Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

4.2. Андрогогика және әлеуметтік-педагогикалық

жүмыс

Ересек және қарт адамдар туралы ңоліметтер. Адамның өмір жасын халқымыз шарана, норесте, бөбек, сәби, ойын баласы, кішкене бала (жас бала), жеткіншек, жасөспірім, бозбала, бойжеткен, жігіт, ерссек адам, қара сақал, ақ сақал, қарт, кәрі деп сипаттаған. Оның ішінде жетілу кезеңіндегі орындай алатын жүмыс түрін де жас кезеңінің сипаты ретінде, қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы деп бөліп, әр қайсысына сипаттаулар берген. Осы кезендердің әр қайсысының дүниеге келген адамның өмірге бейімделуінде, күн көрудің сырларын меңгеруде өзіндік орны бар. Жалпы адам бала кезінде көбінесе ата-анасының қамқорлыгында болса, одан кейінгі өмірі болашаққа өз бетінше үмтылу, отбасын қүрып, білім алып, еңбектеніп өтеді.

Өмірдің осы кезендері жалпы жастық кез, есею, ересек адам және қартаю деп бөлінеді.

Жастық кез - белгілі уақыт мерзімі мен шектеліп, адамның психикалық дамуы, түлға ретінде қалыптасу дәуірі. Бүл кезеқді белгілі геронтолог Д.Ф.Чебатарев "Геронтология" еңбегінде екіге бөледі: алғашқысы, адам агзаларының белсенді өсіп дамуы, котерілу, жогарылау кезеңі, одан кейінгісі, өсіп-дамуының нашарлауы. Ол орта жас кезеңі немесе есею кезеңі бірінші кезеңгс тура кследі, ал үлгайган кез екінші кезеңге тура келеді дейді.

Кеңес Одагы кезінде бүкіл Одақтық денсаулық сақтау қогамының 1963 жылы Киевте өткен геронтологтардың халықаралық семинарында қартаю кезеңін төмендегіше кезеңдерге болу үсынылган:

- орта жас кезеңі-45-59;

  • жасы үлгайган кез 60-74;

  • қарттық кез 75-90;

- үзақ өмір сүру кезеңі - 90 жастан жоғары; Америкалық психолог Э.Эриксон баланың туган күнінен

қартайғанға дейінгі өмір жолын зерттеп, даму шағының сегіз кезеңін корсеткен және өрбір кезеңнің өмірлік даму шегі бар, әр кезеңге көтерілу үшін белгілі бір кедергілерді жеңіп өтуі керск деген. Оның пайымдауынша егер адам белгілі бір кезенде кедергіні жеңе алмай қалса, кейінгі кезеңде кемшіліктің кесірінен қиыншылыққа душар болып, өмір жолы күрделене береді. Кедергілерді мезгілінде жеңе білсе, түрмыс жағдайы жақсарып, адам көптеген табыстарға қол жеткізеді. Бүл сегіз кезең мыналар:

1 Туылған күнінен бастап 1,5-2 жасқа дейінгі кезең. Бүл адам өмірінің алғашқы кезеңі. Бүл — балаға деген ата-ананың сүйіспеншілігі, бағып-қағуы, ерекше назар аударуы. Ал, егер керісінше болған жағдайда бала қорқу, шошу, невроз секілді ауруларға шалдығады.

2. 2 мен 6 жас аралығы. Өсіп-жетілу, даму кезеңінде оның қызығуы мен қажеттілігін қанағаттандьфып, дүрыс тәрбиелеу ойын арқылы тәрбиелеу, өзіне қызмет ету әрекеттерін қолдау. Сүйіспеншіліктің болмауы, жалғызсырау, көңіл бөлудің аздығы, сенсорлық сезімдердің жеткіліксіздігі баланың дамуына үлкен нүқсан келтіреді.

  1. Баланың 6 жастан 12 жасқа дейінгі кезі. Ата-анасы, мүғалімдердің көмегімен бала өзіне-өзі сену, басқалардың сеніміне ие болу, өмірге қызығу, алға үмтылу, аяғынан нық түруға ынталанады. Керісінше, тәрбие мен қарым-қатынастың қателігі, оқытудың жетілдірілмегендігінен балалар кейде өзіне деген сенімін жоғалтып, өздігінен шешім шығара алмайды. Қызыққан іс-өрекетіне араласуына мінезіндегі тартыншақтығы мен өзіне сенбеуі тосқауыл болып, ересектердің жәрдеміне мүқтаж кезінде оны ала алмауы балаларда ашуланшақ, іші тар, себепсіз өшігу секілді мінездерді туындатады.

