Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

4.3. Қазакстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қоргау жүмыстары

Еліміз егемендік алған соң ең алдымен халықты әлеуметтік қорғаудың қүқықтық, заңнамалық негізін қайта қарау қажеттілігі туындады. Осыган орай ең алдымен 1991 жылы "Халықты жүмыспен қамсыздандыру" және "Семей полигоны зардабынан зиян шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау"(1992 ж) туралы заң, осы жылы тағы да "Арал өңіріндегі экология зардабынан зиян шеккендерді әлеуметтік қорғау" заңы қабылданды.

Бүлардан басқа 1992 жылы "Көп бал алы отбасын әлеуметгік қоргау шаралары" туралы Қазақстан Республикасы Орезидентінің бүйрығы жарыққа шығып, сол негізде халықты еңбекпен қаматамасыз етудің Мемлекеттік қоры (1991ж), зейнетақы қоры (1991 ж), мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау қоры қүрылды.

Ең алгаш қабылданган "Халықты еңбекпен қамтамасыз ету" заңы негізінде жүмыссыз қалган адамдарга багытталган көмек беруде оның бүрынгы еңбек өтемі, оның еңбекақысына қарап отырғандар саны, жүмыс істеу мерзімінің үзақтылығы не қысқалығы ескерілді. Мүнда штат қысқаруына және жүмыс орнының жабылуына байланысты жүмыссыз қалғандарға ерекше мән берілді.

Одан соң 1993-1995 жж. халықты әлеуметтік қорғаудың түжырымдамасын жасау жүмыстары жалғасып жатты. Соның ішінде "Әлеуметтік қорғау туралы" заң (1996 ж.) да бар болатын. Ол бойынша Қазақстан үкіметі азаматтарына мынадай кепілдіктер берілді:

  • зейнетақымен қамтамасыз ету;

  • уақтылы еңбекке жарамсыздығына байланысты, аяғы ауыр болуына байланысты босатылуы;

  • денсаулыгын қалыбына келтіруіне байланысты;

  • жүмыссыз қалган кезде әлеуметтік қорғау;

  • міндетті медициналық сақтандыру;

  • бала тууына байланысты жөрдемақы;

  • қайтыс болуына байланысты жәрдемақы;

Зейнетақыга байланысты мынадай бес түрі белгіленді:

  • жасына карай;

  • мүгедектігіне байланысты;

  • багушысынан айрылған жағдайда;

  • жүмысына байланысты;

  • әлеуметтік зейнетақы.

2001 жылы "Мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек"туралы заң қабылданды. Бүлай болуының себебі ақшалайкөмекті қажет етушіге тікелей жеткізілуін көздеу мақсатында болатын. Бүл жеке адамдармен қатар, топтарға да бағьпталған еді. Көмек төрт түрлі болды:

  • түрғын үймен көмек;

  • кедейлікке үшырагандарга ақшалай көмек;

— 4 не одан көп баласы бар, жүмыс істемейтін аналарға 7 жылға дейін көмек;

— мүгедек баласы бар отбасына көмек.

Халықты әлеуметтік қорғау мақсат^інда 2005 жылдың 1-қаңтарынан бастап мынадай сақтандыру түрлері ендірілді:

  • еңбекке жарамдьшыгын жоғалтса;

  • бағушысынан айрылса;

  • жүмыссыз қалса.

Халықты еңбекпен қамтамасыз етуге байланысты 2001 ж. "Халықты еңбекпен қамтамасыз ету туралы заң", "Халықты жүмыссыздықтан қоргау туралы заң" жарияланды. Онда Қазақстан азамтаттарын еңбекпен қамтамасыз ету, еліміздің қажетіне қарай кадрлар даярлау секілді мәселелер де орын алган.

