Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

4.1. Дарынды баламен әлеуметтік-педагогикалық жүмыс ерекшелігі

Дарынды және ерекше қабілетті балаларды оқытып, тәрбиелеу қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүл — мектепте мүғалімді, отбасында ата-ананы және дарынды баланың өзін мазалайтын ерекшелік. Мүндай болуының себебі алдымен оны дер кезінде жыға тану қиын, өйткені баланың қабілетті екенін барлық адам бірден байқамайды. Ал егер оны таныған күнде одан соң сол дарынның орнын тауып дамыту, қоғамның керегіне, баланың өзінің бас пайдасына жаратуына жағдай жасау маңызды. Іштен "қозғап", "түрткі беріп" түрған психикалық ерекшеліктің не нәрсеге жетелеп, қайда апарып соқтырарын ешкім дөп басып айта алмайды. Дарынды баланың өзі және оны қоршаған ересектерді мазалайтын басты сүрақтар: дарындылық сипаты мен дәрежесі қандай және ол қай бағытта қандай жүмыс түрлері оны жетістіктерге алып келеді? Бала өзінің қабілетін қай салаға бағыттауы керек? Баланың өзі соны біле ме және білсе оның ойында не бар? Мүндай ерекшелігі бар баланы қабілетті немесе дарынды деп қарастыруға болады. Қабілет — түлғаны ерекше жетістіктерге алып келетін жеке психикалық сапа. Қабілеттің белгілі бір лс-әрекет түрінде нақты байқалуы түлғаның жеке ерекшелігі болып табылады. Қабілеттілік бір ғана бағытта емес көп қырлы болуы мүмкін, сол себепті "егер адам бір нәрсеге қабілетті болса, барлығына қабілетті" деген сөз бар. Ондай адамдар көп жағдайда кез келген істі табысты атқарып игілікке жету мүмкіндігіне ие. Олар кәсіпті жақсы меңгереді, білімі мықты, еңбегі нәтижелі болады. Олардың көп қырлы қабілеті істің "көзін табуға", кез келген ахуалдан шығармашылықпен жол табуға, болжауға және іс жүзінде табысқа жетуіне көмектеседі.

Ғылыми зсрттеулер мен түрмыстық тәжірибе көрссткендей, қабілет бір ғана іс-әрекетте, мысалы, оқу, ойын, еңбекте байқалып, туа біткен нышандармен ғана түйыкталмастан, адамньщ жеке түлғалық сапаларына қызығу, өзін-өзі бағалау, мақсаттылық, т.б. байланысты байқалады. Бірдей жағдайда туып-өскен адамдардың, тіпті бір отбасының балаларының өр түрлі қабілеттер болғандықтан жетістіктері де әр түрлі болады. Мүның себебі, қабілеттіліктің дамуы әр түрлі істерден көрінеді, мысалы, кей бала математиканы жақсы меңгерсе, кейбіреулері спортқа, не музыкаға қабілетті, ал кейбірлері нақты ғылымдардан гөрі ізшікті пәндерге қүштар. Кеңес одағының психолог ғалымІдары В.А Кру-тецикий балалардың математикаға қабілетін, Б.М.Теплов музыкалық қабілетін, В.И.Киреенко көркемсуретке байланысты қабілетті т.б зерттеген. Арнайы қабілеттерден басқа жалпы қабілеттілік деген үғым бар, олар: ақыл-ой қабілеті, қабыл алу, елестету, көрегендік, ырық-эмоция т.б.

