Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2.1.Әлеуметтендірудің педагогикалық шарттары

Адам- жаратылыстың ең күрделі феномені, табиғаттың құрамдас бөлігі. Биологиялық «тірі жан» ретінде дүниеге келіп, жаратылыстың бөлінбейтін құрамы болғандықтан табиғаттың, қоғамның, қоршаған ортаның, тәрбиенің, оқытудың, ойынның, еңбектің ықпалымен әлеуметтік «жан иесі» -адамға айналады.

Адам туралы ілімге қосылған «әлеуметтену» деген ұғым саяси экономикадағы жерді, өндіріс құралдарын қоғамның меншігіне айналдыру дегеннен алынып, баланы немесе жеке тұлғаны қоғамда өмір сүруге бейімдеп, даярлау деген мағынаны білдіреді.

Бұл терминді адамға тиесілі ұғым ретінде америкалық, әлеуметтанушы Ф.Г. Гиддингс 1887 жылы «Теория социализации» деген еңбегінде қолдаған бұл ұғымды, алдымен философтар, жасушылар және мемуар жазатын әлеуметтік қоғамның әлеуметтік тұрмысын өз шығармасында баяндап келген қаламгерлер пайдаланған. Ал XIX ғ. соңына таман бұл мәселені әлеуметтанушылар және әлеуметтік психологтар, педагог ғалымдар зерттей бастаған еді. Олар өз еңбектерінде осы ұғымды келеңсіздікке ұшыраған адамды қайта тәрбиелеу мақсатында қолдана бастады.

XX ғасырдың ортасына қарай әлеуметтендіру мәселесін философтар, этнографтар, әлеуметтанушылар, психологтар, криминологтар т.б. зерттеді. Өткен ғасырдың 60- жылдарына дейін олардың зерттеу нысаны балалар, жеткіншектер, жасөспірімдер мен жастар болған. Ал қазіргі кезде әлеуметтану және әлеуметтік педагогика ғылымы ересек адамдарды, қарттар мен жастарды осы тұрғыда зерттейтін болды. Жастарға байланысты бұл мәселе мемлекетімізде әлі толық зерттеліп болған жоқ. Соған қарамастан әлеуметтенудің екі тұжырымы бар. Біріншісі, әлеуметтендіру үрдісіндегі адамның өз басының сағырттығ ( пассивность). «Ол субъект, объект ретінде қарастырылады» деген ойды француз ғалымы Талкот Парсонс айтқан. Мұндай қоғам –субъект ретінде, ал адам объект деп көрсетілген. Екіншісі, тұлғаның өзі әлеуметтену үрдісінің белсенді қатысушысы. Ол қоғамға бейімделіп өмір сүрумен бірге, өзі қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге белсене араласып, тұрмыс жағдайларын өзіне сәйкестендіріп алды. Мысалы, субъект-субъект түсінігі бойынша субъект: қоғам субъект адам ретінде қарастырылады деген пікірді америкалық ғалымдар Чарлз Кули және Дж. Герберт Мид белгілеген.

Жалпы айтқанда, адам қоғамның талаптарына жауап беретіндей болып қалыптасады, бейімделеді, қоғамдағы жағдайды меңгереді және өзі де соған лайықты болу үшін талаптанады, ондағы өзгерістерге белсенді араласады. Міне бұларды әлеуметтенудің негізі деуге болады.

Әлеуметтену үрдісі адамның дамып, қалыптасу кезеңдерінің барлығында жүзеге асады. Оларды шамамен атап өтсек: шарана – туған күннен бастап қырқынан шыққан кезге дейін; бөбек- бір жасқа толғанға дейін; сәби- бір жастан үш жасқа дейін; балдырған- үштен бес жасқа дейін; мектепке дейінгі кезең- бестен алты жеті жасқа дейін; кіші жастағы мектеп оқушы – алты-он жасқа дейін; жеткіншек-10,13,14,15,17,18 жас немесе жасөспірім кезеңі; жастық шақ - 18-23 тен 30 жасқа дейін; қазіргі кезде «жас» деген санатқа 40 жасқа дейінгі кезеңді де жатқызады. Оның өзіндік себептері бар. Бірақ психо-физиологиялық жақтан оларды ересек адамдар қатарына қосуға болады. Ал әлеуметтену 40 жасқа дейін созылады.Себебі осы жасқа дейінгілер көп жағдайда оиды,ғылым-білімді , техниканы меңгереді, тұрмысын реттейді(отбасы құрады, мамандық алады, жұмысқа орналасады т.б.) Әлеуметтенудің осы мәселелеріне байланысты 40-50 жастағы адамдарды ересек адамдар, қазақта қара сақал 40-55, ақ сақал немесе жасы ұлғайған адам 45-65, қартайған немесе жасамыс адам 65-80, одан соң қарт немесе 80 жастан асқандар.

