Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері деп танылатын заңдылық фактілер.

ҚР АК 7 бабында аталған заңдылық фактілер азаматтық құқық қатынастарының пайда болу негіздері болып танылады. Сонымен бірге осы баптың бірінші тармағында айтылғандай, азаматтық құқық қатынастары (азаматтық құқықтар мен міндеттер) субъектілердің басқа да заңға қайшы келмейтін әрекеттерінен туындауы да мүмкін. Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер: 

      1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден; 

      2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан; 

      3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен; 

      4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде; 

      5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде; 

      6) басқа жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан; 

      7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан; 

      8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Заңдылық фактілер, ерікті белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына әкелдіретін әрекеттер заңды және заңсыз болады. Заңдылық фактілердің толық жіктелүі осы оқу құралының Қосымшасында келтірілген.

Заңдылық салдар, яғни белгілі бір қүқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады (АК-тың 7-бабы, 7-тармақ). Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айрылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады. Алайда, құқық тәртіптері тұлғалардың жүріс-тұрыстарының бәріне бірдей заң әрекеттері деп маңыз бермейді; біздің әрекетгеріміздің көбі құқық үшін бейтарап әрекеттер, бұл әре-кеттер зандылық қатынастарды тудырмайды да, өзгертпейді де. Кісі біреумен әңгімелесіп отырғанда, кітап оқып отырғанда, жазатын мақаласын ойланып отырғанда, кәдуілгі жағдайдағы оның қызметтері құкық шеңберінен тыс жатады.

Заңда, зандылық салдары бар деп табылатын әрекеттердің мазмұны бірнеше түрде кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде — істелген іс немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ак әрекеттен бас тартқан (өзін-өзі ұстап қалған) түрде — әрекетсіздік түрінде, үн қатпай калғандық түрінде кездеседі.

Зацды және заңсыз әрекеттер (құқықка сыйымды және құқыққа сыйымсыз әрекеттер). Көп жағдайларда кұкыктар мен міндеттер құкық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтык нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, занды әрекеттерге мысал бола алатын, басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардын, азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады (АК-тің 4-ші тарауы).

Мәмілелермен қатар, тікелей құкық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның тоқтатылуына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс, т.с.с.

5 Тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау