Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Алғы сөз

Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан әлеуметтік қиындықтар болып тұрады.Әсіресе біздің еліміз секілді даму жолына жаңа түсіп, қоғамдық құрылымы бір сипаттан екіншісіне ауысқан, өтпелі кезеңде ондай мәселелер көбеймесе, азайған жоқ. Осындай себептердің салдарынан қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған балалар, жастар, ересек адамдар мен қарттар,мүгедек және созылмалы ауруларға шалдыққандар, күйзеліске душар болғандар күннен күнге көбейіп барады. Мемлекет тарапынан оларға көмек беру мақсатында ҚР 2001 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заң, «Көп балалы отбасы және ана мен балаға көмек» (1997 ж.) бағдарламасы, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының заңы және басқа да заңдар мен қаулылар қабылданды. Кейінгі кезде зейнетақыны өсіру, жетім және қараусыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне көмек беру мақсатында әр түрлі шаралар қолға алынуда.

Бұлардан басқа түрлі қорлар, орталықтар, институттар мен мекемелер де әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуда. Мұндай кезде жәрдем және «қатарға қосу» шаралары жеткіліксіз, төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында әлеуметтік педагогтың арнайы жүргізетін іс шараларының өзіндік маңызы мен орыны бөлек.

Ұсынып отырған шағын оқу құралында әлеуметтік педагогтың іс әрекетін көрсету арқыл түрлі жағдайлар салдарынан күйзеліске, торығуға ұшыраған адамдарға қай уақытта, қалай көмек берге болады, оны қалай уйымдастыру керек екендігі қаратырылды. Кітапта әлеуметтік педагогикалық жұмыстың маңызы, түрлері оны жүзеге асыратын мекемелер жұмысы т.б. зерделенген.Оқу құралы мектептегі әлеуметтік педагогтар, студенттер мен ұстаздар және басқа да әлеуметтік педагогика мәселелерін шешуге ынталы адамдрғ арнлған.

Ізгі істерге жетелесін

деген тілекпен - автор

Бірінші тарау. Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік педагог маманы

    1. Әлеуметтік педагогика - ғылым ретінде

«Әлеуметтік педагогика» деген түсінік педагогика ғылымының бір саласы ретінде кейінгі кезде қолданысқа енген. Бұл ұғымның бірі- философиядан, екіншісі- педагогикадан алынып оларлың бірігуі ғылымдағы дифференция және интеграция үрдістерінің негізінде туындаған.

Ғылым дамыған сайын жаңа ғылыми ойлар туындап, қоғамның талабы өзгереді, мәелелерді шешу мақсатында оның тармақтары топтастырылып , не болмаса жіктеліп, көбейіп бір ғана мәселені бірнеше ғылым жан-жақты зерттей бастайды. Мысалы, педагогика мен философияның негізінде «Білім философиясы», психолгия мен педагогиканың негізінде « Педагогикалық психология» пайда болды. Ал әлеуметтану мен педагогикадан» әлеуметтік педагогика» деген жаңа ғылым саласы дүниеге келді.

«Әлеумет» сөзі қазақ тілі сөздігінде «адмдар қауымы» деп түсіндірілсе, яғни «социология» латынша «socialis» - «қоғамдық», «жалпы» деген мағынаны береді. Ол – бірге өмір сүрген адамдардың тұрмысын,олардың қарым-қатынас және байланыс формаларын, оның салдарын зерттейтін ғылым.Белгілі бір қоғамдағы балалар оқу- тәрбие үрдісінде бірге білім алып, қоғамдық іс-шараларға қатысып, әлеуметтік тәжірибе жинақтап, «әлеуметтену» үрдісіне қатысады.

Әлеуметтік педагогикаың пәні – адамның әлеуметтік қоғамда орын алып, қалыптасуы және дамуының педагогикалық-философиялық аспектілері болып, оның жетістіктерін қуаттап, жойылған не ауытқуға ұшыраған тұстарын қалыбына келтіру.

Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының нысаны – қоғамның мүшесі ретіндегі адамның тұлғалық және қоғамдық сипаттары.

Педагогика- гректің «peidagogo» , яғни «баланы жетелеу» деген сөзі. Ертедегі құл иелену дәуірінде баланы бағып қағып, серуендеуге алып шығып, оқуға жетелеп апаратын адамдарды «педагог» деген. Мектеп (IX-X ғғ.) пайда болған кезден бастап ондағы мұғалімді «педагог» деп атаған. Ол кейін келе өз алдына ғылым саласының атауына айналды. Бұл сөз- жас буынды оқыту, тәрбиелеудің теориясы мен практикасын зерделеп, ұсыныстар мен нұсқалар беретін ғылымның атауы болып қабылданған.

Әлеуметтік педагогика жалпы педагогикалық мәселелерді ғана емес, қоғамның белгілі бір ауытқуларға ұшыраған бөлігіне арналғандықтан бірнеше ғылым салаларын біріктіреді және солармен тығыз байланыста адамның басына түскен күйзелісті шешу жолдарын қарастырады.Айталық әлеуметтану философияның құрамдас бөлігі ретінде адамдар қауымының арасындағы қарым қатынас ерекшелігі мен ондағы тұлғаның орнын диалектика заңдылықтары тұрғысынан қарастырса, психология- оның ішкі жан дүниесі, психикасының ерекшеліктерінің шығу тегін, маедицина – дене сырқаттарын, физиология дене кемістіктерін зерттеп емдейді. Педагогика осылардың барлығын біріктіріп әлеуметтік педагогика сипатында зерттейді, оларды реттеп, қалыбына келтіру жолдарын қарастырады. Олардың өзара байланысын мынадай сипатта көрсетуге болады (№ 1- сурет)

1-сурет. Әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Келтірілген бірінші суреттен көріп отырғанымыздай, әлеуметтік педагогика жалпы педагогикамен байланысты. Себебі, оның құрамына тәрбиелеу мен оқытудың жалпы ұстанымдары, санаттары, әдістері мен тәсілдері т.б. кіреді және олар елеулі орын алады. Философиямен байланыстылығы - әлеуметтану арқылы және оны әдістемелік тұрғыдан, құбылыстар мен заттар, адамның ойлау жүйесі, қоршаған ортаның және қоғамның әсері т.б. әлеуметтік педагогиканың да басты мәселелері, сондықтан философиялық қағидалардың да қатысы бар. Жалпы психология адамның ішкі жан дүниесін танып білуге көмектессе, әлеуметтік психология ауытқу мен күйзеліске душар болған адамдармен жұмыс мәселесін қарастырады. Ал, медицина, әлеуметтік медицина халық арасында кең тараған ауру-сырқаттардытанып білу және емдеумен шұғылданады; физиология және психофизиология адамның дене бтімі және оған тиген зақымдардың әсерін адамдардң материалдық ахуалы және оған көмек беру мәселелерін қарастырады; демография жалпы адам санының өсуіне оның әлеуметтік ахуалының ықпалы секілді тұстарын қарастырады.

Демек, әлеуметтік педагогика- баланы, жастар мен қарттарды, ересек адамдарды әлеуметтендірудің заңдылықтарын зерттейтін ілім ретінде оны жан- жақты қарастырады. Әлеуметтк педагогика зерттеу нысанына байланысты өз ішінде де салаларға бөлінеді. Бірақ, ол көбінесе қарастыратын нысанының жас ерекшеліктері мен күйзелісті ахуалының өзгещелігіне байланысты. Мысалы, қарттармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс, жастар араысндағы әлеуметтік- педагогикалық жұмыс, мүгедек балалар арасындағы әлеуметтік- педагогикалық жұмыс секілді көптеген бөлімдер мен тарауларға бөлінеді.

