Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3. Азаматтық құқық оқу пәні, ғылым ретінде.

Бұл тақырыпты оқу барысында, азаматтық құқық ғылым саласы, құқық саласы және оқу пәні ретінде айырмашылықтарын білген жөн. Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық саласының дамуын зерттейді, азаматтық заңдарды талдайды, жалпы ғылыми әдістерге, салыстырмалы құқықтану әдістеріне және арнайы әдістерге сүйене отырып әртүрлі замандағы мемлекеттердің құқық жүйелерін салыстырып бағалайды. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының дамуына, оның нормаларының, институттарының қалыптасуына континентальдық құқық жүйесінің негізі болып танылатын рим құқығы нормаларының рецепциясы әсер еткен және сонымен бірге соңғы жылдары ағылшын–саксон құқық жүйесінің нормалары да әсер етеді. Соның нәтижесінде, Қазақстанда акционерлік қоғам, мүлікті сенімгерлікпен басқару институттары еңгізілген. Осы орайда романгермандық және ағылшын-американдық құқық жүйелерін талдауға жатқызып, олардың дамуын, айырмашылықтарын, ерекшеліктерін білу жөн.

Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық құқықтың онымен шектес басқа салалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Бірақ, та азаматтык құкықты шектес салалардан оқшаулағанда төмендегідей жағдайларға көңіл аудару қажет: жаңа Азаматтық кодекс (1994 ж.) қабылданғанға дейін азаматтық құқық өзіне тән қатынастарды реттеді. Айталық, Қазақ КСР Азаматтық кодексі (1963 жылы қабылданған) бойынша отбасы, еңбек, жер қатынастары, сондай-ақ колхоздардағы өздерінің Жарғысынан бастау алатын қатынастар, суды пайдалану жөніндегі қатынастар тиісінше — отбасы, жер, колхоз және су жөніндегі зандарымен реттеліп келді. Ендігі жерде Азаматтық кодекстің 1-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтық құқық осы баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға (мәселен, мүліктік қатынастар және тараптардың зандық теңдігіне негізделген болса), егер де тиісінше отбасылық, еңбек зандарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы зандармен реттелмеген жағдайларда, сондай-ақ оларды реттеуде ағаттықтар кеткен кезде, қолданылады.

2 Тақырып. Азаматтық құқықтың қағидалары және қайнар көздері

1 сұрақ. Азаматтық құқық қағидалары (принциптері).

"Принцип" (қағидат) термині латынның сөзі — бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) — ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық,-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады.

Азаматтық құқық қағидалары (принциптері) тиісті нормаларды дұрыс түсініп, тиімді қолдануға мүмкіншілік беретін негізгі бастамалар болып табылады. Олар конституциялық және салалық болып бөлінеді. Қазіргі уақытта арнайы салалық қағидалар нормативтік деп аталады, өйткені олар Азаматтық кодекстің екінші бабында бекітілген. Бұл бапта келесі жеті қағидалар аталған: қатысушылар теңдігі, меншікке қол сұқпаушылық, шарт еркіндігі, жеке істерге кімнің де болсын озбырлықпен араласпауы, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуы, нұқсан келген құқықтардың қалпына келтірілүі, азаматтық құқықтардың сотта қорғалуы. Әр қағиданың мазмұнын толық аша білген жөн болады.

Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі. Азаматтық құқықтың басты қағидаттарының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың тендік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.

Меншікке және басқа заттық қуқыққа қол сұқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкімқол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Соңдықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның, белгілі бір затты иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда қызмет ету құралын бәрінен де жоғары қояды. Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық, азаматқа мұндай жағдайды қамтамасыз етеді.

Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауыңа, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі; мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтың дамуына және бәсекеге қажетті алғы шарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 10-бабының 6-тармағында әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар.

Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған және де ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады. Азаматтық құқықтың бұл нормасы Конституцияның 18-бабында бекітілген: "әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына кұқығы бар" деген талапты алға тартады.

Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық кодекстің бұл принципі конституциялық ережеде де жазылған: "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар" (Конституцияның 26-бабының 4-тармағы). Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты. Азаматтық кодекстің, 8-бабына сәйкес, азаматтар мен занды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Бір айта кететін жайт, олардың, өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, зандардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік, әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.

Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы жөніндегі ереже де маңызды. Тауарлар, қызметтер және ақша Қазақстан Республикасының барлық аумағында еркін қозғалыста болады. Қазақстан Республикасындағы не заң шығарушының, не атқару билігінің тауарлар мен қызметтердің қозғалысын шектеуге хақылары жоқ. Еркін қозғалысқа тек заңмен ғана тыйым салуға болады.

Нұқсан келтірілген қуқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету принципі. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің көбісі мүліктік қатынастармен байланысты. Демек, олар белгілі бір дәрежеде материалдық мазмұнға ие. Азаматтық заңға бұл принципті енгізу азаматтық құқықтың өзекті мәселелерінің бірі —құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіруді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.

Азаматтық қуқықтарды coт арқылы қорғау принципі. Соттың қорғауын қамтамасыз ету принципі. Бұл конституциялық, принцип: әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарынын, сот арқылы қорғалуға құқығы бар (Конституцияның 13-бабының 2-тармағы). Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғану ролі төмен болып келді, яғни тек занда көрсетілген жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкін еді (мысалы, бұрынғы Еңбек туралы заң кодексіне тіркелген атаулы тізімнің 1- және 2-кестесі).

2 сұрақ. Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Азаматтық құқық дерекнамалары (қайнар көздері, бастамалары) – ол азаматтық құқық нормаларынан тұратын нормативтік құқықтық актілер жиынтығы болып танылады. Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Онда барлық меншік түрлерінің теңдігі, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы, т.б. бекітілген. Аса маңызды заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексы болады. Ол 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда өз күшіне енген Жалпы бөлімнен және 1999 жылы 1 шілдеде қабылданып өз күшіне енген Ерекше бөлімнен тұрады.

Азаматтық кодекстің 3 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, ҚР Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен), сондай-ақ АКодекстiң 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтiн ҚР Президентiнiң Жарлықтарынан, ҚР Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады. Азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қамтылған нормалары осы Кодекстiң ережелерiне қайшы келген жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады, Қазақстан Республикасының заңдарында қамтылған және осы Кодекстiң нормаларына қайшы келетiн азаматтық құқық нормалары Кодекске тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.

Банктер мен астық қабылдау кәсiпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк қызметiн бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн бақылауға, банк операцияларының жекелеген түрлерiн лицензиялауға, астық қабылдау кәсiпорындарының қойма куәлiктерiмен операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметiн және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттейтiн заң актiлерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi.

Банктер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, сондай-ақ клиенттер арасындағы банк арқылы қатынастар азаматтық заңдармен осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп бойынша реттеледi.

Азаматтық қатынастар, егер әдеттегi құқықтар, соның iшiнде iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуi мүмкiн.

Министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, осы Кодексте және өзге де азаматтық заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарында белгiленген құқықтарын мемлекеттiк басқару органдары мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құжаттары шектей алмайды. Мұндай құжаттар қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиiс.

Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдiк жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi.

Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн республика iшiнде құжат шығару талап етiлгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар тiкелей қолданылады.

Азаматтық заңдардың құрамы қылмыстық, әкімшілік, жер құқығы және өзге салалардың заңдар құрамына қарағанда өте кең болады. Мысалы, азаматтық құқық қайнар көздеріне мүліктік қатынастарды реттейтін көптеген заңдар мен заңға тәуелді актілер кіреді. Азаматтық құқық дерекнамалары ретінде халықаралық шарттар рөлін де атап өту қажет. Басқа құқық салаларына қарағанда, азаматтық құқық ерекшелігінің бірі болып оның дерекнамалары ретінде әдеттегі құқықтар және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттердің қолданылуы танылады. Жалпы романгермандық құқық жүйесінде сот тәжірибесі қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қайнар көз ретінде танылмайды. Бірақта қазіргі кезде сот тәжірибесі болып азаматтық құқықтың қайнар көзі ретінде тек ғана Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары қолданылуы мүмкін.

Бұл тақырыпты зерттеуде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңын қосымша қолдану қажет. Және де «Мемлекет және құқық теориясы» пәнін оқу кезінде алған білімдерге сүйене отырып азаматтық құқықтық актілерінің уақытта, кеңістікте және қатысушыларына қарай қолданылу мәселесін меңгере білген жөн. Азаматтық құқықты сабақтас құқық салаларынан: отбасы, еңбек, жер, тұрғын үй, азаматтық іс жүргізу құқықтарынан оқшалау мәселелерін де зерттеп өту қажет.