  2. Баланың 12 ден 20 жасқа дейінгі кезеңі. Бала бүл кезде өмірлік мақсатын анықтап, қүрбыларының арасынан, қоғамнан, түрмыста өз орнын алып, кәсібін таңцап, жолдас-тарының арасында беделді, абыройға ие, болашағына сенімді болады. Ал, егер белгілі бір кезеңде қажеттілігі қанағаттанбай қалса, онда кәсібін анықтай алмай, әр нәрсеге бір үрынуы, оқуын тәмамдамай, махаббатынан айрылып қалса, бүл осы кезеңнің кедергілері болып табылады. Оны жеңу барысында белгілі уақыт өтіп кетеді де, кешеуілдеп қалады. Өйткені келесі кезеңнің де өз міндеттері бар.

  3. Есею кезі 20-дан 30-35 жас аралығы. Әдетте осы жас кезеңінде адам отбасын қүрып, бір кәсіпке ие болған, баспанасы бар, алдына қойған мақсаты белгілі түлға болып қалыптасады. Қолынан бөрі келеді, жаңа табыстарға үмтылады, байлыққа, билікке қол жеткізгісі келеді. Ал, ксрісінше өмірінің бір кезеңіндс қажеттіліктері қанагаттанбай қалса, онда өмірі мақсатсыз, кәсібі, білімі жоқ, рухани таяз, қоғамнан орнын таба алмаған, сол себепті жаман істерге бейімді түлғаболады.

  1. Омірдің 30-35-тен 59-60 жасқа дейінгі мсзгілі орта жастагы немесе ересек адам. Барлық жақтан жетіліп, емірі гүлденген, дамыған, шығармашылық ізденісі бар, шаршап-шалдыгуды білмейтін, атақ-даңқы елге танымал, қолынан бәрі келетін, бала-шағасы бар, кәсібі бойынша шәкірттері де бар. Бүл жас кезеңін аңыздардағы кісі Ңиікпен (Кентавр) салыстыруға болады. Адамның қанаты кең жайылып, самғап үшқан немесе аяғынан нық түрған кезі. Керісінше откен кезеңдерде озіне керекті дәрежеде табыстарға жетпей, қажеттіліктері қанағаттанбай қалса, онда осы кезенде не жүмысы не білімі жоқ, кәсіпті де меңгермеген, жалқаулық меңдеп алған, өмірде өз орнын тагатаған озгелерге бағынышты, әлсіз адам болып қалады. Міне бүлар келе-келе өлеуметтік-педагогикалық комеқке, материалдық және басқа да комекке мүқтаж адам болып қалыптасады.

  2. Адам омірінің 60-75 жасқа дейінгі кезеңін үлғайған шақ дегенмен, әлі де болса күш-қуаты бар, іс-қимылы орынды, белсенді, әрекетшіл деуге болады. Копті коріп, копті білетін кореген, болжағыш, пайымшыл, барлығын біліп отырады. Егер жастық кезіндегі өмірі лайықты болмай қалған күнде бүл жас кезінде ішкі жан дүниесі күйзелген, денсаулығы жоқ, ауру, әлсіз, қуаты кеткен, қолынан ешнөрсе келмейтін, өзге біреулерге бағынышты, комекке мүқтаж болып қалыптасады.

8. 75-90 жас-кәрілік меңдеген шақ. Өмір жолына коз жіберіп, талдап, дүрыс-бүрысын бағалап отырған кезі. Күн корісі, түрмыстық жағдайы жақсы, материалдық жағынан қамсыз адам. Керісінше болтан жағдайда денсаулығы нашар, түрмысы томен, бағып-қагары жоқ, кедейлікке үщыраған, әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдар.