Гендерлік тендікті сақтау, өйелдердің еңбек жағдайын жақсарту, олардың қүқығын қорғау, демоірафиялық ахуалды жақсарту мақсатында арнайы нормалар мен талаптар әзірленуде. Бүлармен қатар жастар мүддесін қорғау, халықтьщ әлеуметтік нашар бөлігін қорғау да мемлекет тарапынан қарастырылуда.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау жүмыстары ҚР Консти-туциясы негізінде жүзеге асуда Осьіған орай мемлекет тарапынан 1991 ж. ҚР "Мүгедектерді әлеуметгік қорғау" заңы, 1997 ж. "Жасынан багушысынан айрылғандарга, мүгедектерге арнайы мемлекепік ақшалай көмек" туралы, 2002 ж. "Дене қимылы шектеулі балаларга әлеуметгік және медицина педагопік түзету көмегі", 2001 жылы "Мүтедектерді қатарга қосудың 2002-2005 жылғы арналған бағдарламасы" қабыдданды.

Бүл заңдар дене мүмкіндігі шектеулі балаларды өлеумет-тік, медицина-педагогтік қолдаудың формалары, әдістері мен

тәсілдерін белгілейді. Онда осындай балаларды анықтау, тіркеуге алу, оқыту, торбиелеуге, бағып-қагуға, қызмет корсе-туге арналған кешенді мемлекеттік жүйе жасау қарастырыл-ған. Мүнда, қатарға қосу орталығы, түзету бөлімі (кабинет), еңбекке, кәсіпке даярлау, балаларды дене және ақыл-ой ауытқуларынан сақтандыру көзделген.

Қазіргі кездегі өлеуметтік сфераны реттейтін заң өлеумелж қажеттілік бойынша іске

асады. Солардың шинде "Мемлекеттік сақтандыру міндеггі туралы" заң, Тікелеи

пайымдауынша бүрынғы заң еркіндік пен қүқықты шектейтін көрінеді. Мысалы, білім алуы, кедергісіз қозғалыстарына сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасында қараусыз және жетім қалған балалардың әлеуметтік мәселесін шешу мақсатында 2000 жылы "Отбасы типіндегі балалар ауылы және жастар үйі туралы" заңы қабылданды- Ол бойынша балалар үйін отбасы типіндегі балалар ауылына және жастар үйіне айналдыру көзделген. Заңца олардың мынадай міндеттері белгіленген:

  • тәрбиеленушілердің психикасы, қүлықтық рухани дамуына, бағып-қағып тәрбиелеуге, жалпы және кәсіптік білім алуьгна шарт түзу;

  • тәрбиеленушілерді медицина-психологиялық қатарға қосу және өлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;

  • тәрбиеленушілерге еңбек ету дағдыларын сіңіру, заман талабына сай кәсіптік білім беру;

  • тәрбиеленушілерге болашақ кәсібін таңдауға және жүмысқа түруына көмектесу;

Қоғамның және мемлекеттің игі істеріне сай отанымызда болып жатқан әлеуметтік- экономикалық жетістіктер халықты әлеуметтік қамсыздандыруға мүмкіндік берді. Сөйтіп әлеуметтік қорғаудың заңнамалық негізі қаланып, соған байланысты зейнетақы, білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша реформалар жүргізілді. Оның негізгі мақсаты халықтың түрмысын жақсарту болды. Мүнда алдымен халықтың осы реформалар "қатты тиетін" белігін, мысалы, жүмыссыздар, балалар мен қарттарды кедейліктен сақтау көзделді. Сөйтіп 1994 жылы бүрынғы әлеуметтік қорғау жүйесінен бас тартып, тікелей көмек беру жүйесін қүру қолға алынды. Онда қартайған шақта әлеуметтік қорғау, қаражаты жеткіліксіз азаматтарды әлеуметтік қорғау, көп балалы отбасын элеуметтік қорғау т.б. қарастырылды:

  • жасынақарай (азаматтарбелігі);

  • мүгедектігі бойынша;

  • бағушысьш жоғалтқандар;

~ қарулы күштерде қызмет еткендер.

Қазақстанда әлеуметгік мекемелер жүйесі өте күрделі және олардың қызметі де өр түрлі. Олардан мыналарды атауға болады:

  • қарттар мен мүгедектерге қызмст ететін түрақты мекемелер;

  • еңбекке жарамсыз азаматтар мен қарттарға әлеуметтік қызмет ететін түрақты емес (нестационарные) мекемелер;

  • ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар.

