Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғары мектебінің

проректоры-директоры

___________________У.Шапак

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

(жалпы бөлім)

Мамандық Құқықтану

Оқу нысаны Күндізгі

Барлығы 3 кредит

Курс 2 (орта арнаулы білім негізінде)

Семестр 3

Дәрістер 30 сағат

Семинар сабақтары 15 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 23 сағат

СӨЖ 67 часов

Емтихан 3 семестр

Еңбек көлемі 135 сағат

Астана

Азаматтық құқық кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама № __«____» __________2012 ж.

Кафедра меңгерушісі

з.ғ.д., профессор _____________________________ Т.Е. Қаудыров

Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер:

Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы - заң ғылымдарының кандидаты, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының профессоры, 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін үздік дипломмен тәмамдаған.

Негізгі ғылыми жұмыстары: азаматтық құқық, тұрғын үй құқығы мәселелері бойынша 90-нан астам еңбектің авторы.

Пререквизиттер: Рим құқығы, мемлекет және құқық теориясы

Постреквизиттер: Азаматтық құқық (ерекше бөлім), кәсіпкерлік құқық, тұрғын үй құқығы

Пәннің сипаттамасы: Азаматтық құқық жоғары заң оқу орындарында оқытылатын басты пәндердің бірі болып табылады. Пәннің негізгі орны қазіргі қоғамдағы азаматтық заңнаманың басқа пәндер арасында алатын маңызымен тығыз байланысты. Бұл заңнама нарықтық экономиканың мығым негіздерін қалыптастыруға, тауар-ақша қатынастарының өсуі мен дамуына, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға бағытталған. Қазіргі кезде азаматтық заңнаманың көлемі басқа салалармен салыстырғанда ең ауқымдысы және күрделісі болып табылады.

Негізгі мақсат студенттердің негізгі азаматтық-құқықтық ұғымдар мен категорияларды үйренуі, азаматтық-құқықтық нормаларды дербес талдап білуі және азаматтық-құқықтық құралдарды іс-жүзінде қолданып білу тәжірибесі болуы қажеттігі.

Азаматтық құқық курсы екі бөлімнен тұрады: Азаматтық құқық (жалпы бөлім) және Азаматтық құқық (ерекше бөлім).

Бұл бағдарлама ҚР-ның Азаматтық кодексі жалпы бөлімінің құрылымын есепке ала отырып құрылған.

Оқу материалы бекітілген сатылы түрде оқуға қажет өзара байланысты институтттардың бөлімдеріне бөлінген. Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі үш бөлімнен тұрады: Азаматтық құқықтың жалпы ережелері; Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар; Міндеттемелік құқықтың жалпы ережелері.

Тақырыптық жоспар (сағаттар бөлінуі) оқу жоспарымен қарастырылған дәріс және семинар (практикалық) сабақтарға бөлінген уақыт бюджетіне сәйкес жасалған.

Пәннің мақсаты нарықтық экономика талаптарына сай, отанымыздың мүддесін ойлайтын мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін осы сала бойынша білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Сабақтарды өткізу уақыты мен орны сабақ кестелеріне сай белгіленеді.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырып

Тақырыптар және олардың сағаттағы көлемі

Бақылау сұрақтары

Сабақтардың мақсаты мен міндеттері

Мәселелі сұрақтар

1.

Азаматтық құқық түсінігі

1. Азаматтық құқықтың өзге де құқық салалары арасында маңызы мен мәні

2. Азаматтық құқықтың пәні

3. Азаматтық құқықтық реттеу әдісі

4. Азаматтық құқықтың түсінігі, оның анықтамасы және негізгі бастамасы. Сабақтас құқықтардан азаматтық құқықтық айырмашылығы.

5. Шетел азаматтық құқығына жалпы сипаттама беру

6. Азаматтық құқық пен азаматтық заңнама. Қазақстан Республикасының территориясында қолданылатын азаматтық заңнаманың негізгі актілері. Халықаралық шарттар мен Қазақстанның азаматтық заңнамасы.

7. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы. Азаматтық заңнаманың ақтаңдақтарын толтыру. Азаматтық заңнаманы түсіндіру.

8. Азаматтық құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып, іскерлік айналым әдеттері, халақаралық ұсыныс сипатындағы актілер. (1 сағат)

Азаматтық құқықтың ғылым, құқық саласы, оқу пәні ретінде ерекшеліктерін оқыту. Азаматтық құқық нысанасымен, қазақстандық негізгі ғалым-цивилистермен таныстыру. Азаматтық заңнаманың иерархиясын түсіндіру. Құқық нормаларын қолданып білу.