Адамның әлеуметтенуіне көптеген факторлар ықпал етеді. Ол туралы кейінгі тарауларда айтылады. Ал бұл жерде әлеуметтендіру тетіктері мен құралдарына тоқталамыз. Әлеуметтендірудің әлеуметтік –педагогикалық тетіктері мыналар:

  • Әдеттегі дәстүрлі тетіктер- адамның отбасында, жақын ортасында жалпы жүріс-тұрыс ережелерін, қоғамдағы белгілі бір орныққан көзқарасын, әдет және әдеп нормаларын қалыптастыруда. Олар өмір бойы сақталып, қанға сіңіп қалған ұлттық түсініктер, қарым-қатынас ережелері болып табылады.

  • Әлеуметтік-институттық тетіктер –арнайы тәрбиелеу, оқыту үшін ұйымдастырылған мекемелерде және өндіріс, еңбек ұйымдарында, шеберханаларда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (баспасөз, радио, телекөрсету, кино, театр, клубтар, спорттық мекемелер т.б.) адамдарды қалыптастырып дамытады;

  • Белгілі бір стильдегі әлеуметтік тетіктер – белгілі бір ұйымдарда, субмәдениеттерде, шағын топтарда қалыптасқан ақыл-ой, көзқарас,жүріс-тұрыс;

  • Тұлғалар арасындағы байланыс тетіктері –ата –ана, бірге туған әпке,сіңлі, қарындас, аға, іні,туысқандар, жолдастар, ересек адамдар арасындағы қарым-қатынас пен байланыс;

Бұл тетіктердің барлығы әлеуметтендіру үрдісінде аса маңызды орын алады.Бірақ, әр түрлі жас кезеңінде бұлардың кейбіреулері үшқары болуы мүмкін.Ал бұлар адамның мінез-құлқының психологиялық типтеріне де қатысты, мысалы,меланхолик, флегматиктер үшін рефлексиялық тетіктер басты рөлге ие.

Жалпы алғанда әлеуметтендіру үрдісі мынадай төрт негізгі көрсеткіштерден тұрады. Олардың әр қайсысына жеке және қысқаша сипаттаулар беруге болады:

  1. стихиялы әлеуметтендіру (не болмаса әлеуметтену) – белгілі бір қоғамда өмір сүрген адамдардаң тұрмыс-тіршілік шарттары, істеген жұмысы мен кәсібі, атқаратын міндеттері, экономикалық-саяси ахуалы, қарым-қатынасы мен байланыстары және олардың тигізетін әсері;

  2. арнайы ұйымдастырылған және жеке адамға бағытталған тәлім-тәрбие, оқыту, жұмыс істеу, еңбек ету, мемлекет тарабынан түзілген мерзімді шарттар мен жағдайлар;

  3. жоспарлы түрде ұйымдастырылған,әрі бақылауға алынған қоғамдық, құқықтық, материалдық, мәдени шарттар және сол арқылы жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар;

  4. адамның өзін-өзі тәрбиелеу арқылы қалыптасуы, рухани байлығын қордаландырып, білім ауқымын кеңейтуі, өзін-өзі дамытуы, болашаққа ұмтылып, әлеуметке қарсы ортадан алыс болу үшін әрекеттенуі;

Мұндай стихиялы тетіктер адамға әрқашан ықпал етсе, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелеу үрдістері адам өмірінің белгілі бір кезеңінде, мысалы, мектептегі, жоғары оқу орындарында оқуы, кәсіби еңбектенуі кездерінде ғана әсер ететіні белгілі.

Әр бір тұлға, әсіресе балалық, жеткіншек және жасөспірім кездерінде әлеуметтендірудің нысаны болып саналады. Себебі, олар қоғамдағы атқаратын міндеттерін білетін, саяси, экономикалық мәселелерді шешуге қатысатын тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Осыған орай адамға қоғамдық талаптарды жеткізіп отыратындар немесе талап қоятындар: қоғам, ұжым, белгілі бір топтар, ұйымдар, мекемелер, отбасы және басқалар болып табылады.

Әлеуметтанушы философ Э. Дюргеймнің айтуынша, барлығының бастамасы қоғам болып саналады, ол адамды әлеуметтендірудің субъектісі ретінде, оған өзінің басты талабын қойып отырады. Адам қоғамда орныққан құндылықтарды меңгеріп, оның бөлібейтін құрамдас бөлігі ретінде қалыптасады.

