Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

17 Тақырып. Заттық құқықтар тұралы жалпы ұғымдар, олардың белгілері

  1. Заттық құқықтың түсінігі және белгілері

  2. Заттық құқықтардың негізгі топтары.

1 сұрақ. Заттық құқықтар – ол еліміздің азаматтық құқығының жаңа институты, заң ғылымында олар әлі де толық деңгейде зерттеліп болмаған. АК-ның II бөлімі «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» деп аталады, АК-ке меншік иелері болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтарына арналған арнайы баптар енгізілген, заттық құқықтардың жекелеген түрлері реттелуде.

Алайда заң әдебиеттерінде заттық құқықтар ұғымы мен олардың белгілері анық шешілмеген. Оның үстіне, заңгерлер осы уақытқа дейін құқықтар санаттарын бөліп көрсету қажеттігіне күмән келтіреді.

Қазақстандық цивилистердің пікірі бойынша заттық құқық дегеніміз – ол заңмен бекітілген абсолюттік мүліктік құқық, оның объектісі – дара анықталған зат; арнайы заттық-құқықтық қорғау құралдары бар; бұл құқық иелерінің иелену, пайдалану немесе билік жүргізу (барлығы толық түрде немесе әр қайсысы бөлек, толық мөлшерде немесе жартылай) өкілеттігі бар; құқық иесіне затқа тікелей әсер етү мүмкіндігін беретін, ілесе жүретін және артықшылық сипаттамалары бар құқық. Қазақстандық ғалымдар заттық құқықтардың тоғыз белгісін атайды, ал азаматтық құқық теориясында - кепіл құқығын да, аренда құқығын да заттық құқықтарға жатқызу жөнінде әртүрлі даулы пікірлер айтылады. Заттық құқықтардың қалыптасқан белгілері:

  1. олар заңда көзделгендігі,

  2. абсолюттік сипаты,

  3. ілесе жүру құқығы. Заттық құқық заттың соңынан ілесе жүреді. Мүлікке меншік құқығының басқа адамға өтуі мүлікке басқа заттық құқықтардың тоқтатылуына негіз бола алмайды. Бұл ереже РФ Азаматтық кодексінде тікелей бекітілген (216-баптың 3-тармағы). ҚР Азаматтық кодексінде мұндай жалпы норма жоқ. Мұнда жекелеген заттық құқықтарға қатысты нормалар баянды етілген: кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға көшуі кезінде кепілдің сақталуы (АК-ның 323-бабы), жалға берілген мүлікке меншік құқығының, шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы кезінде мүлік жалдау шартының сақталуы (АК-ның 559-бабы);

  4. артықшылық құқығы - заттық және міндеттемелік құқық бәсекеге түскенде ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс

  5. объектілері ретінде тек жеке дараланған заттар болуы, Мүліктік емес өзіндік құқықтардан өзгеше, заттық құқықтар мүліктік қүқықтар болып табылады. Бұл заттық құқықтарды міндеттемелік құқықтармен біріктіреді;

  6. затқа нақты билік етілуі,

  7. оларды қорғаудың да абсолюттік сипаты, яғни заттық құқыққа қол сұғатындардан қорғау құқығы келіп шығады. Заттық құқықтарды ерекше заттық-құқықтық талаптардың көмегімен арнаулы қорғау құралдарының болуы осыған байланысты

  8. Әдебиеттерде заттық құқықтың тағы бір белгісі, атап айтқанда, Қазақстан Республикасына тән бір белгісі аталмаған: заттық қүқықтар иесінің иелену, пайдалану, билік ету өкілеттiгi болуға тиіс. Оның үстіне, құқық иесінің заттық құқық түрлеріндегі өкілеттігі әртүрлі болады.