Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2. Мүліктік игіліктердің негізгі түрлері. Мүліктің жіктелуі

Сонымен, заттар (мүліктер) азаматтық құқық объектілерінің тек бір түрі ғана болып табылады. Дегенмен, заттар басқа объектілермен салыстырғанда ең кең тараған түрі болады. Заттардың жіктелүі өз бастамасын рим құқығынан алады және де ол жаңа түрлерімен толықтырылған (оқұлыққа қосымша схемада көрсетілген).

Заттардың жіктеуі: қозғалатын, қозғалмайтын. Қозғалмайтын мүлік – жер учаскелері, үйлер, ғимараттар көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік. Бұл мүлікті бір орыннан өзге орынға ауыстыру оны пайдалану мақсатына зиян келтірусіз мүмкін емес (117 б.). Және де әуе мен теңіз кемелері, ішкі суларда жүзу кемелері, ғарыштық объектілер. Қозғалмайтын мүліктің құқықтық жағдайы күрделі болап келеді. Өзге мүлік – қозғалатын мүлік деп танылады.

Заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің мүлкі негізгі қорлар және айналымдағы қорларға (құралдарға) бөлінеді.

Айналымы шексіз, айналымы шектелген, айналымнан шығарылған мүлік.

Бөлінетін, бөлінбейтін; жай, күрделі, құрамды; басты зат пен керек-жарақ; жеке белгілермен анықталған және тектік белгілермен анықталған; тұтылатын және тұтылмайтын; жемістер, өнімдер және табыстар. Азаматтық құқық қатынастарының ерекше объектілеріне заң шығарушы интеллектуалдық меншік объектілерін (ҚР АК 125 б.), қызметтік және коммерциялық құпияны (126 б.), ақшаны (127 б.) және валюталық құндылықтарды (128 б.), құнды қағаздарды да (129-139 б., б.) жатқызады. Азаматтық құқықтың ерекше объектілеріне энергия (жылу энергиясы, электр энергиясы – ҚР АК 25-ші тарауы 6 парағы) және газ, су, мұнай да жатады.

Ақшалар – нақты және есептік; ұлттық (мемлекеттік) және шетел; қағаз және темір; электронды ақша.

Қазақстан заң шығарушысы ҚР АК 130 бабында келтірілген бағалы қағаздар тізімінен (акция, облигация, коносамент) вексель мен чекты шығарып тастаған болса да, азаматтық құқық теориясында бұлар жалпыға танымал құнды қағаздар болып танылады. Құжатсыз (құжатталмаған) құнды қағаздармен (135 бап) қоса, заңда және тәжірибеде құжатты құнды қағаздардың басқа да жаңа түрлері пайда болды: ипотекалық күәліктер, қойма күәліктері (варрант), дәнді-дақылдар қолхаты және т.б. Құнды қағаздардың құқықтық мәртебесі, олармен мәміле жасау тәртібі, арнайы заңдармен белгіленген (2003 ж. қабылданған ҚР-ның «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы және т.б.). Басқа түрлері: ұсынбалы, ордерлік, атаулы. Эмиссия – ақшаны, бағалы қағаздарды айналымға шығару. Номинал, курс.

Заттардың жіктелуінің тәжірибелік маңызы өте зор мәселе. Мысалы: жалға алу шартының объектісі - жеке анықталған, тұтынуға жатпайтын зат болса; ал несие шартының объектісі – ол тектік белгілерімен анықталған, тұтылатын заттар болады. Жылжымайтын мүлік әр қашан жеке анықталған зат болып танылады.

Азаматтық құқық қатынастарының ерекше объектілеріне заң шығарушы интеллектуалдық меншік объектілерін (ҚР АК 125 б.), қызметтік және коммерциялық құпияны (126 б.), ақшаны (127 б.) және валюталық құндылықтарды (128 б.), бағалы қағаздарды да (129-139 б., б.) жатқызады. Қазақстан заң шығарушысы ҚР АК 130 бабында келтірілген бағалы қағаздар тізімінен вексель мен чекты алып тастаған болса да, азаматтық құқық теориясында олар жалпыға танымал құнды қағаздар болып келеді. Құжатсыз құнды қағаздармен қоса, заңда және тәжірибеде құжатты құнды қағаздардың өзге жаңа түрлері де пайда болды: ипотекалық күәліктер, қойма күәліктері (варрант), дәнді дақылдар қолхаты және т.б. Құнды қағаздардың құқықтық мәртебесі, олармен мәміле жасау тәртібі, арнайы заңдармен белгіленген (2003 ж. қабылданған ҚР-ның «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы және т.б.).