Зерттеуші психолог Б.М.Теплов "жалпы қабілеттілік дарындылыққа алып келетін аса мағыналы сапаларға жатады" деген. Мысалы, белгілі жазушалар, ақындар, музыканттар, суретшілер жан-жақты дамыган, өр нәрсеге қабілетті адамдар болған. Айталық, Әбу Насыр эл-Фараби - музыкант, аспап жасаушы ұста, ақын, философ, математик, физик, химик; Абай Қүнанбаев — ақын, философ, музыкант, үстаз; Леонардо да Винчи — суретші, химик, конструктор, физик, ақын; қазақ ақын-жыраулары шешен, әнші, музыкант, қоғам қайраткері, жауынгер; Махамбет Өтемісүлы — күйші, ақын, қолбасшы, ойшыл; Асан қайғы мен Қорқыт ата, олардың ізбасары Ықылас - көріпкел, философ, музыкант, ақын болтан. Белтілі композитор Ф.Шопен актер, суретші, ақын болтан. Мүндай мысалдарды шексіз келтіруге болады. Адамның жеке дарынының осуіне жалпы қабілеттерінің дамуы негіз болады. Ал ата-анадан тек арқылы берілетін туа біткен нышандарды' арнайы дамытпаса, ол белгілі бір жас кезеңінен кейін мүлде тоқтап немесе жойылып кетеді, мысалы, әкесі не шешесі әнші, суретші болса баланы музыкаға, сурет салуға, ән айтуға үйретсе нышандары дамып, дарыны арта түседі, ал үйретпеген жагдайда, оның дамуы тоқтап қалады. Демек, қабілет іс-өрекет арқылы дамиды. Бүл адамды ең жоғары дөрежедс косіпқой болуга, үлкен игіліктерге қол жеткізуге, сый-қүрмстке кенелуіне алып келеді.

Түлганың туа бітксн ерекшеліктері дами келе, белгілі бір іс-әрекет түріндс байқалса оны "дарьш" дейді. Баланың дарынды екснін белгілі бір іске қабілетін дамуына, соған байланысты білім, білік, дағдыларды табысты меңгеруіне қарап анықтауға болады.

Көп жагдайда дарын кіші жастан байқалады. Егер сол кезден бастап дамыса, ол игіліктерге алып келетіні белгілі. Алайда кешеуілдеп дамитын дарындар да болады, мысалы, композитор А.Хачатурян 19 жасында музыкалық сауатын ашқан. Кейде баланың бойында бар нышандар даму таппай жойылып кетеді. Оның себептері өте көп. Сондықтан, көптеген дарынды адамдардың әр түрлі түрмыс ахуалдары мен шарттардың ықпалымен қабілетін дамыта алмай қалғаны да кездеседі.

Қабілет адамның нашар жақтарының көрініп қалуына да себеп болады, мысалы, кейбір дарынды адамдар басқаларды өзінен кем санап, менсінбей, төкаппар мінез танытады. Ал кейбір жағдайда қабілеті жеткілікті болмаса да, тынбай еңбектену нәтижесінде айтарлықтай игіліктерге қол жеткізе алады. Кейбір жан-жақты қабілетті адамдар жалқаулық, қүнтсыздық, оңай жолмен пайда табу жолын іздеп өз қабілетін дамыта алмай қалады.

Белгілі орыс композиторы П.ИЛайковский жалықпай, талмай еңбектеніп, қол жеткен табыстарына қанағаттанып қалмай, талмай жүмыс істеп ең жоғары бағаланатын шығармалар жаратқан. Ал, Н.А.Римский - Корсков теңіз флотында әскери қызмет өтей жүріп сол жердегі хордың инспекторы, хор капелласын басқарушының көмекшісі, Петербор консерваториясының профессоры, балалар музыка мектебінің директоры бола жүріп көптеген концерттер берген, шығармалар тудырған. Бүдан басқа Даргомыжский, Мусоргский, Бородин сынды белгілі композиторлардың тәмамдалмай қалған шығармаларын солардың стилінен ауытқымай жазып, соңына шығарған. Кейбір деректерге қарағанда Римдік Юлий Цезарь бір мезетте бірнеше жауапты істі атқара білген. О л тындаган, сөйлесе отырып, басқа бір нәрсе туралы жазған және ойша бір нәрсені есептеп те қоятын болған.

Қабілеттілік, зейінділік, даналық, дарын - қабілет дамуының ең жоғары дәрежедегі көрсеткіші. Әлеуметтік қабілет, мектепте, отбасында ешқандай қолайсыздық туындатпайды.

