Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.

Мiндеттеменiң бұзыл¬анды¬ы үшін жауапкершiлiк негiздерi АКң 359-бабында бекітілген: Борышқор кінәлi бол¬ан кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындама¬аны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындама¬аны үшін жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлы¬ын қолдан¬анын дәлелдесе, ол кінәсiз деп танылады.  Кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыр¬ан кезде мiндеттеменi орындама¬ан немесе тиiстi дәрежеде орындама¬ан адам, егер бой бермейтiн күштiң, я¬ни осы жа¬дайлар кезiндегi төтенше және тойтару¬а болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындау¬а мүмкiндiк болма¬анды¬ын дәлелдей алмаса, мүліктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайлар¬а, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшін қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.    Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң және одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн.  Мiндеттеменi қасақана бұз¬аны үшін жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын-ала жасал¬ан шарт жарамсыз болады.

 Мiндеттемедегi кәсіпкерлiк тәуекел (360-бап.): Егер мiндеттемеде кәсіпкердiң тапсырысы бойынша әлдебiр жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесiн пайдаланудың мүмкiн еместiгi немесе оны пайдаланудың тиiмсiз болу тәуекелi кәсіпкерге жүктеледi. Жұмысты тиiстi дәрежеде орында¬ан адам, егер шартта өзге кәсіпкерлiк тәуекелдi бөлу көзделмесе, орындау дәрежесiне сәйкес ақы алу¬а құқылы

Ақшалай міндеттемелерді орындамау үшін жауапкершілік АКң      353-бабында бекітілген: «Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны    үшін жауапкершiлiк

1. Ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткізiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшін тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлігін орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. Борышты сот төртібімен өндiрiп алу кезiнде сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады.

2. Басқаның ақшасын пайдалан¬аны үшін айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге төртібі белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады. 

3. Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан о¬ан келтiрiлген залал осы баптың 1-тарма¬ының негiзiнде о¬ан тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы».

Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалма¬ан жа¬дайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды. Мiндеттеме орындалма¬ан жа¬дайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгешеі көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады.       Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзі үшін ендi керегi болмай қалған мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы (365-бабы), сондай-ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу (369-бабы) борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады.

    Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн    орындамаудың салдары (355-бап): Белгiлi бiр затты меншiкке, шаруашылық жүргізуге, жедел басқару¬а немесе несие берушiнiң пайдалануына жеке беру мiндеттемесiн орындама¬ан жа¬дайда, бұл затқа үшінші жақтың артықшылық құқы¬ы болмаса, несие берушi оны борышқордан алып қоюды және несие берушiге берудi талап етуге құқылы. Затты беру борышқорды залалдың орнын толтырудан босатпайды.

Борышқор затты жасап, несие берушiге беру немесе оған белгiлi бiр жұмыс жасап беру немесе қызмет көрсету мiндеттемесiн орындамаған жағдайда заңдардан, шарттан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтындықтан, несие берушi мiндеттеменi орындауды үшінші адамдар¬а ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды мерзiмде тапсыруға немесе оны өз күшiмен орындауға және шыққан қажеттi шығындар мен басқа залалдарды өтеудi борышқордан талап етуге құқылы. 

Субсидиарлық жауапкершiлiк       357-бапта көзделген: Заңдар¬а немесе мiндеттеменiң шарттарына сәйкес негiзгi борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершiлiк) басқа адамның жауапкершiлiгiне қосымша жауапты болатын адам¬а талап қойғанға дейiн кепiл берушi талапты негiзгi борышқорға қоюға тиiс. Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалма¬ан бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адам¬а қойылуы мүмкiн. Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу (370-бабы) арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзінің негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиарлық жауапкершiлiгi бар тұлғаның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес.

Субсидиарлық жауапкершiлiгi бар адам оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға тиiс.        Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге қарсы айтайын деген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар.

Мiндеттеменiң кейбiр түрлерi бойынша және қызметтiң белгiлi бiр түрлерiне байланысты мiндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады (шектелген жауапкершiлiк).  Егер мiндеттемелердiң осы түрi немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершiлiк мөлшерi заңдармен белгiленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретiндегi азамат несие берушi болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершiлiк мөлшерін шектеу жөніндегi келiсiм жарамсыз болады.

  Егер екiжақты шартта тараптардың бiрде-бiрi жауап бермейтiн мән-жайдың салдарынан тараптардың бiреуi үшін мiндеттеменi орындау¬а мүмкiншiлiк болмаса, заң құжатында немесе шартта өзгеше көзделмегендiктен, шарттың орындалуын тараптардың ешқайсысының да талап етуге құқы¬ы жоқ. Мұндай жа¬дайда тараптардың әрқайсысы өзі орында¬анның бәрiн қайтаруды тиiстi қарсы орындауды алмай-ақ талап етуге құқылы. 

  Борышқордың мiндеттемесiн орындау жөніндегi лауазымды адамдарының немесе өзге қызметкерлерiнiң әрекетітері борышқордың әрекетітері болып есептеледi. Борышқор бұл әрекеттер үшін, егер олар мiндеттеменi орындамау¬а немесе тиiстi дәрежеде орындамау¬а әкелiп соқтырса, жауап бередi.

