Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3 Сұрақ. Өзге де шектелген заттық құқықтар.

Жерді пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалану құқығы сияқты, ҚР АК- пен қоса, жер тұралы заңдарымен және арнайы заң актілерімен реттеледі. Мысалы, жерді пайдалану құқығы тұрақты және уақытша болады. Жер қойнауын пайдалану құқығы заңдарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берілген келіскен аумақ шегінде, жер қойнауын иеленү, пайдалану және басқару құқығы.

Сервитут құқығының негізін түсінү үшін «Рим құқығы» пәнінен алған білімдерді жаңарту (жаяу өтү, жүріп өтү, сұғару құқығы және т. б.) қажет болады. Және бұл құқықты - бөтеннің затын мақсатты шектеулі түрде пайдалану құқығы екендігін, қазіргі уақыттағы бекітілген нысандарын білу қажет. Әдебиетте нақты, өзіндік және жер сервитуттары аталады.

Сервитуттық үлгідегі қүқықтар (сервитуттар) бөтеннің затына қүқықтардың екінші тобын қүрайды. Азаматтық кодекс бүрын өзінін 118-бабының 2-тармағында атап өткені болмаса, бүл терминді көп пайдаланбайды, ал Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 наурыздағы Заны бойынша Азаматтық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне және осы тармақтың жаңа редакцияда баяндалуына байланысты ол мүлде алынып тасталды.

"Сервитут" үғымы ҚР зандарында Жер туралы заңның қабылдануъша байланысты пайда болды (Жер кодексінде де сақталған), оңда бүл үғымға бөтен мүлікті шектеулі пайдалану қүқыгының - бөтен жер учаскесіне қүқықтың бір түрінің өзіндік мазмүны берілген. Сонымен бірге, бөтен мүлікті шектеулі пайдалану қүқығына қатысты "сервитут", "сервитуттық қүқық", "сервитуттық үлгідегі қүқық" терминдерін қолдануды заң ғылымында көпшілік мақүлдаған және зандарда сервитуттың жалпы заңи үғымының жоктығына байланысты одан бас тарту ағаттық болар еді.

Сервитут белгілі бір түлғаның мүддесі үшін бөтеннің мүлкін пайдалану қүқығы больш табылады. Сервитутты заттық қүқық ретінде сипаттай отырып, оның меншік қүқығның субъектісімен емес, затпен байланысты болатынын атап көрсету қажет. Басқаша айтқанда, субъективтік қүқық затқа белгіленеді, сондықтан бүл қүқықтың мүліктің меншік иесі тарапынан не өзге үшінші жақ тарапынан қандай да бір белсенді әрекеттер жасау талабымен ешқандай байланысы жоқ. Бірақ бүл субъектілер арасындағы өзара карым-қатынас мәселелерін қозғамайды. Абсолюттік қүқық бола отырып, сервитут барлық азаматтардың енжар міндетін көрсететін, оның ішшде мүліктің меншік иесінің сервитут қүқыгын бүзудан аулақ болуын болжайтын абсолюттік қүқықтық қатынастардың пайда болуын көздейді.

ҚР АК 195 бабында аталған шектеүлі заттық құқықтардың тізімі толық келтірілмеген. Ресей азаматтық кодексында тағы бір заттық құқық бекітілген - ғумырлық мұрагерлік пайдалану құқығы. Ал азаматтық құқық теориясында өзге (шектеулі) заттық құқықтарға кейбір жағдайларда кепіл құқығы, аренда құқығы және басқалар жатқызылады. Ұлыбритания және АҚШ-та заттық құқықтарға сенімгерлік меншік құқығы да жатады (фидуциарлық меншік, трасттық меншік, траст). Ол ежелден ағылшын-саксон құқығында қалыптаскан құқықтық институт болып келеді, неғұрлым ерекшеліктермен сипатталады.

Заттық құқықтардың негізінде заңды тұлғаның үш түрі бөлінеді:

1) мүлікіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен кооператив жатады;

2) мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығы емес өзге де заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жатады;

3) мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АК, 36б.).

Заттық құқықтар арасында ерекше орынды тұрғын үйге деген заттық құқықтар алады (ҚР АК 194 б.). Бұл құқықтарға: тұрғын үйге деген меншік құқығы, кондоминиум қатысушыларының тұрғын үй құқығы, пәтерді пайдалану құқығы, басқа тұлғаның меншігіндегі тұрғын үйді жалға алушының заттық құқығы және онда тұру құқығы. Бұл мәселе толық түрде ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында қарастырылады.

Роман-германдық құқық жүйесінде де мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар заттық құқықтар мен міндеттемелік құқықтарға жіктеледі, және де заттық құқықтар тұралы ілімнің негізі болып ежелгі рим құқығының нормалары жатқызылған. Ағылшын-саксон құқықтық жүйесін қолдайтын мемлекеттерде заттық құқықтардан меншік құқығы оқшауланады да, өзге заттық құқықтар меншік құқығының түрлері ретінде анықталады.

Соңғы уақытта дамыған шет елдерде меншік құқығын шектеуге бағытталған түрлі шаралар қолдануда. Ол үшін әкімшілік актілер шығарылуда. Ондай шектеудің бір бағыттары – сервитуттарды бекіту, мемлекет мүдделерін қамтамасыз ету, қоғамның мүдделерін ескеру. Бөтен мүлікті меншігіне айналдыру үшін иелену мерзімі Қазақстан, Ресейде жылжымайтын мүлікке 15 жыл болса, Францияда 30 жыл, Ұлыбританияда 12 жыл болып бекітіледі.