Балалардың бойындагы көркемөнерге қабілеттілік жан-жақты зерттелген. Психомоторлық қабілет, мысалы, спортқа қабілетті адамдарды жеткілікті дәрежеде зерттеп қорытындылар шығарган. Бүлардан басқа академиялық зейін, ақыл-ой қабілеті де зерттелуде. Бүлардың барлығы орнын тауып шүғылданса, педагогикалық және психологиялық көмек дүрыс үйымдастырылса, баланың болашагына ықпалы зор. Ол өз қабілетіне қарай кәсіп таңдап, қогамда белгілі орын алуы мүмкін.

Бүдан басқа зерде қабілеттілігі ойлау, талдау және салыстырмалау, дүрыс қорытынды шығару секілді әрекет-терден байқалады. Ондай бала үйде ақылды, мектепте үздік оқиды. Ол бір не бірнеше пәндерді жақсы меңгереді, кейбір пәндерді жақтырмауы мүмкін. ПІығармашыл, зейінді, ойлы бала қоршаған ортаны басқаларға қараганда өзгеше қабылдайды, ой жүргізу дағдысы да ерекше. Ондай баланың көпшілік іс-әрекеті мақсатты, багыттьЦыққа Ие. Мектепте, отбасында оның осы ерекшеліктері көзге түседі. Ондай балалар өз алдына коп оқып, білімге қызыгуы байқалады, сабаққа даярлығы мықты, коп білуге қызығады. Сондықтан оларды ерте пайымдап, дүрыс тәрбиелеп, дүрыс жолын табуға комектесу керек. Мүндай балалар ата-ананың қуанышы, кейде қорқыныш та туғызады, өйткені оларды қүрбылары түсіне алмай неше түрлі ат қояды. Олардың мінезі салмақты, өте сезімтал болғандықтан қоршаған ортаның түсінбеуі ашу-ызасын келтіреді, талас-тартысқа жақын болып, өзінің басқалардан ерекшелігінің азабын да тартады. Олардың кейбірлері туа біткен қалжыңбас, әзіл-оспақшыл, сондай сөздерді тындағыш, сөз саптауы да ерекше, қимыл-әрекеті мен қабыл алуы да ерекше сипатта болады.

Психологтардың зерттеулерінен жеке бір пәнге дарындылықтан басқа, әлеуметтік қабілеттіліктің болатыны анықталган. Олар жекелеген адамдардың көсемдік (лидерлік), үйымдастырушылық, басқару қабілеті, біреуге өзінің айтқанын орындата білу, өзі де бағынып, басқаларды да бағындыра алатыны, қүрбыларын еліктетіп соңынан ерте білу, өзі де істеп, басқаларды да істете білу секілді қабілеттер көптеген адамдарда бола бермейді.

А.С.Макаренко колонияга келген әр баланың бойындагы осындай ерекше қабілеттерін дүрыс анықтап, қайта тәрбиелеп қатарга қосуда, әлеуметтендіру үрдісінде дүрыс пайдалана білген. Өзі басқарған М.Горький атындагы колонияда озін-өзі басқаруды үйымдастыруда балалардың осындай қабілеттерін дамыта отырып, қатарға қосқан. Осындай дарынды педагогтардың бірі, әлеуметтік психологияға елеулі үлес қосқан В.М.Сорока-Росинский "Республика ШКИД" атындагы түзету мектебінде балалардың музыкаға, суретке, өлең және басқа да шыгармалар жазуға деген қызығушылығы мен тагіқырлыгын дүрыс пайдалана білген.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау үйымының шешімі бойынша дарынды балалар да, ақылы кем балалар секілді қауіпті, "тәуекелді топқа"(группа риск) жатады. Себебі психикасының ерекшелігі оларды оқыту мен тәрбиелеугс ерекше қарап, басқаша үйымдастыруды, әрқайсысына жеке жуықтауды талап етеді. Оларды арнайы тәрбисшіге тәрбиелетіп, ерекше көңдл боліп, жекеше оқу бағдарламасымен оқыту керек. Тәжірибелі және көп білетін мүғалімнен осындай балаларга арнайы жағдай жасалған мектептерде оқуы керек. Дарынды балалар оқитын арнайы мектепке оқу-тәрбие ісін олардың дарын түрі, қабілет ерекшеліктеріне қарай үйымдастыру талабы қойылады.