«Адам-әлеуметтенудің белсенді субъектісі» деген ой-тұжырым жасаған америкалық Ч. Х. Томас және Дж. Г. Мид сынды әлеуметтанушылар пікіріне тоқталсақ. Ғалымдардың зерттеуі бойынша әлеуметтік көріністер мен үрдістер – адамның іс-әрекетінің жиынтығы және олардың өзара қарым-қатынасының, байланыстыратын жемісі. Демек, адам қоғамның объектісі ғана емес, онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар мен өзгерістерге қатысып араласқан субъектісі де болып есептеледі. Әрбір адам өмірінің әр кезеңінде әлеуметтік қоғамның әр алуан көріністеріне араласып өмір сүреді және өзі де соған сәйкес қалыптасады.

Адамды әлеуметтендірудің негізгі үш мақсаты бар. Олар мыналар:

  1. табиғи-мәдени мақсат. Ер жетіп, өсіп-өнуге, білім алып, тілді меңгеріп, жеке қабілеттерін пайдалана алуға, өзі өмір сүрген жердің, елдің түсінік ережелерін, нормаларын біліп, өмір жолын таңдап, өмір сүру нұғын (стилін) анықтау және соған сай болу.

  2. Әлеуметтік-мәдени мақсат. Қоршаған мәдени ортаны, әлемдік мәдениетті танып-білу, адамгершілік-құлықтық құндылықтардың мәнін түсіну. Жас ерекшелігіне қарай өмір сүрген ортаның, этнорегионалдық және ұлттық ерекшеліктерін меңгеру. Әр бір жасқа өз ерекшеліктеріне қарай тиісті қоғамдық талаптарды атқару міндеті қойылады: оқу, еңбек ету, әскери қызмет өтеу, тұрмыс құрып, отбасы болып бала тәрбиелеу, сайлауға қатысу, т.б. Мұндай қоғамдық талаптар мемлекет тарапынан қойылады, ал бір жағынан өмір сүру заңдылықтары да соған жетелейді. Сонымен қатар, халықтық тәжірибе мен әдет-ғұрып, салт-санаға байланысты да талаптар қойылады, мысалы, тұсау кесер, сырға салу, т.с.с.

  3. Әлеуметтік-психологиялық мақсат. Адамның сана-сезімі, алдыға қойған мақсаты, қызығушылығы мен мүддесін көздеуі, қабілеті мен дарыны әр жас кезеңінде әр түрлі шешіледі. Әлеуметтік-психолгиялық мақсат – осыларды реттеп және оның дамуына, қалыптасуына психологиялық көмектесу.

Адамның «мен» деген тұжырымы - өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі танып-білуіне, өз орнын табуға, өзін қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде сезінуіне бағытталған мақсат. Бұл мақсаттарды тәжірибеде жүзеге асыру –адам дамуының объективті қажеттілігі. Егер де осы мақсаттардың бірі жас кезеңінде шешілмей қалса, онда адамның әлеуметтену үрдісі толық іске аспаған деп саналады. Не болмаса меңгерілмеген, іске аспай қалған мақсат кейінгі кезеңінде сезіліп, кемшілігі, жетіспеушілігі қиыншылықтар мен тосқауылдар туындатады. Мысалы, өз уақытында оқып, білім ала алмай қалған бала құрбыларын қуып жету үшін қатты қиналады не болмаса күйзеледі, өз кезегінде меңгерілмей қалған тәжірибелер кейінгі даму кезеңінде кедергілер туындатады. Бұған тағы бсқа да көптеген мысалдар келтіруге болады.

Қысқасы, адам қаншалықты өз тағдырының белсенді субъектісі бола алса, соншалықты көп игіліктерге қол жеткізіп, алдына қойған мақсатын орындап, дәулетті, парасатты өмір сүреді. Керісінше «өмір деген осы екен, қайтемін», «басқа түскен баспақшыл» деп, не болмаса бойында бар қабілеттері мен мүмкіндіктерін пайдалану жолында еңбектенбесе, жалқаулық, салғырттық, немқұрайдылыққа салынса, әр жас кезеңінің өзіне тиесілі сәттерін өткізіп алса онда йадам көп нәрседен шеттеліп, әлеуметтенудің құрбаны, өмірдің сәтсіздігіне кезескен адамдар қатарына қосылады.

Демек, адам қоғамның объектісі, субъектісі ғана емес, оның «құрбаны» да блып қалуы мүмкін.

Адамның әлеуметтендіру үрдісінің «құрбандығы» болуы.

