Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2.5.Жетім және қараусыз қалған балалар әлеуметік-педагогикалық жұмыстың нысаны ретінде

Жетім балаларға арналған әлеуметтік қамқорлық. Әлеуметтік педагогикада және сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарында «табиғи жетім» және «әлеуметтік жетім» деген екі ұғым қолданысқа енген. Табиғи жетімдерге әр түрлі себептермен әкесі не шешесі қайтыс болуы салдарынан олардың бірінің қамқорлығынан айырылған балалар жатады. Бұдан басқа тағы да сол табиғи себептермен әкесі мен шешесінен бірдей айырылған балаларды «тұл жетім» деп те атайды. әкесі не шешесі тастап кеткен немесе заң жолымен ата-ана құқығынан ажыратылғаннан қараусыз қалған баланы, мемлекет қамқорлығына алынған баланы «әлеуметтік жетім» дейді. Оларды былайша топтастыруға болады:

  • әке-шешесі қайтыс болған;

  • ата-аналық құқығынан ажыратылған;

  • әкесі не шешесі (кейде екеуі бірдей) хабарсыз жоғалып кеткен;

  • ата-анасы еңбекке жарамсыз болғандықтан бағып-қағуға шамасы келмейтін;

  • әкесі не шешесі абақтыға жабылған;

  • балаларын бағудан бас тартқан;

  • перзентханаға не сәбилер үйіне қалдырған балаларын алмай кеткен.

Мұндай жағдайда жетім балалар кәмелетке толғанша қамқорлықты мемлекет не бір ұйым өз мойынына алады.Бұлардан басқа денсаулығы нашар, әр түрлі созылмалы немесе тұқым ауруларға ұшыраған балаларды кәмелетке жеткенше бағу, оның жеке құқығын қорғау, мүлкін сақтау жұмыстарымен шұғылдануды «қамқорлыққа алу» (опека) деп атайды. Ал баланың материалдық қал-жағдайын, оқу мен тәптібін, жүріс-тұрысын кәмелетке толғанша қарау «бақылауға алу» (попецительство) деп аталады. Заң бойынша орнатылған ережеге байланысты қамқорлық 14 жасқа толғанша, ал бақылауға алу 14 жастан 18 жас дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, жоғарыда көрсетілген себептермен ата-анасының қамқорлығы мен бақылаудан тыс қалған балалардың барлығын да «жетім» деген бір сөзбен белгілеуге болады. өйткені, табиғи ма, жоқ әлде әлеуметтік себептерден бе, бәрі бір ата-анасының қамқорлығынан айырылғандықтан осындай санатқа жатқызылады.

Қазақстанда қазан төнкерісінен кейінгі 20-жылдардан бастап, азаматтық соғыс, аштық пен құғын –сүргін салдарынан жетім және қараусыз қалған балаларға арналған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған, мектеп жасындағы балалар үйі, кәсіптік еңбек колониялары мен еңбек коммуналары жұмыс істей бастаған. Одан соң 30 жылдардағы тоталитарлық ежим салдарынапн бұл мекемелер жойылып олардың орнына бөбектер үйі және мектеп жасындағы балалар интернаттары құрылып, олар кеңес Одағы ыдырағанға дейін сақталып қалды. Қазірде олардың кейбірлері жұмыс істеуде. өткен дәуірге қайта оралсақ,80-жылдары жетім балаларды қатарға қосуға арналған жаңа типтегі отбасылық балалар үйі, балаларды бөлістіру орындары ашылып, әр түрлі сипаттағы қызметтер атқара бастады.

өткен ғасырдың 90 жылдары Кеңес Одағының ыдырауына байланысты және әлеуметтік-саяси құрылымның жаңа сипатқа өтуі мен онда нарық экономикасының мықтап орнауы нәтижесінде жетім балаларға арналған әр түрлі мекемелер ашылып, дүниеге келе сала жетімдік тағдырын арқалаған бөбектерге, мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсете бастады. Солардың бірі ретінде «Бөбек қоры» ұйымдастырған балалар үйі мен асқа да обсылық үйлерді айтуға болады.

Бұл мекемеде әр балаға жеке ерекшеліктеріне сай қарым-қатынас, ізгілікті орта, балаға жеткіліксіз болып тұрған ең қымбат ата –ана мейірімі, отбасылық жылулықты орнату көзделген.

әлеуметтік жетімдер мәселесі әлемдегі кез келген мемлекетте кездеседі, мысалы АҚШ-та ауруханалар мен перзентханалар және арнайы мекемелер тастанды балаларға толы. Оларды «тастанды балалар», «керексіз» не болмаса «қаламаған балалар» «жетімектер» деп атайды. Осындай балалар туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) халықаралық эксперттерінің мәліметтері бойынша Батыс және Шығыс Еуропада, сондай ақ дамыған елдерде қараусыз қалған балалардың саны көбеюде. Ресейде және Қазақстан, Қырғызстан секілді және басқа да Орта Азия елдерінде әлеуметтік жетімдер қазан төнкерісінен кейін, азаматтық және екінші дүние жүзілік соғысынан кейін 90-жылдардағы қайта жаңғыру кезінде пайда болды. Жетімдер мәселесі тек осылармен ғана байланысты емес, сонымен бірге басқа да себептер бар екенін жоғарыда айтып кеттік. Сол себепті олармен жүргізілетін жұмыс та көп сапектілі және бірқатар мекемелердің бірлескен әрекетін талап етеді. Атап айтсақ, олардың проблемаларын шешуде мемелекттік мекемелер материалдық қамсыздандыру мен шұғылданса, әлеуметтік медицина жетім және қараусыз қалған балалардың әр түрлі биологиялық ғана емес, әлеуметтік себептерден жұғатын ауруларды, мысалы жыныстық жолмен, темекі мен алкоголь ішімдігін пайдаланудан нашақорлықтан болатын жұқпалы және созылмалы ауруларды емдейді, психологтар мен психиатрлар, әлеуметтанушы ен әлеуметтік педагогтар да жұмыс істейді.

Жоғарыда көрсетілген жетімдік түрлерінің жалпы себептерін мынадай үш топқа қарастыруға болады:

  • шешенің жаңа туған нәрестені перзентханаға немесе басқа жерлерге, мысалы, біреудің есігінің алдына, көшеге өз ықтиярымен тстап кетуі. Мұндай жағдайда ол құқық қорғау мекемелері тарапынан тізімге алынады, үш ай мерзімінде балаины ата-анасы қайтарып алуына болады. Осындай сәбилерді бөбектер үйіне тапсырумен бірге кез келген басқа бір отбасы бағып алуына мүмкіндік бар.

  • ата-анасы маскүнем, нашақор, еңбекке жарамсыз, баланы бағу мүмкіндігі болмаса, баланың мүддесін қорғау мақсатында, оның тәрбиесіне және денсаулығына нұқсан келтірмеу үшін ата-анасын заң негізінде құқығынан айыру және баланы мемлекеттік мекемелерге тапсыру қарастырылған.

  • Табиғат апаттары: су тасықыны, жер сілкіну, сел көшкіні т.б. жағдайларда ата-анасынан еріксіз айырылғандар. Сонымен қатар мұндай жағдайда балалар түрлі техногендік қауіп-қатерлердің салдарынан да жетімдікке ұшырауы мүмкін. Онда балалар туысқандарының қамқорлығы мен бақылауына беріледі.

Мемлекет пен арнайы қоғамдық ұйымдардың мақсаты-баланың құқығын қорғау және оқыту, тәрбиелу секілді әлеуметтендіру шаралары арқылы қатарға қосу. Мүмкін болған жағдайда осындай араларды отбасында жүзеге асыруға көмектесу. әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті баланың отбасында өмір сүруіне ықпал жасауға арналуы тиіс. Егерде ондай жағдай жасау мүмкіндігі болмаса, балаға лайықты отбасын іздеп, тауып, асырап алуына мүміндік туғызу.

Бүкіл әлемдегі балалар құқығын қорғау мақсатында БҰҰ-ның 1995 жылғы Конвенциясында белгіленген : «бала отбасында тәрбиелеуге, ата-анасы және туысқандарымен араласуғаи , өзін-өзі қорғауға, өзінің және әкеіснің атын атауға, ата-тегін танып білуге құқылы»,-деп көрсетілген. Сондықтан:

  • Баланың ата-анасымен бірге болуы;

  • Отбасына оралуы;

  • Басқа отбасының бағып алуына;

  • шетел азаматтарының да бағып алуына;

  • басқа отбасына тәрбиелеуге беру;

  • арнайы ұйымдастырылған мекемелерге орналасу құқықтары мемлекет тарапынан шешіледі.

Балаларды әлеуметтік қатарға қосу қызметі екі бағытта іске асады:

  1. Бағып алу-баланы қорғаудың арнайы және аса маңызды түрі. Сот шешімі мен жергілікті ұйымдар тарапынан баланы бағып алғысы келген жұбайларға, не жеке адамға, туысқандарына отбасы мүшесі ретінде тіркеп бру жүзеге асырылады. Бағып алған отбасы баланың бұдан кейінгі тағдырына жауапты және ағып алған отбасы баланың барлық жағдайын үнемі қадағалап отыру міндетін мойнына алады.