Кестсде көрсетілгендей кейінгі жылдары балалар үйі, интернат үйлері, қарттар мен мүгедектерге арналған басқа да әлеуметтік мекемелердің сан жағынан айтарлықтай өскенін көреміз.

Адайда реформалау кезеңінде, өлеуметтік мекемелерде балалардың қараусыз қалмауы, жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге арналған көптеген ж^аңа жүмыс түрлері пайда болды. Осындай жаңа мекемелердің және жүмыс түрлерінің пайда болуына, әрине, әлеуметтік ахуалдың ушыға түсуі де себеп болды. Мүндай мекемелерді қаржыландырудьің қысқаруы, олардың материалдьис, жағдайын нашарлатты.

11-кесте. Казақстан Республикасындағы әлеуметтік мекемелер

олеуметгік көмек туралы" заң, "Зейнетақымен қамсьіздандыру" заңы, ҚР "Мүгедектерді олеуметтік қорғау туралы" заң, "Мүгедектік және багушысынан айрылғандар мен жасына байланысты әлеуметтік көмек беру" заңдары қолданылады.

"Қазақстан іскер әйелдерінің қауымдастығы" кәсіпкер өйелдер мәселесіне байланысты мынадай бес бағытта жүмыс істейді: "Әйел және жүмыс бастылық", "Әйел жөне іскерлік", "Әйел жөне денсаулық", " Әйел және саясат", "Гендерлік даму" багдарламасы. Парламентте қазіргі кезде (2005-2006 ж.) 113 депутаттың 13-і ғана өйелдер екені белгілі. Түрғындар арасында "Қарлығаш", "Әйелдер темекі шегуге қарсы" әйелдердің ерікті қоғамдық қозғалысы пайда болды.

Әйеццер мөселесіне арналган "Қызыл алма" ақпараптық қызмег жобасы жынысгық жүкдалы аурулар, ВИЧ/СПИД-тен сақтану, жүкітіліктен сақтану жолдары туралы мәліметтер таратады. Әйелдер арасында ынталандыру іс-шаралары "Ажар" жобасы бойынша әр түрлі конкурстар үйымдастыруды қолға алған.

Қазақстанда қазіргі кезде ВИЧ/СПИД ауруларының таралуы және оның алдын алу, емдеуге байланысты Халықаралық ЮНЭЙД/ВОЗ стандартын ендіру қолға алынған. Бүрын бүл эпидемияны жүқтырған адам өзі келмейінше ол туралы ешкім білмейтін, ал олардың арасыңда емделуге бармайтын, не ауруын мойындамайтындарды ешкім де анықтай алмайтын. Ал жйңа стандарт бойынша бүған басқа қырынан келу жолдары қарастыралған.

Бүньщ басты көздеген мәселесі: осы эпидемияның таралуы жайлы нақты мәлімет жинау; белгілі бір аумақты мекеңдеген бейресми, осы ауруға төуелді топтарды бақылауға алу; бәңгі заттарын пайдаланатын топтар мен жеке адамдарды зерттеу; гомосексаулдар мен жезөкшелер, абақтыда огыргандар, ауыраяқ әйлдер мен қангыбастар, кедейшілікке душар болтан адамдар, жеткіншек балалар мен жастар. Осыған орай Қазақстанда арнайы лаборатория жүмыс істеуде.

Егемен ел болғаннан кейінгі кезде қолға алынған үлкен өлеуметтік жүмыстың бірі — ашаршылық, қуғын-сүргін жьиідарында әр түрлі себептермен Қазақстаннан шет елдер көшіп кеткен, қашып кеткен, мәжбүрлеп көшірген, қуғынға үшыраған соң амалсыздан, жан сақтау үшін кеткен, Қазақстаннан басқа ртаны жоқ қазақтарды елге қайтару іс-әрекеті жүруде. 1992 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған осы шараның нәтижесінде кейбір өлеуметтік мәселелер туындады: көшіп келушілерді баспана, жүмыспен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, оқыту, олар ұшін жаңа жағдайға бейімдеу, мысалы, тілдік ортаға бейімдеу (мекемелердегі шенеуніктердің қазақша сөйлемеуі себепті), жергілікті халық түрмыс-салтына көну, кириллица жазуын үйрету, т.б.