Әлеуметтендірудің нәтижелігі бір жақтан қоғамдық қарым-қатынастармен адамның байланыс орнатып, оның талабына жылдам сәйкестеніп өмір сүруі, екінші бір жақтан оның талаптарын қабыл алмай қарсы келетін іс әрекетімен анықталады.өз дәуірінің өмір сүру шарттарына, саяси-экономикалық ахуалына толығымен бейімделіп, наразылық білдірмеген адам «конформист» деп аталады. Ал керісінше осыларға қарсы келген адамды «дисседент» дейді. Құқық бұзғандар, әлеуметтену үрдісін баснан кешкен, не оны баснан өткізіп жатқандар қоғамның объектісі, субъектісі және «құрбандығы» болып есептеледі.

Қоғам қаншалықты дамыған болса да әлеуметтену үрдісінің осы екі түрін бірдей талаптармен (критерия) қарастырып іс-шараларды да соған сәкес жүзеге асырады. Демократиялық қоғамда негізгі мақсаттан тысқары көріністер болса, тоталитарлық қоғамда әдейлеп құрбан болғандар көп болады. Кейде шығармашылық, өнерпаз, дарынды адамдар да өзі өмір сүрген дәуірдің құүрбандығына айналады. Бұның себептерін төменде жан-жақты қарастырамыз. Солардың кейбіреулерн атауға да болады, мысалы кейбір адамдардың дарындыларға қастандығы, не болмаса оның шығармаларының қоғамдық құрылым мен саясатқа, идеологияға қайшы келуі, т.с.с айтуға болады.

Әр бір адамның әлеметтену үрдісінің қиындығы әр түрлі, және олар әр түрлі сипатта өтеді. Сондықтан әлеуметтік қолайсыз шарттарда, құрбандыққа ұшыраған не болмаса соған ұшырау алдында тұрған топтардың осындай жағдайға ұшырау себептерінің сиапты ұқсас деуге де болады. Ол жас ерекшеліктеріне де байланысты болуы мүмкін. Академик А. В. Мудрик адамдардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай төмендегідей бірқатар «құрбандыққа» шалыну не душар болу себептерін көрсетеді:

  1. Бала дүниеге келмей тұрып анасының құсағында жатқан «шарана» кездегі себептер.Олар ата-анасының десулығы нашар, ауруға шалдыққан немесе тұқым қуалайтын аурулардың болуы.Бұлардан басқа масайту ішімдігіне әуестігі, шылым шегуі, жаман жүрісі, анасының дұрыс тамақтанбауы, экологиялық ортның денсаулыққа зияны, әр түрлі қарым-қатынасттардың психикасына әсері, медициналық қамсыздандырудың жеткіліксіздігі, дүниеге келуі «кездейсоқ» (ата –анасы қаламаған) бала т.б.

  2. Мектеп жасына дейінгі жас (0-6 жас): созылмалы не емделмейтін ауруға душар болған, денесіне не психикасына зақым келген мүгедек, ата-анасының тәртіпке қайшы жүріс-тұрысы, қараусыз қалған, кедейлікке ұшыраған отбасында туған, ересек адамдардан жәбір,зролық-зомбылық көру, әлеуметтік ахуалдары нашарлау, тәртіпсіздік, жағыссырау т.б.

  3. Кіші мектеп жасындағы (6-10 жас):маскүнемдікке салынған, ата-анадан өгейлік көрген, кедейлік, жағымсыз жүріс-тұрыс, асыранды бал, былапыт сөздер естіген, тілі дамымай қалған, оқуға даяр емес, мұғалімдердің педагогикалық сауатсыздығы, не болмаса жалпы қарым-қатынс «надандығы», оқу үлгерімі төмен, оқушылар мен құрбыларының теріс ықпалында болуы»темекі шегу, масайту, ішімдікке тарту, ұрлыққа үйрету т.с.с), жетімдік, ұрып-соғу мен ұрйсқақтық, жәбір көрген, ар-намысына тиген бала т.с.с

  4. Жеткіншек кезеңінде (11-14 жас): ата анасының маскүнемдігі, бір бірімен ұрысып төбелесуі, жалған айтуы, кедейшілік пен жетіспеушілік, асыранды болуымен қарым-қатынастың педагогикалық ережелерге сәйкес келмеуі. Мүгедектікке душар болуы, масайту ішімдігіне әуестенуі, қылмысты істерге баруы, жүріс-тұрысы нашар балаларға қосылып кетуі, жәбірлеу кемсіту,құрбыларының оқшаулап тастауы, психикасының ауытқуы, ақыл- есі дамцының кемшілігі, не артта қалуы, ата-анасының ажырасуының теріс ықпалы, мектепті бірнеше рет алмастыруы көшпенді өмір сүруі т.б.

