Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

9 Тақырып. Заңды тұлғалар: ұғымы, белгілері, құқыққабілеттілігі.

  1. Заңды тұлғаның түсінігі, белгілері.

  2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және оны жүзеге асыру

  3. Заңды тұлғалардың жіктелуі. Еншілес және тәуелді заңды тұлғалар. Филиалдар мен өкілдіктер

1. Заңды тұлғаның түсінігі, белгілері.

Заңды тұлғалар қазіргі уақытта азаматтық құқық қатынастарының ең кең тараған қатысушыларының бірі болып танылады. Бірақта кез келген кәсіпорын, мекеме, ұйымдар заңды тұлға бола бермейді. Заңды тұлғаның анықтамасы және белгілері ҚР АК 33 бабында берілген. Заңды тұлға дегеніміз – ол жеке меншігінде, шаруашылық жүргізүінде, немесе жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі бар, сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап қайтаратын, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарға және міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Бұл анықтамадан заңды тұлғаның төрт белгісін көруге болады. Бесінші белгісі ретінде әдебиеттерде заңды тұлғаның ұйымдастырылу бірлестігі аталады.

Тарихта заңды тұлғаның қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған, сондықтан азаматтық құқық теориясында әр түрлі «заңды тұлғалар теориялары» пайда болған. Мысалы, К.Ф. Савиньидің фикция туралы теориясы, немістердің нақтылық теориясы және басқалар.

ТМД мемлекеттерінің заңды тұлғалар тұралы нормалары Үлгілі Азаматтық кодексі негізінде бекітілген. Онымен қоса әр ТМД мемлекеті кейбір ерекшеліктер енгізген. Мысалы, Ресей Федерациясының АК-сі бойынша шаруашылық жүргізу негізіндегі мемлекеттік заңды тұлғалар унитарлық кәсіпорындар деп аталады, ал серіктестіктер арасында онда «астыртын» серіктестіктер де көзделген, және «қаржылық-өнеркәсіптік топтар» дейтін заңды тұлғалардың бірлестігі бекітілген. Ағылшын-саксон құқықтық жүйесінде заңды тұлғалардың көбі «корпорация» деп аталады. Кәсіпорын және кәсіпкерлік ол мемлекеттерде «интерпрайз» деген бір түбірлік атауға жатады.

Мемлекеттер алғашқыда құл иеленушілік дәуірінде пайда болғандықтан, ол заманда құқық субъектілеріне тек қана жеке тұлғалар жатқызылатын. Ежелгі Рим мемлекетінде құқық жүйесі жоғары деңгейге жеткенімен, қоғамда заңды тұлғалар дербес субъектілер ретінде дамуға жетпеген. Сондықтан «заңды тұлға» деген ұғым соңғы ғасырларда ғана пайда болыпты. Аталған себептерден дүниежүзілік құқықтану саласында заңды тұлғалар тұралы бірнеше ілім (теориялар) қалыптасқан. Ол ілімдердің негізгі мақсаты – заңды тұлғаны азаматтық айналымның дербес, дара субъектісі ретінде мүмкін болуын әртүрлі жолдармен негіздеу. Сондай ілімдердің бірі – К.Ф. Савиньидің «жалған» теориясы (фикция теориясы). Екінші кең тараған ілім – ол неміс ғалымы Гиркенің есіміне байланысты шындық, немесе органикалық теориясы (реалистикалық теория).

Шетел мемлекеттерінің көбінде заңды тұлғаның ұғымы заңнамаларда бекітілмеген, не болмаса тек қысқаша сипаттамалармен көзделген. Бұл жөнінде Латын Американың мемлекеттерінде Азаматтық кодекстері ерекше көрінеді, себебі оларда заңды тұлғалар тұралы құқықтық түсінік және сипаттамалар бекітілген.

Шетел мемлекеттерінің азаматтық құқықтану ғылымында заңды тұлғалардың белгілері анықталады. Ол белгілер біздің жоғарыда аталған белгілерге сай келеді.

Заңды тұлғалар шетел мемлекеттерде екі топқа жіктеледі. Олар жариялық құқықтағы заңды тұлғалар және жеке құқықтағы заңды тұлғаларға бөлінеді. Жариялық құқықтағы заңды тұлғалар мемлекет ықпалымен құрылады, жалпы мемлекет мүддесін жүзеге асырады, билік құзіретін атқарып, мүліктік пайда табу мақсатын қолданбайды. Олардың құрылтайшыларының ішінде мемлекет, мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар бола алады. Көбінесе бұл топқа мемлекеттік басқару органдары жатады.

Екінші топқа жататын заңды тұлғалар жеке құқық саласындағы заңдар негізінде жеке тұлғалар бірігу жолымен пайда болып, басты мақсаттары ретінде өндірістік қызмет жасау арқасында таза табыс табу болып келеді.

Англияда заңды тұлғалар корпорациялар деп аталады, олар жекетұлғалы болуы да мүмкін. Мәселен, жекетұлғалы заңды тұлға болып король, епископ, байланыс министрі саналады. Табыс табуды басты мақсат ретінде көздемейтін заңды тұлғалар «квазикорпорация» деп аталады, мысалы, кәсіподақтар.

