Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2 Сұрақ. Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік

Меншік құқығының нысандары ҚР Конституциясында және Азаматтық кодексте бекітілген: олар мемлекеттік және жеке меншік болып танылады (АК 191 б., 192 б.). Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» делінген.

Қалған саралаудың барлығы меншік құқығының түрлеріне арналған. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншікке бөлінеді, ал жеке меншікке - азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі жатады. Ресей Федерациясының кеңістік құрылысына байланысты мемлекеттік меншік федералдық меншікке, федерация субъектілерінің меншігіне және муниципалдық меншікке бөлінеді. ҚР АК-ң 192 бабына сәйкес мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.

Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң АК-ң 193-бабында атал¬ан объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген Өзге де мемлекеттiк мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды.

Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұл¬алар¬а бекiтiлiп берiлген мүліктен тәрады.  Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген Өзге де коммуналдық мүлік жергiлiктi қазынаны құрайды. 

Мемлекеттiк меншiктегi мүлік мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жҮргiзу немесе оралымды басқару құқы¬ымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.  Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді. Мемлекеттiк мүліктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.

Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Меншік құқығы түрлері ішінде басты орындардың бірін ортақ меншік құқығы алады, ол: ортақ үлестік және ортақ бірлескен құқық болып бөлінеді (АК 209 б.).

Ортақ меншік

Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлік оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады (АК 209 бабы).  Мүлік меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.

Мүлікке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды.  Бөлiнетiн мүлікке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.

Жылжымайтын мүлікке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүліктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүліктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлік бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүліктегi үлесi оның жылжымайтын мүліктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз. Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн.

Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүліктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүліктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.

Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.

Ортақ меншік қатысушыларының ортақ меншік объектісін пайдалану және басқару құқығы тең болады және қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (АК 213 б.). Ортақ меншік иелерінің бірі өз үлесін бөліп алуға ниет білдірген жағдайда, өзге меншік иелерінің, сатылатын үлесті сатып алуға басым құқығы бар екенін умытпауы қажет (АК 216 б.).

Ортақ бiрлескен меншiктегі мүліктер заңмен белгіленеді (219 бап), олар:

1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;

2) шаруа және фермер қожалығының ортақ меншiгi;

3) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде болады.

Заң құжаттарында ортақ бiрлескен меншiктiң басқа да түрлерi көзделуi мүмкiн.

Ортақ бiрлескен меншiк қатысушылар арасындағы келісім шартпен ортақ үлесті меншікке ауыстырылуға болады.

Ортақ меншік құқығы дегеніміз – ол екі немесе бірнеше тұлғалардың меншігінде болатын мүлікке деген құқығы. Ортақ үлестік меншік құқығы азаматтық өріске қатысушылардың барлығында болуы мүмкін, ал ортақ бірлескен меншік қатысушылардың үлестері алдын-ала белгіленбеген жағдайда туындайды. Ортақ бірлескен меншікте болатын мүлік түрлері заңмен көзделеді (ҚР АК 219 б.): жекешелендірілген тұрғын үйге деген ортақ бірлескен меншік, ерлі зайптылардың ортақ бірлескен меншігі және шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі. Ортақ үлестік меншік құқығының бір түрі - кондоминиумға кіретін пәтерлердегі ортақ пайдаланудағы орындарға деген пәтер иелерінің ортақ меншігі. Ортақ меншік заңды тұлға құрмастан жай серіктестік шартын жасау негізінде де пайда болуы мүмкін. Заңды тұлға құрмастан ортақ меншік негізінде әрекет ету мысалы: ол консорциум және шаруа қожалығын құру (ҚР АК 12 тарауы).

Бірлескен қызмет туралы келісім шарт жай серiктестiк деп аталады. АК-ң  228-бабына сай жай серiктестiк бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшін бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi.  Жай серiктестiк заңды тұлға болмайды. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум). Жай серiктестiк қатысушыларының бiрлескен қызметi туралы шартқа байланысты мiндеттемелерi, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшінші жақтар алдында ортақ болып табылады.