Азаматтық құқықтың құқық жүйесіндегі орны. Азаматтық құқықтың өзге сабақтас құқықтармен арақатынасы.

2.

Азаматтық құқықтық қатынастар

1. Азаматтық құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері.

2. Азаматтық құқықтық қатынас элементтері: субъектілері, объектілері, мазмұны.

3. Субъективтік азаматтық құқықтар мен субъективтік азаматтық міндеттер ұғымы. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері.

4. Азаматтық құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқталу негіздері. (2сағат)

Азаматтық құқықтық қатынас ерекшеліктерін үйрету. Азаматтық құқықтық қатынастарды өзге құқықтық қатынастардан айыра білу. Азаматтық құқықтық қатынастардың туындау негіздерін оқыту.

Азаматтық құқықтық қатынастар мен өзге де мүліктік қатынастардың арақатынасы.

3.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау

1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі.

2. Азаматтық құқықтардың еркіндігі мен жүзеге асыру шегі. Субьективтік құқыққа зиян келтіруді болдырмау.

3. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі. Қорғау әдістері. Қорғау органдары. Азаматтық құқықты өзін-өзі қорғау

4. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау. (1 сағат)

Азаматтық құқықтарды қорғаудың әдістерін білу. Өзін-өзі қорғау, арбитраждық соттардың құқықтық мәртебесі сияқты сұрақтарды білу.

«Жүзеге асыру» «бас тарту», «қорғау» ұғымдарының аражігін анықтау.

4.

Азаматтық құқықтардың объектілері

1. Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлері.

2. Заттар – азаматтық құқықтардың объектілері ретінде. Жер азаматтық құқықтардың ерекше объектісі. Қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер. Вещи как объекты гражданских прав. Земля как особый объект права. Движимое и недвижимое имущество.Өзге де заттар азаматтық құқық объектілері ретінде.

3. Қызметтер және өзге де әрекеттер азаматтық құқықтың объектілері ретінде.

4. Шығармашылық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтың объектілері ретінде.

5. Ақша, шетел валютасы азаматтық құқықтың объектілері ретінде. Бағалы қағаздар, олардың түрлері мен ерекшеліктері.

6. Өзіндік мүліктік емес игіліктер және оларды қорғау. (2 сағат)

Азаматтық құқық объектілерінің ерекшеліктерін үйрену. Бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлікпен мәмілелерді жасау сияқты сұрақтарда жетік білу.

«Қызмет», «жұмыс» сияқты азаматтық құқықтың объектілерінің орнына қатысты өзге құқық салаларындағы ғылыми көзқарастар.

5.

Азаматтар – азаматтық құқықтың субъектілері ретінде

1. «Азаматтар» және «жеке тұлғалар» ұғымдарының арақатынасы. Азаматтық құқыққабілеттілігінің түсінігі, басталуы мен аяқталуы. Шетел азаматтары мен азаматтығ жоқ адамдардың құқыққабілеттілігі. Құқыққабілеттілікті шектеу.

2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі. Толық және ішінара әрекет қабілеттілік. Әрекет қабілеттілікті шектеу. Қорғаншылық пен қамқоршылық.

3. Азамат – кәсіпкердің банкрот болуы. Азаматтың мүлкінен қарызды (борышты) өндіріп алу.

4. Азаматтың тұрғылықты жері және оның заңи маңызы.

5. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялаудың тәртібі, алғышарттары мен құқықтық салдары. (1 сағат)

Заңды тұлғалардың құқық субьектілігін меңгерту. Құқыққабілеттік және әрекеттілік ұғымдарын анықтау. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және өлді деп жариялау мәселелерін жетік білу. кәмелетке толмағандардың әрекеттілігі, азаматтардың кәсіпкерлік қызметі.

Заңды тұлғалардың түрлі деңгейінің әрекеттілігіне, олардың тұрғылықты және келіп тоқтаған жеріне байланысты мәселелі сұрақтар

6

Заңды тұлғалар

1. Заңды тұлғалардың түсінігі мен белгілері, азаматтық айналымдағы ролі.

2. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Заңды тұлға органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері. Еншілес заңды тұлғалар.

3. Заңды тұлғалардың пайда болуы мен тоқтатылуы. Құрылтай құжаттар, жарғы мен құрылтай шартының арақатынасы. Заңды тұлғаны тарату және қайта құру. Заңды тұлғаның банкрот болуы, оның мүлкінен өндіріп алу.