Қазіргі кезде қоғамдағы әр түрлі жаңарулар мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік тұсы – бала. Сондықтан біз бұл жерде басты объект ретінде бала және онымен жұмыс мәселелерін қарастырамыз. Сонымен, әлеуметтік педагогика – баланың, оқушының студенттің білім, тәлім-тәрбие аолуына қоғамның тигізетін әсерін зерделейді. Жалпы айтқанда, дұрыс тәрбиеленіп, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы, білім, мәдениет, дін т.б. тигізетін әсерін танып білетін ілім деуне болады.

Әйтсе де әлеуметтік педагогиканың жеке өзіне тиісті теориясы, практикалық іс-шаралары, құралдары мен әдіс-тәсілдері және технологиясы бар. Қандай ғылыми теория болмасын, ол проактикаға сүйеніп дамиды және жұмыс практикасынан оның теориялық анықтамалары қалыатасады. Әлеуметтік педагогиканың ғылми теориялық және әлеуметтік педагогикалық іс- шаралары бар. Олар әлеумеиттік педагог пен әлеуметтік қызметкергше тиесілі. Оның жүргізетін іс-шаралары бір немесе бірнеше балаға, балалар психологиясына қоғамның тигізген әсерін білу, көмектесу, кедергілерді жою, күйзелістен шығуға көмектесу жолдарын қарастырады.

2-сурет. Әлеуметтік педагогиканың санаттары

Әлеуметтік педагогика оқу пәні ретінде жалпы және кәсіптік білім беру мекемелерінде жүргізілуі керек. Бірақ бұл пән кең қанат жайып, өз орнын тапқан жоқ. Оның қажет екені күн сайын дәлелденуде. Әсіресе, 1990 жылдары Кеңес Одағы тараған соң белгілі бір көмекті қажет ететін ересек адамдар, балалар мен жастар, қарттардың т.б. саныт көбейіп, оармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізетін арнайы білім алған қызметкерлердің жоқтығы, оларды даярлау керек екендігін анық байқатты.

Әлеуметтік педагогика ұғымы алғаш рет XIX ғ. Ортасында неміс педагогы Адольф Дистервг тарапынан ұсынылған, бірақ ресми түрде бұл ұғым XX ғ. бас кезінде ғана қолданысқа ие болды.

Әр ғылымның өзінің зерттейтін пәніне байланысты ұғымдар бар. Педагогика ғылымы секілді әлеуметтік педагогика да адам туралы. Ол ізгілікті ғылымдармен байланыста дамып, жеке өзіне ғана тән «әлеуметтік педагогикалық іс әрекет», «әлеуметтік білім беру» және «әлеуметтік тәрбие» сияқты салалардан тұрады.( 2-сурет).

Әлеуметтік -педагогикалық іс- әрекет кәсіптік жұмыстардың бір түрі ретінде баланы әлеуметтендіруге көмектесіп, әлеуметтік мәдени тәжірибелерді меңгеруге қолайлы жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл іс-әрекет әлеуметтік педагог тарапынан әр түрлі оқу мекемелерінде, ұйымдарда , қауымдастықтарда, кәсіпорындар мен шеберханаларда, жеке тұлғамен де жүргізіледі.

Әлеуметтік білім беру- баланы әлеуметтендіру мақсатында қоғам, ондағы мекемелер, қарым- қатынас және жұмыс қағидалар, ережелер, нормалар туралы білім алып, оны іс жүзінде қолдану жолдарын меңгеру. Осы ұғымға арнайы кәсіптік мән беру мақсатында 90 жылдары «Әлеуметтк –педагогикалық қызметкер» деген ұғымдар пайда болды.

Әлеуметтік тәрбие-баланы әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыру.

Әлеуметтік- педагогикалық іс- әрекет жеке тұлғаның әр түрлі тосын жағдайларға ұшырап қалғанда одан шығуына көмектесу, сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылады.

