Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

26 Тақырып. Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл және мүлікті ұстап қалу

  1. Ұстап қалу міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде.

  2. Кепілдік және кепіл болушылық..

  3. Кепiлпұл

1 сұрақ. 338-1-бап. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер (12.01.07 ж. Заңмен енгізілді): Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін оны ұстап қалуға құқылы. Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсіпкер ретінде әрекет ететін тараптардың міндеттемелерінен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Несие беруші өзіндегі зат иелігіне түскеннен кейін де оны иелену құқығын үшінші тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың ережесі қолданылады.

 338-2-бап. Ұстап қалынған мүлік есебінен талаптарды қанағаттандыру

Затты ұстап қалушы несие берушінің талаптары кепілмен қамтамасыз етілген талаптарды қанағаттандыру үшін көзделген көлемде және тәртіппен заттың құнынан қанағаттандырылады.

2 Сұрақ. Кепілдік және кепіл болушылық.

Кепілдік бойынша кепілдік беруші борышкердің несие берүшісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышкермен ортақтасып ішінара жауап берүге міндеттенеді. Ал кепіл болушылық (аманат) бойынша кепіл болушы басқа жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді (АК-тің 330 б.). Яғни, кепіл болушыға қарағанда, кепілдік етүшінің құқықтық жағдайы бірталай күрделі болады (АК 329 – 336 б., б.).

Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi     мен нысаны АКң 331-бабында көзделген: Кепiл болушылық немесе кепiлдiк шарттарының негiзiнде кепiлдiк және кепiл болушылық пайда болады. Кепiлдiктi қолдану заңмен белгiленуi мүмкiн. Кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалу¬а тиiс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартының жарамсыз болуына Әкелiп соқтырады.

Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышқордың мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын несие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшін жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.

Екiншi деңгейдегi банктер банктiк кепiлдiктермен кепiлгерлiктердi Азаматтық Кодекске сәйкес, уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде берудi жүзеге асыра алады.

Кепiлдiк берушiнiң және кепiл болушының жауапкершiлiгi АКң  332-бабында айқындалған: Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер шартта өзгеше белгiленбесе, тек заңды талапты ғана қамтамасыз етедi. Кепiлдiк берушi мен кепiл болушы, егер олар әрекет қабiлетсiздiгi туралы өздерiне күні бұрын белгiлi болған борышқорға кепiл болса, ал несие берушi бұл мән-жайды бiлмесе, жауапкершiлiктен босатылмайды.       Кепiлдiк берушi несие берушi алдында, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, борышқор сияқты айыпақы, сыйақы (мүдде) төлеудi қоса алғанда, борышты өндiрiп алу жөніндегi сот шы¬ындарын және борышқордың мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан туындаған несие берушiнiң басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап бередi.

Кепiл болушы несие берушi алдында, егер кепiл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепiл болушылықта көрсетiлген сома шегiнде жауапты болады. әосалқы жауапкершiлiктi мойнына ал¬ан кепiл болушы¬а талаптар қойыл¬ан¬а дейiн несие берушi бұл талапты борышқор қана¬аттандыратындай, атап айтқанда, қарсы талапты есепке алу және белгiленген төртіп бойынша борышқордың мүлкінен ақы өндiрiп алу арқылы ақыл¬а қонымды шаралар қолдану¬а тиiс.

Кепiлдiк берушiнiң өзіне несие берушi талаптар қой¬ан жа¬дайда¬ы құқықтары мен мiндеттерi 333-бапта көзделген: Кепiлдiк берушi, несие берушiнiң талаптарын қана¬аттандыр¬ан¬а дейiн бұл туралы борышқор¬а ескертуге, ал егер кепiлдiк берушiге қуыным жасалса, борышқорды iске қатыстыру¬а мiндеттi. Олай болма¬ан жа¬дайда борышқор Өзінің несие берушiге қоймақшы бол¬ан қарсылықтарын кепiлдiк берушiнiң қайтарып қой¬ан талабына қарсы қою¬а құқылы. Кепiлдiк берушi, егер кепiлдiк шартынан Өзгешеі туындамаса, несие берушiнiң талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қою¬а қақылы. Кепiлдiк берушi бұл қарсылықтар¬а құқы¬ын тiптi егер борышқор олардан бас тартқан немесе Өзінің қарызын мойында¬ан жа¬дайда да жо¬алтпайды.