Келтірілген жас ерскшеліктері ішінде орта жас кезеңі емірдің белсенді түлғалық қасиеттері қалыптасып, зердесі дамудың ең жоғары деңгейіне жетіп, рухани әлемі бай, адамдармен қарым-қатынас орнату тәсіддерін меңгерген, мысалы, сыйласу, кешірімділік, ақылдасу, кеңесу секілді қасиеттері отбасы, бала төрбиесінде айта қаларлықтай жақсы қамтылған шағы. Ал, егер, керісінше болса отбасы мәселелерін туындатып, не балаға, не озіне пайдасы жоқ, сөйтіп әлеуметтік недагогиканың нысанасына айналады.

Отбасында әке мен шеше балалардың болашагын қамтамасыз етуді көздеп, білім беріп, түлға болып қалыптасуына, кәсіп таңдауына көмектееіп, оларды үйлендіреді. Белгілі психолог Р.М.Грановскаяның зерттеулеріне сүйенсек, түрмыс жагдайының өзгеруі адамның ішкі жан дүниесі мен сезімінде күрделі дагдарыс туынд&тады екен. Өзінен кішілермен қарым-қатынас орнатуга үмтылуы, жүріс-түрысын басқаруы, әр түрлі қарама-қайшы эмоционалды ахуал туындатады. Бүлар, біріншіден, ата-ананың іс-қимылы, отбасында жагымды қарым-қатынас орнатуга ынталы болса, екінші жағынан, орта жастагы кезінде зор өмірлік тәжірибе жинақтап, жас буынды тәрбиелеуге, үлкендерге сүйеніш болуға үмтылады. Өйіткені олар халқымыз айтқандай "жылы қабақ, тәтгі таМақ, жүмсақ төсекке" мүқтаж. Өмірдің осы ел агасына айналған түсында үлгайган ата-анасына, жөне жаңадан отбасын қүрған жастарга көмектесу, олардьщ отбасын қүру кезіңде бастан кешетін дагдарыстарына көмектесуді мойынына алады.

Отбасында туындап түратын дау-жанжал, ажырасу, не керісінше сый-қүрмет те ойландырады. Жақсы, жақын адамынан айрылудан болган қайғыны жеңе білу, қоршаган ортадагы қарым-қатынасты өзара реттеу адамның өмір тәжірибесіне байланысты. Белсенді, шыгармашылық қабілеті бар 50-55 жастагы адам өмірде кездесетін әр түрлі қиьіншьілықтарды жеңе алатын, өмір жолын дүрыс багьптаған түлга болып саналады.

Орта жас шагынан үлғайган немесе* қарттыққа өту өте күрделі үрдіс. Көпшілік адамдар 55 жастан кейін зейнетке шығу уақьпы жақындап қалғандықтан мазасыздана бастайды. Зейнетке шығу мен қарттығын қамсыздаңдыру, сый-қүрметке ие болу, бос уақытын дүрыс пайдалану аса маңызды. Өйткені жүмыссыз қалу адамның әр түрлі қызыгушылығын төмендетіп, қарым-қатынас ауқымы кішірейеді. Салгырт (пассивіі) түрмыс адамның денсаулыгын нашарлатып, мінезін өзгеріп, адам окпешіл, өзімшіл бола бастайды.

Әрбір зейнетке іяыққан адамның тілегі — бақьпты қартгық. Оның белсенділігі жасы үлғайған адамның жүмыс қабілетінің сақталуы, жалпы психикасына эсер етіп, еңбектенуге мүмкіндік береді. Бүл кездегі еңбек ауру-сырқау туралы ойлауга мүрша бермей, қоршаған ортаға қызығуын артгырады. Адам жасы үлғайған кезде мүмкін болса еңбектің бір түріне араласып, білгір маман ретінде білімі мен тәжірибесін жастарга үйретуге үмтылады. Сол себепті үлғайған адамдарға мынадай жағдай жасау керек:

  • материалдық камтамасыз ету;

  • бос уақытын дүрыс пайдалануына мүмкіндік тугызу;

  • күн тәртібін сақтау;

  • демалысын дүрыс үйымдастыру;

  • дене еңбегі мен күш-қуат талап ететін жүмыстарға араласуы;

  • қоршаган ортамен қарым-қатынасты үзбеу;

— әр түрлі шарттарға бейімделіп өмір сүруін ретке келтіру. Бірақ, кейде күнделікті омірде, отбасында

келіспеушіліктер де болып түрады. Оны білгірлікпен шешу, шамасы келмесе туысқандарымен аКылдасып, бірлесіп, кеңесе отырып дүрыс шешімін табу аса маңызды. Егер мәселе шешілмей күрделене берсе, қүқық орындарына және әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтарга, психолог мамандарга жүгіну өз нәтижесін береді.