  2. Бемлекеттік басқару-баланың дамып, қалыптасуына жағдай жасайтын арнайы балалар үйіне, бас амандығын қамтамасыз ететін орындарға, уақытша бағып күтетін мекемелерге, мектеп-инернаттарға орналастыру. Бұлардың әр қайсысында әлеуметтік педагог міндетті түрде жұмыс жүргізеді: белгілі бір мерзімге дейін оларға деген жауакершілікті мойнына алады; уақытша қамқорлық көрсетеді; бөбектер үйі –бағып өсіру,қатарға қосу қызметін; балалар үйі-оқыту тәрбиелеу, бағу міндетін, мектеп -интернат-оқыту, тәрбиелеу, қатарға қосу міндеттерін атқарады.

Бағып алған балаларға көрсететін қамқорлық түрлері. ата-анасыз баланы бағып алған отбасының жағдайы әр түрлі болуы мүмкін: отбасының психологиялық климаты, материалдық ахуалы, бала тәрбиесіне деген көқарасы, оны бағып алудағы мақсаты т.б. ал баланы бғып алушылар, оның туысқандары не болмаса бейтаныс адамдар болады. Бағып алуылар баланың өсіп жетілуіне, дұрыс тәрбиеленіп білім алуына, құқығының сақталуына жауапты. Сонымен қатар, егер бала ата-анасынан жастайынан айырылып, олардан белгілі бір дүние мүлік, ақша қалған болса, соларды сақтап беруіде олардың міндетіне енеді. Ал егер баланы біржолата ата ана ретінде бағып алса,онда оған өз атын тегін беру бүкіл болашағын қамтамасыз етуді мойнына алады. бұлардан басқа баланы уақытша, мысалы ер жеткенше, не болмаса бір мекемеге қабылдағанша , не бір қолайсыздыққа ұшыраған отбасының баласын бағу міндетін алатын болса, онда баланың мүддесін қорғау, денсаулығын сақтау, оқуы мен тәрбиесіне нұқсан келтірмеуін қадағалау секілді міндеттерді орындайды.

Баланы қорғаудың бұл түрі дамыған шетелдерде қолданыс тапқан. Тұрмыс деңгейі жоғары, материалдық жағдайы жақсы отбасылар әр түрлі жағдайларда күйзеліске ұшыраған балаларды бағуға алады. мұндай шаралар біздің елімізде жоқтың қасы. Шетелдерде баланың болашақ тағдыры шешілгенше бағып алған отбасына мемлекет тарапынан көмек беріліп тұрады және осы арада баланы қорғауға кеткен уақыт пен еңбек өтіліне кіретіні заңмен бекітілген. Сонымен қатар, баланы бағып алушы отбасында педагог, психолог мамандардың боуы да қамтамасыз етіледі.

Уақытша бағуға алынған баланың отбасы мүшелері емханадан сауығып шыққанша, материалдық ахуалын түзеткенше немесе қалыбына келгенше, өз туысқандарымен қауышқанша баланың күн көрісі, материалдық рухани жағдайы, психикалық көңіл күйі көтеріңкі болуын қадағалау,и өзін еркін сезінуіне жағдай жасалады. Осылардың барлығын үйлестіріп реттеу әлеуметтік педаготың жұмыс ауқымына кіреді. Осыған орай оның бағып алушы отбасымен жұмысы бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең,ата-анасы қалдырып кеткен баланы уақытша не блмаса біржола бағып алуға мүдделі отбасын іздестіру. Бала бағып алғысы келген жұбайлар не болмаса жекелеген азаматтардың аты жөнін, мекен жайын көрсетіп, қыз бала не ұл бала алғысы келетінін және неше жастағы, қандай сипаттағы, мысалы, ұлтына, сыртқы келбетіне байланысты талаптарын көрсетіп, өтінішін жазып қалдырады. әлеуметтік педагог өтініш иелерімен әңгімелесіп, отбасының ахуалы, үйдегі жағдайымен танысып, баланы бағу мақсаты мен жолдары жөніндегі оларға мәліметтер береді.

Екінші кезеңе, бала бағып алуға ниет білдірген отбасы мүшелері сауалнама және басқа да құжаттарды толтырады, ондағы сауалдарға жауап береді. Алынған мәліметтер копьютерге ендіріліп, талданып болған соң, баланы қай отбасына беруге болатыны анықталады.

Үшінші кезеңде, баланы бағып алуға ниет біллдіретін отбасына паналау (приют) орындары, балалар үйіне барып олардың ахуалымен танысуға және әңгімелер өткізуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, баланы алатын отбасы мен оны беретін мекемелер арасында дәнекерлік міндетін атқарады.

Төртінші кезеңде, әлеуметтік педагог отбасы мүшелері, олардың туысқандары, отбасындағы үлкен-кіші адамдармен танысып, олардың көзқарасы , талаптары мен мүддесін зерделеп, көршілері, бірге істейтін әріптестері т.б. танысып, оларды қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Бесінші кезеңде, балаларды алатын ата-аналарды мекемеге шақырып, балалармен таныстырып, олар туралы мәліметтер берумен қоса, тәрбиелеу туралы кеңес береді. ата-ананың сұрақтарына жауап беру арқылы көптеген күмәнді және күрделі мәселелер шешіліп, екі-үш күнге дейін баламен танысу, өзара қарым-қатынас орнату, үйреніму мен шүйіркелесу, бірге ойнау секілді басқа да бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Алтыншы кезеңде, баланы бағып алушы ата-аналарға асырап алу құқын тапсыру әділет мекемесі, құқық қорғау орындары, қамқорлық және бақылау ұйымдары секілді мекемелердің қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылады. Баланы белгілі бір отбасыға берген соң, әлеуметтік педагог оның хал-жағдайын үнемі біліп отырады. Мұндай жағдайда бала мен оны қабылдап алған ата-ананың арасында бір біріне бауыр басып, үйренісу көптеген факторларға байланысты.мәселен, баланы алған отбасында басқа балалары бар ма,көп балалы ма, жоқ әлде баласы болмаған ба, жас отбасы ма, жоқ әлде жсамыс адамдар м, әке –шешесінің екеуі де бар ма, жоқ алд олардың бірі ғана бар ма т.б. Сонымен қатар, бала оларға неүшін керек болды, баланың жас ерекшелігі, несебептн қараусыз қалған баланы алды деген секілді сұрақтардың барлығына да жауап ал аса маңызды.

Бұдан кейінгі жұмыстар баланың жаңа отбасына бейімделуі не бейімделе алмауына, бағып алғандардың ойындағындай болды ма, жоқ алде олар айнып қалып баланы қайтармақшы а, не болмаса бала ауруға шалдығып қалды ма деген секілді басқа да мәселелерге байланысты жүзеге асады.

Жетім балаға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықтар. Әке –шешесінен айырылған балаларды басқа отбасы ағып алмаса , онда ол кәмелетке толғанша толығымен мемлекет қамқорлығына алынады.бұл міндетті алдымен бөбектер үйі атқарып, онда бала үш жасқа толғанынша өмір сүріп тәрбиеленеді. Одан кейін де оларды асырап алатын отбасы болмаса жетімдерге арналған балалар үйіне, ал мектеп жасына толғандары мектеп –интернаттарға бөлінеді. Балалар үйінде қалғандары оған жақын маңдағы мектептен оқиды не болмаса кейбір интернаттардың қарамағындағы мектептерде оқиды.

Балалар үйі мектепке дейіннгі жастағы, мектеп жастағы және әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде балалар үйінің жаңа формасы «отбасылық балалар үйі» кеңінен таралуда. Олар сипаты жағынан балаларды уақытша қабылдайтын орындарға да ұқсап кеткенімен, оларға қойылатын басты талап –онда балаларға отбасылық шарт түзу, әр баланың өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, тәрбиеленіп білім алуына жағдай туғызу. Отбасылық балалар үйі тұл жетімдер мен басқа да қараусыз қалған балаларды біріктіріп, бағып-қағу міндетін орындауына байланысты оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мұндағы тәрбиешілер мен педагогтар әке мен шеше міндетін атқарып, отбасы моделін түзуге ұмтылады. Осыған орай бұл жұмысқа арнайы білімі бар адамдар қабылданып, олар курстардан өтеді. Олардың міндеттері балалар үйіндегідей болғанымен кейбір тұстарында отбасына жақындау талабы қойылады. Олар мыналар:

  • Баланың дамуына жағдай жасау және өміп салтын отбасына жақындатуға тырысады;

  • Балалардың денсаулығын сақтау; материалдық жақтан қамтамасыз ету;

  • Тәрбиеленушілердің құқығын, мүддесін қорғау;

  • Білім алуына жағдай жасау; мәдениетін қалыптастыру және нығайту;

  • өзін-өзі тануы және өзін дамытуға талаптануын қалыптастыру;

  • өз мүмкіндігі мен қабілеттеріне қарай кәсіп таңдауына және оны меңгеруіне ықпал жасау;

Балаларды уақытша қабылдау орындары да мемлекет тарапынан қамқорлыққа алады. Мұндай балаларды басқа бір отбасы бағып алғанша, не болмаса арнайы мекемелерге өткізіп бергенше, не баланың өз отбасы қайтарып алғанша бағып қағады.