Психикалық ерекшеліктеріне байланысты кейбір дарынды балалар өзінің дарынды екенін білмейді, не мінезінің түйықтығынан байқалмайды. Олардың ішінде үялшақ, қарапайым, дарынын білдіргісі келмейтіндері де кездеседі. Олар білгенін, өз ойын айтпайды, өзіне сенімі жетпейді. Мүн-дай балаларды дер кезінде танып, қабілет, дарын көзін ашып, көмектесу, дамыту болашақта жақсы маман иелерін тәрбиелеуге көмектеседі. Осындай ерекше балалар қатарына фанатиктер де жатады, мысалы, компьютерге қатты қызығу оның мектептегі оқуына кедергі болады. Осындай дарынды, қабілетті адамдар арасында психопат (түтылып қалатын), невроздар (ызақор) да кездеседі. Олар қоршаған ортаға, жақын адамдарына, кейде үстаздарына риза болмай қарама-қайшылықтар туындатып, наразы болып, отбасында, оқу орнында шатақ шығарып жүреді. Оның да себебі дарын мен қабілеттілігі болуы мүмкін, сондықтан оларды дер кезінде танып, өз уақытында жол көрсетіп, ата-анасына, мүғалімдеріне, тәрбиешілерге әлеуметтік педагог көмектесуі керек.

Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жүмысы. Дарынды бала, әрине, ата-ана, отбасының мақтанышы. Егер барлық бала, мысалы, отбасындағы бес-алты бала түгелімен жақсы оқып, әр нәрсеге қызыгып, бірі-бірінен сүрап, өзара көмектесіп оқыса олардың барлыгы қабілетті болып өседі. Ата-аналардың көпшілігі сгер баласы қарапайым қатардағы оқушы ретінде үлгеріп оқыса, қатарынан озып шықпаса, соган да риза. Ал кейбіреулері оқуга қабілеіі жетпейтін баланы зорлықпен қинап, сүйрелеп оқытып, ешқандай қызығуы болмаса да күштеп сабақ үйретуге әрекеттенеді. Ондай баланың дарыны не қабілеті болмаса, ешнәрсе өнбейтіні белгілі. Керісінше, денсаулығы нашарлап, ата-анасынан да, сқудан да көңілі қалып, өзіне де риза болмай білімге, кейде тіпті өмірге де қызыгуы болмай қалады. Осындай балаларды дарынды, қабілетті балаларга жеткізем деп бүзып алгандар да баршылық.

Баланың ерекшс қабілсті мен дарыны бала жастан-ақ байқалады, мысалы, созінен, істеген ісінен, оқу, жазуға ерте қүмарлануынан, ертегі, әңгімелерді, тақпақ, өлендерді жатқа айтуынан, сстігенін дереу жаттап алуынан, қабыл алуы мен қызығуынан байқалады. Мүндайды халқымыз зейінді, қағылез, "қүйма қүлақ" (керісінше болса "ақпа қүлақ") деген. Ондай балалардың кейбірлері ой жүргізуге, салыстырмалап бір нәрсенің үқсастыгы мен айырмашылыгын аңгаруга қабілетті болады. Бүны ерте танып, дүрыс жолға салу ата-ананың міндеті, бірақ кейде*олар мүны байқамай қалуы да мүмкін. Осындай кезде әлеуметтік педагогтың комегі аса қажет. Қазақ арасында мүндай дарынды адамдар өте көп болган, мысалы, Жамбыл кішкентайынан қолына домбыра үстап, есін білген кезден өлең шыгарған, есейе келе алдымен ән айтып кейін айтыстарға түсетін болган; Сол секілді кейбір деректерге сүйенсек Ақан сері Қорамсаүлы да кішкене кезінен ән~күйге әуестеніп, есейе келе сал-серілікке берілген.

Тәрбие үрдісінде дарынды балаға басқалардан бөле-жарып қараудың қажеті жоқ. Өйткені ол өзін басқалардан қабілеті жагынан ерекше болғанымен, адам ретінде бірдей деп сезінуі керек. Ондай балалардың өнерінің дамуына мән беріп, өз уақытында көмектесу мәселелерін әлеуметтік педагог өз мойнына алады.

Мүндай ерекше қабілеттер —. сурет, музыка, өлең жазу, қол өнері, агаш үсталығы, тігін өнері, зергерлік секілді басқа да кәсіп түрлеріне байланысты болатыны белгілі. Демек, әлеуметтік педагог осыларды дер кезінде байқап, онерінің дамуына жагдай жасауы туралы мүгапімдер, мектеп әкімшілігі, баланың ата-анасымен кеңесіл, жол көрсетеді.

Қандай дарын, қабілет болмасын, ол баланың бойында байқалганымен, озінен-өзі дами алмайды. Оған ерекше жағдай жасау керек екені белгілі. Сондықтан олардың белсенді іс-әрекетін үйымдастыру, сол қабілетін оқуына, өнерін жүмсап, өз мүмкіндігін долелдеуіне жагдай жасау аса маңызды. Қабілстті не дарынды бала басқалардан және олардың өзі, өзара бірінен бірі ақыл-ойы, сана-сезімі, қабыл алуы, қызыгу ауқымымен ерекшеленеді. Олардың әр қайсысының психологиялық ерекшсліктерін танып, дүрыс қарым-қатынас жасау, және үнсмі ақыл-кеңес беріп, бақылауга алу қажет.

Балалардың даму ерекшелігіне байланысты, мысалы, Бшъіс Еуропада, Жапония мен Америкада психикалық кемшілігі бар, ақыл-есі жеткілікті дамымаган балаларды жалпы білім беретін мектептерге қабылдамай, арнайы мектептерде оқьггады, ал ерекше қабілеті мен дарынды балаларды элитарлы(элита­ерскше қабілетті, езгеше балалар үшін, байлардың емес) мектептерде оқьггады. Олардың оқу бағдарламасы балалардың қабілет ерекшеліктеріне байланысты болашақ кәсібіне бағьТгталады. Қазіргі кезде осындай сипаттағы мектептер Қазақстанда да даму тапты. Мысалы, Жәутіков атындағы физика-математика мектебі, К.Байсеиітова атындағы музыка мектебі, Кеңес Одағынан бері қарай жүмыс істеп келе жатқан ерекше қабілетті балаларға арналған № 12 Алматы қалалық гуманитарлы пәндер мектебі, сурет өнеріне арналған өнер мектебі секілділерді көптеп атауга болады. Қытай Халық Республикасында мүндай балаларды арнайы жабдықталған, ірі қалалардағы мектептерде оқытады, оларда тіпті, медицина, инженер секілді техникаға қабілетті балаларға арналған мектептер де бар.

Бүл мектептерде оқушылардың қабілеті мен қызығуына байланысты, оларды дамыту және сол туралы кең мәліметтер беру үшін арнайы пәндерге сағаттар басқаларына қарағанда көбірек бөлінеді. Тіпті кейбір мектептерде жекелеген балаларға арналған даралап оқыту бағдарламасымен де жүмыс істеуге жағдайжасалған.

Оқушының әрбірін және барлығын оқытуда, орта білім беру мен бел in оқытуда өте жақсы, кейбір пәндерді орта не болмаса төмен деңгейде өздестіру кездеседі. Олардың ішінде кейбір пәндіжоғары дәрежеде өздестірсе, кейбір пәнге мүлде қызықпайтыны байқалады. Демек, жақсы оқушы қызығып, жақсы меңгерген пәнді тереңдетіп оқыту, кеңінен мәлімет беру, сол бойынша оқуын ары қарай жалгастыруға, белгілі кәсіп иесі болуға бағыт беруі керек.