4. Азаматтық айналымда заңды тұлғаны дараландыру.

5. Заңды тұлғаның түрлері: коммерциялық және коммерциялық емес.

6. Заңды тұлғаның жарғылық капиталы және құрылтайшылардың үлестері.

7. Шаруашылық серіктестіктердің заңды тұлға ретіндегі ерекшеліктері.

8. Акционерлік қоғамның ерекшеліктері.

9. Өндірістік кооперативтің ерекшеліктері.

10. Мемлекеттік кәсіпорынның ерекшеліктері.

11. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың ерекшеліктері.

12. Мемлекет – азаматтық құқықтың ерекше субъектісі ретінде. (2 сағат)

Заңды тұлғалардың құқық субьектілігін меңгерту. Азаматтық құқық субъектісі ретінде заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесінің сипаттамасы, заңды тұлғалардың жеке түрлері мен нысандарына қатысты ерекшеліктерді анықтау, «заңды тұлға» феноменінің мазмұны ретіндегі сұрақтарды жетік білу; заңды тұлағаларды жіктеудің мәселелері; заңды тұлға міндеттемелері бойынша заңды тұлағаларға қатысушыларың жауапкершілігі.

Заңды тұлғалардың мәні және пайда болуына байланысты мәселелер, жекелеп алғандағы, «іс жүзінде (реальность)» и «жалған» (фикция) теориясының арақатынасы

7.

Мәмілелер

1. Азаматтық құқықтағы мәмілелер түсінігі мен түрлері. Біржақты, екіжақты және көпжақты мәмілелер. Шарттың түсінігі. Шартты мәмілелер.

2. Мәміле жарамдылығының алғышарттары.

3. Мәміленің жарамсыздығы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Мәмілені жарамсыз деп танудың салдары. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы.

4. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері. (2 сағат)

Мәміле ұғымының анықтамасы. Мәміленің жарамдылық шарттарын орнату. мысалы: мәміле түрлері, жалған және жасанды мәмілелер, әділетсіз шарттар және т.б.сұрақтарды жетік білу

«Мәміле», «міндеттер», «шарттар» ұғымдарының арақатынасының анықтамасы.

8.

Өкілдік

1. Өкілдік ұғымы, түрлері.

2. Сенімхат түсінігі, нысаны, мерзімі. Қайта сенім білдіру. Сенімхаттың тоқтатылуы.

3. Өкілетсіз өкілдік (заңи әрекеттерді өкілеттігі жоқ тұлғаның немесе өкілеттікті асыра жүзеге асыру салдары).

4. Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері. (1 сағат)

Өкілдіктің ұғымы мен мазмұны.Заңды және шартты өкілдік; өкілетсіз өкілдік секілді мәселелерді түсіну. Сенімхатты құра білу шеберлігі.

Институт өкілдігі және құрылымдық бөлімшелерімен ерекшелену ретіндегі заңды тұлғаның өкілдігімен байланысты мәселе.

9.

Мерзімдер. Талап қою мерзімі

1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңызы. Мерзімдердің түрлері. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері.

2. Мерзімдерді есептеу.

3. Талап қою ұғымы мен маңызы. (1 сағат)

Азаматық құқықтағы мерзімдердің маңызын анықтау. Үзіліс және талаптың ескіру мерзімін тоқтату және басқа да сұрақтарды жетік білу

Еуропа, Америка және ТМД-нің түрлі елдеріндегі талаптың ескіруі

10

Меншік құқығының ұғымы

1. Меншік экономикалық санат ретінде. Меншік құқығының субъективтік азаматтық құқық ретіндегі ұғымы. Меншік иесінің өкілеттіктері.

2. Жеке меншік құқығы.

3. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.

4. Меншік құқығын жүзеге асыру шектері. Меншік иесінің ауыртпалықтары. Сервитуттар. Меншік құқығының мерзімсіздігі.

5. Азаматтық құқықтың әртүрлі субъектілерінің меншік құқығының ерекшеліктері. (2 сағат)

Меншік құқығының мәні мен құқықтық режимінің анықтамасы. Азаматтық құқықтағы жеке және мемлекеттік меншіктің тепе-теңдік принциптерін қадағалау сияқты сұрақтарды жетік білу; меншік құқығын қорғау және т.б.

Меншік құқық және басқа да мүлік құқықтарының арақатынасы.

