Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

1.4. Әлеуметтік педагог мамандарын даярлау жүйесі

Әлеуметтік педагог даярлауды қолға алу 80- жылдардың ортаснда жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру және демократияландыру мақсатында бастаған реформалар тұсында жүзеге аса бастаған болатын. Адамдардың жан жақты және көп деңгейлі білім алуын оны ары қарай дамыту және сапасын көтеру үшін үздіксіз білім берудің моделі түзілген: белгілі бір кәсіби білімді меңгеру және болашақ мамандыққа бағдарлау сыныптары, кәсіби білім алуға даярлау мекемелері, бастаушы, орта және жоғары білім беретін орындар, жоғары оқу орындарынан кейінгі білім жетілдіру орындары (аспирантура, докторантура) қызмет істеді.

Біздің елімізде 90- жылдарға дейін бір деңгейді (моно) жоғары білім беру жүйесі ғана болған еді. Адам таңдап алған кәсібі бойынша жоғары оқу орнында толық білім алып, дипломы бар маман болып, жұмысқа орналасады. Ал 90- жылдардың ортасында көп деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру жүйесі жұмыс істей бастады. Соның негізінде адам бір ғана кәсіп емес , бірнеше кәсіпті қамтитын белгілі бір бағыт бойынша (техника, өндіріс, мәдениет, өнер, гуманитарлы т.б.) жоғары білім алатын болды. Ол екі деңгейде жүргізіледі: жоғары кәсіп иесі- бакалавр және магистр дәрежесі. Қазіргі кезде аталған екі кәсіптік жүйеге кәсіби жоғары толық білім алу енгізіліп мемлекеттік білім алу стандартында белгіленіп, мамандық беретін бакалавриат және магистратура болып бір жүйеде жаңаша қызмет істеуде.

«Педагогика» ілімі бойынша жалпы бағытта мектепке дейінгі, бастауыш білім және түзету педагогикасымен қатар әлеуметтік педагогикада қарастырылған осының негізінде түзілген бағдарлама бес бөлімнен тұрады:

  1. Жалпы білім беретін көзқарасын қалыптастыратын мамандық және ғылыми қызметтер бойынша мағлұматтар беретін;

  2. Философия, әлеуметтану, мәдениеттану (мәдени, діни, құқық т.б.) ғылымдарының негіздері бойынша меңгерту;

  3. Медицина және биология ғылымдарының негізінде (валеология, тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері т.б.) білім беру;

  4. Педагогика- психология ғылымдары (жалпы педагогика, әлеуметтік педагогика, психология, жасөспірімдер психологиясы, әлеуметтік психология т.б.) бойынша білім беру;

  5. Маманданған және әлеуметтік педагогикалық іс әрекеттер бойынша кәсіби білім беру;

Көп деңгейлі жүйе бойынша, жоғары білімнің бірінші сатысында бакалавриат дәрежесін алу үшін жалпы мәдениет педагогика психология, медицина, биология салаларын төрт жыл меңгеру керек. Оқу мерзімі аяқталған кезде жиынтық аттесттациялау емтихандары өткізіліп, « бакалавр» деген дәрежені куәландыратын диплом береді.

4-сурет. Әлеуметтік педагогтарды даярлау жүйесі

Екінші сатыдағы магистратура мерзімі екі жжыл болады және көбінесе ғылыми зерттеу, ғылыми педагогикалық практикадан өткізу арқылы жүзеге асырылады. Оқу жылының аяғында магистрлік диссертация қорғап, «магистр» деген ғылыми дәреже берілген диплом тапсырылады. Бұл екі жүйе бірдей тең дәрежеде жүргізіліп, оқу мерзімі алты жылға созылады.

Ал оқу мерзімі бес жылға созылатын кәсіптік білімнің бағдарламасы өзгеше. Онда жоғарыда келтірілген білімнің бес саласы ескеріледі. Оқу мерзімі аяқталғанда мемелекеттік атесттаттация өткізіліп «әлеуметтік педагог» деген кіәсіптік диплом беріледі.

