Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Міндеттемелік құқық Міндеттемелік құқық тұралы жалпы ережелер.

22 Тақырып. МіндеттемеНің түсінігі және пайда болу негіздері

  1. Міндеттемелік құқықтың түсінігі және жүйесі.

  2. Міндеттеменің пайда болу негіздері.

1 Сұрақ. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, жүйесі

Міндеттемелік құқық – азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі. Ол жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі - азаматтық құқықтың жалпы бөлімінде оқылады және міндеттемелер мен шарттар жөніндегі жалпы ережелерден тұрады. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімі міндеттемелердің жекелеген түрлерін реттейтін сан-алуан нормалар мен институттардан құралады. Оларды екі топқа жіктеуге болады:

1 – шарттық міндеттемелер; 2 – шарттан тыс (деликттілік) міндеттемелер. Шарттық міндеттемелерді азаматтық құқық ғылымында бірнеше топқа бөледі, олар: мүлікті меншікке не болмаса пайдалануға беру, жұмысты орындау, қызмет көрсету міндеттемелері.

Шарттан тыс міндеттемелердің түрлері:

1 – біржақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелер; 2 – зиян келтіру салдарынан туындайтын қорғаушы міндеттемелер. Сонымен қоса, міндеттемелер бір жақты міндеттейтін және өзара (екі жақты) міндеттейтін (оларды бір жақты және екі жақты мәмілелермен шатастыруға болмайды); балама (альтернативтік) және факультативтік; басты және қосымша (акцессорлық); бөлінетін және бөлінбейтін; үлестік, бірлескен (ортақтасқан) және қосымша (субсидиарлық); регресстік, ақшалай және т. б. болады.

2. Міндеттеменің пайда болу негіздері.

Міндеттемелердің пайда болу негіздері азаматтық құқық қатынастарының туындау негіздері сияқты болады (ҚР АК 7 б., 271-бап). Бұл тарапта заңдылық фактілер түсінігін және түрлерін еске алған жөн.

Еуропалық мемлекеттерде міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі жоғарыдағы ережелермен ұқсас. Ағылшын-американдық құқық жүйесінде міндеттемелердің ұғымы бекітілмеген және міндеттемелер жүйелі түрде жіктелмейді.

Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшінші жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.

Мiндеттеме үшінші жақ үшін мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшінші жақтар үшін мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн.

23 Тақырып. Міндеттеменің қатысушылары

  1. Міндеттеменің түсінігі, субъектілері. Міндеттемедегі тараптардың ауысуы.

  2. Міндеттемедегі тұлғалардың көптілігі.

1. Міндеттеме – ол ҚР АК 268 бабына сәйкес мүліктік құқықтық қатынас. Яғни, міндеттеме бойынша бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несие берүшінің) пайдасына мүлік берү, жұмыс орындау, қызмет көрсетү және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие берүші борышқордан өз міндеттерін орындауды талап етүге құқылы болады, және борышқордан оның орындағанын қабылдап алуға міндетті болады (ҚР АК 268 б.). Міндеттеменің тараптары тек қана екеу болады: борышқор және несие берүші. Азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін қазақ тіліндегі заңнамаларда және оқұлықтарда міндеттеменің екінші тарабы бірде «борышқор», ал бірде «борышкер» деп аталыпты. Сондықтан біз осы екі атауды тең атаулардай қолданған жөн деп санаймыз.

Кейбір жағдайларда тараптардың біреүінде немесе екеүінде де екі немесе одан да көп тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жағдай азаматтық құқықта міндеттемедегі тұлғалардың көптігі деп аталады. Тұлғалардың көптігі белсенді, пәс және аралас болады. Сонымен бірге, міндеттемеге оның тараптарымен қоса, алған міндеттемемен немесе өзге құқықтық қатынастармен байланысты үшінші жақтар да қатысуы мүмкін (ҚР АК 270 б. 2 т.).

Жалпы ереже бойынша, міндеттемелер белгілі борышкермен белгілі несие берүші алдында орындалуы тиіс. Бірақта заң міндеттемелердің қатысушыларын өзгертү мүмкіншілігін де көздейді. Ол міндеттеме жақтарын ауыстыру деп аталады. Несие берүшіні ауыстыру (рим құқығындағы цессия, талап ету құқығын басқа тұлғаға ауыстыру) борышкердің келісімінсіз де болуы мүмкін, бірақта бұл ауыстыру тұралы борышкер міндетті түрде ескертілүі тиіс. Борышкерді ауыстыру - (қарызды ауыстыру) тек қана несие берүші келісімімен жасалады (ҚР АК 348 б.). Ал несие берүшінің немесе борышкердің жеке басымен тығыз байланысты міндеттемелерде тұлғаларды ауыстыруға болмайды (алименттік, деликттік міндеттемелерде).