Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

28 Тақырып. Міндеттемелерді тоқтату

  1. Міндеттемені тоқтату негіздері.

  2. Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы

1 сұрақ. Міндеттеме тоқтатылған жағдайда оның жақтарының құқықтары мен міндеттері де тоқтатылады.

Мiндеттеменi тоқтату негiздерi АКң 367-бабында көзделген: Мiндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемi төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе iшiнара тоқтатылады. Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi. Заңдар мен шартта мiндеттеменi тоқтатудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.

Міндеттемелерді тоқтату ең жиі кездесетін негіздері - олардың тиісті дәрежеде орындалуы. Бұдан басқа негіздер - жақтардың келісімі бойынша, міндеттемені есепке жатқызу, бас тарту төлемін беру, жаңғыртылу (бастапқы міндеттемені ауыстыру), борышты кешіру. Азаматтың қайтыс болуына байланысты немесе заңды тұлғаның таратылуына байланысты, борышкер мен несие беруші бір тұлға болып шыққан жағдайда, мемлекеттік органның актісінің шығуына байланысты, ешкімнің кінәсінсіз міндеттемені орындауға мүмкіншіліктің болмауына байланысты міндеттеме жақтардың еркінсіз тоқтатылады. Жоғарыда аталған міндеттемелерді тоқтату негіздерінің әр қайсысының сипаттамасын беру қажет. Мысалы: қарызды, борышты кешіру - Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы міндеттемелерді тоқтатудың жаңа негізі болып танылады. Бұл негіз бойынша несие берүші борышкерді өзінің алған міндеттерінен босатады, егер ол босату несие берүшінің мүлкіне қатыстығы бар өзге тұлғалардың құқығын бұзбайтын болса.

2 Сұрақ. Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы

Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не мерзiмi көрсетiлмеген немесе мерзiмi талап ету кезiмен белгiленген бiртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бiр тараптың өтiнiшi жеткiлiктi.

Мына талаптарды есепке жатқызуға жол берiлмейдi:

1) егер тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша талапқа заңды талап мерзiмiн қолдануға болса және ол мерзiм өтiп кетсе;

2) азаматтың өмірi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы;

3) алимент өндiрiп алу туралы;

4) өмiр бойы асырау туралы;

4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, консервациялау немесе тарату процесінде тұрған банкке қойылатын талаптарды;

5) заңдарда немесе шартта көзделген басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берiлмейдi.

Талап өзгеге өткен жағдайда борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы.

Егер талап борышқор талап етудi беру туралы хабарды алған кездегi негiзден туындаса және талап мерзiмi оны алғанға дейiн туса, не ол мерзiм көрсетiлмесе немесе талап ету кезiмен белгiленсе, ол есепке жатқызылады. Заңнамаларда кейбір міндеттемелер есепке жатқызу негізімен тоқтату болмастығы бекітілген, мысалы: алимент өндіріп алу тұралы, өмір бойы асырау тұралы, т.б.

Мiндеттеме борышқор мен несие берушi бiр тұлға болуы себептi тоқтатылады.

Мiндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы мiндеттеменi ауыстыру туралы келiсiммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдiсiн көздейтiн басқа мiндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады. (372-бап.). Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi және алимент төлеу жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берiлмейдi. Жаңғыртылу, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бастапқы мiндеттемеге байланысты қосымша мiндеттемелердi тоқтатады.

Борышты кешiру: Несие берушi борышқорды мойнына алған мiндеттерiнен босатқанда, егер бұл несие берушiнiң мүлкiне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса, мiндеттеме тоқтатылады.

Егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженiң күшi ақшалай мiндеттемелерге қолданылмайды. Тараптың өзi де, екiншi тарап та мiндеттеменi орындауға жауап бермейтiн мән-жайдан тарап мiндеттеменi орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бiр тараптың екiншi тараптан мiндеттеменi орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда мiндеттеменi орындаған әрбiр тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы. Борышқор несие берушiнiң әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда несие берушiнiң одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

Егер жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болмаса, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар осы Кодекске сәйкес олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (375-бап). Мiндеттеменiң тоқтатылуына негiз болған жария құжат белгiленген тәртiп бойынша жарамсыз деп танылған жағдайда, егер тараптардың келiсiмiнен немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше жағдай туындамайтын болса және мiндеттеменiң орындалуына несие берушiнiң мүдделiгi жоғалмаса, мiндеттеме қайтадан қалпына келтiрiледi.

Азаматтың қайтыс болуымен мiндеттеменiң тоқтатылуы (376-бап): Егер мiндеттеменi орындау борышқордың жеке өзiнiң қатысуынсыз жүргiзiлмейтiн болса не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады. Егер мiндеттеменi орындау несие берушiнiң жеке өзiне арналса, не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушiнiң қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.