Осыған орай 1998 жылы Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қон туралы" заң қабылданды. Онда коші-қонға байланысты кейбір үғымдар нақтылануы әлеуметтік-педагогикалық жүмысқа септігін тигізері анык. Мысалы, оларды бейімдеу, қатарға қосу, қылмыстық істерге баруына жол бермеу; мектеп және басқа да оқу орындарында оқуын қадағалау, денсаулығын т.б. жүмыстары жүргізіледі. Солардың кейбіреулеріне тоқталамыз. Көшіп-қонушыларға байланысты босқындар ~ Қазақстан Республикасының азаматы емес, бірақ қуғындалуы себепті шет мемлекетте (Қазақстанда) жүрген адам, не адамдар; босқын-реп^триан^тар — кезінде әр түрлі себептермрн Қазақстаннан қуғындалған адамдар, не олардың үрпақтарының қайта оралуы; қоныс аударушылар — белгілі бір жағдайларға байланысты Қазақстан жерінен басқа жаққа кетуіге мәжбүр болуы. Олардың қайта оралуы үжымдық көшіп келуі арқасында оралман деген үғым пайда болды.

Көшіпкелушілфдібейім^ Германия, Польша,

Белгия, Австралия, Грекия, Израил секілді бірқатар елдерде төжірибе бар. Айталық, Германияда еліне оралған немістерге баспана, жүмыс беруден бүрын белгілі бір уақьгг аралығаңда адаптация жүмыстарын жүргізеді: жергілікті халықтың тілін, жазуын үйретеді, көсіби дайындықтардан ейаЗеді' одан кейін баспана алып, жүмысқа орналасуына, балаларының оқу орындарына орналасуына көмекгеседа. Белгия, Австралия секідщ елдерге әр түрлі себептермен басқа мемлекетгерден көшіп барғандарға халықаралық келісімге сөйкес уақытылы баспана, материадцық көмек беріледі. Белгілі мерзімнен соң олардың кейбіреулеріне сол мемлекетгің үстанған саясатына байланысты азаматтық беріледі, не болмаса келген еліне қайтута, не басқа елге кетуіне көмектеседі.

Бүлардан басқа қазіргі кезде ТМД елдерінің арасында көршілес мемлекеттер азаматтарының жүмыс іздеп келгендері де баршылық. Осылардың барлыгы белгілі бір дәрежсде әлеуметтік мәселелер туындатады, мысалы, қылмыстың кобеюіне алып келеді.

Халықты әлеуметтік қоргаудың бір маңызды саласына байланысты Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңы 1999 жылы қабылданган. Мүнда азаматтардың қүқығы және міндеттерінен басқа өлеуметтік ахуалдарга байланысты мәселелер де қарастырылган. Мысалы, еңбектің зиянды түрлері, еңбектің қауіпті түрлері, ауыр дене еңбегі, еңбек жагдайлары, демалыс, жүмыс уақьпы, компенсация (толтыру), аз мөлшердегі еңбекақы деген үғымдарды беретін іс-әрекет түрлері әлеуметтік-педагогикалық жүмыс нысанына жатады.

Осыған орай кейбір ахуалдарды реттеу, қиын ахуалға душар болған жүмыскерлерге көмектесу қызметін атқарады.

Қазіргі кезде бір гана Қазақстанда емес, басқа елдерде де әлеуметтік мәселе туындатып отырған бір сала — діни наным-сенімдерге байланысты. Қазіргі кезде әлеіЧДе кең тараған төрт діннің орнына олардың әр қайсысынан тараған кептеген ағымдар пайда болып, олардың көпшілігі халыққа пайдадан гөрі зиян келтіруде.