Қазіргідей адам мен қоршағант ортаның, адам мен қоғамның арасында қарама-қайшылықтар үдеп, адамдардың психикасына әсер ететін теріс көріністер орын адып отырған кезде әлеуметтік тәлім тәрбиенің маңызы зор. Ауыр күйзеліске ұшыраған жетім жесірге, мүгедекке, қараусыз қалған жандарға, кедейшілік пен қайыршылыққа душар болғандарға, әр түрлі туа біткен не техногенді, экологиялық апаттарға ұшыраған адамдарға қолдау көрсетіп, көмек беруде әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкер жұмысының өзіндік маңызы өте зор.

Әлеуметтік педагогиканың оқу пәні ретінде болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынадай мақсаттарды қояды:

  1. Таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру;

  2. Әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;

  3. Баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу;

  4. Баланың ізгілікті сезімдерін ояту, бауырмалдылық, адамгершілік мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;

  5. Тосын жағдайладан өз алдына шығуға ұмтылуға, тура шешімін табуға тартынбай іс- қимылға кірісуге үйрету;

  6. Адамдармен қарым-қатынас, байланыс орнатып мәміле түзе білуге, топта не болмаса ірі ұжымда өзін-өзі басқаруға үйрету;

  7. Қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру «құрбандығы», шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету;

Қысқасы, баланы адамгершілікке, ізгілікке, қамқор болуға, үйрету және жеке мүддесін, талабын қанағаттандыруға баулу, қабілеттерін дамытуна ынтасын ояту мақсатын көздейді. Тосын жағдайларға ұшыраған, көмекке мұқтаж адамдарға көңіл бөлу, олардың мәселелерін шешуге қол ұшын созып, ізгілікті қарым- қатынас орната білу қазіргі өтпелі заманда аса қажет.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда әлеуметтік педагогиканың атқаратын қызметтерінің өзіндік орны бар.

Енді оларға назар аударалық:

  • Қалпына келтіру және тәрбиелеуді жүзеге асыру;

  • Әлеуметтік-құқықтық мәлімет пен білім беру;

  • әлеуметтік қатарға қосу ( реабилитациялау);

Тәрбиелеу қызметі- баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатысу.

Әлеуметтік құқықтық қызметі – балаға мемлекеттік қамқорлық көрсетіп, оның құқығын сақтау, мүддесін қорғау.

Әлеуметтік қатарға қосу қызметі- күйзеліске ұшыраған, туа біткен не болмаса тосын жағдайларда мүгедек болып қалған, не созылмалы ауауруларға ұшыраған, ақыл-есі кем, не дамымай қалған кемтар балаларға көмек беру, күтпеген жағдайлардан шығып кетуге жәрдемдесу болып табылады.

Балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортаның ерекшеліктерін зерттеу, талдау, бұрынғы өмір тәжірибелерін танып-білу, ұлттық мұра, отбасы салт- дәстүрлеріне мән беру іс-шараларын ұйымдастыру- әлеуметтік педагогтың ең басты міндеті. Баланы білмей, ұғынып- түсінбей тұрып, оған көмектесу қателіктерге ұрындырады.

Белгілі орыс педагогы С.Т. Шацкийдің (1887-1937 жж.) «бала дамуының негізгі тірегі-қалыптасқан әлеуметтік жүріс- тұрысы нормалары, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, бала өмір сүрген орта және оқу-тәрбие үрдісінің әсе-рі»,- деген сөзі қазір де өзектілігін жойған жоқ.

Әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістері мен ұстанымдары.

Алдымен әлеметтің педагогиканың зерттеу ұстанымдары туралы сөз қозғау керек. Себебі, ұстаным (принцип) дегеніміз - педагогикалық іc-әрекетті жүзеге асыруда табан тірейтін, басшылыққа алатын негіз.

Әлеуметтік педагогиканың үш негізгі ұстанымы бар:

  1. Жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;

  2. қоршаған ортаның мәдениетін, басқа да ерекшеліктерін есте ұстау;

  3. ізеттілік қарым-қатынас орнатуарқылы ықпал ету.

Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда педагог баланың туа біткен табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді.Бұл ұстаным туралы алғаш пікір айтқан бклгілі чех педагогі Ян Амонс Каменский (1592-1670 жж.) болатын. Ол әйгілі «Ұлы дидактика» деген еңбегінде баланы оқытумен тәрбиелеуді, оның психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру керектігін белгілеген.

Француз философы Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) өзінің әйгілі «Еркін тәрбие » теориясында «баланы еркін тәрбиелеу керек, оған қысым көрсетпей болмысындағы табиғи қабілеттерін дамытуға жағдай жасау керек» деген. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін тәрбиешілер мынадай ережелерді есте тұтады:

  • баланың жас рекшеліктерін ескеру;

  • баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру;

  • баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру;

  • өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру.

Баланы қоршаған орта, мәдениетпен байланыста, дамуы ұзақ жылдардан бері жинақталған білімді, қалыптасқан мәдениетті өздестіру (освоение) арқылы жүзеге асатынын алғашқы болып Адольф Дистерверг (1790-1866 жж.) атап көрсеткен болатын. А. Дистерверг баланың дамуы туған жері, ол туған заман, қоршаған орта, ол туған халықтың жинақтаған мәдениетін меңгеру арқылы іске асатынын айтқан еді.

Орыс педагогы К.Д. Ушинский (1824-1870 жж.) баланы білімді мәдениетті адам етіп тәрбиелеу үшін оны жазуға, оқуға, есептеуге және ана тілінде оқып сөйлеуге, салт- дәстүрін бойына сіңіріп өсуіне жетелеу керек екендігін «Родное слово» деген оқу кітабында жан- жақты қарастырған.

Баланы қоғамдағы – тұрмыс, зерде, саяси, діни, құлықтық т.б. ұғымдармен таныстырып және бойына сіңіріп тәрбиелеу керек. Егер бала оларды меңгере алмай қалса, онда әр түрлі күтпеген ахуалдарға кездеседі, ал ол өз кезегінде баланың бойында теріс әрекеттерді туғызуы мүмкін (мінезі, көзқарасы, ой-пікірі т.б. өзгереді). Оларды жоюға арналған іс-шараларды педагог баланың отбасымен бірлесе отырып ұйымдастырады.Мысалы: кейбір құлағы естімейтін , тілі мүкіс балалар биге қабілетті, сурет салады, компьютермен жұмыс істей алады. Бұл интузиазист педагогтардың құлшынысының нәтижесі деуге болады. Мұнадай көрініс көпшілік қауымға тән болмаса да, әлеуметтік педагогтар ескертетін басты мәселелердің бірі.

Бұл ұстанымдарды жүзеге асырудың ережелері мыналар:

  • ауытқулары бар балалардың қалыптасуына мәдениеттің әр түрлі салаларымен таныстыру арқылы ықпал ету;

  • Дамуында ерекше кемшілігі бар балалардың бойындағы шығармашылық мүмкіндіктеріне ерекше мән беріп соны пайдалану;

Ізгілікті жуықтау (подход) ұстанымы кез келген адамды, соның ішінде баланы да тұлға ретінде құрметтеп, оның еркіндігін, құқығын қорғау, адамгершілік тұрғысынан қарым-қатынас орнату, мейірім, қайырымдылық көрсетіп, көмектесу дегенді білдіреді. Ізгіліктілік (гумандлық) деген ұғымнан басқа ізгілікті (гуманизм), ізгілендіру (гуманитарлы) деген ұғымдар да педагогикада кездесіп жүр.Педагогикада бұл латын тілінің «himanus» сөзінен аударғанда «ізгілікті » дегенді білдіреді.Оқу тәрбие жұмысын ізгілендіру қазіргі кезде кең ендіріле бастады. Оның маңызы - адамдардың іс- әрекетіне ізгілікті бағыт беру және оны санаға сіңіру жеке тұлғаның өз басын сыйлау. Сағын сындыру, жігерін жаншу, жанын азапқа салу, рухани басыну, кемсітіп қорлау секілді тәлім-тәрбиеде теріс әсер ететін шаралардан аулақ болуды көздейді.

