Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

24 Тақырып. Міндеттемелерді орындау

  1. Міндеттемені орындаудың түсінігі және орындау қағидалары.

  2. Міндеттемені орындаудың пәні және тәсілі.

  3. Міндеттемені орындау мерзімі және орындалатын жері.

1 сұрақ. Міндеттемелерді орындау дегеніміз – ол борышкердің несие берүші өзінен талап етүге құқылы болатын әрекеттерді жасауы. Бұл әрекеттердің мазмұны міндеттемелердің түрлеріне байланысты болады (мүлікті берү, белгілі бір жұмысты орындау, шартта аталған қызметті көрсетү). Міндеттемені орындаудың қағидалары – ол тиісті дәрежеде (тиісінше) орындау және нақтылы орындау (АК 272 б.). Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау - ол тиісті борышкермен тиісті несие берүшіге, тиісті мерзімде (277, 278 б., б.), тиісті орында (281 б.), тиісті тәсілді қолдана отырып және тиісті нысанда орындау болып танылады (120 б., 274 б.). Нақтылы орындау қағидасы АК 354 бабында бекітілген. Аталған талаптардың әр қайсысының мінездемесін білү қажет. Мысалы, міндеттемені орындау нысаны – ол борышкер несие берушіге беретін тиісті мүлік, орындайтын тиісті жұмыс немесе көрсететін тиісті қызмет болып саналады. Қазіргі кезде міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындау жағдайлары жақтардың өзара келісімімен немесе іскерлік өрістің әдеттерімен белгіленеді.

Ақшалай міндеттемелерді орындауда заң олардың затына арнайы талаптар қояды (АК 282 б.). Мәселен, бұл міндеттемелер Қазақстан Республикасының аумағында теңгемен жүргізілуге тиіс. Тиісті жерде орындау талабына келсек, ақшалай міндеттемелер несие берушінің тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса - оның болған жерінде орындалуға тиіс. Егер несие беруші тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін өзгертіп, бұл тұралы борышқорға хабарласа - оның жаңа тұрғылықты жерінже немесе түрған жерінде орындалу тиіс. Ақшалай міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда (тиіссіз жерде, тиіссіз мерзімде, т.б.) ҚР АК 353 бабында көзделген өсім түрінде айып төлеү қолданылады. Сонымен бірге, заңда көзделген жағдайларда, ақшалай міндеттемелер арнайы тәсілдермен - ақшаны депозитқе салу арқылы орындалуы да мүмкін (ҚР АК 291 б.).

Азаматтық кодексінің 290 бабы бойынша міндеттеменің орындалғанын қабылдай отырып, несие беруші борышқордың балап еткен жағдайында оның толық немесе бір бөлігі орындалғаны жөнінде қолхат беруге міндетті.

      272-бап. Мiндеттеменi тиiсiнше орындау:    Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалу¬а тиiс, ал мәндай шарттар мен талаптар болма¬ан жа¬дайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар¬а немесе әдетте қойылатын өзге де талаптар¬а сәйкес орындалу¬а тиiс.

      273-бап. Мiндеттеменi орындаудан бiржақты   бас тарту¬а жол берiлмеуi: Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тарту¬а және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

      274-бап. Мiндеттеменi бөлшектеп орындау: Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамау¬а құқылы. 

      275-бап. Мiндеттеменi тиiстi адамның орындауы: Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе және iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, борышқор мiндеттеменi орындау кезiнде несие берушiнiң өзі немесе бұ¬ан ол уәкiлдiк берген адам орындау¬а қабылдайтын нәрсенi талап етуге құқылы және мәндай талап жасалмауының зардабын тарту¬а тәуекел етедi. 

      276-бап. Мiндеттеменi үшінші жақтың орындауы: 1. Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшінші жақ тиiстi шарт арқылы тараптардың бiрiмен байланысты болса, мiндеттеменi орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуi мүмкiн. 

2. Егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзі орындау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшін үшінші жақ ұсын¬ан орындау iсiн қабылдау¬а мiндеттi.        3. Несие берушiнiң борышқор мүлкінен ақы өндiрiп алуы салдарынан өзінің бұл мүлікке құқы¬ынан (иелену, пайдалану, кепiлге салу құқы¬ы және басқа құқықтары) айрылу қаупi төнген үшінші жақ несие берушiнiң талабын борышқордың келiсiмiнсiз өз есебiнен қана¬аттандыра алады. Бұл ретте мiндеттеме бойынша несие берушiнiң құқы¬ы үшінші жаққа көшеді және осы Кодекстiң талапқа көну туралы ережелерi (осы Кодекстiң 339-347-баптары) қолданылады.

      277-бап. Мiндеттеменi орындау мерзiмi: 1. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалу¬а тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтау¬а мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күні немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалу¬а тиiс.

2. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтау¬а мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда бол¬аннан кейiн ақыл¬а қонымды мерзiмде орындалу¬а тиiс.

Ақыл¬а қонымды мерзiмде орындалма¬ан, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындау¬а мiндеттi.

      278-бап. Мiндеттеменi бiрқалыпты орындау жөніндегi талаптар: Ұзақ мерзiмде орындалатын болып есептелген мiндеттемелер, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында Өзгеше көзделмесе, не мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан туындамаса, бiрқалыпты, мiндеттеменiң осы түрi Үшін ақыл¬а қонымды кезеңдерде (күн, онкүндiк, ай, тоқсан және т.б.) орындалу¬а тиiс.

      279-бап. Мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындау: егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнiнен туындамаса, борышқор мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау¬а құқылы.

2. Кәсіпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бәрын орындау¬а мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет Әрiсiндегi Әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiн туында¬ан реттерде ¬ана жол берiледi.

 280-бап. Мiндеттеменiң орындалу барысы туралы ақпарат: Заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында борышқордың несие берушiге мiндеттеменiң орындалу барысы туралы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн.

      281-бап. Мiндеттеме орындалатын жер: Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет Әрiсiндегi Әдеттегi құқықтардан кӘрiнбесе, ол: 

     1) мiндеттеме бойынша қоз¬алмайтын мүліктi беру - мүлік орналасқан жерде; 

2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе Өзге де мүліктi тасымалдауды пайдалана отырып беру - мүліктi несие берушiге жеткiзу Үшін оны бiрiншi тасымалдаушы¬а тапсыратын жерде; 

3) егер бұл жер мiндеттеме пайда бол¬ан кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсіпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе Өзге де мүліктi беру - мүлік дайындал¬ан немесе сақталатын жерде; 

4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда бол¬ан кездегi тәр¬ылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұл¬а болса - мiндеттеме пайда бол¬ан кезде оның бол¬ан жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тәр¬ылықты жерiн немесе тәр¬ан жерiн Өзгертiп, бұл туралы борышқор¬а хабарласа - орындалатын жердiң Өзгертiлуiне байланысты барлық шы¬ындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тәр¬ылықты жерiнде немесе тәр¬ан жерiнде;

5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тәр¬ылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұл¬а болса - оның орналасқан жерiнде орындалу¬а тиiс.

      282-бап. Ақшалай мiндеттеме: 1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жа¬дайларды қоспа¬анда, Қазақстан Республикасы аума¬ында¬ы ақшалай мiндеттемелер теңгемен жҮргiзiлуге тиiс (осы Кодекстiң 127-бабы).

Қазақстан Республикасы аума¬ында¬ы мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуды жүзеге асыр¬ан кезде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасы түрiндегi тӘлем құжаттарын пайдалану¬а Қазақстан Республикасының заң құжаттарында көзделген реттер мен жа¬дайларда немесе соларда белгiленген төртіп бойынша жол берiледi.        ТӘлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асырудың төртібі мен жолдары Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi және оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.