Таратылған заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, мiндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие берушi) таратылғанда тоқтатылады. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру осы органда борышқор болған мiндеттемелердi тоқтатуға әкелiп соқтырмайды. Егер тиiстi органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешiмде өзгеше көзделмесе, көрсетiлген мiндеттемелердi орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледi.

Міндетемелерді орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауаптылықтан босатудың бір негізі болып бой бермейтін күш танылады (ҚР АК 389 бабы). Тәжірибеде кәсіпкерлер аталған заңда көзделген ұғымның орнына «форс мажор» деген шетел құқықтық атауын қолданады. Осы екі атаудың мазмұны бірдей емес, сондықтан форс мажор атауын қолданған жағдайда оның мазмұнын келісім шартқа енгізу қажет болады.

29 тақырып. Келісім шарт туралы жалпы ережелер

  1. Келісім шарт ұғымы, мазмұны және нысаны.

  2. Шарттың түрлері.

1. Келісім шарт ұғымы, мазмұны және нысаны.

Шарт – ол азаматтық құқықтың негізгі институтының бірі. Азаматтық құқықта шарттың мәміле ретіндегі және құқықтық қатынас ретіндегі ұғымдары беріледі. Шарт–мәміле – ол азаматтық құқықтар мен міндеттерді тағайындауға, өзгертүге немесе тоқтатуға бағытталған, екі немесе одан да көп тұлғалардың келісімі. Шарт - мәміле түрі болғандықтан оған екі және көп жақты мәмілелер жөніндегі барлық ережелер тарайды (АК 378 б. 2 т.). Бұл жерде «бір жақты және екі жақты мәмілелер» деген ұғымды «бір жақты және екі жақты шарттар» деген ұғымнан айыру қажет. Бір жақты мәміле - ол шарт емес. Бір жақты шарттар – ол мысалы, заем шарты. Бұл шарт бойынша, ол жасалғаннаң кейін, заем берүшіде тек қана талап етү құқығы пайда болады, ал заем алушыда – жақтар келісімімен белгіленген уақытта тек қарызды қайтару міндеті пайда болады. Бірақта заем шарты – ол екі жақты мәміле. Көп жақты мәмілелерге бірігіп қызмет етү шарты, үш және одан да көп қатысушылармен жасалған шарт жатуы мүмкін. Шарт нысандары толық түрде мәміле нысандары сияқты болады. Шарт түрлері де мәміле түрлері сияқты болады (Д Қосымшасын қара). Шарттардың қосымша түрлері келесі болады: негізгі және алдын ала шарттары (390 б.); бір жақты және екі жақты міндеттейтін шарттар; бір типті және аралас шарттар; өзінің қатысушылары пайдасына және үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар (391 б.); ерікті және міндетті шарттар, оның ішінде жария шарттары (387 б.); екі жақтың өзара келісіп жасау және қосылу шарттары (389 б.), атауы бар және заңда аталмаған шарттар. Кейбір ғалымдар қатерлі шарттар түрлерін де атайды. Кәсіпкерлік шарттарын да жеке топқа шығаруға болады.

Шарт мазмұны – ол жасау кезінде жақтар өзара келіскен шарт ережелерінің, жағдайларының жиынтығы. Шарт келісім болғандықтан, жақтар болашақ шарттың негізгі жағдайлары жөнінде келісімге келүі қажет. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінде шарттың елеулі ережелерін бөліп алу қажет. Шарттың елеулі ережелері – ол тараптар келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтын ежерелер, яғни, ол ережелер жөнінде тараптар келісімге келе алмаған жағдайда шарт жасалмады дегенге әкелдіретін жағдайлар (ҚР АК 393 б.). Барлық қалған ережелерді дағдылы және кездейсоқ ережелерге бөлуге болады. Заң келесі төрт жағдайды елеулі ережелерге жатқызады: шарттың мәні (заты) жөніндегі ережелер; заңда елеулі деп танылған ережелер; шарттардың осы түрлері үшін қажетті ережелер; бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті ережелер.

«Міндетті» (мысалы, жария) шарттарда оның елеулі ережелері бойынша жақтар келісімге келе алмауы міндетті тарапқа шарт жасаудан жалтаруға негіз бермейді. Бұл шарттар бойынша жақтар келісімге келе алмаған жағдайда, шарт жасау алдындағы дауды шешү үшін сотқа жүгінү қажет және сот шешімі жақтар үшін міндетті болады, яғни шарт сот белгілеген ережелермен жасалатын болады. Сонымен бірге, жақтар ерікті шарттар жасау кезеңінде де өзара келісімі бойынша шартты жасау алдындағы дауды шешү үшін сотқа жүгінүі мүмкін.