Ғалым М.Р.Грановскаяның зерттеуі бойынша қарт адамдардың зердесі нашарлап, үмьпшақ бола бастайды. Кейде көзі көрмей, қүлагы естімей қалады. Қимыл-әрекеті де бүрынгыдай болмай, жылдам шаршап, үзақ жолга жүре алмайды. Жас шагының мүндай ерекшеліктері адам денесіндегі физиологиялық өзгерістерге байланысты болады, осы кезде қарттардың тамақтануы өзгереді, майсыз, сіңімді, жеміс-жидекті көбірек пайдалану, күніне 3-4 рет ас ішу олардың қалыпты өмірін қамтамасыз етеді.

Таза ауада демалу, көп қимылдайтын үй шаруасына араласу, жаяу жүру қарт адамдардың дені сау болуына көмектеседі. Қазіргі кезде зейнетке шыққан соң да жүмыс істеп жүрген, дені сау, табысты істерге қол жеткізіп жүрген адамдар да кездеседі. Әсіресе жогаргы оқу орындарында оқу-тәрбие істеріне нәтижелі араласып жүрген түлғалар баршылық.

Психолог И.С.Кон қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық типтерін іс-өрекетіне байланысты зерттеп мынадай қорытындылар жасаган:

  1. Зейнетке шыққан көптеген қарт адамдардың оқу-тәрбие істеріне, жастарды тәрбиелеуге, қотамдық жүмыстарга араласып, белсенді шығармашылық еңбекпен Мналысып жүргені анықталган. Бүл типтегі адамдар даналығы, ақылдылыгы, көпті көріп, жастарга тәлім-тәрбие беруде ақылшы, тәжірибелі, білімдар, өнерлі болуымен басқалардан ерекшеленеді.

  2. Бүл топтағылар — әлеуметтенуге жылдам бейімделіп, қогамдагы әр түрлі өзгерістерді дүрыс қабылдап, психологиялық жақтан еш қиналмастан, жаңа ахуалға үйреніп кететін қарттар. Олар өздерінің өмір жолын талдап, бүдан кейінгі өмірін ақылға салып, бала-шағасына ақыл-кеңес беріп, зерделі, белсенді өмір сүруге ынталы адамдар.

3. Отбасындағы үсақ-түйек жүмыстарды тең бөлісіп, демалу, тамақтану және күнделікті түрмыспен арпалысып уақытын өткізетін қарт әйелдер. Олар ырықты, қиьшшылықтарды жеңе білетін, балаларына салмағын салмауға тырысатын ақылды адамдар.

4. Күнделікті түрмыста денсаулығы үшін қам-қарекеттегі, өзін ғана сақтауды көздеген адамдар. Олар өзін ауру адам деп санайды да, отбасындағылардың барлығын өзі үшін аяғынан тік түрып қызмет етуін ғана қалайтындар. Өз мүддесін бәрінен жоғары санап, өзімшіл, өкпешілдігімен қарым-қатынасты күрделендіріп, күйзелісті жағдай туындатады. Олардың көңіл күйі^ эмоциясы да жылдам өзгеріп түрады. Бш нәрсені жақтырмай, өз жағдайын ғана ойлайтын қарт адам.

Осыларды зерделей келе И.С.Кон қарт адамдардың теріс сипаттағы типтерін де боле-жарып көрсеткен. Олардың бірінші типі, өкпешіл, қатал, сараң, балаларының, оны қоршаған адамдардың мазасын алатын, қарым-қатынасы нашар, еш нөрсені жақтырмайтын, ақылды көрінгісі келіп, барлығын өзіне бағындырып үстағысы келетін, созшең' үрысқақ, әр нәрсеге біреуді жазғырып отыратынкінәмшіл қарт адам; екінші тобына өмірге риза емес, еш нөрсеге килікпейтін, ешкіммен сейлескісі келмейтін, адам жақтырмайтын, жалғыздықты сүйетің, өзін бақытсыз сезініп,оған басқаларды кінәләйтын қарттар кіреді.