11

Меншік құқығының туындауы мен тоқтатылуы

1. Меншік құқығы туындауының негізгі әдістері. Меншік құқығының пайда болу және ауысу сәті. Меншік құқығы ауысқан сәттегі мүліктің кездойсоқ жойылу немесе кездойсоқ бүліну тәуекелі. Жеміс-жидектер мен кірістерге меншік құқығы.

2. Меншік құқығының ерікті және ықтиярсыз тоқтатылуы.

3. Мүлікті мемлекет меншігіне алу (ұлттандыру), реквизициялау, тәркілеу, олардың құқықтық ерекшеліктері. Меншік құқығын ықтиярсыз тоқтатудың өзге де әдістері. (2 сағат)

Меншік құқығының туындауы және тоқтауының негіздемелері. Жер телімін мемлекет қажеттілігіне алу, тәркілеу және ревизициялау сияқты сұрақтарды жетік білу.

Әртүрлі мүліктерге меншік құқығының пайда болу сәті

12

Ортақ меншік

1. Ортақ меншіктің ұғымы мен түрлері.

2. Ортақ үлестік меншік.

3. Ортақ бірлескен меншік. Ортақ бірлескен меншіктің түрлері.

4. Кондоминиум – меншіктің ерекше нысаны. (1 сағат)

Құқықтық режим және ортақ меншіктің түрлерін бекіту.

ТМД елдерінің заңнамаларындағы кондоминимумның басқа да анықтамалары.

13

Өзге де заттық құқықтар

1. Өзге заттық құқықтардың ұғымы.

2. Шаруашылық жүргізу құқығының субъектілері, мазмұны, жүзеге асыру шегі, тоқтатылуы.

3. Оралымды басқару құқығының мазмұны, меншік иесінің өкілеттіктері. Мекеменің бюджет есебінен алған мүлікке құқықтары.

4. Жер учаскелеріне заттық құқықтар. Заттық құқықтардың элементтері бар құқықтар (кепіл, жалдау және т.б.) (1 сағат)

Мүлік құқығының ұғымы және түрлерін меңгеру. Сервитуттың туындау ұғымы және негіздемелері; шаруашылық жүргізу құқығының және жедел басқару құқығының және т.бмазмұны, ұғымы және ерекшеліктері сұрақтарын жетік білу

Шаруашылық жүргізу құқығы және жедел басқару құқығы терминдерінің арақатынасы және қолданылуы

14

Меншік құқығын қорғау

1. Меншік құқығын қорғаудың қажеттігі. Меншік құқығын қорғаудың әдістері. Меншік құқығын тану. Өзгенің заңсыз пайдалануындағы мүлікті меншік иесінің талап етуі (виндикациялық талап). Пайдаланумен байланысты емес бұзушылықтарды жою жөніндегі талап (негаторлық талап)

2. Билік және басқару органдарының актілерімен меншік құқығынан заңсыз айыру немесе заңсыз шектеу кезіндегі меншік құқығын қорғау.

3. Меншік құқығын азаматтық-құқықтық қорғаудың өзге де әдістері.

4. Өзге заттық құқықтарды қорғау. (2 сағат)

Меншік құқығын қорғау тәсілдерін анықтау. Виндикациялық, негаторлық және меншік құқығын тану туралы талап қою шарттарын талап ету және қанағаттандыру білімі

Меншік құқығын азаматтық-құқықтық қорғаудың басқа да тәсілдерінің ерекшеліктері.

15

Міндеттеменің ұғымы мен тараптары

1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы және жүйесі.

2. Міндеттеме түсінігі, оның өзге мүліктік құқықтық қатынастардан айырмашылығы.

3. Міндеттемелердің туындау негіздері.

4. Міндеттемелердің субъектілері. Міндеттемедегі тұлғалардың көпжақтылығы. Ортақтасқан, үлестік, субсиядиялық міндеттемелер. Үшінші тұлғалардың қатысуымен олатын міндеттемелер. Регресстік міндеттемелер. Үшінші тұлғалардың пайдасына жасалатын міндеттемелер. (2 сағат)

Азаматтық құқық жүйесінде міндеттемелік құқықтың орны, міндеттеменің ұғымы және оның түрлері

«Міндеттеме», «азаматтық құқықтық қатынас» және «мәмілелердің» арақатынасы

16

Міндеттеменің орындалуы

1. Міндеттеменің орындалуының түсінігі, қағидалары, мерзімі. Міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуының алғышарттары.

2. Міндеттеме орындалуының мерзімін өткізіп алу салдары.