Азаматтық құқықтың ерекше объектілеріне энергия да жатады.

Барлық шетелдерде азаматтық құқық объектілері әртүрлі негіздермен жіктелуде. Франция, Германияда ежелгі Рим құқығында бекітілген заттарды жіктеу ережелері қолданады. Ал ағылшын-саксондық құқық жүйесінде ежелгі әдеттерге негізделген де жіктеу қолданады. Бағалы қағаздар бұл жүйеде «айналымдық құжаттар» деп аталады. Алайда мемлекеттердің баршасы жылжымайтын мүліктің және бағалы қағаздардың құқықтық жағдайын ерекше белгілейді. Мәселен, Ұлыбританияда 1882 жылдан бері вексель тұралы заң қолдануда. Кәсіпорындар азаматтық құқық объектілері ретінде белгіленген мүліктік кешен болып саналады.

3. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктер. Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімінде адам мен азаматтың ажыратылмас құқықтары белгіленген. Олар: өмір сүру құқығы, денсаулығын қорғау, жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығы, өзіндік және отбасы құпиясын сақтау құқығы, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығы, ар-ождан бостандығы, және т.б. құқықтар болады. Бұлардың сипаттамасына: экономикалық мазмұны жоқ, иесінің жеке басынан ажырағысыз, қолданыстағы заңдар таныған, реттейтін және қорғайтын игіліктер мен бостандықтар жатады.

Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық қүқық нормалары реттеп отырады, ойткені мүліктік емес өзіндік қатынастардың өмір сүруінін өзі субъект үшін мүліктік қатынастар пайда болуының мүмкіндігі мен керектілігін көздейді.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатьшастарды азаматгық заңдар ретгеп отырады, өйткені бүл заң актілеріңде өзгеше көзделмеген не материалдық емес өзіндік қатынастардың мәнінен туындамайды.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар дегеніміз — бүл рухани немесе материалдық емес игіліктерге қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Сонымен, егер мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік жөне басқа қүқық салаларының нормаларымен реттелген болса, онда олар азаматгық қүқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында оларды азаматтық қүқық нормалары реттейді.

Мүліктік емес өзіндік қүқықтарды реттеуде азаматгық қүқықтың мүмкіндіктері шексіз емес. Сондықтан АК-да мүліктік емес өзіндік қүқықтарды қүқықтық реттеудің біртүтас жүйесі жоқ. Азаматгық зандардьщ ірге қалаушы актісі бола отырып, АК мүліктік емес өзіндік күқықтардың бүкіл алуан түрлілігін көрсете алмайды.

Аталмыш объектілерді қорғау құралдарының бірі болып моральдық зиянды өтеу танылады, соның ішінде ақшалай өтеу көзделеді.

Моральдық зиянның ұғымы және оны өтеу тәсілдері АҚ-ң 951 бабында көзделген. Осыған орай:

1. Моральдық зиян - жеке және заңды тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

2. Моральдық зиянды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi.

3. Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда, егер:

1) зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi арқылы келтiрiлсе;

2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне орналастыру түрiнде әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтiрiлсе;

3) зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе;

4) заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өтеледi.

4. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайды.

Моральдық зиянды өтеу мөлшерi 952-бапта бекітіледі.

1. Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi.

2. Моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде жәбiрленушiнiң iзгiлiк қасиетiне келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективтi түрде бағалау да, сондай-ақ жәбiрленушiнiң жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректер де: қол сұғу объектiсi болған игiлiктiң (өмiр, денсаулық, ар-ождан, қадiр-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкiмнiң тимеуi және т.б.) өмірлiк маңыздылығы; құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтiру, мүгедектiкке әкеп соққан дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен аясы; жәбiрленушiнiң өмiр сүру жағдайлары (қызмет, отбасы, тұрмыс, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескерiледi.

3. Моральдық зиян өтелуге тиiс мүлiктiк зиянға қарамастан өтеледi.

Сонымен қоса моральдық зиянды өтеу мәселелері ҚР Жоғарғы сотының 2001 ж. нормативтік қаулысында да реттелген.