Егемен ел болуымызға байланысты демократиялық үрдістер дами түсті. Соның бір белгісі - діни сенім бостандығы. Одақ кезінде материалистік көзқарасқа негізделген идеология халықтың санасын діни сенімнен ажыратты, бірақ өз сенімін орнықтыра алмады. Соның салдарынан халықта Аллаға да, адамға да сенбейтін өзімшіл пиғыл пайда болды. Отанымыздағы еркіндік жақсы жақтарымен бірге кейбір қоғамға қайшы келетін қүбылыстардың да болуына алып келді. Соларды реттеу мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасының "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заң қабылданды. Бүл заң еркіндікпен қоса кейбір тәртіпсіздіктерге тосқауыл қоюды көздеді.

Жазба жүмыстарын орындау бойынша нүсқау

Әлеуметтік педагогика пәнінің теориялық негіздерін толық және терең меңгеру үшін реферат, курстық жүмыстар орындау, дипломдық жүмыстарын жазуды студенттердің өз бетінше ізденуін үйымдастырудың бір түрГ ретінде қарастырамыз. Сондықтан осы оқу қүралының соңында рефераттар, курстық жүмыстар, диплом жүмыстарының тақырыптарын келтіреміз. Ал бүл жерде осы жазба жүмыстарды орындау бойынша қысқаша нүсқау беру орынды деп санаймыз.

Реферат жазу барлық теориялық пәндерде орындалатын жүмыс. Реферат сөзі латынның "referre" деген сөзінен "білдіру" деген мағына береді. Эр студент "Әлеуметтік педагогика" пәні бойынша бір реферат жазып, оның семинар, не тәжірибелік сабақта қорғауъі тиіс. Рефераттар тақырыбы жағынан әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, олар мыналар:

  • монографиялық — бір не бірнеше автордың шыгармаларының мазмүнын талдап, олардың негізгі пікірлері, ойлары туралы жазып, онда өз пікірін де білдіре кетеді;

  • конспект түріндегі реферат (конспект латын тілінің "conspectus" "шолу" деген сөзінен шыққан) тақырып бойынша кітап, мақала т.б. оқып негізгі пікірлерді жинақтап, қысқаша жазады жөне оны басқаларга да жеткізеді;

  • тезист жазу (конспектіден қысқа) — тақырып бойынша қысқаша мәлімет беру немесе мазмүнын қысқартып жазу;

сілтсме ( автордың айтқанын өзгсртпей көшіріп алу) бүл конспектілеу, тезис жәнс толық реферат жазуда оз пікіріне дәлелдеу не басқа біреудің пікіріне сүйенгенде қолданатын үзінділер. Осыған орай сілтемелер түзу және оны орынды қолдану жүмыстарын да жүргізуге болады;

  • фрагментті реферат жазу — бүл тақырыптың бір не бірнеше сүрақтарына қысқаша жауаптар жазу;

  • шолу рефераты — тақырып бойынша пайдаланған әдебиеттерге қысқаша анықтама нфіесе түсінік беру, талдау және қорытынды шыгару мақсатында жазылады.

Рефераттың қүрылымы әр түрлі болады. Басты талап -берілген тақырыптың толық ашылуы. Осыган орай алдымен тақырыпқа сай жоспар түзіп, кіріспе жазылады, одан кейін негізгі мазмүн баяндалып, соңында қорытынды шығарылады және пайдаланған әдебиеттер тізімі келтірілді. Ал конспект түзгенде талданатын әдебиеттің тарауы және кейбір бөлімдері көрсетіледі. Олар семинар не тәжірибелік сабақта талданып, баға қойылады.

Әлеуметтік педагогика бойынша курстық жүмыстардың тақырыбы күйзеліске үшыраған адамдар, балалар мен жастар арасындағы жүмыстардың аса маңьізды мәселелеріне арнальш, студент соны тереңдете меңгеруі және тақырып бойынша жан-жақты білім қалыптастыру мақсатын көздейді. Курстық жүмыстың тақырыптары кафедрада бекітіліп, басқа да пәндерді оқытып жүрген үстаздармен кеңесе отырып нақтыланады. Өйткені бір семестрде бір гана пән бойынша курстық жүмыс орындалады.