  5. Жасөспірім немесе бойжеткен мен бозбала (15-17 жас) кезеңінде: әлеуметтік ахуалы нашар отбасы, ата-анасының жүріс-тұрысының нашарлығы, нашақорлық, қылмысты топтарға қосылып кету кездейсоқ мүгедек болып қалуы, болашақта үміт күтпеуі немемсе сенімінің жоқтығы, мақсатсыздық, не болмаса мақсатқа ұмтылмауы, жалғыз жарым өмір сүруі, кемтарлық, зорлық зомбылыққа ұшырауы, жасына жетпей жүкті болып қалуы, қорқақтық дертіне (фабия) шалдығуы, тұрмыста қиыншылықтардың көп кездесу жолы болмай, ісі оңбай қалғандар, қарама-қайшылықтарға ұшырау, тұрмысқа, адамдарға, өзіне наразылығы, өз алдына ешқашан, еш нәрсе шеше алмайтын жалтақ, жасық немесе ынжық, бағынышты, тартыншақ, шошынып не ұшынып қалған, эмоциясы немесе сезімталдығының нашарлығы, қарым-қатынасының бұзылуы немесе ешкіммен келісе алмайтын қиқар, бір беткей, қырсық, теріс мінез сенімсіздік, т.б.

  6. Жастық шағында (18-23 жас): нашақорлық пен маскүнемдік жұмыссыздық, кедейлік, оңбай қателесу көңілі қалып жігері құм болуы, әскери міндетін өтеуде зардап шегу, алғашқы махаббаттан сағы сынған, жалғыздықтың азабын тартуы, жоғары оқу орындарынан білім алуға мүмкіндігінің болмай қалуы, жоспарының іске аспай қалуы, мақсатына жетпей немесе орындалмай қалуы, т.б.

Тумасныан мүгедектер, жетімдер мен мемлекеттің қарауында қалғандар, үнемі көшіп-қонып мекенін ауысытыра беретіндер, экономикасы білім, мәдениет төмен деңгейдегі отбасылар мен аралас отбасының балалары (метистер), аз санды ұлт өкілдері- әлеуметтік қолайсыз шарттардың анық құрбандығы болып саналады.

Адамдар арасындағы әлеуметтік құрбандықты азайту және жеңілдету үшін арнайы ұйымдастырылған мемлекет тарапынан бақылауға алынған тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттен адам тұлғасына бағытталған ізгілікті педагогиканың ықпалын дұрыс пайдалану болып саналады. Құрбандықтың адамға тигізетін әсерін жақсарту және азайту мақсатында ғылыми зертткеу жұмыстары жүргізіледі. Кейбір әлеуметтік қателіктерді түзету қиын не болмаса іске асуына кедергілер болатын, Мысалы, әлеуметтік жетімдікті ата-анасын нандыру арқылы түзеуге мүмкіндік бар, ал табиғи жетімдікті түзету мүмкін емес. Кейбір адамның өзі қолдан жасаған күйзелістер мен әлеуметтік қаеліктерді мысалы, маскүнемдікті, нашақорлықөты реттеу арқылы құрбандықты жойып, қосуға болады.

Әлеуметтік-педагогикалық виктимология туралы түсінік.Әлеуметтік-педагогикалық виктимология (латынның «құрбандық» және гректің «оқу, түсінік, сөз, ілім» дегенінен алынған) әлеуметтік педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде адамдардың жағымсыз қылықтары мен құлқынан, не басқалардың кесірінен құрбандыққа душар болған себеп-салдарын және оны ретеу жолдарын зерттейтін ілім саласы.

Нақтылап айтқанда, виктимология –дене құрылысы не болмаса психикасы және адам үшін мәні бар құбылыстарын, қоғамның теріс ықпал ететін көріністерін зерттеп, танып білу арқылы әр бір адамға бағытталған көмек әр түрлі келеңсіздіктердің алдын алу, үзету немесе сондай шарттарды қысқарту не жою, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың осы бағыттың тың, әрі пайдалы әдістермен байытуды көздейді.

Әлеуметтік –педагогикалық викимология мынадай бір қатар мәнді мәселелерді шешуге бағытталған:

  • әр жас кезеңіндегі дене кемістігі бар, психикасы күйзелген, әлеуметтік күрделі ахуалдарға душар болған адамдардың қоғамға бейімделуін, қайта тәрбиеленуін, не даму шарттарын зерттеп оларға жәрдем беру мақсатын жүзеге асыруды көздейді;

  • қоғамның теріс ықпал ететін тұстарын зерттеп, танып білу арқылы оларды жою, азайту не болдырмау, оларды реттеу, қалыбына келтіру мүмкіндіктерін қарастыру оның жолдарын, әдіс-тәсілдерін және жұмыс түрлерін анықтайды;

  • құрбандыққа бейімді не соны жылдам қабылдап алатын сезімтал адамдардың типтерін, психикасын зерделеп, кімге қандай және қайтіп көмектесуге болатынын жолдарын іздеп тауып, ақыл кеңестер мен педагогикалық психолгиялық нұсқаулар береді.

