Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2 Сұрақ. Заттық құқықтардың негізгі топтары.

 ҚР АК-ң 195-бабына сай меншiк иесi болып табылмайтын  тұлғалардың заттық құқықтары көзделеді.

1. Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:

1) жердi пайдалану құқығы;

2) шаруашылық жүргiзу құқы¬ы;

3) оралымды басқару құқығы;

4) Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.

2. Заттық құқықтар¬а, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың таби¬атына қайшы келмесе, меншiк құқы¬ы туралы нормалар қолданылады.

Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi (194-бап).

18 Тақырып. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, нысандары және түрлері

1Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.

2 Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік

1 сұрақ. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.

Меншік - экономикалық және құқықтық қоғамдық қатынастардың негізі. Меншік экономикалық категория ретінде еңбек өнімдерін иелену нысанына сәйкес өндірістік құралдар мен өнімдерін иеленудің тарихи қалыптасқан белгілі бір қоғамдық қатынастары.

Меншік құқығы» түсінігі екі мағынаны білдіреді:

1) обьективтік мағынадағы меншік құқығы;

2) субьективтік мағынадағы меншік құқығы.

Обьективтік мағынадағы меншік құқығы- өндіріс құралдары мен өнімдерін иелену, пайдалану және билік ету қатынастарын орнықтыратын құқықтық нормалардың жиынтығы. Субьективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз – белгілі бір тұлғаның нақты жеке меншігіне қатысты құқығы. Жеке меншік иесінің мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы бар. Бұлар меншік құқығының элементтері, «триадасы» деп те аталады.

Осыған байланысты объективтік мағынадағымен субъективтік мағынадағы меншік құқықтарын бір бірінен айыра білген жөн (188 б.), оған қоса «меншік» атауын экономикалық санат ретінде, ал «меншік құқығы» – құқықтық санат ретінде қолданатындығын ескерген жөн.

Заттық құқықтар жүйесінде өз мүлкін және мүліктік құқықтарын иеленү, пайдалану және билеу құқығы ретінде басты орынды меншік құқығы алады. Аталған үш құқық - иеленү, пайдалану және басқару құқығы – ол меншік құқығының мазмұнын құрайды және заттық құқықтарды зерттеуде негізге алынады. Меншік құқығы иесінде аталған құқықтардың барлығы толық мөлшерде болады. Меншік құқығының және оның үш элементының ұғымы ҚР АК 188 бабында келтірілген. Меншік құқығы – ол субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену (иемдену), пайдалану және оған билік ету құқығы.       Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету. Пайдалану құқық өкілеттілігі заңмен қамтамасыз етілген мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуінің мүмкіндігі. Ол пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін (ҚР АК, 188бап,2 тармақ).

Билеудің құқықтық өкілеттілігі – жеке меншік мүмкіндігі мазмұнының өзегі. Ол затқа толық билік етуді: заттың заңдық тағдырын, заңнамаға қарсы келмейтін соның ішінде қайта өндеу, жою, пайдалануды жасауға түрлі келісімдер мен іс жүзіндегі әрекеттер жасауды көрсетеді. Жеке меншік иесі билеу құқығын өзі де іске асыра алады, сонымен бірге үшінші тұлғаға билік етуге рұқсат ету немесе тыйым сала алады.

Белгілі «үштік» (триада) - иелену, пайдалану, билік ету құқығы меншік иесінің құқық күшінің сипаттамасы ретінде ортағасырларда, глоссаторларда пайда болып, оның үстіне алғашқы екі құқық күші классикалық рим құқығында өзіндік мүліктік құқық ретінде, ал үшіншісі комментаторлардың таза ортағасырлық «тапқыштығы» болды. Орыс заңнамасына «үштікті» енгізген М.М.Сперанский екен.

Меншік иелерінің және өзгеде заттық құқық иелерінің құқықтарын бекітүмен қоса, заңда олардың міндеттері де бекітіледі, соның ішінде: мүліктің кездейсоқ жойылу және бүлінү каүпі, меншік ауыртпалығын көтеру міндеті (АК 189б., 190 б.).