Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

27 Тақырып. Міндеттеме бұзылғандығы үшін жауаптылық

( АК 20-тарауы.)

1. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың түсінігі, нысаны және түрлері.

2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.

1. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың түсінігі, нысаны және түрлері.

Міндеттемені бұзылғандығы үшін жауаптылық - азаматтық–құқықтық жауаптылықтың бір түрі болып танылады және құқық бұзушыға мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген, қосымша азаматтық–құқықтық жауаптылық немесе оны азаматтық құқығынан айыру түрінде, қосымша мүліктік жауаптылық ауыртпалығын салу арқылы жүзеге асырылады.. Міндеттемені бұзу дегеніміз – ол міндеттемені орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау.      Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болма¬ан жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi. Мiндеттеменi бұзғандық үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргізіледі. (349-бап).

Азаматтық құқықтық жауаптылық нысандары – ол шығындарды өтеу (АК 9 б.), айып төлеу, кепілпұлдан айрылу, мәміле бойынша алғанды тәркілеу, кепілге берілген мүлікке деген меншік құқығынан айрылу, моральдық зиянды өтеу және т. б. Бұл тәсілдер сонымен қатар жауаптылық түрлері болып табылады. Жауаптылыктың өзге түрлеріне: толық және шектеулі, шарттық және шарттан тыс, үлестік, бірлесіп ортақтасқан немесе қосалқы және т. б. жауаптылық жатады. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың туындауының жалпы шарттары: шығындар мен зиянның болуы; құқық бұзушының құқыққа қарсы әрекеті; келтірілген зиян мен құқық бұзушының құқыққа қарсы әрекеті арасындағы себепті байланыстың болуы, құқық бұзушының кінәсінің болуы. Жалпы ережелер бойынша кінә қасақана әдейі және абайсыздық нысанында болады. Бірақта азаматтық құқықта кінәнің нысанының еш бір мағынасы жоқ. Азаматтық–құқықтық жауаптылықтың туындауы кінәсіз болуы да мүмкін; мысалы: кәсіпкерлік қызмет саласында немесе аса қаүіпті болып саналатын қайнар көздерімен келтірілген зиянды өтеуде.

Мiндеттеменi бұзған борышқор несие берушiге оның бұзылуынан туында¬ан залалдың орнын толтырып беруге мiндеттi (9-бабының 4-тармағы). Айып төлеумен қамтамасыз етiлген мiндеттемедегi залалдың орнын толтыру осы Кодекстiң 351-бабында көзделген ережелермен белгiленедi. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөніндегi тараптардың мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылда¬ан келiсiмi жарамсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүліктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.

Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор несие берушiнiң талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күні, ал егер талап ерiктi түрде қана¬аттандырылмаса, талап арыз берiлген күні қолданылған баға назарға алынады. Мән-жай негiзге ала отырып, сот шешiм шығарған күні не нақты төлем төленген күні қолданылған бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.

Айырылып қалған пайданың мөлшерін анықта¬ан кезде оны алу үшін несие берушi алдын ала қолданған шаралар және осы мақсатта жасалған дайындықтар ескерiледi.  Егер мұның өзі мiндеттеменi бұзғаны үшін жауапкершiлiктен жалтару мақсатымен жасалғанын дәлелдесе, несие берушi борышқордың, сондай-ақ оның мүлік иесiнiң кез-келген iс-әрекетіiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. 

Мiндеттеменiң бұзылуынан келтiрiлген моральдық нұқсан Кодекстiң 350-бабында көзделген залалдардан тыс өтеледi.