Балалар үйінде жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың басты мақсаты-ондағы тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мен қатарға қосу болып саналады. Сондықтан бұл жұмысқа әлеуметтік педагогтар мен басқа әлеуметтік психолог, әлеуметтік қызметкер, музыкалық –мәдени жұмыстарды (кәсіби музыкант) дене тәрбиесі мен еңбекті ұйымдастырушы мамандар (негізінен педагогтар), әлеуметтік –медициналық қызметкерлер істеуі тиіс. Балалар үйінде әр түрлі жастағы балалар бірге өмір сүргендіктен педагог және басқа да қызметкерлер әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда, жалпы тәрбиелеуде осы жас ерекшеліктері мен әр қайсысының жеке өзгешеліктерін білуі және соған сай жұмыс ұйымдастыруы тиіс.

Балалар үйіндегі жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін В.С. Мухина, М.И. Лисина, Е.О. Смирнова т.б. зерттеген. Олардың зертеулерінің нәтижелерінен шыққан қорытындылары -мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілер ересек адамдардың ықыласы мен мейіріміне, ізгілікті қарым-қатынасына мұқтаж. Сол себепті топпен жұмыс істейітн тәрбиеші педагогтар және басқа да қызметкерлер әр балаға жеке көңіл бөлуге, олардың әр қайсысының рухани қажеттілігінің ересек адаммен шүйіркелесуге, әңгімелесуге деген ішкі жан дүние мұқтаждығын өтеуге ұмтылуы тиіс. өйткені, жоғарыда көрсетіп кеткендей осы жастағы балалардың көбі жеке көңіл бөлуді талап етеді, баланы түсінуін және жылы қабақ танытуды талап етеді.

Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін белгілі бір тәртіпке бағыну, ересектердің айтқанын орындау, оларға қойылған талаптарды атқару, ересектермен шүйіркелесу маңызды. Алайда олардың кейбіреулеріне ондағы ересек адамдар мен басқа балалардың өздеріне туысқандық байланысы жоқтығынан, сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты педагогтармен келісе алмай жатады. Мысалы, тыйым салынған әрекеттерге баруы,педагогтар мен жеке мүдделерінің арасындағы сәйкес келмеуіне байланысты мінез-құлық қарама-қайшылықтарына ұшырайды.Бала ересектердін талабын түсіне алмауы,не болмаса ересектердіңбаланың мінез-құлық ерекшеліктерін ұғынбауы,тәртіке күштеп бағындыруға ұмтысы педагогикалық негізсіз қарым-қатынастарға ұшыратуы мүмкін.

Жеткіншек жастағы (9,10,-12,13 жас) баланың дүние таным «көздері» (Ж.Ж. Руссо) енді ғана ашылып келе жатқандықтан өзіндік мен тұжырымының қалыптасуына қршаған орта, көрген тәрбиесі мен алған білімі, күнделікті тұрмыс жағдайының маңызы зор. Сонымен қатар өзіндік мен тұжырымынң қалыптасуына баланың денсаулығы, дене бітімі мен зердесінің дамуы, рухани және материалдық қажеттіліктері , жүріс-тұрысының еркіндігі мен талаптарға бой ұсынуы, т.б. ықпалы бар. Мұнда денсаулығы мықты балалар аз кездеседі. Себебі ата-анасынан ажыраудың өқзі олардың психиткасы мен мінез-құлық, жүріс-тұрысының қалыптсауын белгілі дәрежеде бұзып, тағы бір жақтан бағып-күтудің жеткіліксіздігі және басқа да көптеген себептерден ауру болады.Мәселен, туа біткен не болмаса созылмалы аурулар, психикалық ауытқулар, дене мен, ақыл-ой кемістігі, зердесіне зақым келгендер, мүгедек т.б. балалар да бар.

Осылардың барлығы балалар үйіндегі жұмысты, ұйымдастыруда қызметкерлер арасындағы жұмыс үйлесімділігін талап етеді.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік мәртебесін (статусын) анықтауға байланысты –туу туралы куәлік, төлқұжат алу, әке-шешесінің жоқтығы туралы куәлік, жәрдемақы (пособия), зейнетақы, алимент алу, балалар үйінен шыққан соң жұмысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету секілді басқа да көптеген жұмыстар да әлеуметтік педагог және әлеуметтік қызметкердің міндеті.

Бұл жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары, әдістері мен тәсілдері, мазмұны, мақсаты, формалары, түрлерін анықтауда жоғарыда келтірілген балалардың жеке жай күйі мен ахуалын ескерудің өзіндік маңызы бар. Төмендегі кестеде балалар үйінде жүргізілетін жұмыс сипаты келтірілді.

әлеуметтік педагогикалық жұмыстың мақсаты

Іс әрекет қызметі

Ұйымдастыру түрлері мен әдістері

Баланың әлеуметтік мәртебесін (статусын) анықтау

диагностикалау

Тестілеу, сауалнама, әңгіме, сұхбат, баланың жеке құжаттарын зерделеу т.б.

Баланы тәрбиелеп, дамытудың жеке бағдарламасын түзу

Болжамды пайымдау

Педагогикалық, медициналық, психологиялық түзетулер мен емдеп, тәрбиелеу

Баланы бейімдеу, түзету, қолдау.

әлеуметтендіру, қатарға қосу

Бақылау, байқау, әңгіме, жаттығу, мақтау, мадақтау, өзіндік жеке жұмыс жоспарын түзу және жүзеге асыру

Баланың құқығы, мүддесін қорғау және басқару органдарымен бірлікте жұмыс жүргізу

Арнаға түсіп делдалдың ету, патронаж міндетін атқару

Сендіру, иландыру, нандыру, шүйіркелесу

Сонымен әлеуметтік педагогтың міндеттер ауқымын қарастырамыз, бірінші, әлеуметтік педагогтың жұмысы баланың әлеуметтік мәртебесін анықтаудан басталады. Ол үшін егер бала мектеп жасында болса, онымен әңгімелесу, тестілеу, сұхбат, құжаттарымен танысу арқылы оның жеке басының ерекшеліктерін, қабілеттерін, ақыл-ой мүмкіндіктерін, тәрбиелеуге көнуін, қасиеттері мен денсаулығын, психикасының ерекшеліктері мен балалар үйіне дейінгі көрген тәрбиесі мен жинақтаған тәжірибесін, оқуын т.б. анықтайды. Бала үнемі басқа да құрбыларының ұжымында болғандықтан, ортаны танып білу жұмыстарын жүргізеді.

Педагогтың іске асыратын екінші міндеті-тәрбиеленушілердің әр қайсысына жеке жұмыс бағдарламасын түзеу немесе баланың алғашқы кездегі жай –күйін есепке алу және оның кейінгі кезде дамуы, өзгеруі, осы балалар үйінен қандай болып шығуы керек деген секілді пайымдауының болуы шарт. Осыған орай әлеуметтік педагог баланың күйзелісінің сипатын, мысалы психикасы, денсаулығы, тәрбиесінің кемшілігі мен дене мүмкіндіктерін біліп одан соң онымен жұмыс бағыттарын -оқыту, тәрбиелеу, емдеу, қолдау, секілді т.б. белгілейді.

Мұндай мекемелердегі тәрбиешілер, әлеуметтік педаготар мен психологтар және басқа да барлық қызметкерлер В.А. Сухомлинскийдің «бір ұжымда жұмыс істеген педагогтар-ниеттестер болуы керек.» деген ұстанымын негізге ала отырып, өзі басқарып отырған ұжымдағы балаларды ізгілікті қарым-қатынас орнатуғажетелеуі керек. Педагогтар оларға бір-біріне көмектесу, бірін-бірі қуаттап, қайғы-қуанышына ортақтасудың, өзара мәміле орнатып «жылы шырай» танытуға, сыйластық пен достық, жолдастықтың маңызын, бауырмалдылықтың мәнін түсіндіруге, соған бейімдеуге ұмтылады. Ал психолог мамандарға ұжымдағы әр баланың басындағы проблемасын шешуге көмектесумен бірге ұжымды топтастырып, өзара тығыз және туысқандық сипаттағы қатынастарды орнатуға психологиялық көмектесу талабы қойылады.

Ұжымға келген баланы жаңа жағдайларға бейімдеу ережелерді ұстануға, тәртіп сақтауға үйрету, әлеуметтік күйзеліске ұшыраған, жан дүниесі мен мінез-құлқын қалыбына келтіріп, қатарға қосу үшін баланың психикасына нұқсан келтірмейтін тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру әлеуметтік педагог маманға жүктеледі. Бұлардан басқа жаман әдеттерге үйреніп қалған, қоршаған ортаның теріс әсерінен мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы бұзылған, девиацияға ұшыраған балаларға көмектесуде балалар үйіндегі барлық қызметкерлердің күшін біріктіріп, жан-жақты қызмет етуіне тура келеді. Бұл алдымен медициналық және психикалық түзету жұмыстарын, әлеуметтік –педагогикалық көмекті тұтас қарастыруды талап етеді.

Медициналық түзету –балалардың денсаулығын тексеріп, ауруларының сипатын, дәрежесін, сауықтыру мүмкіндігін тауып емдеу, дене шынықтыру, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға ынталандыру және оны жүзеге асыру арқылы орындалады.