Герантологтардың зерттеулері бойынша, қарт адамдар өмірінің тыныштығын, материалдық, әлеуметтік, медицина-лық түрғыдан қамсыздандырудың молдығын, күнделікті түрмыстан артта қалмай қоғамға араласып, күшін, ақылын қолынан келетін еңбек түріне жүмсауды қалайды. Оларға толық жағдай жасау - балаларының, әлеуметтік қызметтің міндеті. Қарт адамдардың белсенділігі, денсаулығы, тамагын өз уақытында ішуі, көңілінің көтеріңкілігі елмен араласуы үзақ өмір сүруіне мүмкіндік береді. Ондай адамдар денсаулығы мықты, еңбекке қабілеті жоғары, ретімен тамақтанып, шылым шекпей, ішімдік ішпей таза ауада өмір сүрген адаңдар.

Үзақ емір сүретін адамдар - көбінесе ауылда, таза ауада еңбектеніп, ешкімге жамандық істемей, орынсыз қайғы, реніштен аулақ болған, салмақты , сабырлы адамдар.

Психологгардың айтуынша адамның үзақ өмір сүруіне мынадай шарттар қажет:

- отбасындағы береке-бірлік, сый-қүрмет, адамгершілікті мәміле, мейірімділік;

  • сүйікті кэсібін тастамай, қартайғанша еңбектсну;

  • отбасының жүмыстары мен шаруаіііылығына белсенді араласу;

  • диеталы тамақтану, демалып,' салауатты өмір салтын үстану;

— денсаулыгын сақтап, күн тәртібімен омір сүру; Соңғы санақтарға қарағанда Қазақстанда үзақ өмір сүріп

жатқан адамдар ішінде 100 жасқа шыққан және одан асып кеткендер де бар. Олардың көпшілігі ауылды жерде өмір сүреді.

Үзақ өмір сүріп қартайған адамДар — ауылдың қүты, ақылгөй, данасы, мақтанышы, сыйлы адамы. Олар мемлекет тарапынан толық қамқорлыққа алынады.

Әрбір әлеуметтік қызмет атқаратын мекемеде, ауданда, ауыл әкімшілігінде жүмыс істеп жүрген әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкердің озіне қарасты ауданда қанша адам үзақ емір сүруде, олар қандай комекке мүқтаж екенін біліп, оларға ерскше назар аударуы - қазіргі кездегі талап-тардыңбірі.

Шетелдердегі әлеуметтік-педагогикалық жүмыс тожірибелері. Жасы үлғайған және қарт адамдарға комек корсету әлеуметтік мәселе ретінде шетелдерде ерекше мәртебеге ие. Әсіресе Еуропа елдерінде және АҚШ-та, Британияда осыған орай тәжірибесі мол және осындай комекке мүқтаж адамдарға жәрдем беруге ерекше коңіл болінеді. Әр^ мемлекеттің өзіне тән қарттарға әлеуметтік қызмет ету дәстүрі бар. Қазақстан секілді жас мемлекеттерге осы тәжірибелерді өз жағдайларына сәйкес пайдалану аса қажет.

Енді кейбір мемлекеттердің іс-тәжірибелеріне тоқталайық. Швецияда әлеумёттік педагог денсаулық сақтау мекемелерінде қарт адамдармен жүмыс істеуде коптеген шараларды жүзеге асырады. Мысалы, күн тәртібін сақтау, адамдарды операцияға рухани даярлау, психологиялық қолдау корсету, қараусыз қалған, жасы үлғайған ^адамдарға комектесіп, тастанды балалардың тағдырын шешуге үмтыльш, ауруы асқынып кеткен қарт адамдардың озіне және отбасына комектеседі. Ал психиатрлық ауруханаларда әлеуметтік қызметкерлер үздіксіз жүмыс жүргізеді. Олар ауру адам емханадан шығып кеткен соң да байланысып, оларға қызмет корсетеді.