Кафедра шешімімен тақырып және ғылыми жетекші бекітіліп, консультациялар өткізіліп, жүмыстың өз уақытында орындалуына көмектеседі. Курстық жүмыстарга мынадай талаптар қойылады:

— теориялық және әдістемелік дәрежесі жоғары, қазіргі күн мәселелерің қарастыратын тәжірибелік мәні ашылуы;

— тақырыптың кокейтестілігі;

  • мөселені көре білу мен оны талдау және жинақтап қорытынды шыгару;

  • бүрынғы іс-тэжірибе жетістіктерін зерттеу пайдалана білу және кеткен кемшілікгерді болдырмау жолдарын көрсету;

— гылыми-педагогикалық жетістіктерді пайдалану;

  • курстық жүмысты талапқа сай және өз уақьпында орындау. Курстық жүмысты орындау мынадай кезеңдерден түрады:

  • тақырып таңцау жоне жоспарын түзу;

— тақырып бойынша өдебиеттерді іріктеп алу және оқып конспектілеу;

  • педагогикалық іс-төжірибесін зерттеу, талдау;

  • шагын эксперимент үйымдастыру және қорьпындылау;

  • курстық жүмысты жазу және рәсімдеу.

Курстық жүмыстың қүрылымы:

  • кірісле;

  • негізгі бөлім;

  • жинақтаудан түрады.

Кіріспеде тақырыптың маңызы, көкейтестілігі, нысаны, пәні, әдістері, мақсаты, міндеттері, тәжірибелік тексеру жүмыстары көрсетіледі.

Негізгі бөлім бірнеше тараудан түрады. Мүнда жүмыстың мазмүны баяндалып, онда мәселелер теориялық түрғьща талданып, жіктеу, топтастыру секілді негізгі теориялық пікір айтылады. Сонымен қатар мүнда жүргізілетін тәжірибе жүмысының жоспары, орындалуы, тәсілдері мен әдістері зерделеніп талданады, баяндалады. Практикалық жүмыстарға таддау беріледі, кемшішктср мен жетісгікгері тадцанып, студентгің ез пікірі айтылады. Жүмыс суретгер, сызб&лар, үлгілер, диаграмма, гистограмма, математикалық, статистикалық талдаулармен толықтырылады.

Соңында жүмыстың қорытындысы шығарылып, үсыныстар мен нүсқаулар беріледі. Зертгеу жүмысының нәтижесі кслтіріледі.

Диплом жүмысының келемі 40-50 бет, мүқабасына сгудентгің оку орны, аты-жөні, жүмысын қабылдайтын кафедрасы, тақырып, жетекшінің аты-жоні жазылады. Курстық жүмыстың мазмүны ішіндегі 2-параққа жазылады, онда тараулардың тақырыбы, ретгік беті корсетіледі. Ең соңында әдебиеттер тізімі беріледі.

Курстық жүмыс арнайы қүрылган комиссияның алдында қоргалады. Ең жогары баға алган жүмыстардьщ авторларына диплом жазу үсынылады. Жүмыстың мазмүнын студенттік конференцияларда, педагогикалық семинарда, мүгалімдердің жиналыстарында баяндап, тексеруден өткізуге болады.

Мемлекеттік аттестат комиссиясының шешімі бойынша жогары оқу орынын тәмәмдаушылар мемлекеттік емтихан тапсырады не болмаса кейбір талапты, жақсы оқитын, шыгармашылық қабілеті бар, гылыми-зертгеу жүмысына қызыгатын, курстық жүмысты жогары бағамен орындаған студенттерге диплом жүмысын жазуга рүқсат берілген. Диплом жүмысын жазагын студент сол диплом жазган пәннен емтиханнан босатылады.