Ал Германия мен Швейцарияда заңды тұлғалар «одақтар» және «мекемелер» деп аталады. Одақтар шаруашылық және шаруашылық еместерге бөлінеді. Шаруашылық одақтар біздің мемлекеттегі коммерциядық ұйымдарға ұқсас, ал шаруашылқ емес одақтар біздің коммерциялық емес ұйымдарға ұқсайды. Мекемелер деп жеке тұлғаның шешімімен құрылатын заңды тұлға аталады. Мекемелерге серіктестіктер, акционерлік қоғамдар жатады. Олар өз кезегінен одақтарға бірігуі болады.

Францияда заңды тұлғалар серіктестіктер мен ассоциацияларға бөлінеді. Серіктестіктер деп табыс табу мақсатымен мүліктік игіліктерін біріктірген тұлғалардың бірлестігі аталады. Серіктестіктер азаматтық және саудалық түрлеріне бөлінеді. Саудалық серіктестіктер сату-сатып алу мәмілелерімен шуғылданады, мысалы саудалық акционерлік қоғам, толық серіктестік, коммандиттік, жауапкершілігі шектелген, астыртын серіктестік. Ассоциациялар деп біздің мемлекеттегі коммерциялық емес ұйымдарға сай заңды тұлғаларды атайды.

Банкроттық түсінігі шет елдерде біздің құқықтық ережелерінен өзгеше танылады. Банкроттық тұралы заңнамалар шетелде кең тараған.

Англияда акционерлік қоғамдар деп жауапкершілігі шектелген компанияларды атайды. Ағылшын акционерлік қоғамының фирмалық атауы «limited (LTD)» деген терминмен аяқталады.

Барлық компаниялар Англияда жариялық және жеке компанияға жіктеледі, бірақта олардың мазмұны басқа елдерде қолданатын осындай түсініктерге мүлдем ұқсамайды. Жариялық компаниялардың жауапкершілігі акционерлік қоғамның мүлік мөлшерімен немесе құрылтайшыларының кепіл берген сома мөлшерімен шектеледі. Бұл заңды тұлғалардың құжаттарында жариялық екендігі айқын белгіленуі қажет және фирмалық атауы "паблик лимитед кампени" немесе қысқаша "PLC" деген белгілермен аяқталу қажет. Жариялық компанияның ерекше белгісі - тек осы компаниялар көпшілікке арналған акциялар мен облигациялар шығара алуда.

Жеке компаниялар орта немесе шағын болуы мүмкін. Олардың акциялары тек белгіленген тұлғалардың арасында таратылады. Бұрын Қазақстанда жабық акционерлік қоғамдар осы ағылшын жеке компаниялары тәрізді болатын. Құрылтайшы құжаттары ретінде серіктестіктер үшін серіктестік келісім шарт немесе жарғы бекітіледі. Англияда олардың орнына меморандум және артикль тапсырылады.

АҚШ мемлекетінде жариялық компаниялар деп мемлекет, штаттар, жергілікті басқару органдары құратын қоғамдық қызметті атқаруға арналған корпорациялар аталады. Ал жеке компаниялар деп табыс табуға бағытталған барлық компаниялар аталады. Мемлекет деңгейінде заңды тұлғалар тұралы бірыңғай заңдар АҚШ-та жоқ. Әрбір штаттар ондай заңдарды өздері қабылдауы мүмкін. Ал кәсіпкерлердің кейбір қызмет салалары федералдық бірыңғай заңдармен реттеледі. Мәселен, бағалы қағаздар тұралы, бәсекелестік тұралы. Кәсіпорындардың көпшілігі бір адамның меншігі болып келеді. Бұл, әрине, жеке кәсіпкерге заңды тұлға құруға жеңіл тиеді, бірақта оның кредиторларына өз шығындарын өндіріп алуға қиын келеді. АҚШ-тың корпорациялары үлкен және шағын түрлеріне бөлінеді, оларды тіркеу үшін құрылтайшы акт қажет болады.

Толық серіктестіктер шетел мемлекеттерінің көбінде тараған заңды тұлғалар. Серіктестік құру үшін тек қана құрылтайшыларының келісімі жеткілікті, жарғы міндетті түрде қажет емес. Ұлыбританияда «партнершип» деп аталатын серіктестіктер тіркеуден міндетті түрде өтпейді. Ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік құжаттарын толық көлемде тапсырып, тіркеуден өту жөн. АҚШ-тің жауапкершілігі шектеүлі серіктестіктері біздің мемлекеттегі коммандиттік серіктестерге сай келеді. Алайда Қазақстан да өзге ТМД мемлекеттері сияқты коммандиттік серіктестіктерді Франция Азаматтық кодексінен қабылдағанын ұмытпау жөн.

Кәсіпкерлікпен шұғылданушылар, яғни коммерсанттар, екі бөлек саудалық реестрлерге тіркеледі. Бір реестрге жеке коммерсанттар енгізіледі, екіншісіне – біріккен коммерсанттар (жоғарыда аталған ұйымдар) тіркеледі. Барлық коммерсанттар саудалық кітаптар және өзге де саудалық құжаттарды жүргізуге міндеттенеді. Әрбір коммерсант өз кәсібіне фирмалық атау беруге құқылы, ондай атау шетел мемлекеттерінде әртүрлі ережелерге бағынады.