысушы өз әрекетіне басқа қатысушыны хабардар етпестен, жеке-жеке әрекет ететін болса, онда бүл шарт емес, бірінен соң бірі жасалатын екі мәміле болады. Мысалы, өсиет қалдыру және өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін мүрагердің өзіне қалдырылған өсиетті қабылдауы.

Екінші жағынан, кез келген шарт кем дегенде екі жақты әрекеттен туындайды: бір тараптың шарт жасасу туралы үсынысынан (мүндай бір жақты мөміле оферта деп аталады) және екінші тараптың үсынысты қабылдау жөніндегі келісуінен (бір жақты мәміле - акцепт) туады. Бүл жөнінде АК-ның 23-тарауын қараңыз.

Басқа негіздер бойынша мәмілелер өзге де түрлерге бөлінеді. Каузальдық және абстрактілік мәмілелердің арасындағы айыр-машылықтың өте зор практикалық маңызы бар.

Каузальдық (саиза - себеп, негіз) немесе себепті мәміленің тағдыры түтасымен оньщ өзі жасалған негізге тәуелді болады. Негізінің бүзылуы жасалған бір жақты мәміленің зандық күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алған тауарының бағасын алдын ала төлеп қойған, бірақ сатушы тауарды жеткізіп бермеген. Сатушының сатып алушыдан алынған ақшаға қүқығы жойылады.

Егер мөміленің өзі оны жасаған түлганың шынайы еркін білдірген болса, абстрактілік мәміленің зандық күші оның негізіне төуелсіз болады. Мысалы, сатып алушы сатушыға тауардың қүнына сай сомаға векселъ беріп, алынған тауар үшін есеп айырысты. Егер кейін тауардьщ сапасыз екені аныкталса, вексель қайтарып алынбайды, керісінше, вексель бойынша қүқық векселъ үстаушы үшін де, одан кейінгі векселъ үстаушылар үшін де, оны төлейтіндер үшін де күшін сақтайды.

Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар.

Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нактылаңцы. Егер заңнан, мәміленің мәнінен не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады.

Кепіл туралы (АК-ның 322-бабының 1-тармағының 1-тармакшасы), кепілдік және кепіл болушылык туралы (АК-ның 336-бабының 1-тармағы), кепілпүл туралы (АК-ның 338-бабының 1-тармағы) және басқа мәмілелерді қосымша мәмілелер деп атауға болады.

14 тақырып. Мәмілелердің жарамсыздығы

  1. Жарамсыз мәмілелер.

  2. Мәмілелердің жарамсыздығының салдары.

1 сұрақ. Жарамсыз мәмілелер.

АК-ның 157-бабы мөміленің нысанына, мазмүнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бүзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не лрокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін деп көрсетеді. Аталған талаптардың біреуі бүзылатын болса, мәміле жасалған заңцық факті ретінде таныла алмайды және заң күшіне ие болмайды. Заң шығарушылар мәмілені жарамсыз деп танудың нақты негіздерін белгілеуде нақ осы мән-жайды басшылыққа алады. Ең маңызды және кең таралған негіздер АК-ның 4-тарауының баптарында шогырландырылған.

Мәміленің жасалу түрлерінің бүзылуы себептері бойынша мәмілені жарамсыз деп тану негіздерін жоғарыда қарап өткенбіз. Ендігі жерде АК-ның 4-тарауында көзделген мәмілені жарамсыз деп танудың басқа да нақты негіздері және жарамсыздықтың салдары баяндалатьш болады.

ҚР АК жарамсыз мәмілелерді маңызсыз және даулы мөмілелерге бөлмейді, өйткені бүлайша бөлудің мәмілені жарамсыз деп тануды кімнің талап ететінін анықтау үшін ғана пракгикалық маңызы бар - мәмілеге қатысушы ма, басқа мүдделі жеке түлға ма, өлде уәкілетті мемлекетгік орган ба? Жарамсыздықтың нақты негіздерін айқындайтын баптарда бүл жөнінде арнайы айтылган.

РФ АК-ның 166-бабы маңызсыз және даулы мәмілелер арасындагы басты шектеу белгісі мынада деп көрсетеді: даулы мәміле сот шешімімен жарамсыз деп танылады, ал маңызсыз мәміленің жарамсыздығын тану үшін соттың шешімі талап етілмейді. Бірақ бүл белгі айтарлықтай сенімді болмайды. Егер маңызсыз мәміленің қатысушылары (немесе олардың біреуі), кімнің ұсынысы болса да, оның жарамсыздығы жөніндегі бағамен келіспейтін болса, бүл мәселені соттың шешімінсіз шешу қиын болады.