Психологиялық түзету –балалардың бойынан байқалған психикалық ауытқуалардың сипаты мен дәрежесін, емдеу мүмкіндіктерін белгілеу, мысалы, үрей меңдеп алған, бойында қорқыныш әсері қалған, сезіктену, мазасыздану, сағы сынып, көңілі басылып қалған, «қолы тұтақ» (клиптомания) ауруына шалдыққандарына көмек беріп, оның ықпалын азайту мен жоюға күш жұмсау көріністерді азайту арқылы, біртіндеп жойылуына көмектесу. Бұл әрине әп сәтте жүзеге аспайды, ұзақ мерзімді және жүйелі, әр түрлі әдістер мен тәсілдерді ұрымтал қолдану арқылы ғана іске асады.

Балалар үйінде тәрбиеленушілерге мамандық таңдап, өмір жолының аса маңызды бір бөлігін анықтап алу өте күрделі. өйткені олардың көз алдында мысал боларлық мамандық иелері санаулы. Сондықтан, әлеуметтік педагогтар мен тәрбиешілерге баланың кәсіп таңдауға жауапкершілікпен қарап, балалар үйіндегі бар мүмкіндіктерді жете пайдалану талабы қойылады. Сол себепті оларға әр түрлі кәсіп туралы мәліметтер беріп, кәсіп иелерімен кездесулер, әр түрлі шеберханаларға, өндірістерге, мәдениет орындарына саяхат ұйымдастыру аса қажет.

Жалпы балалар үйінің түпкі көздеген мақсаты –ондағы тәрбиеленушілерді әлеуметік ортада өмір сүруге бейімдеу және даярлау болғандықтан осыған ықпал ететін барлық жағдайларды толымды пайдалануға ұмтылу-ондағы қызметкерлердің мүддесі. Ол істің нәтижесіне ықпал етеді. Сондықтан ондағы балалар арасында әңгімелесу, сұхбат, талқылаулар мен пікірталастар, пікірсайыстар секілді баланың бейімделуіне шарт түзетін барлық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қоршаған орта туралы мәліметтер беру көзделеді.Мысалы, «қазіргі заман кәсібі», «отбасы және біз» «жоғары оқу орында оқу үшін қандай білім керек» т.б. секілді сан алуан тақырыптар төңірегінде іс-шараларды ойын, тренинг басқа да әдістермен ұйымдастыруға болады.

әлеуметтік педаготың тағы бір аса маңызды міндеті –баланың мүддесін , құқығы мен міндеттерін түсіндіруде әкімшілік органдарының қызметкерлерімен жұмысын үйлестіре отырып жүргізу. Балалар үйінің түлегі туралы мәліметтерді басқару органдарына білдіріп, оның оқуға түсуі, орналасуы секілді жұмыстарды қадағалап отыруы керек.

Бұл жұмыстардың барлығы балалар үйінің типтері, жұмыс сипаты, баланың басындағы проблемалар, денсаулығы даму деңгейіне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, кейбір жағдайларда бала еңбекке де оқуға да жарамсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ондай бала мүгедектер үйіне, ауыршаң болса, емханаларға, психикалық ауытқу дәрежесіне байланысты емдеу орындарына орналастырып, оның мемлекет тарапынан қамтамасыз етуін бақылауға алады.

Үшінші тарау. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕСІ

3.1.Девиантты мінез құлық туралы түсінік және оның туындау себептері

Қазіргі уақытта әлемдегі барлық проблемалр түптеп келгенде экономикалық қал-жағдайға келіп тіреледі. Бұл ретте экономикалық жақтан гулденіп, дамыған, дамып келе жатқан, және даму жолына түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің қай-қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке адамдар мен топтар кездеседі. Олардың қатарына психикасына зақым келген, дене мүмкіндігі шектеулі, мүгедек адамдармен қоса, мемлект тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдар да бар. Оларға деген көзқарас пен қарым-қатынас әр дәуірде, әр елде әр түрлі болған. Айталық, ертедегі Спартта қоғамында әлсіз не ауру туған балаларды «өзіне де, басқаларға да зияннан басқа пайдасы жоқ» -деп дереу көз жойып жіберген.

Батыс еуропа мемлекеттерінде және АҚШ –та ерекше көмекке мұқтаж адамдарды бір ұйымға біріктіріп, «проблемалы адамдар» не болмаса «мүмкіндіктері шектеулі» тадамдар» деген мәртебемен барлығына бірдей өмір сүру шарттарын түзіп, кемістіктері мен ауытқуларына қарай әр түрлі іс-шаралар қарастырылады. Көп жағдайда бұл көмек жеке тұлғаға бағытталады. Онда барлық қамқорлықты мемлекет өз қолына алып , қызметкерлерге еңбекақы төлеп, еңбек өтелін де есепке алып отырады.

ЮНЕСКО-ның есептеуіне сүйенсек, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны жылдан –жылға көбеймесе, кемімейді екен. Белгілі бір ахуалдардың, не болмаса туа біткен ауытқулар мен аурулар салдарынан әлеуметтік мәселелер кез келген қоғамда болып тұрады және оған қатысты жоспарлы түрде әлеуметтік көмек пен құқығын қорғау, бас амандығына пана болу секілді жұмыстар атқарылып отырады. Осылайша - қоғамда әдеттегі «қапыпты» дамыған адамдармен қатар, одан ауытқыған адамдардың болуы заңдылық ретінде қарастырылады. Әр түрлі теріс әрекеттерге душар болган, мысалы, қылмысқа барған, ұрлық, қарақшылық, зорлық^ маскүнемдік, нашақорлыққа салынған. Сонымен қатар, туа біткен мүгедектер, ауруға үшырағандар, еңбекке жарамсыз адамдарды "қалыптан" (нормадан) тыс, теріс (негативті) ауытқыған адамдар қатарына жатқызсақ, дарынды, іскер, ғылым және техникада зор игіліктер мен табысқа жеткендер, әдеби шығармашылықта, өнерде басқалардан озық іуындылар жаратқан адамдарды "қалыптан" тыс, оң (позитивті) сипатта ауытқыған адамдар деуге болады. Бүлардың әр қайсысы мемлекет тарапынан әлеуметтік қамқорлық пен қолдауға ие. Алғашқылардьщ арасьшда қоғамға пайдасынан зияны көп тиетіндері ерекше өлеуметтік қадағалау мен тәрбиені талал етеді. Сондықтан бүл жерде сол қалыптан тыс теріс ауытқудағы адамдармен жүмыс істеу қарастырылады.

Осылардың ішінде аса қауіпті қылмыскерлер, өз басына не басқаларға қауіпті істерге баратындар, қоғамдық тәртіпті бүзушылар, заңсыз әркеттерге баратын алаяқтар мен үрылар басқа да заң бүзушылар "қалыптан" ауытқушылар қатарына қосылады. Әлеуметтану ғылымында бүндай әрекеттерді "девиация" (ауытқу-отклонение) деп атайды. Ол өз кезегінде істелген іс-әрекеттің сипатына жөне қоғамға тиіізген зиянына байланысты бірнеше топқа жіктеледі: девиантты, делинк-винтті және криминадды жүріс-түрыс.

Девиантты жүріс-тұрыс - бүған қалыптан ауытқудың бір түрі ретінде әлеуметтік жүріс-түрыс ережелерін бүзған балалар мен ересек адамдар, жастар мен жасөспірімдер және жеткіншектер тарапынан істелген тәртіпсіздіктерді жатқызады. Олар: біреуге жамандық істеу, қастық қылу, ерегесіп егесу, төртіпке шақырғандарға қарсылық көрсету, тілазарлық, жүмыстан бас тарту, оқуға бармай өз бетімен кету, ешкімге айтпай үйден кетіп қалу, маскүнемдік, мінезінің бүзылуы, көпшілік орындарда өзін үстауға бейімделмеген, үрыс-керіске, төбелеске бару секілді халықтың мазасын кетіретін жөне тыныштыққа нүқсан келтіретін істер жатады.

^ Делинквинтті жүріс-тчрысгъщ девиантты қылықтардан айырмашылығы - тәртіп бүзушылық әдетке айналып, үнемі қайталанып, түрақты мінез-қүлық стереотипіне айналуы және соған қарамастан қылмысқа тартуға не ^сазалауға істеген күнәсін дөлелдеуге факты жетпеуі, не болмаса жасының жетпеген жеткіншек балалар кіреді. Делинквинтгі жүріс-түрыс түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:

  • бслгілі бір түлғаны кемсіту мақсатында істелген қас-күнемдік пен зорлық, корлау, үрып-согу, кемсіту, өртеу, сындырып, бүлдіру;

  • жекс басының мүддесі үшін үсак-түйек қылмыстар жасау, мысалы, үрлық істеу, біреудің машинасын не басқадай мүлкін тартып алу, не алып қашып кету, үйлерді тонау, қарақшылықпен айналысу, қорқыту арқылы бағалы бүйымдарын тартып алу арқылы пайда табу;

- наша секілді зиянды заттарды тарату жөне сату; Криминалды (қылмысты) жүріс-түрысқа қүқық бүзғандар

жатқызылады. Қылмыстары девиаңтгы не болмаса делиіжвинтті сипатга жікгелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған. Бүл жасы жетпеген балалардьщ жасы толған кезде қылмысгық кодексгің баптарына сай жауапқа тартып, қылмыстық іс қозғау дегенді білдіреді.

