Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

19 Тақырып. Шектелген заттық құқықтар

  1. Шаруашылық жүргізу құқығы

  2. Жедел (оралымды) басқару құқығы

  3. Өзге де шектелген заттық құқықтар

1 Сұрақ. Шаруашылық жүргізү құқығы

Меншік құқықтан өзге заттық құқықтар - бөтеннің мүлкіне деген құқықтар (шектеулі заттық құқықтар), олардың иелерінде жоғарыда аталған үш субъективтік құқық толық емес деңгейде болады немесе үшеүі де бірқатар болмайды. Сондықтан олар шектеүлі заттық құқықтар деп аталады.

Меншік құқықтан кейін, мөлшеріне қарай екінші орында шаруашылық жүргізү құқығы орналасады. Ол өзіне мемлекет берген мүлікке деген мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы. Бұл заттық құқықтың шектеүлері ҚР АК 200 б. және «Мемлекеттік кәсіпорындар тұралы» ҚР Заңында аталған. Шаруашылық жүргізу құқығының объектісі ретінде кез келген мүлік бола алады. Шаруашылық жүргiзудегi мүліктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлік меншiк құқығын алуқа арналқан заңдарда белгiленген тәртiп бойынша кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi. Аталмыш заттық құқық мемлекеттік кәсіпорында мүлікті дербес балансына бекіткен кезде пайда болады. Қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттің немесе оның өкілінің келісімінсіз өзіне тиесілі ғимараттарды, жабдықтарды және басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға, айырбастауға, үш жылдан астам жалға беруге құқығы жоқ; филиалдар және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен бірге кәсіпорындар мен өндірістер құруға, олардың қорына өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға құқығы жоқ, т.б.

Меншiк иесi өзi құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүліктi пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алу¬а құқылы. 

2 Сұрақ. Оралымды басқару (жедел басқару) құқығы

Мөлшеріне (көлеміне, деңгейіне) қарай үшінші орында – оралымды басқару (жедел басқару) құқығы болады. Ол меншік иесі берген мүлікке деген қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің заттық құқығы. Аталған субъектілердің өздеріне бекітіліп берілген мүлікке деген иеленү, пайдалану және басқару құқықтарының шектеүлері одан да көп, олар ҚР АК 202-206 баптарында және «Мемлекеттік кәсіпорындар тұралы», «Коммерциялық емес ұйымдар тұралы» заңдарда бекітілген. Бұл шектеулер аталмыш заттық құқықтың ұғымынан бастап белгіленеді: Оралымды басқару құқығындағы заңды тұлғалар меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылады; берілген мүлікті иелену, пайдалану және билік ету тек өз қызметінің мақсатына, мүліктің мақсатына сәйкес болу қажет; және меншік иесінің тапсырмаларына сай болу керек. Мемлекет бұл заңды тұлғаларды құру, олардың қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу мәселелерін шешеді, заң жүзіндегі тағдырын, олардың қызметінің мазмұнын белгілейді; берген мүлікті тиімді пайдалануы мен сақтауына бақылау жасайды; ол мүлікті қайтарып алуға, не болмаса өзі құрған басқа заңды тұлғалардың арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік мекеме өздерінің міндеттемелері бойынша тек қана өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Қазыналық кәсіпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз бол¬ан жа¬дайда, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган субсидиарлық жауаптылықта болады.

Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсіпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртіппен туындайды. Мекеме мен мемлекеттiк мекеменiң жауапкершiлiгi осы Кодекстiң 44-бабының 1-тарма¬ында көзделген тәртіппен туындайды.

Мемлекеттiк мекеменiң, егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, өзіне бекiтiлiп берiлген мүліктi және о¬ан смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алын¬ан мүліктi өз бетiмен иелiктен айыру¬а немесе өзгеше әдiспен о¬ан билiк етуге құқы¬ы жоқ.

Қазыналық кәсіпорын өзіне бекiтiлiп берiлген мүліктi, сол мүліктің меншік иесінің жазбаша келісімімен ¬ана иеліктен айыру¬а немесе о¬ан өзгеше әдіспен билік етуге, сондай-ақ дебиторлық берешекті, осы баптың 3-тарма¬ында көзделген жа¬дайларды қоспа¬анда, беруге және есептен шы¬ару¬а құқылы. Қазыналық кәсіпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзі өндірген өнімді дербес сатады. Оның табыстарын бөлу тәртібін оның мүлкiн меншiктенушi белгiлейдi. Қазыналық кәсіпорынның өзінің негізгі құралдарына жататын мүлікті сату¬а және о¬ан қатысты сый¬а беру мәмілелерін жасасу¬а құқы¬ы жоқ (206 бап).

Мекеменi меншiктену құқы¬ы басқа адам¬а ауысқан кезде бұл мекеме өзіне тиесiлi мүлікке оралымды билiк жүргiзу құқығын сақтап қалады.