Білім берудің бұл үш сатысы да бірдей жоғары білім болып саналады, өйткені олар бірін бірі толықтырып тұрады. Оның үлгісін мына суреттен көруге болатын (4-сурет ).

Суретте көрсетілгендей бұл үш сатының алғашқы екеуі базалық білім беру болып есептелінеді және оны бітіргендер жоғары оқу орындарына түсіп, оқуын жалғастырады. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында бакалар жне магистратура бөлімдері бар. Кейбір жоғары оқу орындарында магистратура бір жыл, ал кейбіреулерінде екі жыл мерзімді қамтиды. Ал

5-сурет. Жоғары білім сатылары

әлеуметтік педагог маманын даярлайтын оқу орындары, әсіресе педагогика институтында бакалавриаттан кейін магистратура екі жыл оқытылады, ал білімін адам әрі қарай жалғастыру әркімнің өз еркінде.

Мамандыққа даярлайтын екінші саты әлеуметтік педагогикалық және әлеуметтік қызмет атқаратын «Әлеуметтік педагог» мамндығын дайындайды.

Магистратура (III саты) ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жоғары және орта оқу орындарында паедагог болып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бакалавр (I саты) бөлімінің бітірген түлектер таңдап алған мамандығы бойынша жұмыс істеп, білімнің одан әрі қарай кәсіби бағытта жалғастырып, «әлеуметтік педагог» атты мамандыққа ие болады не болмаса магистратурада оқып, ғылыми жұмыспен айналысады, не жоғары оқу орындарында жұмыс істей алады.

Осындай үздіксіз білім беру жүйесі үш деңгей бойынша шәкірттердің өз қалауымен білім алуын қамтамасыз етеді. Бұндай көп сатылы білім беру жүйесі студенттердің әр түрлі деңгейде білім алып, бірнеше мемлекеттік куәлік (сертификат) алуына мүмкіндік туғызады. Бұл жұйе бойынша студент екі жыл оқығаннан кейін таңдап алған мамандығын, факультетін ауыстыруға немесе басқа оқу орнында білім алуына болады.

Қазіргі кезде негізгі мамандыққа қосымша бірнеше мамандық беруге мемлекеттік стандартта қарастырылған. Осы тұрғыда алып қарағанда қазір мектепте әлеуметтік педагог міндетін атқарып жүрген, бірақ, әлеуметтік педагогикалық дайындығы жоқ тұлғалар осы стандарт негізінде екінші мамандық алуына болады. Сонымен бірге педагогикалық оқу орындарында пән мұғалімдеріне қосымша «әлеуметтік педагог» мамандығын беру де қолға алынуы керек. Бұны бір ұтымды тосу, мектепте әлеуметтік педагог маманы жоқ ауыл мектептерінде) солай болса, жас маманның осы қызметті атқаруына болады.

Үздіксіз білім беру жүйесінде білім жетілдіру және қайта даярлау жұмыстары негізгі орында тұр. Әсіресе қазіргідей өтпелі кезең мен әлеуметтік педагогикалық жұмысқа мұқтаждық көбейіп отырған кезде бұл жұмыстың қажеттілігі артуда. Елімізде әр түрлі себептермен жан дүниес ікүйзеліске ұшыраған не болмаса т ехногенді, экологиялық, тұқым қуалаушылық секілді себептермен созылмалы ауруға ұшырағандар, мүгедек т.б. балалар мен жастар, ересек адамдар қатары саны күннен күнге көбеймесе, азайған жоқ.Сондықтан жалпы педагогикалық және әлеуметтік педагогикалық жұмыстың артуы, көмекке мұқтаж адамдарға қызмет көрсету қарекетінен туындауы осындай кәсіп иелері мен мамандарды даярлау, бөлімін жетілдіру жұмыстарын түбегейлі жүргізуді талап етеді. Үздіксіз білім беру жүйесі білім берудің жаңа моделіне өтуіне байланысты жоғары оқу орында қосымша мамандық беруде көздеп отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес білім сатылары бірін бірі толықтыратын бір тұтас бес сатыдан тұрады:

  1. Жоғары оқу орнына түскенге дейінгі мұғаліс мамандығын, соның ішінде 12 жылдық білім беру жүйесіне мұғалім даярлау;

  2. Он екі жылдық білімнен соң педагогикалық коледждерде қабылдап, ал педагогикалық жоғары оқу орнына 3- курстан кейін түсуге мүмкіндік туғызу;

  3. Жоғары базалық педагогикалық білім.

