Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2. Азаматтық құқықтың жүйесі.

Азаматтық құқық жүйесіне тоқтайтын болсақ, азаматтық құқық, өзге құқық салалары сияқты, жалпы және ерекше бөлімдерінен тұрады. Олардың әрқайсысының өз зерттеу нысанасы, өз нормалары мен институттары бар. Сонымен бірге аталмыш екі бөлім бір бірімен тығыз байланысты және арақатынаста болады. Тәжірибеде құқықты қате қолдану себебінің бірі болып, әр бөлімнің нормаларын бір бірінен бөлек, жүйесіз қолдану болады: мысалы, ерекше бөлімнің нормаларын жалпы бөлімнің ережелеріне байланыссыз қолдану.

Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтын, әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық кұқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.

Ішкі салалардың "жалпы бөлімі" мен "жалпы ережелерін" бір-бірінен бөліп қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле қойған жоқ. Аталған саланың "жалпы бөлімі" жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың "жалпы ережелерінде" мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.

"Жалпы ереженің" нормалары азаматтық құқық бөлімдерінен тәуелсіз негізде барлық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға қолданылады. "Жалпы бөлімге" жататын "Меншік және өзге де заттық құқықтар" мен "Міндеттемелік құқық" тәрізді ішкі саланың екі түрінің нормалары да жалпы сипатқа ие екендігі дәлелденеді. Мысалы, меншіктің түрлері мен сипатына орай меншік құқығы туралы, меншік қатынастарын қорғау мен оның пайда болуы тәсілдері туралы норма басқа институттарды, атап айтқанда, сатып алу — сату, авторлық және мұрагерлік құқықтарға кеңінен қолданылады. "Жалпы бөлім" құзыретті органдардың, азаматтар мен ұйымдардың құқық қолдану қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, сондай-ақ, ол қайталау мен олқы тұстарды жоюға мүмкіндік береді."

Азаматтық құқық жүйесі төмендегідей ішкі салаларға бөлінеді: "Міндеттемелік құқық", "Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар", "Интеллектуалдық меншік құқығы", "Мұрагерлік құқығы", "Халықаралық жеке құқық", осындай әрбір ішкі саланын, өз нормаларына сай келетін "Жалпы ережесі" болады. Оның әрқайсысы өз кезегінде іштей кұрылымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты жөне шарттан тыс міндеттемелік институты деп бөлінеді.

Қазақстан Республикасы азаматтық-құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

І-бөлім. "Жалпы ережелер" (тараулары: азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу; азаматтық құқықтардың субъектілері; азаматтық құқықтар объектілері; мәмілелер; өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу; талап қою мерзімі).

ІІ-бөлім. "Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар" (тараулары: меншік құқығы. Жалпы ережелер; шаруашылык жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; ортақ меншік; бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік); меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу; меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы; меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау).

Ш-бөлім. "Міндеттемелік құқық" (І-бөлімше: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер", оған мына тараулар енеді: міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болуы негіздері; міндеттемені орындау; міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету; міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы; міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық; міндеттемені тоқтату. ІІ-бөлімше: "Шарт туралы жалпы ережелер", оған мына тараулар енеді: шарт ұғымы және оның ережелері; шарт жасасу; шартты өзгерту және бұзу).

Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының Ерекше бөлімі мыналарды қамтиды:

IV-бөлім. Міндеттемелердің жекелеген түрлері: сатып алу — сату; айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау; мүлік жалдау (аренда); тұрғын үйді жалдау; мүлікті тегін пайдалану; мердігерлік; өтелмелі қызмет көрсету; тасымалдау; көлік экспедициясы; заем; ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг); банктік қызмет көрсету; сақтау; сақтандыру; тапсырма; басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау; комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару; кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг); конкурстық міндеттемелер; зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер; негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

V-бөлім. "Интеллектуалдық, меншік құқығы" (тараулары: жалпы ережелер; авторлық құқық; сабақтас құқықтар; өнер-табысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық; селекциялық жетістіктерге құқық; интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар; ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы; азаматтық айналымға тауарларға және қызмет көрсетуге қатысушылардың дараландыру құралдары).

VI-бөлім. "Мұрагерлік құқық" (тараулары: мұрагерлік туралы жалпы ережелер; өсиет бойынша мұрагерлік; заңды мұрагерлік; мұра алу).

VII-бөлім. "Халықаралық жекеқұқық" (тараулары: жалпы ережелер; коллизиялық нормалар).

Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі бір жүйе бойынша реттеледі. Әлемдік азаматтық-құқықтық жүйе ғылымында қалыптасқан институционалдық және пандектілік тәрізді екі жүйе бар. Оның біріншісі бүкіл құқықтық нормаларды: а) тұлға; ә) меншік және оның түрлерінің өзгеруі; б) меншікке ие болу тәсілдері деп бөледі. Франция Азаматтық кодексі мен оның тұжырымдарын қолдаушылар осы жолды таңдады. Екінші, пандектілік жүйе жалпы бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді, соның нәтижесінде кодекстің арнайы бөлімдері қайталаудан, басы артық сілтемелерден және т.б. арылады. Жалпы бөлімнен соң заттық, міндеттемелік, отбасылық және мұрагерлік құқықтар тәртіптеледі. Мұндай жүйені Германияның азаматтық зандары қолданады және де осындай тәсіл бразилиялықтардың, гректердің және басқалардың азаматтық заңдарында бар.

Кешегі кеңестік азаматтық құқықта институционалдық және пандектілік жүйеден артта қалушылық байқалғанымен, герман-роман жүйесіне ұқсастығы болатын.