Қалыптан тыс, теріс девианттар көбінесе әлеумепік ауруға душар болғандар қатарына жатқызьшады, мысалы, маскүнемдік, нашақорлық, заң бүзушылық, қылмыс, қастық, суицид (өзін-өзі өлтіруге бейімділік) секілді теріс әрекеттер түлғаньщ жақсы қасиетгеріне тосқауыл болып, қоғамдьіқ тәртіпке қайшы келеді. Сол себепті заң түрғысынан жазалауға лайық деп есептелінеді. Қоғамдық тәртіптің қалыбынан шығу, ауытқуына қарай төмендегідей сипатгамалар беруге болады:

  • қылмыс түрлері мен сипатына қарай; (мысалы, жазалау және әкімшілік, қүлықтық;)

  • деңгейі және колеміне, немесе масштабына қараи -жеке, үйымдасқан топтық, көпшілік болып бөлінеді;

  • қүрылымына қарай - әлеуметтік топ, балалар, жеткіншектер, қыздар, қылмыстық топтар;

  • қоршаған ортаға байланысты — отбасындағы келісе алмаушылықтан, зорлық пен жәбірлеу, үрьт-соғу, не болмаса өз басына ғана байланысты, мысалы, маскүнемдік, суицид, психикалық ауытқу, үрлық т.б.

Әр түрлі қылмыстың, не қалыптан ауытқудың өзінен-өзі туындамайтыны, олардың барлығының шығу себептерінің бар екендігі және олардың сипатына қарай сыртқы және ішкі себептерге байланысты болатыны белгілі.

Девиация типтері және басты түжырымы. Әлеуметтік педагогиканы зерттеушілер, заңгерлер мен әлеуметтік медицина қызметкерлері, психолог-практиктер мен осы мәселені зерггеуші ғалымдар девиацияны мынадай төрт топқа бөліп қарастырады: дене кемістігі барлар, психикалық ауытқуы байқалғандар, педагогикалық түзетуге жататындар жәнс әлеуметтік қамтамасыз етуді талап ететіндер.

Дене кемшілігі барлар қатарына: туа біткен дене кемшілігі бар, техногенді не болмаса түрмыстық жағдайлардан

мүгедектер қатарына косылғандар, түқым қуалайтын не жук-палы ауруларға үшырағандар, табиги апатгар мен құбылыстар-дың салдарынан денесі не психикасы зақымдалғандар кіреді.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау үйымы 1980 жылы қабылдаған түжырымдаманың британдық варианты бойынша дене кемсітігіне қарай топтастырудың үш түрі бар:

  1. Туа біткен және созылмалы ауруға үшыраған адам-дар - физиологиялық, анатомиялық және психикалық қызметі бүзылып еңбекке жарамсыз болып қалғандар.

  2. Қабілеті шектеулі адамдар - өз алдына іс-әрекетке бара алмайтындар мен кемтарлық нәтижесінде іс-қимылы шектеулі, адамдар (мысалы, бір қолы жоқ, аяғы ақсақ, қүлағы нашар еститіндерт.б.)

  3. Мүгедектер - өз алдына күн көре алмайтын, басқа бір адамдардың көмегіне күнделікті.мүқтаждар.

Бүлардан басқа ақыл-есі, түсіну, сезінулері дамымай қалған, не болмаса іштен осындай кемтарлықпен туғандар психикалық ауытқулары бар адамдар қатарына жатады. Оларды ақыл-ой еңбегіне жарамсыз болғандықтан олигофрендер (грек сөзінен аударғанда олигос — кішкене, френ — ақыл) немесе ақылы кем адамдар деп топтастырады. Оларға жүйке жүйесіне әр түрлі себегггерден зақым келгендер, не болмаса сондай ауытқулармен дүниеге келгендер, жүкдалы аурулардың салдарынан ақыл-есі нашарлагандар, түйсіну, сезіну, қабыл алу, көңіл қою үрдістері шектеліп, ырық-эмоциялық орталыгы зиянға үшырагандар, мысалы, ақылы ауысқандар, аутистер, суициддер, жындану ауруына үшырагандар жатады.

Әлеуметтік көмек мөлшері мен түрлерін анықтау мақса-тында, аурулардыңсипаты, күрделілігі, қажетсіну дәрежесі, мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтап, топтастыру мақсатында диагностикалау жүмыстары үйымдастырылады. Ол үшін мекемелер арасында арнайы комиссия қүрылып, оның қүрамына психолог, медицина қызметкері, әлеуметтік педагог кірген медико-психика-педагогикалық комиссия қүрылады. Мүнда 10 мың балага бір комисся есебінен жүмыс жүргізіледі. Комиссияның басты қызметі балаларды тексеруден өткізіп, даму деңгейін, мүгедектік сипатын, еңбекке жарамдылығын, қажеттіліктерінің сипатын және түрлерін т.б. анықтайды. Осы жүмыстан кейін гана баланың ата-анасы, туысқандарымен кеңесе отырьщ оны әр түрлі мекемелерге орналастыру, әлеуметтік көмек түрі, медициналық, педагогикалық, психологиялық жәрдем беру жолдары қарастырылады.

Осындай балалардың ішінде педагогикалық көмекке мүқтаждар да кездеседі. Олардың қатарына материалдық, жстіспеушіліктен мектспке бармай қалған, оқуға мүмкіндігі болмағандар, білім алу мүмкіндігі жоқ балалар жатады:

Мемлекеттік стандарт бойынша әрбір бала бастауыш мектепке барып білім алуы, оны 9-сыныпқа дейін жалғастыруы, не болмаса мүмкіндігіне қарай 11-12 сыныпқа дейін оқуы ■тиіс. Егер бала 9-сыныптан кейін орта мектепке барғысы кслмесе, онда ол колледж не кәсіптік мектепте оқуы, одан соң жүмыс істеуі керек. Балалар мектепте не басқа да оқу орындарында оқымай қалса, оның себептерін де комиссия зерделеп, окуын қалай жалғастыруға болатынын қарастырады.

Балалардың оқымай қалу себептррі өте коп: сабаққа оздігінен бармай қою, кешігу, үлгере фімауы, оқуға қызық-пауы, үйден, мектептен қашу, жетімдік, киім-кешек жеткіліксіздігі, ата-

анасының теріс өрекеттері секілді көптеген жағдайларды атауға болады. Осындай кемшіліктерді жойып, баланың мектепке баруына көмектесу, әлеуметтік ахуалын жақсартуға жәрдем беру мәселелері жоғарыда көрсетілген комиссияның әлеуметтік-педагогикаЛық іс-өрекеті арқылы шешіледі.

Әлеуметтік проблемалардың туындауына өмір сүру жағдайының болмауы, қоршаған ортага теріс әсері, жүріс-түрыс ережелерін бүзылуынан қогамда және табигатта больщ түратын теріс көріністер мен қүбылыстардьщ әсерін тигізетіні белгілі. Оларды дене кемістігі немесе мүгедек, психикасына зиян келгендер немесе психикалық ауытқулары барлар, педагогикалық және әлеуметтік ауытқулар деп мына кестедегідей топтастыруға болады (7-кесте):

Бүлардан басқа экологиялық ахуалдар мен таби апаттарга душар болғандар, согыс және мемлекеттер м үлтгар, халықтар арасындағы қарама-қайшылықтан туь: әр түрлі қақтығыстар мен лаңкестік пен қаскүнемдіктен шеккен, ерекше түрмыстықжағдайларға үшыраған, колон лар мен түрмелердегі адамдар т.б. әлеуметтік күйзеліс үшырағандардың қатарына қосылады. Өйткені, осы санатт адамдардың барлығы өлеуметтік комек пен қолдауға мүқт Сондықтан әлеуметтік педагогшң жүмыс ауқымы күйзеліс" үшыраған адамдарға көмектесу ғана емес, оларды әр түр қиыншылықтан сақтануға үйрету, алдын алу шараларын жаттықтыру, осындай ахуалдарды түзетуге, қалыбын келтіруге ат салысу, қолдау көрсету болып табылады. Бүл аса маңызды және күрделі жүмыс, өйткені көрсетілге* ахуалдардың салдарынан қалыпты ахуалдан ауытқыған адамдарды қайта қатарға қосу, қалыпты өмір сүруге бейімдеу — өлеуметтік педагогтан жігер, қайрат пен күш, қуатты еҢ^ бастысы терең білімді жөне оны іс жүзінде қолдана алатын * біліктілікті талап етеді. г

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі ТМД елдерінде әлеуметтік педагогика енді ғана қолға алынып, зерттеліп келеді. Алайда бүрынғы кезеңдерде жинақталған өлеуметтік-педагогикалық төжірибелерге негіздей отырып девиацияның туындауына ықпал ететін көптеген факторларды мынадай үш топқа жинақтауга болады. Олар: биогенді, әлеуметтік, жөне психогенді.

Жеке адамның түлға ретіндегі дамуындағы әр түрлі шектеулер, олардың үлкен, кіші болуына қарамастан бүкіл өміріне, қалыптасуына, әлеуметгік ортадағы алатын орнына, күн көріс ахуалдарына ықпал етеді. Бүл мөселелерді медицина, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, әлеуметтану және демография ілімдері зерттейді және оларды реттеу жолдарын қарастырады.