3. Міндеттеменің орындалу орны. (1 сағат)

Тиісті міндеттемені орындау және міндеттемені іс жүзінде орындау анықтамасы. Ақша міндеттемелерін орындау ерекшеліктері. Міндеттемені орындаудың орынды мерзімдерінің ұғымдары.

Міндеттемелерді «тиісті» және «мерзімінен бұрын» орындау ұғымдарының арақатынасы

17

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы мен маңызы. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері.

2. Айып төлеу, оның түрлері.

3. Кепілпұл, нысандары мен құқықтық салдары.

4. Кепіл түсінігі, түрлері. Кепіл нысанасы, нысаны, бұзудың салдары.

5. Кепіл міндеттемесінің тараптары, олардың құқытары мен міндеттері. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалмау салдары.

6. Кепіл нысанасынан қарызды (борышты) өндіріп алу тәртібі. Банктік кепіл ерекшеліктері. Айналымдағы тауарлардың кепілі.

7. Кепіл болушылық пен кепілдік міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері ретінде. Кепіл болушы мен гарант жауапкершілігі. (2 сағат)

Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің мәні мен мазмұнын анықтау, жеке тәсілдерге тән ерекшеліктерді орнату.

Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің әрекеттік тәсілдері, олардың арақатынасы.

18

Міндеттеменің бұзылғаны үшін жауапкершілік

1. Азаматтық–құқықтық жауапкершіліктің түсінігі. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің құқықтық жауаптылық шаралары жүйесіндегі орны. Азаматтық–құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Үлестік, ортақтасқан және субсидиялық жауапкершілік. Аралас жауапкершілік. Регресстік тәртіптегі жауапкершілік.

2. Азаматтық–құқықтық жауапкершіліктің алғышарттары. Азаматтық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрамы (құқыққа қайшылық, зиян, себепті байланыс, кінә. Бұзушының кінә презумпциясы, кінәсіз жауапкершілік мүмкіндігі. Кездойсоқтық пен бой бермейтін күш ұғымы).

3. Толық азаматтық–құқықтық жауапкершілік қағидасы. (1 сағат)

Міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік ұғымы және негіздемелерін түсіндіру.

Міндеттемелерді бұзушының кінә презумпциясын анықтау

19

Міндеттемені тоқтату

1. Міндеттемені тоқтатудың түсінігі мен негіздері.

2. Тиісті орындау міндеттемені тоқтатудың әдісі ретінде. Міндеттеменің орындалуын куәландыру.

3. Міндеттемені еспке алу арқылы тоқтату.

4. Борышқор мен несие берушінің бір тұлға болу жағдайында міндеттемені тоқтату.

5. Азаматтың қайтыс болуы немесе заңды тұлғаның таратылуы.

6. Міндеттемені тоқтатудың өзге де әдістері. (1 сағат)

Міндеттемені тоқтату негіздемелерін түсіндіру

Азаматтың қайтыс болуына немесе бір тараптағы заңды тұлғаның таратылуына және екінші тараптың міндеттемені орындамауына байланысты міндеттемені тоқтату мәселелері.

20

Шарт түсінігі мен алғышарттары

1. Азаматтық-құқықтық шарттың түсінігі мен белгілері. «Шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының арақатынасы. Шарт және заң актілері.

2. Шарттарды сұрыптау. Өтемелі және өтемесіз, біржақты және екіжақты, алдын-ала жасалатын, үшінші тұлға пайдасына жасалатын шарттар.

3. Шарттың алғышарттары (жағдаяттары). Шарт қамтитын негізгі ережелер.

4. Шартты түсіндіру. (1 сағат)

Азаматтық құқық жүйесіндегі шарт құқығының орнын анықтау, шарттардың ұғымы және түрлерін анықтау

«Шарт» және «мәміле» ұғымдарының арақатынасы

21

Шартты жасау, өзгерту және бұзу

1. Шартты жасау негіздері. Шарт жасаудың сатылары. Шарттың елеулі және әдеттегі алғышарттары. Шарты жасаудың орны.

2. Алдын-ала жасалатын шарт, оның маңызы мен белгілері.

3. Шарт жасау кезінде туындайтын дауларды реттеу.

4. Шартты өзгерту және бұзу негіздері мен тәртібі. (1 сағат)

Шарттарды жасау, өзгерту және бұзу шеберлігі

«Шартты бұзу» және «тоқтату» сияқты ұғымдарға қатысты сұрақтар

Барлығы 30 сағат