Британияда әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкер психиатр ауруханасы, перзентханаларда жүмыс істейді. Олар -өлеуметтік қызметкерлср қүрамына кіріп, мектеп мүғалім-деріне, тәрбиесі нашар жасоспірімдермен жүмыс істеуге комектеседі. Балалардың отбасы және мектептегі қарым­катынасын түзетіп, реттсуге араласады. Дамуы артта қалған балалармен де жүмыс жүргізу осы әлеуметтік педагогтардың міндетінс енеді және олар уақытша мектептен шыгарылган, не болмаса ауырып сабаққа қатыса алмай қалған оқушыларға көмектеседі. Күйзеліске үшыраған адамдардың ахуалын жеңілдетуге, саны аз үлт өкілдерінің балаларына комектесуге, оқымай қалғандарға мектептен тыс мекемелерде білім алуға жәрдем береді. Сонымен қатар отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа тиянақты, жүйелі түрде араласып баланың ондағы ахуалына, мысалы үрып-соғу, қорлауға жол бермеу үшін арнайы және жоспарлы қызмет етеді.

Германияда өлеуметтік педагог мектептің штатына ендіріліп, ондагй оқушылармен тығыз жүмыс істейді. Мысаяы, проблемалы жеткіншектермен жүмыс, оқушылардьщ бос уақытын үйымдастыру, отбасы, ата-аналарымен, мектеп мүғалімдерімен бірлесе отырып іс-шаралар өткізу секілді, тағы басқа да жүмыс түрлерін жүзеге асырады.

Сондай-ақ өлеуметтік педагогтар абақтыда отырган адамдар, жастар мен жеткіншектер, қылмысқа барган балалармен соттың шешіміне дейін және одан кейін де әр түрлі іс-шаралар үйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдер арасында жаман істерге үрынып қалмауы үшін мектепте аддын-алу шараларын жүргізеді. Абақтыда жатқан балалардың оқуы, жүмыс істеу мезгілдерін анықтап, күн тәріібіне ерекше мән бере отырып, олардың бос уақытын дүрыс пайдалануын қадағалайды. Қаржы-қаражат жагын реттеп, ол жерден шыққан соң жүмысқа орналасуына көмектеседі.

Әлеуметгік педагогтар қарт, жасы үлғайған адамдар үйінде және пансионда, жалгыз басты адамдар мен мүгедектер үйіндегі, ауруханалардагы ауру адамдармен жүмыс істейді. Көптеген өндіріс орындарында, шеберханалар мен кәсіпорындарда әлеуметтік педагог ересек адамдар жүмысшылардың үздіксіз білім алуына және білімін жоғарылатуына жәрдемдеседі.

Кәмелетке толмаған балалар арасындағы жүмыс Батыс Ирландияда арнайы педагогтардың араласуымен жүргізіледі. Мүнда офицердің жетегімен 4-5 адамнан түратын арнайы топ қүрылып соның ішінде әлеуметтік педагогтар кәмелетке толмаған қылмыскер балалармен сот ісі жүргізіліп, шешімі шыққанша жөне одан кейін де бақылауға алу, олардың іс-әрекетін талдау, психикасына, денсаулығына т.б. қарап, көмек береді. Осындай жастар мен балалар абақтыдан шыққан соң жаман жолга қайтадан түсіп кетпеуі үшін бақылау, ақыл-кеңес беру жүмыстарын белгілі бір кезеңге дейін жүргізеді.

Саяси-олеуметтік, экономикалық, рухани ерекшеліктеріне байланысты әр мсмлекеттің әлеуметтік жүмыс тәжірибесі ор түрлі. Мысалы, британдық әлеуметтанушы, галым Джил Горел Барис "Социальная работа с семьями в Англии" деген еңбегінде әлеуметтік педагогтың жүмыс тәжірибесі туралы айта келіп, соның ішінде отбасымен жүмыс мәселесіне ерекше тоқталады. Ол отбасындагы көптеген мәселелерді талдап, соның ішінде аса күрделі сөттерді бастан кешу мәселесін қарастырады. Бүл күрделі сәт бір отбасының басына түскен мәселені өзідігімен шеше алмауына ^айланысты, мысалы, өгей әке мен өгей шеше мөселесі. Оның айырмашылығын балалар кішкентай кезінде байқамайды да, сезбейді де, мәселе бала есейе бастаган кезде басталады. Бүлмәселе қатарына асырап алган, ата-анасынан ерте айырылган балалар туралы баяндай келе олармен жүмыс үйымдастыру, дүрыс жолга салу, түзету секілді басқа да әлеуметтік педагоггың жүмыстарын нақтылап көрсеткен.