Соңдықтан, бүл жерде мәселе мәміленің жарамсыздығын сот арқьшы танудың қажеттігінде немесе қажет еместігінде емес, мәміле жасау кезінде кімнің мүдделерінің (жеке немесе жария) бүзылгандығында, демек тиісті талап қою арқылы кімнің сотқа шағымдана алатындығында болады.

Егер қүқьтқ бүзушылық жеке адамдардың мүдделеріне нүқсан келтіретін болса, онда мәмілені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке түлғаның талап етуімен сот шеше алады. АК-ның 2-бабына сәйкес мемлекетгік органдардыц мүндай дауға араласу қүқығы жоқ. Керісінше, жария мүдделер бүзылғанда мөмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа қойылатын талапты, мәміленің екі қатысушысы оның шартгарымен келіскен болса да, оны қоюға жария орган қүқылы болады.

Сонымен, егер мәміле мынадай талаптарды бүзатын болса, мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін: а) оңың шарттарының заңдылығы туралы, яғни оның мазмүнының заңдылығы туралы; б) мәмілеге қатысушылардың мәміле жасасу қабілеттілігі туралы; в) олардың ерік білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы.

Мәміле мазмүнының заңдылығы туралы талаптардың бұзылуы. АК-ның 158-бабы бүл жөнінде мәміленің аса маңызды талабы - оның заңға толық сәйкестігі деп айқындайды. Мүнда заңның кез келген бұзылуы жөнінде сөз болып отырған жок. Қүқық бүзушылықтың көп болуы АК-ның және өзге заң ережелеріне сәйкес. Бүл айтылғандардың негізінде заң талаптарын бүзатын мәміле бүзушының және бүл фактінің өзін жеке басының мүдделері ушін пайдалануға тырысатын адамдардың талап етуі бойынша жарамсыз деп таныла алмайды. Алайда жария мүддеге ықпал ететін қүқық бүзушылық жария мүдделерді білдіретін түлғалар мен органдардың (лицензиялық орган, салық органы, прокуратура) талап етуі бойынша мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болуы мүмкін.

АК-ның 158-бабының 2-тармағы қүқық бүзушылықтың белгілерін ғана емес, соңдай-ак мәмілені жарамсыз деп тану жөніңдегі сот дауыңда болашақ талапкерді де анықтай отырып, материалдық-қүқықтық және іс жүргізу-қүқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Өмірден мысал келтірелік. Ресейлік занды түлға салынған сомаға шартта белгіленген пайызды есептейтін болып, депозиттік есеп-шот ашу жөнінде қазақ-стаңдық коммерциялық банкпен шарг жасасқан. Шарттың мерзімі өткен соң депонент есептелген пайыздарымен қоса өз ақшасын қайтаруды талап етеді. Банк-депозитарий есеп-шот ашу кезінде валюталық операциялар туралы ереже бүзылғаңдықтан, ол (банк) мәмілені жарамсыз деп есептейді де, оны орындаудан бас тартады, бірақ бастапқыда есеп-шотқа салынған соманы қайтаруға әзір екенін мәлімдейді.

Депозитарийдің талап етуі бойынша мүндай мәміле жарамсыз деп таныла алмайды, өйткені өзінің қүқық бүзушылығын басқаға кінә етуге және жария мүддені қорғау деген желеумен жеке мүддені қорғауға болмайды, алайда, қүзіретті мемлекеттік органның талап етуі бойьшша мәміленің жарамсыздығын тану мүмкін болады. Мәміленің келесі қатысушысы кінәсыз болғандықтан, барлық жағдайларда мәмілені жарамсыз деп танудан келтірілген залалдарды (алынбаған табысты қоса есептегенде) толық өтеуді кінәлы қатысушыдан алуға қүқылы.

АК-ның 158-бабының 3-тармағы бүрын біздің заңдарымызда кездеспеген тағы бір ережені белгілейді, ол теріс пиғылды борышқор мүдделеріне нүқсан келтірген несие берушілерді қорғауға арнайы бағъпталтаи. Мәміле түлғаның міндеггемелерді орывдаудан жалтаруы мақсатында не үшінші жактың немесе мемлекеттің алдындағы жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасалса, ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.

