Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2. Сенімхат және оның түрлері.

Сенiмхаттың ұғымы ҚР АКң 167-бабында көзделген: Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрілген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады.

Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куәландыруға тиiс. Нотариат куәландырған сенiмхаттарға:

1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар;

2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегi осы бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери қызметшiлердiң сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерi мен әскери қызметшiлер отбасы мүшелерiнiң сенiмхаттары;

3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенiмхаттары;

4) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi кәмелетке толған әрекет қабiлеттiгi бар азаматтардың осы мекеменiң немесе тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшысы куәландырған сенiмхаттары теңестiрiледi.

Хат-хабар, соның iшiнде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және азаматтар мен заңды тұлғалардан өзге де төлемдер алуға сенiмхатты сенiм бiлдiрушi тұратын қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппараты, ол жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол емделiп жатқан тұрақты емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi, сондай-ақ әскери қызметшiлерге сенiмхат берiлгенде тиiстi әскери бөлiмдердiң командованиесi куәландыруы мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлерi арқылы жiберiлетiн сенiмхатты байланыс органдары куәландырады.

Үшiншi жақтар сенiм бiлдiрiлген адамға сенiм бiлдiрушi факсимилелiк және өзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз жолдаған өздерiне қатысты әрекеттер жасау үшiн берiлген сенiмхатты түпнұсқа деп санауға құқылы.

Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi.

Ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс.

Банкiде операциялар жасауға берiлетiн сенiмхатты және сауда саласында мәмiле жасауға берiлетiн сенiмхатты беру тәртiбi мен нысаны арнайы ережелермен белгiленуi мүмкiн.

Сенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұрлым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады. Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болады (168-бап).

Сенiм ауысуы (169-бап): Сенiм бiлдiрiлген адам өзiне уәкiлдiк берiлген әрекеттi өзi жасауға тиiс. Алған сенiмхат бойынша сенiм ауыстыруға уәкiлдiк берiлген не сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғауға мәжбүр болған ретте ғана ол осы әрекеттердi жасау сенiмiн басқа адамға аудара алады. Сенiм бiлдiрiлген адамның өз өкiлеттiгiн басқа адамға беруi жөнiндегi сенiмхатты, Кодекстiң 167-бабының 4-тармағында көзделгеннен басқа реттерде, нотариат куәландыруға тиiс.

Сенiм ауыстыру жөнiнде берiлген сенiмхаттың қолданылу мерзiмi ол негiзге алынып берiлген алғашқы сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен аспауы керек.

Өз өкiлеттiгiн басқа бiреуге берген сенiм бiлдiрiлген адам бұл жөнiнде сенiм бiлдiрушiнi дереу хабардар етуге және оған әлгi адам туралы, оның тұрғылықты жерi туралы қажеттi мәлiметтердi хабарлауға тиiс. Бұл мiндеттiң орындалмауынан, сенiм бiлдiрiлген адамға нақ өз әрекеттерi үшiн жауапкершiлiк жүктелетiнi сияқты, өз өкiлеттiгiн берген адамның әрекеттерi үшiн де жауапкершiлiк жүктеледi.

Сенiмхаттың тоқтатылу негізлері ҚР АКң 170-бабында реттелген. Сенiмхаттың қолданылуы:

1) сенiмхат мерзiмiнiң өтуi;

2) сенiмхатта көзделген әрекеттердiң жүзеге асуы;

3) сенiмхатты берушi адамның оның күшiн жоюы;

4) сенiмхат берiлген адамның одан бас тартуы;

5) өз атынан сенiмхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;

6) атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның таратылуы;

7) сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы;

8) сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiм ауысуының күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады.

Сенiмхаттың тоқтатылу салдары:

1. Сенiмхат берушi сенiмхаттың күшiн жойғандығы туралы (170-бабы) сенiмхат берiлген адамға, сондай-ақ сенiмхат берiлгендердiң алдында өкiлдiк ету үшiн өзiне белгiлi үшiншi жаққа хабарлауға мiндеттi. Сенiмхат АКң 170-бабының 5 және 7-тармақтарында көрсетiлген негiздерге сүйенiп тоқтатылған реттерде дәл сондай мiндет сенiмхат берушi адамның құқықты мирасқорларына да жүктеледi.

2. Сенiмхат берiлген адамға сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлгенге дейiн немесе бiлуге тиiс болған кезге дейiн оның жасаған әрекеттерi нәтижесiнде пайда болған құқықтар мен мiндеттер сенiмхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшiн үшiншi жақтарға қатысты күшiн сақтайды. Егер үшiншi жақ сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса бұл ереже қолданылмайды.

3. Сенiмхат берiлген адам немесе оның құқықты мирасқоры сенiмхат тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиiс.

4. Сенiмхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенiмхат бойынша басқа адамға өкiлеттiк беру де (сенiм ауысуы) күшiн жояды.

16 тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер

  1. Мерзімнің түсінігі және түрлері.

  2. Мерзімдерді есептеу.

  3. Талап қою мерзімі.

1. Мерзімнің түсінігі және түрлері.

Азаматтық айналымда жөне әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.

Азаматгық қуқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сот шешімінде көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне (аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.

Мерзімдер дегеніміз – ол оқиғаларға жататын заңды фактілердің бір түрі. Басқаша айтқанда, басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі, мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады. Мерзімнің маңыздылығы келесіде болады: ол азаматтық өрістікті тәртіпке келтіреді, құқықтық қатынастарды анықтайды, азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларын тәртіпке шақырады. Яғни, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, міндеттерді атқару және азаматтық құқықтарды қорғау белгілі бір уақыт кезеңінде, мезеттерінде, жасалуы қажет. Заңдарда «мерзім» деген терминның анықтамасы берілген жоқ, ол ғылыми, доктриналдық анықтамалардың бірі.

Басталуы немесе өтуі белгілі бір қуқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық қүқықта мерзім деп аталады.

Қүқық теориясы курсынан білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегіңде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, окиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық қүқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады.1 Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.2

Мерзімнің басталу мезетін, мерзімді есептеу тәртібін және мерзімнің аяқталуын білген аса маңызды болады. ҚР АК 172 б. сәйкес, заңдармен бекітілген, мәмілемен немесе сот тағайындаған мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғаға нұсқау арқылы белгіленеді. ҚР АК 173 б. бойынша, уақыт мезетімен белгіленген мерзімнің өтуі оның басталуын белгілейтін оқиға болған кездің немесе күнтізбелік күннің келесі күні басталады. Мерзімнің аяқталуы туралы ережелер АК 174 бабында келтірілген. Мерзімнің соңғы күні жасалатын әрекеттерді жасау тәртібін заң арнайы белгілейді (ҚР АК 176 б.). Мерзімдер түрлері: азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі, міндеттерді атқару мерзімдері, субъективтік құқықтарды қолдану мерзімі, азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі (талап қою), кепілдік мерзімі, шағымдану мерзімі, жарамдылық мерзімі, кызмет ету мерзімі; заңды, шарттық, соттық және т. б. мерзімдер.