Ізгілікті педагогиканың басты талабы - баланы тұлға ретінде құрметтеу екендігін В.А. Сухомлинский өзінің «Балаға жүрек жылуы» деген еңбегінде, Ш.А. Амонашвили « Гумандылық педагогикасы» деген кітабында кеңінен баяндаған. Әлеуметтік педагогиканың қызметі – баланы жақсы көрумен ғана шектелместен, оларда адмға деген «сүйіспеншілік» сезімін (ата-анасына, бауырларына, жолдастарына, құрбыларына, қоршаған ортасына) ояту, сыйластықпен қарауға, керек жерде іркілмесетен көмек көрсетуге үйрету.

Ізгілікті ұстанымы төмендегідей қағидаларды сақтауды талап етеді:

  • Барлық балаларға бірдей адамгершілкті қарым- қатынас орнату (олардың материалдық, құқықтық, әлеуметтік хал жағдайына қарамастан);

  • әр баланың жеке басының құқығын қорғау және сыйлау;

  • кемістігі бкар балаларды аялай қарым-қатынас жасау, олардың өзіндік «мен» деген құқығын сақтау;

  • проблемасы бар жеке балаларға бағытты көмектесу, олардың мүмкіндігін, қабілеттерін ескеру;

  • қайырымдылық- ізгіліктің алғашқы сатысы екенін түсіндіру;

Осы көрсетілген ережелер арқылы кім көмекке мұқтаж, оларға қалай және қайтіп көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап беру үшін зерттеп, танып- білу жұмыстарын жүргізу- әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі.

Әлеуметтік педагогиканы зерттеу. Кез келген білім саласының ғылымилылығы – оның зерттелуі, теориялық ұғымдар мен түсініктерінің қалыптасуы, жалпы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формалары, заңдылықтары мен анықтамаларының нақтылығынан байқалды. Ғылыми зерттеу, теориялық білімдерді жасау-ғалымдардың және басқа да зерттеуші-қызметкерлердің танып-білу іс-әрекетінен тұрады.

Оның екі түрі бар: тәжірибелік (практикалық) және теориялық. Тәжірибелік зерттеу жұмыс тәжірибесігне негізделеді. Ол – мұғалімдердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа да қызметкерлердің тәжірибелік жұмысы. Ал теориялық зерттеуді ғалымдар, арнайы дайындығы бар зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мұғалімдер, жалпы педагогтар т.б. жүргізе алады.

Ғылыми зерттеудің бұл екі түрі өзіндік айырмашылықтарына қарамастан өзара тығыз байланыста. Себебі, теориялық білім практикада тексеріліп, нақтылану нәтижесінде пайда болады. Ал тәжірибелік жұмыста білім-ғылымның жетістіктері қолданылып, зерттеуді одан әрі нәтижелі ұйымдастыруға негіз бола алады.

Әлеуметтік педагогика XX ғасырдың 80 жылдары пайда болып, практикаға ене бастаған. Бұл ілім біздің елімізде әлі жас болғандықтан, толық, жан-жақты зерттеліп, қорытындылар жасаған жоқ.Алайда оның алғашқы қарлығаштары да бар. Мысалы, Г.Уманов, Л.Керімовтың «Қиқар бала» мәселесі, Қ.Қ.Құнантаневаның әйелдерге білім беру мен тәрбиелеу, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы, І.Р. Халитованың әлеуметтік педагогтарды даярлау мәселесі, З.Ж. Жаназарованың отбасымен әлеуметтік жұмыс туралы жекелеген еңьектері бар.Қазіргі кезде жалпы әлеуметтік мәселелерді зерттеуге белсенді қатысып жүрген ресейлік бірқатар ғалымдарды атауға болады: В.Г.Бочарова, В.И. Загвязинский, А.В. Мудрик, Л.Я. Олиференко, Г.Н.Филонов, М.А. Галагузова ж.б. осы ғылымның қазіргі заман талаптарына сай дамуына үлес қосты.