Үшiншi жақтардың борышқор алдында¬ы өз мiндеттерiне қатысты әрекетіi не әрекетісiздiгi мiндеттеменi бұзудың себебi бол¬анда да борышқор несие берушiнiң алдында жауап бередi. Егер заңдарда тiкелей орындаушы жауап бередi деп белгiленбесе, борышқор несие берушi алдында¬ы өз мiндетiн жүктеген үшінші жақтардың әрекетіi немесе әрекетісiздiгi үшін де жауап бередi.  Борышқор үшінші жақтардың әрекетітерінен немесе әрекетісiздiгiнен мiндеттеменi бұз¬аны үшін жауапкершiлiктен олардың кінәсiздiгi дәлелденгеннен кейiн босатылуы мүмкiн. Кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыр¬ан кезде борышқор үшінші жақтардың әрекетітерінен немесе әрекетісiздiгiнен мiндеттеменi бұз¬аны үшін жауапкершiлiктен, егер о¬ан дүлей күштер себепшi болса, босатылады (Кодекстiң 359-бабының 2-тарма¬ы).

Үшiншi жақтардың құқықтарымен мiндеттеме нысанасын ауырлату¬а байланысты мiндеттеме бұзыл¬анда, егер ондай ауырлату несие берушiмен шарт жасасқан¬а дейiн пайда болса және несие берушiге ол туралы шарт жасасу кезiнде ескертiлсе ¬ана, борышқор жауапкершiлiктен босатылады. Заңдарда немесе шартта үшінші жақтардың әрекетітері үшін борышқор жауапкершiлiгiнiң Өзге жа¬дайлары көзделуi мүмкiн.

      Несие берушiнiң кінәсi: Егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дәрежеде орындалмауы екi тараптың да кінәсiнен болса, сот о¬ан сәйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады. Сот, егер несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дәрежеде орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұл¬аюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақыл¬а қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерін де азайтады. Борышқор заң актiлерi немесе шарт бойынша өзінің кінәсiне қарамастан мiндеттеменiң орындалма¬анына немесе тиiстi дәрежеде орындалма¬анына жауап беретiн жа¬дайларда да осы баптың 1-тарма¬ының ережелерi тиiсiнше қолданылады. 

Борышқордың мерзiмдi өткізiп алуы: Мiндеттеменiң орындалу мерзiмiн өткізiп ал¬ан борышқор несие берушiнiң алдында мерзiмдi өткізiп алу арқылы келтiрiлген залал үшін және мерзiмiн өткізiп алу кезiнде туында¬ан кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшін жауап бередi. Егер борышқордың мерзiмдi өткізiп алуы салдарынан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса, ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi талап ете алады. Несие берушiнiң мерзiмдi өткізiп алуы себептi мiндеттеме әзiрше орындала алмайтын болса, борышқор мерзiмдi өткізiп алушы болып саналмайды (Кодекстiң 366-бабы). 

Несие берушiнiң мерзiмдi өткізiп алуы (366-бап): Егер несие берушi борышқор ұсын¬ан тиiстi дәрежедегi орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда немесе шартта көзделген, не iскерлiк айналым дәстүрлерiнен немесе аяқтал¬ан¬а дейiн борышқор өз мiндетiн атқара алма¬ан мiндеттiң мәнiнен туындайтын әрекетітерді жасама¬ан болса, ол мерзiмдi өткізiп ал¬ан болып есептеледi.  Борышқордың мiндеттеменi орында¬анын тиiстi түрде растаудан бас тартқан жа¬дайда да несие берушi мерзiмдi өткізiп ал¬ан болып есептеледi. Егер несие берушi мерзiмдi өткізiп алу, не өзі, не заңдар бойынша немесе несие берушiнiң тапсыруымен мiндеттеменiң орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтiн жа¬дайлар¬а байланысты бол¬анын дәлелдеп бермесе, несие берушiнiң мерзiмдi өткізiп алуы борышқор¬а мерзiмдi өткізiп алудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру¬а құқық бередi. Мерзiмдi өткізiп ал¬ан несие берушiге мерзiмдi өткізiп ал¬ан кезде мiндеттеменi орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалуының барлық қолайсыз салдары жүктеледi. Ақшалай мiндеттеме бойынша борышқор несие берушiнiң мерзiмдi өткізiп ал¬аннан кейiнгi уақытына сыйақы (мүдде) төлеуге мiндеттi емес.

Міндетемелерді орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауаптылықтан босатудың бір негізі болып бой бермейтін күш танылады (ҚР АК 389 бабы). Тәжірибеде кәсіпкерлер аталған заңда көзделген ұғымның орнына «форс мажор» деген шетел құқықтық атауын қолданады. Осы екі атаудың мазмұны бірдей емес, сондықтан форс мажор атауын қолданған жағдайда оның мазмұнын келісім шартқа енгізу қажет болады.