2 сұрақ. Мәмілелер өздері бағытталған заңды салдарға жетуі үшін жарамды болуы қажет. Жарамды мәмілелердің келесі төрт ақауы болмауы тиіс: нысанының ақауы, субъектілік құрамының ақауы, мазмұнының ақауы және еркінің ақауы. Аталған элементтердің кем дегенде біреуі жарамсыз болса бүкіл мәміленің немесе оның бір бөлігінің жарамсыз болуына әкелдіреді. Сондықтан, мысалы: алдау, қорқыту, қанау, күш көрсету арқылы жасалған мәмілелерді заң жарамсыз деп таниды. Сонымен бірге жалған және бүркемелі мәмілелер де жарамсыз болып танылады (ҚР АК 160 б.). Бүркемелі мәмілелердің кең тараған түрлерінің біріне автокөлікті сату шартының орнына оны жүргізүге сенімхат беру жатады. Мұндай мәміле жарамсыз болып табылады, себебі, бұл мәміленің шынайы мақсаты – екінші тараптың меншік құқығына ие болу, осы мақсат тек ғана сату мәмілесінен туындайды, ал сенімхат беру мәмілесі екінші тарапқа меншік құқығын ауыстырмайды, меншік иесі болып бірінші тарап қала береді.

Мәмілені жарамсыз деп тану сот шешімі арқылы жүзеге асырылады және екі жақты реституцияға әкелдіреді (жақтарды бастапқы жағдайларына қайтару). Кейбір жағдайларда сот бір жақты реституцияны және ҚР АК 9 бабында көзделген басқа шараларды қолдануы мүмкін.

Шетел мемлекеттерінде мәмілелер азаматтық және саудалық деп айырылады. Саудалық мәмілелеріне кәсіпкерлік тұрғыда жасалатын мәмілелер жатады, олар арнайы Сауда кодекстерімен не болмаса сондай-ақ арнаулы заңдардың ережелерімен реттеледі. Саудалық мәмілелер тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда заңдарда бекітілген тұрақсыздық төлем азаматтық мәмілелермен салыстырғанда недәуір жоғары болып келеді. Саудалық мәмілелер әртүрлі нысанда жасалады. Бүл мәмілелерді растау үшін сот түрлі дәлелдемелерді ескеруге алады. Саудалық мәмілелер жайында дауларды шешу үшін арнайы мемлекеттік емес коммерциялық (аралық) соттар құрылады.

15 тақырып. Өкілдік және сенімхат

  1. Өкілдіктің түсінігі, пайда болу негіздері және түрлері.

  2. Сенімхат және оның түрлері.

1. Өкілдіктің түсінігі, пайда болу негіздері және түрлері.

Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады. Өкiлеттiк өкiлдiң (бөлшек сауда жүйесiндегi сатушы, кассир және т.б.) әрекет жасаған жағдайынан да көрiнуi мүмкiн.

Өкiл жасаған мәмiле бойынша тiкелей өкiлдiк берушiде құқықтар мен мiндеттер пайда болады.  Өкiл жеке өзiне қатысты да, сонымен бiрге өзi өкiлi болып табылатын басқа адамға қатысты да өкiлдiк берушiнiң атынан мәмiлелер жасай алмайды. 

Басқалардың мүдделерi үшiн болса да өз атынан әрекет ететiн адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлiк кезiнде өсиеттi орындау тапсырылған адамдар және т.б.), сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкiн мәмiлелерге қатысты келiссөз жүргiзуге уәкiлдiк берiлген адамдар өкiлдер болмайды. 

  Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана жасауға болатын мәмiленi, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегi басқа да мәмiлелердi өкiл арқылы жасауға жол берiлмейдi.   Әрекет қабiлеттiгi жоқ азаматтардың атынан мәмiлелердi олардың заңды өкiлдерi - ата-анасы (асырап алушылары) мен қорғаншылары жасайды.(164 бап)

  Мәмiле жасауға уәкiлдiк берiлмеген адамның басқа адам атынан немесе өкiлеттiгiн асыра пайдаланып жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушi осы мәмiленi кейiннен мақұлдаған ретте ғана ол үшiн азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады, өзгертедi және тоқтатады.    Өкiлдiк берушiнiң кейiннен мақұлдауы мәмiленi оның жасалған кезiнен бастап жарамды етедi.