Ғылыми негізде қалыптасып келе жатқан осы ілімнің пәнін, нысанын анықтап, қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістердің адамға тигізетін әсерін, көмекке мұқтаж адамдардың, жетім-жесір, қарт, қараусыз қалғандар мен үй-күйсіз қалғандарға назар аударып, олардың адамша өмір сүруіне жағдай жасаудың, күйзеліске ұшырағандарды қатарға қосудың жолдарын зерттеу түбегейлі қолға алына бастады.Қазіргі кезде әлеуметтік педагогтардың алдына қойылатын талап- теориялық және практикалық жұмыстармен кеңінен танысып, әлеуметтік ортада тиімді жұмыс істеу болып табылады. Бұл үшін, әрине, әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер қажет.

Әлеуметтік педагогиканы зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен табыстылығы –оны танып-білуде қолданған теориялық көздері, ой-пікірлері, әдістері мен тәсілдері, технологиясын т.б. қолдануына байланысыты.

Осыған орай Звягинский мынадай бес негізігі теориялық көздерді белгілейді:

  1. Қоғамның әлеуметтік тапсырмасы мен жалпы адамзаттық ізгілікті ой-пікірлердің сәйкестігі;

  2. Адам туралы ілім-білімнің барлық жетістіктерінің кешенді түрде қолданылуы (мысалы, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, психиатрия т.б.);

  3. Отандық және шетелдік теориялық тұжырымдар мен ұстанымдар;

  4. Бала өмір сүрген әлеуметтік ортаның педагогикалық ықпал ету әлеуметтілігі;

  5. Әлеуметтік сферада жұмыс істеген қызметкерлердің шығармашылық әлеуметі - әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік психолог т.б. жұмыс нәтижелерінің тоғысуы.

Міне, осы көрсетілген зерттеу көздеріне сүйеніп, әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістері, тәсілдері мен технологиясын іріктеп алудың маңызы зор.

Әдіс-бір істі жүзеге асырудың жолы, тәсілі. Педагогика ғылымында (метод-гректің «methodos» ) алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу, мәселелерді шешудің тәсілдері, құралдары мен түрлерін қамтиды. Олар жалпы ғылыми әдістер, эмпирикалық – байқау, диагностикалау, эксперимент, сауалнама тағы басқалар; теориялық- дерексіз (абстракциялы) модельдер түзу және бұлардан басқа талдау, жіктеу, жалпылау, топтастыру, салыстыру, жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға, қорытындылар шығару т.б. болып бөлінеді.

Осындай жалпы ғылыми әдістерден басқа да әдістер мен тәсілдер бар. Әлеуметтік педагогика салыстырмалы жас ғылымдардың бірі болғандықтан және бірқатар ғылым салаларының басын біріктіргендіктен, оның зерттеу әдістері де оған жақын ғылымдардан алдымен педагогикадан, әлеумсеттік психологиядан, әлеуметтану, психиатрия, физиология т.б. алынған.

Қандай да бір ғылымды зерттеу алдымен ғылыми –теориялық әдебиеттер мен практикалық іс-тәжірибелерін танып-білуден басталады. Демек, әлеуметтік педагогиканың ең негізгі әдістері әдебиеттерді, ғылыми-теориялық зерттеулер мен тұжырымдамаларды және басқа да шығармаларды таңдап алған нысанаға байланысты танып білуден басталады.

Екінші бір аса маңызды әдіс- байқау.Ол белгіленген мақсатқа сәйкес жүргізіледі: жеке бір баланы не балалар тобын тікелей зерттеу немесе фотосурет, кинотаспаға жазуды қолдану, табиғи ахуалды өзгертіп жәгне сол жағдайды байқау.Мұндай байқауларды зерттеудің мақсаты мен міндеті, болжамына қарай құпия ( балаларға білдірмей) жүргізуге де болады. Бірақ бұл жағдайда белгілі бір құқықтық нормалардан шығып кетуге де болмайды.