Болашақ диплом жүмысының тақьфыптары кафедраның мәжілісінде талқыланып, жетекші анықталады, олар оқу орнының институт басшылары тарапынан бекітіледі. Диплом жүмысын орындауга арнайы уақыт берілмейді, студент оны сабақ оқып жүріп орындайды. Дипломдық жүмыс көбінесе институттьщ (университеттің) алғашқы курстарьшда жазган реферат, курсгық жүмыс орындаган тақырыптар төңірегінде болса, ол мөселені терең меңгеріп, көп уақыт жүмсамай орындауга мүмкіндік береді.

Диплом жазатын студент институт тарапынан арнайы үйымдастырылган СҒЗЖ және СОЗЖ жүмыстарына белсенді араяасып, конференциялар, конкурстар, семинар т.б. өзтақьірыбы бойынша баяндамалар жасайды. Диплом жүмысын-да бсрілген . тақырып теориялық жақтан талданып, оның негізгі қағидалары практикалық жүмысга тексерілуі тиіс. Кейінгі кездерде студентгер диплом жүмысын жазуга коп қүлшыныс таньппайды, себебі, оны орындау үшін көп кітап оқып, өдебиетгерді талдап, оз алдына ізден>ді талап етеді. Оған белгілі бір келемде қаражат та жүмсалады. Әйтсе де болашақта гылыми-зерггеу жүмьюгарымен шүгыдцануды коздеген кейбір сгудентгер үшін диплом жүмысын орындау озінше бір мектеп болар еді және өз кәсібін жете меңгеруді көздеген әрбір студент диплом жазуга үмтылганы жөн.

Диплом жүмысын орындауга мынада талаптар қойылады:

  • тақырыптың көкейтестілігі, қазіргі заман қажеттілігіне жарамдылыгы;

  • тақырьш бойынша гылыми-теориялық ен^ектерді, ғылыми жетістіктерді, мерзімді басылым материалдарынан мақалаларды талдау;

  • оқыған гылыми еңбектерге бага беру, керекті түстарын талдап, сілтемелер беру;

  • тақырыптың пәнін, нысананы, мақсатын, әдістерін, нақтылап, айқын корсету;

— бүрынгы педагогикалық тәжірибе мен практикалық жетісгіктерді пайдалану;

  • зерттеу әдістерін дүрыс тандап, тәжірибелік-тексеру ж^^мыстарын ^ымдастырып, оның нәтижелерін салысгырмалап, жалпылап қорытынды жасау;

  • тақырыптың мәселесін пайымдап, оган жауап табуга үмтылу;

  • жаңалыгын нақты көрсетіп, нәтижелерді анық пайымдап жеткізу;

  • қорьпынды мен үсыныс, нүсқаулар беру; Диплом жүмысының қүрылымы мынадай болады:

  • мүқаба;

  • кіріспе;

  • негізгі мазмүны: тараулар, пәрелер, болімдер т.б.;

  • қорьпыңды;

  • пайдаяанган әдебиетгер;

  • қосымша (егер бар болса).

Диплом жүмысының гылыми жетекшісі студент орындап болтан соң өз пікірін жазып, қол қойып, қоргауга болатынын білдіреді.

Жүмыс кафедраның мөжілісінде талқыланып, сын айтылған соң, пікір білдірушілер тагайындалады, ол оз пікірін жазбаша береді не болмаса қоргау кезінде сөз сойлейді.

Диплом жұмысын қорғау мемлекеттік емтихан кезінде ашық түрде өтеді. Оған комиссияның барлық мүшелері, ғылыми жетекші, пікір жазғандар, басқа да ұстаздар, студенттер, ата-аналардың да қатысуына болады. Қорғалған соң диплом бағаланып, хаттама жазылады.

Диплом қорғауда 15-20 минут баяндама жасауға болады, одан соң сұрақтар қойылады, сын пікірлер айтылса оған жауап береді. Мемлекеттік метихан комиссиясының мүшелері кеңесіп ең жоғары дәрежеде жазылған жұмыстар институт кітапханасына, мұрағатқа өткізіліп, авторы аспирантура, магистратураға оқуға жолдама алады.