Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялау әріптік баға

Баллдардың цифрлық баламасы

Оқу пәнін игерудің % - дық мазмұны

Линиялық оқыту жүйесі бойынша баға

А

А –

4,0

3,67

95 – 100

90 – 94

Өте жақсы

В +

В

В –

3,33

3,0

2,67

85 – 89

80 – 84

75 – 79

Жақсы

С +

С

С –

2,33

2,0

1,67

70 – 74

65 – 69

60 – 64

Қанағаттанарлық

D +

D

1,33

1,0

55 – 59

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мазмұны былай анықталады:

Р 1 + Р 2

И % = ------------ х 0,6 + Э х 0,4

2

Р 1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Р 2 – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны

Студенттің бірінші рейтинг (сегізінші аптадағы) және екінші рейтинг (он төртінші аптадағы) баллдары қосылып, 2-ге бөлінеді де 0,6-ға (яғни, 60 пайызға) көбейтіледі.

Емтихан баллы 0,4 көбейтіледі де, шыққан балл рейтингтер баллына қосылады. Осы кезде студенттің пән бойынша алған семестрлік қорытынды бағасы анықталады.

Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәнінен қысқаша дәрістер

1 Тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері

1. Азаматтық құқықтың түсінігі.

2. Азаматтық құқықтың жүйесі.

3. Азаматтық құқық оқу пәні, ғылым ретінде.

Әдебиеттер:

ҚР Азаматтық құқық оқұлығы – 1-ші том;

ҚР Конституциясы - 2 бөлім,

ҚР Азаматтық кодексі – 1 тарау.

1 сұрақ. Азаматтық құқық - ол «құқықтану» мамандығының негізгі пәні, ол барлық жеке құқық саласындағы пәндерін оқуға негіз болып келеді.

"Азаматтық құқық" атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильдік құқық деп атаған.

Тарихтан белгілі римдіктердін құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтык құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дей тұрғанмен соған қарамастан "civil" атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына (Zivilrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр.

Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: "жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген тұлғаның мүддесіне сай келеді".

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық, құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық кұқықпен реттелетін коғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Құқық жүйесінің әр құқықтық саласын бір бірінен олардың реттеу нысанасы мен әдістері (тәсілдері) айырады. Құқық саласының нысанасы - құқық саласы нені, яғни, қандай қоғамдық қатынастарды реттейді, ал әдісі - қоғамдық қатынастарды бұл құқықтық сала қалай реттейді деген сұрақтарға жауап береді. Азаматтық құқықтың бастапқы нысанасы ақшалай–тауарлық қатынастар болып табылады, яғни нақтылы құндылығы бар мүліктік құқықтар мен игіліктер жөніндегі мүліктік қатынастар.

Және де мүліктік қатынастармен байланыстығы жоқ жеке (өзіндік) мүліктік емес қатынастар да азаматтық құқықтың нысанасы болады (мысалы, адамның ар-намысы, азаматтың есімі). Бұл қатынастар тұлғамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тұлғадан бөлуге болмайтындықтан, және олардың нақтылы бағасы болмауына байланысты, тек субъективтік түрде бағаланатындықтан, жеке /өзіндік/ мүліктік емес деп аталады. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді: мүліктік қатынастармен байланысты, мысалы: авторлық құқық саласындағы сыйақы алу жөнінде қалыптасатын қатынастар; және мүліктік қатынастармен байланыссыз (абырой, ар-ождан, есім).

Азаматтық құқық қатынастарын реттеу әдісінің негізгі белгісі - азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық теңдігі болады. Жариялық құқық әдістерімен салыстырғанда, азаматтық құқықтың келесі негізгі әдісі рұқсат ету әдісі болып танылады, яғни, мемлекет азаматтық құқық субъектілеріне өзара әрекеттерін заң шегінде өздеріне реттеуге рұқсат етеді. Бұл мақсатта императивтік емес, көбінде диспозитивтік нормалар қолданылады, ал императивтік нормалар одан сирек қолданылады. Қоғамдық қатынастарды азаматтық–құқықтық реттеуде азаматтық айналымға қатысушылардың мүлкін оқшалау және олардың еркінің дербестігі де реттеу тәсілдері болып келеді.