Сауалнама әдісі-анкета. Мақсатқұа сәйкес, алдын ала даярланған сауалдарды жазба түрінде оқушыларға таратып, онда алынатын жауаптарда қысқаша жазылады. Оқушылар ондағы « жоқ, иә, кейде, ешқашан» секілді басқада жауаптарды белгілейді. Сауалнама әдісі екі түрлі формада – ашық ( оқушылардың аты-жөні көрсетілген) не болмаса құпия түрде (анонимді, аты-жөні көрсетілмеген) өткізіледі.

Әңгімелесу әдіс жалпы балалар тобымен, жеке нысанаға алған оқушымен немесе нысананы толық танып білу үшін оның басқа құрбылары, ауладағы көрші үйдің балаларымен,ата анасы, туысқандары, оқытатын мұғалімдері т.б. жүргізуне болады. Мұндағы басты шарт- мақсатты белгілеп алып, қойылатын сұрақ және алынатын болжамды жауап белгілі болуы тиіс. Өйткені, зерттеу нысаны бала және ол өмір сүрген әлеуметтік орта (социум) болғандықтан, оған ықпал етіп отырған ортаның оң не теріс әсерінің себебін салдарын талдап, салыстырсалап, ой түйіндеп, пікір қорыту арқылы оған жәрдем беру, қуаттап, қолдау көрсету болып саналады.

Қорытында әр түрлі әдістер арқылы жинақтаған ақпараттарды талдап, олардың не теріс жақтарын зерттеп, жалпы теориялық қорытынды шығарып, кеңес беру, ұсыныстар әзірлеу жұмыстары қарастырылады.

Шығарған теориялық қорытынды дұрыс па, болмаса жаңсақ па, оны іс-тәжірибеде (экспеимент) тексеруге болады. Оның өзі екі түрлі болады: табиғи эксперимент және лабораториялық эксперимент.

Табиғи эксперимент күнделікті табиғи ахуалда өткізіледі.Бірақ тәжірибе өткізудегі мақсат белгілі бір теориялық тұжырымдарды тексеру болғандықтан, оған да арнайы бағдарлама түзіліп өткізу әдістері, көздеген мақсат, жүзеге асыру тәсілдері, бала не жеке тұлға өміріне белсенді араласук жолдары секілді т.б. даярлық жұмыстары жүргізіледі.

Лабораториялық тәжірибе көбінесе әлеуметтік педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады. Ол үшін арнай орын – лаборатория не аудитория т.б. орындар әзірленеді. Алдын ала зерттеу нысаны, оның зерттелтін тұстары сарапталып іріктеліп алынып, онымен (олармен) өткізілетін жұмыс тәсілдері мен технологиясы да арнайы таңдап алынады, соған сәйкес жоспар түзіліп, тіпті кейде алынатын нәтиже шамамен болжанады. Тәжірибелік эксперимент көп жағдайда үш кезеңмен өткізіледі: бірінші кезеңде- нысананы мақсатқа сай тексеру немесе анықтау, екінші кезеңде- қалыптастыру (оқыту, тәрбиелеу), үшінші кезеңде- бақылау немесе байқау жүргізіледі.

Алғашқы кезеңде таңдап алынған нысананың дәл осы сәттегі қал жағдайы, тәжірибе бастаған кездегі жай күйі эксперимент жұмысының басталу нүктесі айқындалады да, осы жұмыс нәтижесіне негіздей отырып, әрі қарай істелетін жұмыстың соған сай бағдарламасы, әдіс-тәсілдері мен жолдары белгіленгенеді; Одан кейінгі кезеңде белгіленген бағдарлама, әдіс-тәсіл, технология бойынша нысана мен жұмыс формалары ұйымдастырылады; Ал тәжірибенің үшінші кезеңінде алынған нәтижеге байланысты жүргізілген жұмыстың дұрыстығы тексеріліп бақылаудан өтеді де, қорытындылар шығарылады.