Айталық, ХІХ-ХХ гғ. аралыгында бүл проблемаларды алдымен медицина гылымы зерттеп, өлеуметтік қалыпты ахуалдан ауытқудың басты себебі "денсаулықтың бүзылуы не болмаса ауру болып туғандығы" деп есептеген. Осындай ауру не қалыптан тыс ауытқулармен туган, не белгілі бір жағдайлардың салдарынан күйзеліске үшыраган адамдарды емдеу, өзіне қызмет етуге үйрету, жеңіл-желпі жүмыстарға тартумен қатар, арзан жүмыс күші ретінде пайдалану жолдарын да іздеетірген.

Өткен дәуірде-ақ ауру, не болмаса кемтар, мүгедек адамдарды, өздерін қамтамасыз ете алмайтын және ешнәрсеге жарамсыз болгандыктан мемлекетгің қарауына жонс дені сау ;ідамдардың көмегіне мүқтаж деп санаган. Әлеумсттанушы іалымдар қазіргі кезде мүны әлеуметтік мәселелерді мсдициналық жолмен шсшу моделі ретінде танып-білуде.

Өткен XX гасырдың 60 жылдарынан бастап күйзеліске ■үшыраған адамдарға корсететін комектің медициналық моделінің орнына әлеуметтік моделін қарастыра бастаған. Сондай шаралардың бірі — қабілеттері шектеулі адамдарды топтастырып, өз қүқықтарын қорғайтын үйым қүру жүмыстары болды. Сол сөттен бастап әр түрлі себептермен күйзеліске үшыраған адамдарга дегек көзқарас өзгеріп, олармен қарым-қатынастың сипаты да жаңа деңгейге көтерілді. Мысалы, олардың түрмыстық жағдайын жақсартуға деген үмтылыстарына қойылатын тосқауылдар біртіндеп алынып, олардың қоғамның мүшесі ретінде оз тағдырын шешуге арналған әрекеттері қолдау тауып, мүмкіндігінше комектесу жолға қойыла бастады.

Қазіргі кезде бүл мөселе шешілетін сипатқа ие болды, мысалы, мүндай адамдарга қандай жедел көмек және қолдау қажет екендігін әлеуметтік педагогтар арнайы қүрылған комиссиямен бірлікте шешіп, оның жүзеге асуына ат салысады. Атап айтсақ, олар: отбасына, белгілі бір қауымдастық, адамдар тобы не үлт, бүкіл бір халыққа материалдық, қүлықтық, психологиялық көмек беру, патронаждық. Мүндай комек беру мүқтаждық сипаты, оның шығу себептері т.б. байланысты бір рет немесе бірнеше рет, кейде мерзімді, кейде аракідік болып бірнеше санаттарға бөлінеді. Кейбір жағдайларда оз басына түскен ауыртпалықты отбасы өзі-ақ шешу мүмкіндігіне ие болса, кейбір жағдайларда мемлекеттік үйымдар мен мекемелер арқылы, қүқық қорғау, медицинасыньщ араласуымен шешілсе, кей жағдайларда кәсіби мамандардың ақыл-кеңесі, қолдауы ғана жеткілікті болады.

Жоғарыда келтірілген девиацияға душар болу себептері және оны реттеу, қалыбына келтіру шарттары, т.б. ахуалдар зерделеніп, қалыптан ауытқу теориясы мен түжырымдамасы зерттеліп, ғылыми түрғыда анықтау мүмкіндігі туды. Осының негізінде ауытқулардың биологиялық, психологиялық және әлеуметтік теориясы жасалды.

Девиацияның биологияотық теориясын қуаттайтындар жеке бастың (индивид) қалыптан тыс ауытқуыньщ басты себептері —■ оның туа біткен жеке қүрылымына, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты деседі. Мысалы, XIX ғасырда омір сүрген италиялық дәрігер ЧЛомброзо қылмыстық істерге баратын сщаңдардың дене қүрылысы ерекше болады, айт 'Жылмысқа беишді адамньщ иегі мен жак сүйеп шыгыңқ сақалы сүйық, денесшщ ауырганын сезбейді" деген пікір болтан.

Белгілі америкалық Психолог және дәрігер У.Х.Шелдо девиацияға бейщщ адамның деНесі "салмагы ауыр", "бү еттері ныгыз" және мүсіні "атлетикалық сипагга" бол-деген.

Девиацияның психодогиялық және психикалық түжырымдамасын түзеушшер 0Ңы адамньщ жеке қасиеттерімо байланыстырьш, қалыптаң ауытқуды тек қана адамның ден қүрылысына байланысты деп қарастыруға болмайтын*" дәлелдеуге үмтылған.

Өткен ғасырдың 50 жьілдарында Шуэсслер мен Крессг қылмыскерлердің психикалық ерекшеліктерін анықтауг үмтылганмен, оны нақты, айқынкөрсете алмаган.

Әлеуметтану теориясын жасаушылар девиациялық мінез-қүлықтың паида болуьщ адамның өміріндегі атқаратын міндетгеріне, қогамдагы орны мен рөліне байланысты деп ойлаған. Олар мүны дәлелдеу барысында егер адам әлеуметгікі ортада тиісті орынын ала алмай қалса, онда ол әлеуметке* қарсы әрекеттерге, Қоғамдық тәртіпке қайшы келетін қылықтарга барады, мысалы, үрлық, нашақорлық,; маскүнемдік, үрыс-керІСКе әуес, қырсық, төбелескіш т.б. қылықтарга жақын болады деген пікірге келген. Әлеуметтік психологгар, балалардың бойында мүндай мінез-қүлық кобінесе өзш қорғау, не болмаса жолдастарының назарын өзше тарту, озш басқаларға «көрсету" үшін болған әрекеттерден байқалады, Сөйтіп алғашқы қылмыс үнемі қайталана бергендіктен 0дехке айналып, кейін келе ол кәсіп ретінде қалыптасатының аңықтаған.

Девиациялық мщез-қүдықтың қалыптасуына қоғамдық ортаның әсерш зерггеген француз психологі ЭДюркгейм (1858-1917 ж.ж.) 4анома" теориясын жасаған. Анома — мемлекетгің өз азаматтарынЬІҢ жүріс-түрысын басқара алмай қалуын білдіреді, мысальқ бүрынғы ережелердің маңызы жойылып, жаңасы әлі Жасалып қалыптаспаған жағдайды сипаттайды. "Анома' сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз, қалыпсыз, басқарусыз Деген мағЫна береді. Бүл теория бойынша, қогамның түрақтылыгын қамтамасыз ететін басты фактор ~ ондағы адамдарДьщ береке-бірлігіне байланысты. Зертгеуші психолог галым Э.Дюркгеймнің пайымдауынша ауылды жерде омір сүретін католиктердің арасында суицид аз, ал қалада өмір сүретін протестанттарда бұл көбірек кездеседі деп дәріптейді.

Мүндай жагдайлар бүрынгьг мыгым мемлекст КСРО күйреген кезде де байқалган, мысалы, 1991 — 1994 жылдар аралығында Қазақстандағы ахуалды осыган сәйкес болды деуге болады. Сол кезде мектептегі және басқа да оқу орындарындагы тәрбие жүмыстары дағдарысқа үшырады. Халық арасында үкіметке, болашаққа, өзіне деген сенім азайып, әр түрлі қылмыс коптеп көрініс тапты. Сол себепті халық арасында үрлық, қарақшылық, қорқыныш, үрей, кедейлік, қайыршылық көбейіп, адамдар арасындағы сенім азайып т.б. қалыптан ауытқу көріністері көптеп орын алған.

Әлеуметтанушылар девианттьің ^лғашқы кезеңін мемлекеттегі әлеуметтік-экономиқалық : жагдайга байланысты, бүрынғы "барлығы бірі үшін, бірібарлығы үшін" немесе "барлыгы халық үшін", "еңбек, достық, ниеттестік" деген үгымдардың орнына "барлыгы мен үшін", "тек қана өзім үшін" деген дүниеқорлық, жеке байлық жинау, ақша жинау, өз мәртебесін көтеру деген секілді д үниеқоңыз ниеттер пайда болуымен байланыстырады.

Бүлардан басқа "мәдениеттану" сипатындагы теорияны қолдайтын Селлин, Миллер, Сутер, Леид секілді ғалымдар девиацияның туындау себебін қогамдағы жалпы мөдени нормалармен әлеуметтік топтардың субмәдениегі арасындагы қайшылықтар деп санаған.

Қазіргі кездегі әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар, заңгерлер мен әлеуметтік психологтар және педагогтар девиацияның пайда болуын қогамдық орта мен адамдар арасындагы келісе алмаушылық деп түйіндеуде. Осыған орай девиацияны болдырмаудың басты жолы — адамдардың сана-сезімін, мәдени, рухани деңгейін көтеріп жетілдіру, қүлықтық қүндылықтарды дамыту, әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау, мәміле мен қарым-қатынас мәселелерін реттеу екендігін ескеру.

Жеткіншек балалар арасындагы девиант және оларга олеуметтік-педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындагы девиацияның басты себептерін осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады. Өйткені, жеткіншектер қоғамдағы жақсы-жаман нөрселердің барлыгын лакмус қағазындай өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық жөне жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін "өтпелі", "түрақсыз", "күрделі" дейді. Себебі бүл кезең баланың ересектер қатарына қосылу алдындагы жетілу, өсу, есею, "бойжету" шагы, анатомиялық және фи mouoi и ялы к, психологиялық дамуы, әлеуметтік .іхуилмнмн өзгеруімсн сипатталады.