  • Адам өзінің құрбандыққа шалынғанын қаншалықты дәрежеде сезінерін зерттеп, оларды болдврмай алдын алушараларын белгілеп, болашақта кедергілерге кездеспей, адам дамуына әлеуметтік-педагогикалық көмек беру;

  • Алдын алудың немесе профилактикалық жұмыстардың жалпы және арнпайы принциптерін нақтылап, жұмыс мазмұны, мақсаты, міндеттері мен әдіс тәсілдерін қайта қарастыру, оның жаңа жолдарын іздестіруді мақсат тұтады. Бұл мақсатты практикада іске асыру әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерге жүктеледі.

Осындай құрбандыққа душар болғандарға белгілі бір кәсіп иесі болуына жағдай жасау,оларға жұмыс орындарын әзірлеу және жұмысқа орналастыру, жұмысшы қауымды, оның ішінде осындай ерекше жағдайдағы адамдарға байланысты заңдар мен тұжырымдамаларды түзеуге белсенді араласу, адамның құқығы өмірін қамдандыратын, зейнеақы мен жәрдемақыны өз уақытында және дұрыс алуын қадағалау, жетім –жесірлетге мемлекет тарабынан берілетін көмектің иесіне жетуін қамтамасыз етуде әлеуметтендірудің басты факторларының бірі болып табылады.

Басқа мемлекттен жұмыс іздеп, нәпақа табу үшін көшіп, не қашып келгендер қазіргі кезде Қазақстанда көптеп кездеседі. Олардың әлеуметтік құрбандық ахуалына душар болуы-белгілі бір мекенге тұрақтауына, киім, тамақ секілді керекті нәрселер мен қамсыздануына жұмысқа орналасуына, тұрғын үйге ие болуына, төзімділігіне, жаңа орынға бейімделуіне байланысты. Осындай жағдайларға байланысты өмір сүруіне жағдай жасалса, әлеуметтік құрбандықта азаяды.

Бүкіл әлемдегі ахуалдарды айтпай ақ, өз отанымыздың тарихына көз салсақ, виктимікке ұшыраған ұлттар мен топтарды, елдер мен отбасыларды және жеке адамдарды, ұрпағына дейін викьтимдікке душар болғандарды табуға болады.Олардың басты себептері-азаматтық соғыс, ашаршылық, жаппай ұжымдастыру, саяси қуғын сүргін жылдары, бір елден екінші бір елге көшірілген басқа ұлттар, (мысалы, немістер, қырым татарлары) екінші дүние жүзілік соғысы, Ауған соғысы, атом жарыфлыстарын сынақтан өткізу, Арал мен Семей мәселелерімен бірге т.б. тосын ахуалдардан кездейсоқ мүгедек болып қалғандарда, не ауруға шалдыққандарды және т.б. айтуға болады.

Өткен XX-ғасырдың 40-жылдарынан бастап психология ғылымында қоғамды, ұлт өміріндегі қиыншылықтан виктимді ахуалға душар болғандарды зерттеуді қолға алынған.

Виктимология іліміне байланысты «виктимогенділік», «виктимдеу», «виктимділік» деген ұғымдар бар, олардың сипаттамалары мынадай:

Виктимогенділік дегеніміз әр түрлі объективті әлеуметтендіру кезінде адамды құрбандыққа шалынуға алып келу, қорқынышының болуы. Оған топтар, жеке адамдар не болмаса белгілі бір ахуалдар себеп бола алады. Мысалы, қылмыс істеген жасөспірімді қатарға қосу мақсатында калонияға жібереді. Онда ол кейбір себептермен одан әрі бұзылып шығцы мүмкін.

Виктимдеу –жек адамның не топтың әр түрлі қолайсыз ахуалдардың құрбаны болу үрдісі және соның жиынтық нәтижесі, мысалы, Семей полигоны, Арал мәселесі салдарынан мүгедек сәбилердің дүниеге келуі және өзге де жағдайлар.

Виктимділік дегеніміз-адаимның құрбан болуына дайын тұруы немесе оған шалдығуға жақындығы.

Құрбанық болу мүмкіндіктері мен соған шалджығуға ықпал ететін әр түрлі ахуалдардың себептері сан алуан және көп қырлы.Осындай адамдармен жұмыс жүргізу -әлеуметтік –педагогикалық қызметтің бір саласы.