  4. Жоғары оқу орнын тамадағаннан кейінгі білім: бағдарлы магистратура (1,2 жылдық) және доктарантура (3 жылдық).

  5. Педагог мамандарын қайта даярлау және білімін жетілдіру жүйесі. Келтірген үздіксіз білім беру жүйесінде арнайы әлеуметік педагог мамандары туралы бөле жарып айтылмағанымен ол педагогикалық білім жүйесіне енеді. Сол себепті педагогикалық коледждер мен он екі жылдық мектептерге мамандыққа бағдарлауда осы әлеуметтік педагог мамандығын ескеру қажет. Өйткені, орта білім беретін оқу орындары, коледж кәсіптік білім мекемелері, жоғары оқу орындары тағы басқада оқу тәрбие мекемелеріндегі оқушылар арасында әлнеуметтік мәселелердің күн сайын арта түсуіне қарамастан осы мамандыққа қажетті дәрежеде мән берілмей келеді.

Болашақта жалпы білім беретін, он екі жылдық мектептің кәсіптік бағдар беру бөлімінде жалпы және әлеуметтік педагогика білімін қалыптастыру мәселесі арнайы бағдарламаны, оларды оқытатынарнайы маман даярлауды қажет етеді. Сонымен бірге қазіргі таңда педагогикалық коледждерде осы мамандыққа аса мән берілмей келеді.

Әлеуметтік педагогиканың ерекшеліктері мен күрделі

тұстарын ескеретін болсақ, оның білім беру ауқымы жалпы педагогалық білімнен әлдеқайда кең және біліктілік көлемі сабақ берүді ғана қарастырумен шектелмейтінін, онда практиқалық іс әрекеттің аса құрамды бөлігі бір дәрежеде қалыптасқанын ескеру қажет.

Әсіресе қазіргідей өтпелі кезеңде әлеуметтік жақтан қорғауға,мұқтаж адамдармен жұмыс істейтін педагогтардың, психолог мамандардын және басқа да қызметкерлердің жетіспеуне байланысты оларды жақын арада даярлау, не болмаса осы жаңа кәсіпке ие болуна көмектесу осы күнгі педагогтардың алдына қойған басты талабы болып отыр.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтарды даярлау жүмысы Қарағанды универсететінде,Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының арнайы бөлімдерінде қолға алынған.Жыл сайын осы мамандық бойынша сыртай оқу бөліміне де студенттер қабылдануда.Осыған орай Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2002-2004 оқу жылында «Әлеуметтікпедагогика» мамандығы боиынша магистура жүмыс істеп,оны тамандаған түлектері аса маңызды меккемелдерде қызмет істеуде.

Білім тексеру сұрақтары:

  1. Әлеуметтік педагогика деген не

  2. Әлеуметтік педагогиканың қандай санаттары бар

  3. Әлеуметтік педагогиканың мақсаты мен қызметін анықтаңыздар.

  4. Осы ілімнің ұстанымдарын атап көрсетіңіздер

  5. Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізін нелер құрайды

  6. Әлеуметтік педагог пен мұғалімнің іс әрекетінің қандай айырмашылығы бар

  7. Әлеуметтік педагогтың іс әрекет ауқымына сипаттаулар.

  8. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық сапаларын атаңыз.

  9. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік білімін және әдістерін біліңдер.

Екінші тарау. ӘЛЕУМЕТТІК -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ -ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