Рсссйлік психолог ғалымдар Д.Б.Элконин мен Т.В.Дра-гуновалар жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін өзін ересек адам ретінде сезінуге, дене бітімінің өзгсрістерін байқауына, қоршаған орта туралы танымының артуына, қызығуының сан алуан болуына байланысты деген. Сонымен қатар бүл кезең олардың озіндік "мен" түжырымы-ның қалыптаса бастауымен де тығыз байланысты деп қарастырады. Осындай өсу кезеңінің күрделі қүбылыстарын бастан кешу үстінде олардың психикасы "кінәмшіл" келеді. Сонымен қатар осы жастағы балалар қоршаған әлеуметтік орта, ата-анасы, туысқандары, мектептегі қүрбылары, өзін қоршаган эр түрлі адамдармен қарым-қатынасқа түсіп, әлеуметтік ортамен араласу үрдісіне енеді. Жеткіншек жастағы балалардың octi жөне басқа да ерекшеліктерін ескере огырып, ересек адамдар оларды бала ретінде емес, озімен тең қүқықтағы адам ретінде қабылдап, дүрыс пайымдауы баланың әр түрлі проблемаларын кеңесе, сойлесе отыйып шешуі тиіс. Жеткіншек жастағы балалар өмір тәжірбиесінің жеткіліксіздігіне қарамастан отбасындағы жақын адамдардың ақыл-кеңесінен гөрі қүрбыларының, жолдастарының пікірімен көбірек санасады жөне соны ескереді, оларға еліктейді. Олар үшін мектептегі сыныптастары мен сабақтан тыс уақытта араласатын жолдастары, бірігіп спорт ойындарымен шүғылданатын, үйірмеге бірге қатысатын, ауладағы қүрбыларының қарым-қатынасы маңызды. Олар ата-анасының қадағалауынан қүтылып, қүрбыларының кеңілінен щығу, ересектерге бағынудан босап, еркін қимылдап, өз алдына өмір сүруді қалайды. Мүндай жағдайлар кейде келеңсіздіктерге әкеліп, жаман жолга түсіп кету, қүрбыларының жетегінде кету секілді теріс әрекеттерге соқтырады.

Жасоспірім балалардың сезімталдығы мен еліктегіштігі, әсерленгіштігі оларды атақты ересек адамдардың, кинодагы ер жүрек, қайратты да батыл бейнелердін іс-әрекетін үлгі түту секілді жақсы істерге жетелеумен бірге, кей жағдайларда теріс әрекеттерге де итермелеуі мүмкін. Осы жастагы балаларды олардың іс-әрекетімен бірге, сыртқы түр-сипаты, шаш қоюы, киім үлгісі мен киінуі, әшекей бүйымдарды тағуы, бояңуы т.б. қызықтырып, соларға еліктеу арқылы басқалардан ерекшеленуге үмтылысы ылғи да орынды бола бермейді.

Жеткіңшек жастм-ы балалардың ырық-эмоциясы да қоршаған орта мен оңдағы жағдайларга байланысты қалып­тасады. Әсіресс. қазіргі ксзде бүған музыканың ықпаіы ерекше. Психолог Б.Г.Ананьев, жеткіншсктердің музыкага билеуі, оның ыргагына қарай қимылдауы олардың жүріс-түрысының сезім арқылы қалыптасуына ықпал ететінін айтқан. Ал олардың оқута ынтасы, білім-гылымга қызығуы мүгалімнің түсіндіруіне, қарым-қатынасының әділ де сенімділігіне байланысты дамиды. Сонымен бірге жеткіншек жастағы балалардың қызыгуы жылдам алмасып, ижақсы", "жаман" туралы түсініктерінің өзгеріп түруына байланысты эмоциялық жетілуі әлі түрақтанбағандықтан, олардың сезімі үнеміжақсы қасиеттерге ие бола бермейді.

Бүдан басқа, отбасындағы психологиялық түрақсыздық пен мәдени деңгейінің төмендігі балаға авторитарлы қарым-қатынас, немқүрайдылық, береке-бірліктіңжоғы не болмаса шектен тыс еркелету, жеткіншектің төртіпке мойынсынбауы, ересектерді тындамауы секілді тентектікке алып келеді.

Жеткіншектердің жүріс-түрысы мен мінез-қүлыгындағы ызақорлығы, әсерленгіш (аффектілігі) немесе ойланбастан жігерлі қимылға баруына итермелейтін психологиялық ахуал, көп жағдайда қажеттіліктерінің қанағаттанбауы, жүйке жүйе-леріндегі қозгалу үрдістерінің жылдамдығы, отбасы мен мектеп тЪрбиесіндегі қателіктер, өлеуметтік ахуалдың нашарлыгы секілді көптеген себептер оларды жаман жолға итермелейді.

Жеткіншек жастағы балалардың ақылы толмаған, өмір тәжірбиесі жоқ, бірақ сезімі мен әсерленгіштігінің күппі болуы себепті көп жагдайда алды-артьщ ойланбастан қатерлі істерге баруы девиантты мінез-қүлық деп аталады. Отбасындағы төрбиеге бағынбай "бетімен кеткен" не болмаса, қоғамдық жүріс-түрыс нормаларын бүзуы, қиқарлық, қырсықтану, әлеуметтік ережелерді сақтамайтын балалар девианттыққа жылдам беріледі. Девиациялы мінездің пайда болуына олардың өзін басқаруға ақылының жетпегені және көбінесе сезім жетегінде кетуі, өзін-озі төрбиелеу ниетінің қалып-таспауы, ырық-эмоциясын дүрыс багалай алмауьі, ^тідылық-тарды ажырата алмауьі секілі көптеген ішкі факторлар эсер етеді. Сондықтан жаңа қальттасып келе жатқан өсіп-жетілу кезеңінде олармен дүрыс қарым-қатынас орнату, жеке және жас ерекшеліктерін ескеру, оларга сенім арту, ішкі жан дүниесін түсіну жолдарын қарастыру, мүддесі мен қажеттілікгерін дүрыс пайымдау аса маңызды.

Жалпы балалардың девиантқа душар болу себептерін зерделей келе төмендегідей топтастыруға болады:

- мсктепте оқуға мүмкіндігі болмай қалған мектеп жасындағы балалар;

— табиги және әлеуметтік жетімдер;

- ата-ананың қарауынсыз қалған балалар;

— отбасындағы әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен: кедей үйден қашқан балалар, ата-аналық қүқыгынан айырылғандардың балалары т.б.;

  • нашақор жөне улы заттарды пайдаланатьшдар;

  • қүқық жөне төртіп бүзатындар;

  • қылмыстық іске барғандар т.б.

Балалардың жалпы өсіп-жетілуіне ықпал ететін басты факторларды біз жоғарыда атап өткен едік. Енді олардың бала мінез-қүлқының қалыптасуына тигізетін әсерін әлеуметтік-педагогикальіқ мөселе түрғысынан қарастырамыз. Олардың сипатын қысқаша былай көрсетуге болады:

1. Баланың анатомиялық және физиологиялық дамуы талапқа сай келмейтін жағдайларда өтсе, оның өлеуметтенуі күрделенеді. Бүл түптеп келгенде баланың мынадай биологиялық факторларьша байланысты:

  • түқым қуалайтын жәңе гендік кодтардың берілуі мен дамып қалыптасуы — ес, зейін, ақылы дамуьшың кешеуілдеуі, не дамымай қалуы, көру, есту қабілеттерінің нашарлығы не болмауы, дене мүшелерінің кемтарлығы не болмаса мүгедек-тігі, жүйке жүйелерінің әлсіздігі мен ондағы ауыгқулар т.б. Баланың мүндай кемшіліктерімен дүниеге келуіне түқым қуалайтын аурулармен қатар, бала шарана (пернатальный) кезінде анасының дүрыс азықтанбауы, денсаулығының нашарлығы, түрмыс ахуалының нашарлызы, гигаена-санигарлық тазалықты сақтамауына т.б. көптеген факторларға байланысты;

  • қоршаған ортаның ластануы, улы химиялық зат-тардың, түтін, бу т.б. таралуы, ауа мен судың ластануы, азық-түліктің химиялық тыңайтқыштар мен әр түрлі қоспалармен шектен тыс қүнарлануы және басқалардың адамның тыныс алу жолдарына, ішкі ағзаларына теріс әсері, тері, бүлшық-еттерінің әр түрлі ауруларға душар болуына, сүйегінің қалыптасуына зақым келтіруі, олардың қимыл-әрекетінің бүзылуына алып келуі;

  • физиологиялық немесе дене мүшелерінің кемшілігі — мүгедек не болмаса кемтарлық, физиологиялық жақтан жетілмеуі себепті тіл мүкістігі не мылқау, саңырау немесе нашар естуі, көзінің загаптануы баланың басқалармен қарым-қатынасына нүқсан келтіреді, бүл өз кезегінде оның әлеуметтенуіне, қоғамның толық сипаттағы мүшесі болуына кедергі болады.