Адамдардың денсаулығына зиян келтіретін экологиялық,табиғи-клиаматтық, мысалы, радиация, газдалу, түтін, улы заттар, ауаның ластануы, кір қоқыстар, қоршаған ортаның жағымсыхз дыбыстары, айғай шудың көптігі мен адамдардың тығыз орналасуы секілді т.б. өмір сүру шарттарының бұзылуы-адамның дене тазалығы мен психикасының саулығына кері ықпал ететін құрбан болуға алып келетін ахуалдар. Қоғамдық саяси ахуал мен мемлекттік құрылымы да виктиді ахуалдар туғызатын ұрымтал факторлардың бірі, мысалы, экономикалық даму деңгейлері мен саяси әлеуметтік ахуалда адамдарға тікелей ықпал етеді.Сондықтан, халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік сақтандыру шаралары мемлекттік деңгейде жүзеге асуы тиіс.Екінші дүние жүзілік соғысының адамзатқа алып келген ауырпалығының салдарынан кейінгі ұрпақтың ахуалы, одан соң, табиғи зардаптар күтілмеген тосын жағдайлардың әсері де жалғаса келіп «жарақат алғаннан кеәінгі синдром» деген ұғым қалыптасқан. Қаншалықты ұзақ уақыт өтсе де ондағы оқиғалар ұмытылмай, адамдар қайта қайта соларды еске алып жалғасы кейінгі ұрпаққа да жетіп оларды да тллқытып, көңіл –күйі мен сезімдерін қозғайды. Бұл синдромды жеңілдету мемлекет және үкіме саясатының қолға алғна шараларынабайланысты.

Бұрынғы Кеңес Одағының қойнынан шыққан қазіргі ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан болып жатқан қайта құру, экономикалық даму мен әлеуметтік жаңғыру дабелгілі бір дәреже де жеке адамдар мен белгілі бір топар, әлеумнттік қатпарлар арасында виктимді ахуалодарды туындатты.Мысалы, «болашағы жоқ» елді мекендер мен ауылдардан халықты ірі және шағын қалаларға үдере көшуі, онда орналаса алмай қиыншылықтарға душар болуы, қираған ауылдардан көшуге мұршасы келмей қалып қойған қарттар мент ахуалы нашар отбасылар, ондағы жеклеген адамдар және т.б. айтуға блады. Осыларды реттеуде мемлекеттің әлеуметтк қорғау саясатына байланысты. Осыған орай мына ұсыныстарды айтуға болады.

  1. қираған қалаларды, ауылдар мен елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық қажетіне қарай қалыбына келтіру, адамдарға өмір сүру үшін жағдай жасау, материалдық көмек беру, қолдау көрсету және құқығын қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.

  2. Қиын жағдайларға ұшыраған адамдарды психолгиялық, медициналық, әлеуметтік жақтан қамсыздандыру, қатарға қосу, қалыбына келтіру және түзету жұмытарын ұйымдастыру.

Виктимогенді факторладың тағы бір аса ұрымтал түрі-мемлекеттің саяси, экокмикалық, идеологиялық жақтан өзгеріп, басқа бағытқа көшуі және қайта құрылуы. Мұндай жағдайда жекелеген адамдар емес, бүкіл халық виктимді ахуалға ұшырайды , мысалы, КСРО-ның күйреуі себепті, оның құрбандығы бүкіл одақтас республикалар болды да, оның салдары барлық ТМД елдеріне қанат жайды. Халықытың ересек бөлігі бұрынғы бағыт-бағдарын жоғалтып, жаңаны қабылдай алмай , ой-пікір және құндылықты бағалаудағдарысына ұшыраса, өсіп келе жатқан жас буындар бұрынғы құндылықтарды бағаламай, жаңаша жүріс –тұрыс сипатына ұмтылып, жақсы мен жаманды ажырата алмай, шеттен келген материалдық, әсіресе рухани құралдардың шырмауына түсті. Әлеуметтік жеке қоғамдық өзгерістер халықты бөліп, тұрмыстық ахуал бұзылып, миграция үрдісі белең алды, жұмыссыздық, кәсібін алмастыру, бай мен кедей қатпарларының пайда болуы және олардың материалдық ахуалдароының барған сайын алшақтауы, байлардың одан әрі баюы, ал кедейлердің кедейлене түсуі де виктимді жағдайды ушықтыра түсті. Мұндай жағдайдан халықты шығару, тұрмыстық ахуалдарын жақсартьу жолдарын қарастыру-мемлекттің гумандылық саясатына байланысты.

Мемлекет басшылары, үкімет секілді жоғары басқару орындарының айтқандарының барлығы орындалмаса, виктимділік фактоына айналады. Бұлардан басқа субъективті себептер де бар. Олар адамның өзінің жеке дара даму деңгейіне байланысты.