Белгілі ғалым Н.И Пирогов "Школа и жизнь" деген мақаласыңда "мектепте көптеген балалар түсінігі нашар, зейін-сіз адам секілді болып оқиды, ал кейін келе солардың ішінен кейбірлері жоғары нәтижелерге жетіп, үстаздарынан асып түседі" деген. Мысалға, Эйнштейн мектепте математиканы мүлде нашар меңгерген, ал кейін ол әлемді аузына қаратқан физик, математик болып шыққан. Дарынды И.Ньютон мектеп те де, жоғары оқу орнында да қабілетсіз оқушы болған, ал Менделеев орташа оқыған, Н.Гоголь мектепте шыгарманы "3" деген бағадан артық жазбаган. Мүндай мысалдар емірде көптеп кездеседі. Бүл мектептегі оқыту жүйесі мен үстаз-дарға ойлану керек екенін, әлеуметтік педагогтарға ерекше іскер болуы керек деген талаптарды қояды. Қазіргі біз пайдаланып жүрген шамшырақты алғаш жасаған Эдиссон "дарын - бүл бір пайыз қабілет, тоқсан тоғыз пайыз еңбек" деген екен. Демек, дарын — бүл армай-талмай, шаршамай, жалықпай еңбек етудің нәтижесі. Белгілі физиолог

И.П Павлов жүмыс істегендс тамақтануды да үмытып, күн мен түнді ажыратпай, отырган жерінде бір сәт "мызгып" алып, қайтадан жігерленіп істейді екен.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңЫнда дарынды және қабілетті оқушыларга арнайы жағдай жасау туралы айтылган.

Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы білім беретін мектептер-ден басқа, гимназия, лицей, колледж, тереңдетіп оқыту мектептері, авторлық мектептер, "балабақша —. мектеп", "мектеп-ЖОО" деген кешенді және басқа да жеке меншік мектептер бар. Бүлардагы мүғалімдер жаңа, даралап оқыту бағдарламасы және оқу жоспарымегі жүмыс істей бастады. Олар ізгілік, демократия, дифференциалды, вариативті оқыту үстанымдарын қолданумен балага багытталған оқыту мен тәрбиелеу жүмыстарын игілікті жүргізуде.

Сара Назарбаеваның қолдауымен Қазақстан "Бөбек" қоры және соның аясында арнайы мектеп ашылып, онда "өзін тану" багытында жүмыс істеуде. Мүнда жетім балалармен қоса, жалпы дарынды, қабілетті балаларға, жас буындарга көңіл болу, оларды оқытып-тәрбиелеу қарастырылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі — жас дарындарды ашу, әлемдегі балалармен байланыс орнату, әлем елдерінің өнері, шыгармашылыгы, мәдениетімен таныстыру, соган демеуші болу.

Дарынды балалармен әлеуметтік-педагогикалық жүмыс.

Әлеуметтік педагогтың мектептегі жүмыс саласының бірі — дарынды балалармен жүргізілетін іс-шаралар. Ол мектеп оқушылары және олардың ата-анасы арасында арнайы тестілер, әңгімелесу, сауалнама, тестілеут.б. жүмыстар жүргізу арқылы мектептегі дарынды балаларды анықтайды. Оған пән мүғалімдері, сынып жетекшілері де ат салысады. Одан кейінгі жүмыс диагностикалау арқылы баланың бойында қандай бағыттагы дарын бслгілері, ерекше қабілеті бар екені анықталады. Одан кейінгі жүмыс осындай балалардың ата-аналарымен жүргізіліп бала тәрбиесіндегі олардың міндеті, балаға көмектесу жүмыстары бойынша кеңестер беріледі. Әлеуметтік педагог бала қаншалықты дарынды болса да оны оқыту және тәрбиелеу, үйрету керек екендігін ата-аналарга түсіндіреді. Осыган орай, баланың ата-анасы баланы не үшін ерекше дарынды дсп мақтаныш түтады. Баланы не нәрселер қызықтырады, қандай нәтижелерге қол жеткізген деген секілді басқа да көптеген сүрақтарға жауап алған соң әлеуметтік педагог баланы арнайы мамандарға көрсетіп, қабілет, дарын дәрежесі мен мүмкіндіктерін анықтайды.