Америка ғалымы С.И.Чорбинский "Социальная работа и социальные программы в США" деген еңбегінде балаларга комектесудің ерекшелігі мен дөстүрлі жолдарына тоқталадьг

Мысалы, 1920 жылы күйзеліске душар болтан балаларга жэрдем беру лигасы үйымдастырылып, эр түрлі жүмыс жоспарлары жасалган болатын, ал 1921 жылы АҚШ-та әлеуметтік қызметкерлер ассоциациясы қүрылып, онда да балалармен жүмыс б^дарламасы көрсетілген. 1935 жылы көмекке мүқтаж және күйзелген отбасына жэрдем беру бағдарламасы түзіліп, қазіргі кезге дейін ол игілікті жүмыс істеуде. Мысалы, 1990 жылы 11 млн. адам жэрдем алса, оның ішінде 90% жалгыз басты аналар. Мүндай материалдық көмек балалы жесір әйелдерге, кірісі жеткіліксіз отбасына, жас аналарга, жалгыз бастыларга беріледі. Балаларын тастап кеткен әкелер жауапқа тартылып, абақтыга қамалады.

АҚШ-тың кейбір штаттарында "Хелп" (көмек) бағдарла-масы бойынша 20 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерді паналауға (приют) алып, олардың оқуына жағдай жасалып, жүмыс тауып береді, балаларын багуга көмектеседі. Мүндай паналау орындарына материалдық көмекті жекелеген ауқатты адамдар, кәсіпкерлермен қоса федералдық штат балаларга көмектесу бағдарламасы аясында қаражат беріледі.

Онда оқу-тәрбие мекемелерінің міндеттерін Федералдық заң орындары белгілейді. Ол бойынша мынадай жүмыстар жүргізіледі:

- балаларга жас ерекшелігі, қабілетіне сай толық білім беру; медициналық жақтан қамсыздандыру;

- әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;

- ата-аналарға педагогикалык білім беру;

- балаларды және ата-аналарды материалдық» қамсыздандыру қарастырылған.

Федералдық қаржыга ашылған балабақшалар жүмыс істейді. Онда бір тәрбиешіге 5 бала бөлініп, 4-5 жьілға дейін жүмыс істеу, кедей отбасылардың балаларына мектеп қаражатына күніне бір рет ыстық тамақ беру талабы қойылады.

Кедей отбасының балалары мен дамуы артта қалған балаларға арнаіі 1996 жылдан бері "Хендстарт" бағдарламасы тәрбиелеу, материалдық қамтамасыз ету жүмыстарымен айналыеуда. Ол жылына шамамең 450-дей балаға қамқорлық көреетеді.

Күйзеліске үшыраған балаларды қалыбына келтіру орталықтары стреске үшыраган балалар үшін арнайы паналау орнын ашып, оған 8-10 бала орналасып, қал-жағдайын реттеуге мүмкіндік жасалған. Туа біткен, ақыл-есі кемтар балалар үшін арнайы мектеп, аурухана, балалар үйі жүмыс істеп, оларға қайырымдылық қорлары материалдық көмек береді.

Белгілі ғалымдар Г/Мекка және Д. Динкмейер тарапьшан 1976 жылы жасалған бағдарлама бойынша ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру сабақтары өткізіліп түрады. Бүл бағдарламада ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас, огбасының езін ғана мадақтауын қалайтын "өзімшіл" балалар, ез дегенін ғана істеу, өш алу, былапыт сөздер айту, тілазарлық секілді тәрбйенің күрделі мәселелеріне арналған ақыл-кеңестер мен төжірибе алмасу қарастырылған.

Бүл курс еркін пікір алмасу үрдісінде ата-аналардың өз ойларын білдіріп, әдіскер, төжірибелі педагогтардың көмегін алады. Кейде мүнда баланың жас ерекшеліктерін ескеріп, оның еркін дамуына жол ашып, туындаған мәселені уақьпында шешу де қарастырылған. Шет елдерде жинақталған тәжірибе қазіргі жағдайда білгірлікпен пайдаланып, көмекке мүқтаж адамдар және балалармен жүмыс істеу өз нәтижесін береді.