2. Психологиялық факторлар: жүйке жүйелерінің қозу жоне тсжеу үрдістерінің әлсіздігі, мінез-қүлқының жылдам бүзылуы, психопатия, невростения, шизофрения секілді басқа да психикалық аурулардың болуы, психиатриялық не дәрігерлік көмекке мүқтаждық. Балалар арасында жасоспірім кезеңінде психикалық дамудың екі үрдісі байқалаДьг. бірі, өзі өмір сүрген ортадан оқшаулануы, басқалармен араласуға зауқының соқпауы, көпшіліктен қашқалақтауы. Бүл отбасында балаға көңіл болудің жетюліксіздігі, ата-анасының балаға мөн бермеуінен, мейірімнің жеткіліксіздігі, отбасы жылуын сезінбеуінен, түсіністіктің боймауынан туындайды. Мүндайда бала жанын түсінётін ортдны басқа жақтан -даладан, жат адамдар мен қүрбьшарынан іздейді. Сол себепті бала әр түрлі топтарға кіріп ондағы көсемдердің айтқанын екі етпей орындауға, бағынуға мөжбүр болса, кейде ол өзі көсем болып өзінен әлсіздерді бағындырады, күш көрсетеді, айтқанын істетеді. Екіншісі — баланың өзі өмір сүрген ортаға бейімделуі, онда күнелтуге үйренуі.

3. Әлеуметтік-педагогикалық фактор: мектептегі, отбасьш-дағы, қоғамдағы төрбиенің қателіктері мен кемшілігі, баланың жеке жөне жас ерекшелікгерінің ескерілмеуі, білім алуға қызықпауы және үлгерімінің нашарлығы, отбасында сабаққа даярлануға мүмкіндігінің болмауы оқуға бейім-делмеуіне (дезадаптация) себеп болаДы.

Оқуға бейімделмеуіне бірнеше пәнді меңгере алмауы, мүғалімдермен келісе алмауы, отбасында білім алуға мүмкіндіктің болмауы, ата-ананың немқүрайдылығы, сабақ үйымдастыруда әр баланың жеке ерекшеліктерін ескермеу секілді жағдайлар себеп болады. Оқудағы қиыншылықтар балаларды тәртіп бүзуға, сабақтан қалуға, сыныптастары жөне үстаздарымен келісе алмауына алып келеді. Сол себепті ол өзін түсінетін адамдарды іздеп мектептен қашып, әр түрлі топтарға кіреді. Сол топ немен шүғылданса ол да соған бейімделіп қылмысқа баруға мәжбүр болады.

  1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Қоғамдағы адам қүқықтарыньщ бүзылуы мен әділетсіздік, адамдар арасындагы материалдық-экономикалық айырмашылық, жалпы көгшіілік халықтың кедейленуі, еңбекақының жеткіліксіздігі, жүмыс-сыздық пен инфляция, әлеуметтік және экономикалық ахуалдың нашарлауы да девиантты мінез-қүлықтың туын-дауына алып келеді.

  2. Қүлықтық-әдеп факторлары. Қоғамдағы адамдардың жүріс-түрыс мәдениетінің төмендеуі мен көпшілік ортада өмір сүру ережелерінің сақталмауы, қүлықтық-әдеп қүндылықтарының жоғалуы, ізгілік пен мейірім,

қылмысты жолмен ақша табу секілді істерге барады. Сөйтіп, жастар арасында оңай жолмен ақща табу, масылдық, қарақшылық, үрлық, тонау, заңсыз саудаға араласу, адам өлтіру, зорлық секілді істер етек алады.

Жасөспірім кезеңінің ерекшелігі, олардың девиантқа үшырау себептерінің көптігі, ой-санасының жетілмеуі секілді факторларды есекере отырып, әлеуметтік-педагогикалық жүмыстарды үйымдастыру ВДеуметгік-психолог, заңгер, медицина қызметкері, өлеуметтік-педагогтың міндетіне жатады.

Осындай девиантты жүріс-түрыс пен мінез-қүлыққа душар болған балалармен жүмыс түрі мен технологиясы -алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдсу болып бөлінеді.

1. Алдын алу немесе профилактика технологиясы -мемлекеттік, қогамдық, өлеуметтік-медициналық іс-шаралардың тоғысқан жиынтыгы. Бүл жүмыс баланың қалыптан шығу себептерін зерделеу, оның туьщдау себептерін танып-білу, оны болдырмау, ескерту жөне ақыл-кеңес беру, сол себептерді жоюға арналған іс-шаралар жүйесін жүзеге асырудан түрады. Осыган орай мынадай едістер жүйесін пайдалануға болады: кең көлемді мөлімет беру, түсіндіру, өщімелесу, БАҚ қүралдарьш, кино, театр секілді қүралдардьі тиімді пайдалану; әлеуметтік оқыту жүйесі арқылы балаларға жүріс-түрыс ережелерш түсшдіру; заң қызметкерлерімен кездесулер үйымдастыру; жалпы білімің мәдениетін көтеру; қүқығы және міндеттері, парыз, қарыз туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау. Қазіргі кезде кең таралып келе жатқан төрбие мен оқытудың жаңа технологиясын пайдалану. Бүлардан басқа, өлеуметгік қолдау шараларын үйымдастыру. Мүнда девиантты мінез-қүдық себептерін танып-білу арқылы оны жоюга, тыйьщ салуга, тоқтатуга, қогамдық іс-шараларды үйымдастыруға жэрдем беру жүмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, медициналық көмек корсету - баланың психикасын зерттеу, емдеуге мүқтаж балаларды ауруханаларга, психиатриялық емханаларга, тәлім-тәрбие орындарына жайғастыру, отбасына осындай баланы торбиелеу, бағу бойынша кеңес беру.

Әлеуметтік-педагогикалык комек үйымдастыруда оның түзету және бейімдсу, ырық-эмоциясын торбиелеуге арналган әдіс-тәсілдерін қолдану:

— баланы қолымен істегенін мойнымен котеруге тәрбиелеу;

— жүріс-түрысын басқаруға үйрету;

— жаман істер мен қыльіқтарга барудан өзін тыя білуге және сақтаңуға тәрбиелеу;

— оз білімін багалап, қабілеттері мен бойындагы мүмкіндіктерін керекті істерге жүмсауға тәрбиелеу;

— өмірің жоспарлап, қүнды мақсаттар қоюға, оларды жүзеге асыруға үмтылуға баулу — өлеуметтік-педагогикалық алдын-алу шаралары болып саналады. \

2. Бейімдеу немесе қатарға қосу дегеніміз — әр түрлі себептермең қалыптан ауытқыган балаларды қоғамдық ортаға қайтарып және пайдалы еңбекке тартып, оқып, білім алуга белсенді арадастыру арқылы оның бүрынғы теріс әркеттерін бойынан аластау.

Бейімдеудің бірнеше түрі бар. Олар — медициналық, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, көсіпке тарту қандай мамандық беру және түрмыс-тіршілікке белсенді араластыру арқылы қалыпты өмірге қайтару.

Медициналық жолмен бейімдеу - балалардаң денсаулығын нығайту, хирургиялық, артапедиялық түрғыдан емдеу т.б. типтегі көмек беру.

Психологиялық жолмен бейімдеу — баланың сана-сезімінде терең орын алып қалган "менің ешкімге қажетім жоқ", "менің қолымнан ешнәрсе келмейді" деген ойдан арылтып, ақыл-кеңес беру, иландыру жолымен өзіне деген сенімін арттыру.

Кәсіп не мамандық арқылы бейімдеу — баланың белгілі бір кәсіпке ие болуына, мамандық алуына жағдай жасап, одан соң жүмысқа орналасуына комектесу.

Әлеуметгік бейімдеу — баланың қОғамдық оргамен тез араласып, қоғамда өз орнын табуы, басқалармен белсеңді қарым-қатынас орнатуымен қатар, олардьщ оз қүқықтарын қоргап лайықты омір сүруіне шарт түзу. Баланы жаман іс-әрекеттен сақтау талаптары:

— қараусыз, көшеде қащырьш қалудан сақтау;

  • егер түрмыстық жағдайы ауыр не күрделі болса оны жеңілдетуге көмектесу;

  • өзі қатарлы қүрбыларымен тез тіл табысып, достық қарым-қатынас орнату;

— отбасымен бірге болу;

~ бап>ш-қағу,бакьшаужүмьістарьшүйьімдастьіру;

  • білім алуын, жүмыс істеуін, еңбек ақысын толык жоне уақытында алуын қадағалау;

  • өмірде өз орнын табуға, түрмыстық жағдайын жақсартуга көмектесу;

Қорыта келгенде, әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу үш кезеңнен тұрады: диагностикалау, бейімдеу бағдарламасын түзеу және оны жүзеге асыру, бейімдеу жүмыстарынан кейінгі балаға қолдау көрсету.

Диагностикалау арқылы баланың қалыптан ауытқу себептері мен салдары, оның сипаты мен дәрежесі, ырық-эмоциясы, мінез-қүлқы, адамдық қасиет, қабілеті мен мүмкіндіктері, денсаулыгы және баеқалар анықталады.

Бейімдеу багдарламасы баламен жеке жүмыс істеу, дүрыс жүріс-түрысқа үйрету, басқалармен қарым-қатынас орнатып, үйірсектікке бейімдеу жолдарын қарастыру.

Бейімдеу жүмыстары төмамдалган соң жүргізілетін жүмыстар: отбасымен қосылуы және қүрбыларымен араласуға, қарым-қатынас орнатуга, қогамдық ортада өзін жақсы сезуге патронаждық міндетін өтеп, егер бір келіспеушілік туындап қалса оны қалыбына келтіруге көмектесу жүмыстары жүргізіледі.