Дара виктимдеу адамның жеке психикалық ерекшеліктеріне, мысалы темпераменті, мінезі мен туа біткен мүмкіндіктеріне, ырықтылық эмоциясының дамуына байланысты болады. Тұлғаны виктимдеу оның өзін-өзі бақылай алуы, құндылық бағдары, өмірлік мұраттары және жүріс-тұрыстарын реттеп бағалауына қарай іске асады. Егер де жеке адам тұрмыста кездесетін теріс көріністерге берілмей, қиыншылықтарға табандылық танытып, жеңе алса, оған төзімділік пен тойтарыс бере алса, әр түрлі қиындықтардан шығудың дұрыс жолын тапса, онда ол виктимділікке қарсы тұрып, оны құрбандығы болмайды.

Кейбір виктимділікке душар болған адамдар бардлығын «біреуден», яғни, сыртқы қоршаған ортадан, басқа адамдардан, кезхдейсоқ жағдайлардан көретіндіктен, оларға ерекше көңіл бөлініп, басқаша жұмыс түрлері мен әдістерін таңдап алуын талап етедір.

Ал кейбір адамдар өзінің виктимділікке душар болғаныны мойындамайды.Осыған орай психолгтар адамдардың үш типтегі сипатын келтіреді:біріншісі, кейбір жетімдер мен мүгедектер өздерін әлеуметтік құрбандық қатары сезініп, соған сай жүріс-тұрыс сипатын анықтап алады,; екіншісі кейбір адамдар өздерін әлеуметтік құрбандыққа кез болғандар қатарына қосқысы келмейді, олар көбінесе жүріс-тұрмыс нормасын бұзған, тәрбиесі нашар, жаман жолға түсіп теріс әрекеттерге барған девианттар; Үшіншісі келеңсіздікке душар болған, себептерін басқалардан көріп, оларды кінәлап, басқалардан жәрдем күтетіндер.

Келтірілген көріністер қоғамдық, тұрмыстық ахуалдарды жеке адамның ғана субъективті қабылдауы емес, жас ерекшеліктері, жеке психикалық өзгешелігі мен жақын араласқан дос-жаран, құрбы-құрдастарымен де болып жатқан жағдайларды қабылдауы болып табылады. Өйткені жас балалар дене кемістігін дереу сезіне алмады,бірақ өсе келе қолайсыздықты жан-жақты түсінгендіктен қайғыға батады.Кейбір кезде ойлаған имақсатына қолы жетпей қалған адамдар, әсіресе жеткіншектер мен жасөспірімдер өзін өмірге сай емес, жарамсыз бақытсыз деп сезініп, дүниенің құрбандығы болатын жағдайларға итермелейді.

Қазіргі кезде (коррекция) педагогикасы дейтін ұғым мен таралып, осыған орай түзету, жәрдемделесіп көмек беру іс-шаралары кең қолданыла бастады. Жоғары оқу орындарында «түзету педагогикасы» деген ғылым саласы оқытылуда. Оның иақсаты адамдарды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өмір сүруге үйрету, ақыл-есі кем, дамуы артта қалған, көмекке мұқтаж немесе тәртіпсіз адамдарды қайтадан тәрбиелеу, оқыту, іс-қимылын реттеу болып саналады. Көбінесе туа біткен мүгедек, мысалы, соқыр, мылқау, ақыл-есі кем адамдар мен балалардың өміріне қолғабыс жасап, арнайы мекемелерге орналастырып, жұмыспен қамтамсыз ету арқылы көмектесу керек.

Тузету педагогикасның мақсаты және мазмұны құрбандыққа душар болған қиын жағдайдың сипаты мен дәрежесіне қарай анықталып, белгіленеді. Эконмикалық дамуы алдынғы қатарлы мемлекеттерде, мысалы, АҚШ-та осыған орай арнайы заң қабылданып, экономикалқы, пситхорлгиялық педагогогикалық күйзеліске ұшырағандарға көмектесу, қолдау көрсету іс-шаралары қарастырылған. Оларға мүгедектер арбасын беру, көлікке мініп түсуіне, биік үйлерге шығып түсуі мен қоғамдық орындарға кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау қарастырылған. Бұған біздің елімізде мемлекет тарапынан көңіл бөліне бастады.

Жалпы алғанда, қандай қоғам болсада оның құрылымы, саяси ахуалына қарамастан әрқашан әлеуметтік құрбандықтар кездеседі. Олардың қал жағдайын, тұрмыс шарттарын себептері мен мысалдарын зерттеп, көмектесу құралдарын жасау, жолдарын қараструға байланысты ғылым саласы енді ғана дамып қалыптсып келеді. Ал әлеуметтік педагогика ғылым ретінде осы саланы біртіндеп меңгеріп, халықтың осындай бөліміне көмектесуді қарастыратын, әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды ғылыми тұрғыда ұйыдастыратын сала болмақ.