Дарынды балалар отбасында, ата-анасының сауатсыздығы не мән бермеуінен көптеген қиыншылықтарға үшырайды.

Ондай бала қысым көрсстуді, дауыс көтеріп үрсу, жеку секілді дөрскіліктерді көтере алмайды. Көңіл-күйі түрақсыз, жылдам алмасып түрады, сөзді соңына дейін тындамайды, еабырсыз, өз қабілетін, білгенін тез айтып көрсетуге үмтылады, Мүны түсінбегендер оны "шыдамсыз, үшқалақ" деп айыптауы мүмкін. Сондықтан ата-анамен жүмьуста осы және басқа да психикалық ерекшеліхтерін ескеру туралы мәліметтер беріп түру керек. Баланы біртіндеп шыдамды, табанды, сабырлы болуға тәрбиелеу керек.

Әлеуметгік педагогқа мүндай балалардың көп білуге қүмар-лығын қанағаттандыру жолдарын белгілеу, шығармашылық қабілетін іс жүзінде пайдалану жәңе көрсетуіне жағдай жасау талабы қойылады. Бүлжердегі әлеуметтік педагогтың басты міндеті - баланың жалықпай ізденуі, үйреніп қалған әдет-дағдыларын қайта қарап, дарын қабілетін дамытуга бағыттау, қоршаған әлеуметгік ортамен мәмлесін бүзып алмауы үшін қажетті шараларды жүзеге асырады. Мүндай балаларды жастайынан бос уақытын дүрыс пайдалануға үйрету, оны пайдалы істерге жүмсауын қарастырып, шығармашылық еңбекке тәрбиелеу, соған сай ортаға араластыру, мысалы, музыкаға қабілетті болса музыканттармен араласуына, қабілеті мен дарынының дамуына шарт түзу көзделеді. Ондай балалардың шығармашылық үйі, мектептегі үйірмелерге музыка мектебі, спорт секциялары, сурет студиялары секілді арнайы орындарға баруына мүмкіндік тугызу және қадағалау, жағдай туғызу керек. Мысалы, Алматыдағы "Оқушылар сарайын", арнайы музыка мектебін т.б. айтуға болады.

Дарынды және қабілетті балалармен жүмыс істеу туралы XX ғасырдың бас кезінде-ақ орыс ғалымы В.П.Кащенко (1870-1943жж), арнайы мектептер ашу, оларға мүғалімдер таңдау, көпшілік арасынан дарынды баланы іріктеп алу, оларды жекелеп, бөлек оқыту оған арнайы оқу жоспары мен бағдарлама түзу керек екенін айтқан болатын. Өйткені, мүндай ерекше зейінді балалар жалпы мектептегі орташа оқушылармен оқу барысында өз мүмкіндіктерін дамыта алмайды. Бағдарлама мен оқыту шарттары түзілмеген. Ол қабілетті болғандықтан басқалардан гөрі көп біледі, жылдам меңгереді, сол себепті оған басқалармен қатар оқу қызықсыз. Ондай бала өзі секілді көп білетін, көп нөрсеге қызығатын балалармен оқыса қызықты да табысты болады. Олар үшін түзілген бағдарлама жоғары деңгейде, көп нөрселерді мектептен тысқары жүмыстарда қамтиды, оқушыларды ойлауға, ізденуге, табуға бағыттайтын бағдарлама болуы талапқа сай болмақ. Дсмск, мүмкін болса оларды мектептің ішінде бөліп оқыту жолдарын қарастыру керек.

Көптеген жаңалықтар мен ғылым, техника, мәдениет жетістіктері, осындай адамдардың бала кезінсн дамуга мүмкіндік алып іздену нәтижесінде еліне зор пай да алып келгені тарихтан белгілі.