Мiндеттеменi орында¬ан кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөніндегi барлық құқықтары және кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қана¬аттандыр¬ан көлемде көшеді. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышқордан несие берушiге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын (мүддесiн) төлеудi және борышқор үшін жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге қақылы.

Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орында¬аннан кейiн несие берушi борышқор¬а қойыл¬ан талапты куәландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыру¬а және осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi.  Аталған ережелер, егер заңдарда немесе кепiлдiк берушiнiң борышқорымен шартында өзгеше көзделмесе және олардың арасында¬ы қатынастарда өзгеше туындамайтын болса, қолданылады. Кепiл болушы дәл осындай құқықтар¬а борышқордың несие берушi алдында¬ы мiндеттемесiн өзі орында¬ан бөлігінде ие болады.

Кепiлдiктен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орында¬ан борышқор кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушы¬а бұл туралы дереу хабарлау¬а мiндеттi. Олай болма¬ан жа¬дайда өз кезегiнде мiндеттеменi орында¬ан кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiден негiзсiз алын¬анды өндiрiп алу¬а, не борышқор¬а керi талап қою¬а қақылы. Соң¬ы жа¬дайда борышқор несие берушiден тек негiзсiз алын¬анды ¬ана өндiрiп алу¬а қақылы.

      Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы (336-бап): Кепiлдiк және кепiл болушылық өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге, сондай-ақ осы мiндеттеме кепiлдiк берушi мен кепiл болушының жауапкершiлiгiн соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де қолайсыз салдарға әкелiп соқтыратындай өзгерген жағдайда, тоқтатылады. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiге жаңа борышқор үшiн жауап беруге келiсiм бермесе, кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме жөнiндегi борышты басқа жаққа ауыстырумен тоқтатылады.

Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер олар өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменi орындау мерзiмiнiң басталуына қарай борышқор немесе кепiлдiк берушi мен кепiл болушы ұсынған тиiстi дәрежедегi орындауды қабылдаудан несие берушi бас тартса тоқтатылады. Кепiлдiк және кепiл болушылық оларға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзiм белгiленбесе, егер несие берушi кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негiзгi мiндеттеменiң орындалу мерзiмi көрсетiлмеген және белгiлеуге болмайтын немесе талап етуiмен белгiленген кезде, кепiлдiк және кепiл болушылық егер несие берушi кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарты жасалған күннен бастап екi жылдың iшiнде қуыным жасамаса, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кепiлдiк пен кепiл болушылық тоқтатылады.

3 сұрақ. Кепілпұл.

Кепілпұл – ол болашақ міндеттеменің уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен және шарт жасау мен орындауды қамтамсыз етүге екінші тарапқа берілетін ақшалай сома. Сонымен, кепілпұл қамтамасыз етү, төлеү және күәландыру қызметін атқарады. Кепілпұл жөніндегі келісім міндетті түрде жазбаша жасалады және онда «кепілпұл» деп аталуы қажет. Егер міндеттеме жақтардың келісімімен орындалмай тұрып тоқтатылатын болса немесе ешкімнің кінәсінсіз оның орындалуы мүмкін емес болса, кепілпұл қайтарылады. Егер міндеттеме кепілпұл берген жақтың кінәсімен орындалмаған болса, онда кепілпұл екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұлды алған жақ кінәлі болса, онда ол кепілпұлды екі еселенген сомасын қайтарұға міндетті (337 – 338 б.,б.).

Борышкердің мүлкін ұстап қалу тәсілі тек борышкердің қайсыбір мүлкі несие берүшінің заңды иеленүінде болса ғана қолданылады. Бұл мүлікті несие берүші борышкер онын алдындағы өз міндеттерін орындағанға дейін ұстап қалуға құқылы болады. Ресей АК карағанда, қазақстандық АК-да бұл қамтамасыз етү тәсілі жөнінде арнайы баптар 2007 жылға дейін жоқ болған. ҚР АК 292 бабында өзге тәсілдердің арасында бұл тәсілдің қолдану мүмкіншілігі де аталады.