Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Глоссарий

Азаматтық құқық қабілеттілік - азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi, ол барлық азаматтарға бiрдей деп танылады және азамат тұған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады..

Азаматтық әрекет-кабілеттілік - азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға,өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi, кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады. 

Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi - мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар Айрылып қалған пайда - адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары

Акционерлiк қоғам - өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға     

Бағалы қағаз – мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.

Банкроттық – борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.      

Билік ету құқығы – ол заң жүзінде қамтамасыз етілген тұлғаның өз мүлкінің құқықтық тағдырын белгілеу қасиеті.

Бірлескен ортақ меншік – ол қатысушыларының ортақ мүлікке үлестері алдын-ала белгіленбеген меншік құқығы.

Дiни бiрлестiк - рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi

Еншiлес ұйым - жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға

Жай серiктестiк бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады.  Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi.  Жай серiктестiк заңды тұлға болмайды. 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк - бiр немесе бiрнеше тұлға құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк

Жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар

Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.

Заңды тұлға – ол меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым

Заттық құқық – ол құқылы тұлғаның немесе өзге тұлғалардың әр түрлі затқа деген заңмен танылып және қорғалатын билік ету құқығы.

Иелену құқығы – ол заң жүзінде қамтамасыз етілген тұлғаның мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру қабілеті.

Қазыналық кәсiпорын - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын

Көмбе - жерге көмiлген немесе басқа әдiспен жасырылған, меншiк иесiн анықтау мүмкiн болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар

Консорциум - заңды тұлғалардың бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрдегі тең құқықты уақытша одағы (бiрлестiк). 

Кәсiпорын - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн құқық объектiсi түрiнде пайдаланылатын мүлiктiк кешен Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк - қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк

 Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.       Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.

 Мәміле - ол азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi.

Мекеме - басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым

Меншік құқығы - ол субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы (бұл субъективтік меншік құқығы).

Моральдық зиян – жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалу салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, жарақаттау, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Нақты нұқсан - жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы

Оралымды басқару құқығы – ол меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы.

Ортақ меншік – ол екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлікке деген құқық.

Өндiрiстiк кооператив - азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi

Пайдалану құқығы – ол мүліктен оның табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Реквизиция – ол дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдар шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құнын төлей отырып алу.

Сенiм серiктестiгi - серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк

Сенiмхат - бiр тұлғаның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi тұлғаға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi

Сервитут – ол бөтеннің мүлкіне деген басқа бір тұлғаның арнаулы шектеулі түрде пайдалану құқығы.

Тәркілеу – ол заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алу.

Тәуелдi акционерлiк қоғам - егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады

Толық серiктестiк - серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк

Тұтыну кооперативi - қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi

Үлестік ортақ меншік – ол қатысушыларының ортақ мүлікке үлестері алдын-ала белгіленген құқық.

Шаруашылық жүргізу құқығы – ол мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын Азаматтық кодекспен және өзге де заң актілерімен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.

Шаруашылық серiктестiк - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым