Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3. Азаматтың қәсіпкерлікпен шұғылдану жолдары. Жеке кәсіпкер.

Азаматтар және де кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы болады (ҚР Конституциясының 26 б. 4 т., ҚР АК 19 б.). Кәсіпкерліктің ұғымы мен түрлері ҚР АК 10 бабында келтірілген. Кәсіпкерлікпен занды тұлға құру арқылы және заңды тұлға құрмастан айналысуға болады. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысу үшін Күәлік, патент алу, немесе бір мәртелік төлем төлеу қажет болады. Кәсіпкерлердің өзге құқықтары мен міндеттері 2006 ж. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген.

Азаматтардың кәсiпкерлiк қызметi (19-бап)

1. Азаматтар, осы Кодексте және өзге заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқылы.

2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу өз бетiмен тiркелу сипатында жасалады және жеке кәсiпкер ретiнде есепке алынады.

3. Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметiне, егер заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнiнен өзгеше нәрсе туындамайтын болса, тиiсiнше осы Кодекстiң коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.

4. Мынадай шарттардың бiрiне сәйкес келетiн:

1) жалданбалы қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;

2) кәсiпкерлiк қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жеке тұлғалар үшiн белгiленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерiнен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк тiркеусiз аталған жеке кәсiпкерлердiң қызметiне тыйым салынады.

5. Егер жеке кәсiпкер лицензиялануға тиiс қызметтi жүзеге асырса, оның осындай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы мiндеттi.

Лицензия лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен берiледi. Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке кәсiпкерлерге лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы.

Жеке кәсіпкерлердің (коммерсанттардың) құқықтық жағдайы шетел мемлекеттерде арнайы Сауда кодекстерде реттеледі. Коммерсант қабілетіне иелену үшін арнайы Саудалық реестріне тіркелу міндетті болып келеді.

Шетел мемлекеттерінде де азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жеке тұлғалар және заңды тұлғаларға (жеке тұлғалардың бірлестігі) топталады. Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы статуттық (роман-германдық жүйеге жататын) құқықта заңдарда бекітілген. Мысалы, Францияда Азаматтық кодексінің «Тұлғалар тұралы» бөлімінде (кітабында); Германияда ГАЗЖ-ң бірінші және екінші бөлімдері; Швейцарияда – Азаматтық кодексінің бірінші бөлімі «Жеке тұлғалар», екінші бөлімі «Отбасылық құқық».

Прецеденттік мемлекеттерде (ағылшын-саксон құқық жүйесіне жататын) жеке тұлғалардың құқықтық жағдайын реттейтін бірыңғай заңдар болмаған. Бұл тақырып бойынша Англияда, мысалы, кейбір нормаларды отбасылық саласын реттейтін заңдардан, кәмелетке толмаған жеке тұлғалар тұралы заңдардан табуға болады. АҚШ-та азаматтардың құқықтық жағдайын бедгілейтін заңдар штаттардың құзіретіне берілген, бүкілмемлекеттік заң қабылданбаған.

Аталған екі мемлекеттерде тек қана «құқық қабілеттігі» деген ұғым пайдаланады, «әрекет қабілеттілік» деген атау қолданбайды. Сондықтан сот практикасында әрекет қабілеттілікті белгілеу үшін «белсенді құқық қабілеттілігі» деген ұғым пайдаланады, ал құқық қабілеттілік «белсенді емес» («пәс», пассивтік) құқық қабілеттілігі деп айырылады. Франция да осы атауларды қолдайды.

Германия Азаматтық заңдар жиынтығы үш қабілетті айырады: құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі және зиянды (шығынды) өтеу қабілетілігін.

Еуропа мемлекеттерінде эмансипация деген құқықтық институты қолданады. Эмансипация – ол егер кәмелетке толмаған жасөспірім өз еңбегімен, заңды әрекеттер арқасында табыс тауып, оны тиімді пайдаланатын болса, ондай кәмелетке толмаған азаматты толық әрекет қабілетті деп жариялауға болады. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінде де осы ереже көзделген. Және шет елдерде әрекет қабілеттілікті шектеу де қолданады. Ол үшін негіз ретінде есі жетіспеушілік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б. жатады.