Комекке мүқтаж адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жүмыс. Көмекке мүқтаж адамдар қатарына қарттар мен жасы үлғайған адамдар кіреді. Олардың өлеуметтік мәртебесі (статусы) өкіметтің заңы бойынша зейнетке шыққан кезеңмен байланысты. Елімізде осыған орай ер адамдар 63 жастан, әйелдер 58 жастан, ал көп балалы аналар 55 жастан зейнетке шығады. Ал БҮҮ-ның шешімі бойынша зейнеткерлікке 60 жастан кейін шығу керек делінгенмен, қазіргі кездегі әлеуметтік ахуалға байланысты аталған жастан кейінірек шығу да қарастырылған.

Белгілі психолог Э.Эриксонның түжырымы бойынша қарттық шағында өткен өмірі жолында, күң көру әрскеті, өмір салты, істеген еңбегі өз табын қалдырады. Сондықтан әлеуметтік педагогтың, медицина қызметкерінің, психолог пен психиатрдың міндеті қарт және жасы үлғайған адамдардың өмір жолын зерделеп, әрбір даму кезеңдерін талдап, қазіргі жай-күйінің себеп-салдарына байланысты қортындылап, одан кейін ғана көмек беру керек. Әлеуметтік-педагогикалық, психологйялық, медициналық зерттеулер оларға көмек беру мақсатында жүргізіліп, алдын-^ла өмір жолын талдап, дағдарысқа түскен кездерін анықтаП, оның себептерін тауып, осы сөттегі ахуалына тигізген эсерін анықтап барып көмектесу, күйзелістен алып шығу іс-шараларыйың дүрыс, пэрменді болуына жағдай жасайды. Әлеуметтік көмек беруден бүрын ахуалдың мән-жайын үғынып алудың өз орны бар екені белгілі.

Адамның қай-қайсысы болмасын, қарт па, жас па барлығы да күрделі, шиеленіскен психологиялық ақыл-ес, сана-сезіммен ерекшеленеді. Сондықтан өмір жолы, одан туындаған әлеумепік мөселелер де әр түрлі, демек оларды шешу жолдары да түрліше. Адам қартайған сайын, омірдің "кебі кетіп, азы қалғанын", "қойдың жасындай жасы қалғанын", "омірдін қамшының сабындай қысқа екендігін" түсініп, балаларының отбасынан болініп кеткені, туғын-туыстарының алыста, не болмаса азая бастағаны мазасыздандырады. Әсіресе қартайғанда жүбайлардың біреуініңжалғызқалуы, болашақтан қорқу, комектесетін адамның жоқтығы не тиісті комек ала алмауы қатты күйзелтеді. Кейбір қарттар өзін ешкімге керексіз, балаларға кедергі болғандай сезініп өз орнын жоғалтады.

Күш-қуатының азаюы, түр-сипатының озгеруі де кейбір қарттықты мойындағысы келмеген адамдарды қинайды, жанын күйзелтеді. Сондықтан әлеуметтік-педагогикалық комек беруде осылардың барлығын ескеру аса маңызды.

Қарттардың жай-күйін жақсартуға арналган іс-шаралар мемлекетімізде әр түрлі сипатта іске асырылуда, мысалы, пәтерақысын төлеуге комектесу, зейнетақыны кобейту қарастырылды. Жол ақысын толеу, жүмыс істеп жүрген зейнеткерлерге зейнетақысын толық төлеу, медициналық тегін емдеу секілді басқа да шаралар жүзеге асырылуда. Бүдан басқа Қазақстан Республикасында қарттар мен орта жастағы адамдарға арналган бірнеше мемлекетгік "қарттар үйі", кейінгі кезде жеке меншік "қарттар пансионаты" қызмет етуде.

Қарттар үйіне тек қараусыз қалгандар емес, бала-шағалы адамдар да қабылданады. Мүндағы қарттар балаларымен келісе алмагандықтан, түргын үйдіңтарлығынан балаларына "симай" қалған, қарайтьгн адамдардың болмауынан, не бар болса да жеткілікті карай алмағандықтан жайгасады. Ертеректе қазақ халқында ата-анасын сиғызбаған, не бага алмагандар кездеспейтін, мысалы, ата-анасы қартайғанда балаларымен бірге түрмаган жагдайда олар өздерінің ең түңгыш балаларын өке-шешесіне қолқанат болсын деп беретін еді. Қазір бүл дөстүр жоқтың қасы десе де болады.