2. Ақшалай мiндеттеменi орындау Үшін жеткiлiксiз тӘленген тӘлемнiң сомасы тараптардың өзге келiсiмi болма¬ан жа¬дайда ең алдымен несие берушiнiң орындау жөніндегi шы¬ындарын, сонан соң айыпақы мен сыйақыны (мҮдденi), ал қал¬ан бөлігінде - борыштың негiзгi сомасын өтейдi.

3. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келiскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн.              283-бап. Азаматты асырау үшін төленетiн соманың  арттырылуы: Ақшалай мiндеттеме бойынша азаматты асырау¬а тiкелей төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулы¬ына келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшін, өмiр бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгi жалақының ресми түрде өсуiне қарай арттырылып отырады.

      284-бап. Өзара мiндеттердiң орындалуы: 1. Егер заңдардан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындау¬а тиiс. 

2. Тараптардың бiрiнiң мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы өзара мiндеттердi орындау және қарсы талаптарды қана¬аттандыру кезiнде, егер заң құжаттарында немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше белгiленбесе, екiншi тарапты өз мiндеттерiн орындаудан босатады.

      285-бап. Балама мiндеттеменiң орындалуы: Екi немесе бiрнеше әрекеттiң бiрiн жасау¬а мiндеттi борышқор¬а, егер заңдардан немесе мiндеттеменiң шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқы¬ы берiледi.

      286-бап. Бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше борышқор қатысатын мiндеттеменiң орындалуы: Егер мiндеттемеге бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше борышқор қатысса (адамдар көп бол¬ан мiндеттеме), несие берушiлердiң әрқайсысы мiндеттеменi орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлесті орындау¬а мiндеттi (үлесті мiндеттеме).

      287-бап. Ортақтасқан міндеттеменің орындалуы: Несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауқа міндетті болуына сәйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп танылады. 

Егер бұл шартта көзделмесе немесе заң құжаттарында белгiленбесе, соның iшiнде мiндеттеменiң мәнi бөлiнбейтiн кезде ортақтасқан мiндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.

  2. Кәсіпкерлiк қызметпен байланысты мiндеттеме бойынша бiрнеше борышқордың мiндеттерi, сол сияқты мәндай мiндеттемелердегi бiрнеше несие берушiнiң талаптары, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан мiндет болып табылады.

3. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi бол¬ан жа¬дайда несие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке ал¬анда олардың кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қана¬аттанба¬ан несие берушi алынба¬анды ортақтас борышқорлардың қал¬андарынан талап етуге құқылы.

Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындал¬ан¬а дейiн мiндеттi болып қала бередi.

Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қал¬ан борышқорларды несие берушi үшін орындаудан босатады.

4. Талаптар ортақ бол¬ан жа¬дайда ортақтас несие берушiлердiң кез-келгенi борышқор¬а толық көлемiнде талап қою¬а құқылы.

Ортақтас несие берушiлердiң бiреуiне мiндеттеменi толық орындау борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады.

5. Ортақтасқан мiндет бол¬ан ретте борышқордың несие берушiнiң талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушiге осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруге құқы¬ы жоқ.        Талаптар ортақ бол¬ан жа¬дайда борышқордың ортақтас несие берушiлердiң бiреуiнiң талабына қарсы осы несие берушi қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушiмен осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруiне құқы¬ы жоқ.

      288-бап. Субсидиарлық мiндеттеменi орындау: Негiзгi борышқор несие берушiнiң мiндеттеменi орындау туралы талабын қана¬аттандырма¬ан жа¬дайда бұл талап орындалма¬ан бөлігінде басқа борышқор¬а (субсидиялық борышқор¬а) мәлiмдеуi мүмкiн екендiгi заң құжаттарында немесе несие берушi мен борышқордың арасында¬ы мiндеттеме ережелерiнде көзделуi мүмкiн.