Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

3.3. Нашақорлық және девиантты мінез-қүлық

Нашақорлық — қазіргі заманның басты мәселесі. Күнделіктітүрмыста кездесетін әр түрлі қолайсыздықтарды уақытша болса да үмытып, рахатқа болену, ләззат алу, өзін еркін сезіну, көңіл көтерудің бір түрі ретінде масайту ішімдііімен қатар, нашақорлык ерте заманнан бері келе жатыр. Дцамдардың наша шегуден не осындай заттарды пайдаланудан кейінгі ахуалын ертеде "бәңгілік" десе қазіргі кезде бүл "есірік", ал осындай күйге альт келеіін затгы "есірткі заттар" деп атау белгіленген.

Нашақорлықтың денсаулыққа өте зиянды екені де ертеден-ақ белгілі. Бірақ адамдар оғаң қүмарлыгын қоймаган. Әртүрлі жолдармен оган тыйым салынуда. Әйтсе де осы уақытқа дсйін оны колдануды адамдар қойган жок, керісінше қазіргі кезде ол жастар мен балалар арасында да кең таралып отыр.

Нашақорлық - қүрамында адамды "есірік" күйге алып келетін заттары бар қүралдарды пайдалануга үмтылу. Ондай заттардың қүрамы адамга эсер етуі жағьшан әр түрлі болады. Қазіргі кезде нашақорлық бүкіл әлемді жаулап алды десе де брлады. Бүдан зиян шекпеген мемлекет жоқ. Қазақстанда статистика бойынша қазір балалар арасында 7 жастан бастап наша қолдану тіркелген. Жасөспірімдердің 5 пайызы, жеткіншектердің 4 пайызы сауықтыру мекемелерінде тіркеуде түрады. Ал тіркелмегені, ешкім мән бермей бетімен кеткені қанша. ;

Ресей статистикалық орталыгы берген мәліметтерге қарааганда дүние жүзінде есірткі пайдаланатын адам саны 10 миллионға жетіп, соңғы 10 жыл ішінде нашақорлықтан қайтыс болған адамдардың саны 12 есе, балалар арасында 42 есеге көбейген. Осы мәліметтерге қарап нашақорлық казіргі заманның обасы десек, бүл СПИД ауруының таралуына да ықпал етеді. Жыл сайын мындаган тонна наша, героин секілді есірткі заттар Қазақстанга да әр түрлі жасырын жолдармен әкелініп жатыр. Олардың багасЫ Ресей, Орта Азия мемлекеттерінде Еуропаға қараганда бір шама қымбат болғандықтан, қазір нагыз сауда орталығына айналып отыр. Мысалы, Ресейде 1997 жьшы 70 мың жеткіншек наша жөне героин сату үстінде үсталган. Бүл елде арнайы "О наркотических средствах и психотройных веществах" деген заңның қабьшдануына қарамастан кең таралуда.

Қазақстан шеқарасында мемлекеттік кеден жүмысының барлық өңірді қамти алмауынан жән$ бақылаудың жеткіліксіздігінен, контрабандалық жолмен ёсірткі заттары - гашиш, марихуана, эфедра, кендір, героин секілді т.б. өнімдер жеткізілуде. Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстаң Шу өңірінде Қыргызстанда Ыстықкөл өңірі, т.б. жерлерде есірткі заттарын алатын өсімдіктердің көптеп осуі де нашақорлықтың кең таралуына себеп болуда. Бүлардан басқа Ауғанстан, Тәжікстан, Қьггай, Өзбекстан, Қыргызстан елдерін келе жатқан наша, героин секілді заттар коптел төркіленуде, Қазіргі кезде ңашаға қарсы халықаралық келісім мен Интерпол "қыргыз дөлізі" арқылы Ауганнан келе ^сатқан есіртқі заттарын тәркілеу, оны тасушыларды түтқынға алу жүмыстарын жүргізуде.

Қазақстанның ощүсгік өңірі аркд>ілы Тәжікстаннан апиын және героин тасып өкеліңсе, Шу өңірі және Ыстықкөлден даярланған кендір шырпы қораптарына салынып Бішкск арқылы Орта Азия өлкелері, одан әрі Рссей жеріне, Балтық жагалауы елдері, Еуропаға дейін жол тартады. Олар арнайы құрылған наша тасушылар арқылы автомобиль, авиа көліктермен тасымалдануда.

1998 жьшы осындай жүмыстармен шүғылданатын Қазақстанда - 30, Қьірғызстанда - 64, Орта Азияда - 25 топтардың бар екендігі анықталған.

Алматы, Бішкек секілді қалаларда наркозаттардың котерме багасы: мьісалы, героин 1 грамы 7-8 доллар, бөлшек саудада 8-9 доллар, бір данасы (қорабы не пакеті) 10-12 доллар; гашиш 1 қорабы (шырпы қорабы) көтерме бағасы 6 доллар, бөлшек саудада 1 қорабы 7-8 доллар екені белгілі болған.

Мұндай есірткілерді сату үйымдастырылған топтардың ықпалымен ауылды жерлерде де орын алып отыр. Оларды сату, тарату, тасымалдау жүмыстарын наркомандар және оңай жолмен ақша табуға қызыққан, жұмыссыздар, дереу көп ақша талқысы келгендер жүргізуде.

Қазіргі кезде Қазақстанда есірткі заггарды сату ісімен шүғылданған 3907 адам тіркелген, тіркеусіз жүргендер қанша екені белгісіз. Олардың жас аралығы 7- ден 40-45 ке дейін барады, ал жеткіншектер олардың 50 пайызын қүрайды. Нашаны қолы бос, жүмысы жоқ, ырық-эмоциясы өлсіз, психикасының дамуы төмен, тәрбиесі нашар балалар ғана емес, ауқаггы отбасынан шыққан балалар да ләззат алу, рахат табу, қысқа мерзімді болса да рухани тыныштық, жан рахаты, көңіл көтеріп демаЛу, жолдастарының арасында бедел жинау, олардан қалыспау мақсатында да қолданады.

Есірткі заттарын қолдану өлемдік мәселе ретінде XX-ғасырда пайда болғанымен, оның тарихы мыңцаған жылдарды қамтиды, Ежелгі дәуірде адамдар өсімдіктердің дөрілік, емдік қасиеттеріне қарай пайдаланған. Бүл кейбір өсімдіктердің адамның көңіл-күйін көтеріп, күшін артшрьгп, денесіне қуат беретін, қауқарын нығайтатын қасиеттерін танып-білу, практикада пайдалану арқылы жүзеге асадьг Тарихшылар мүндай есірткі заттарды әр түрлі мақсатта қолдану полиолит дәуірінде-ақ пайда болған деседі.

Кейінірек апиын гүлін адамдардың ауруын емдеу мақсатыңда қолдану Арабия, Грекикда болтаны жайлы ақын Гомер, философтар Геродот, Аристотель, Плиний шығарма-ларында кездесёді.

Қыйй императоры Шен-Нун гашишті жөтел жөне ішек-қарын ауруына қарсы қолданған. Саңырауқүлақтың улы түрлерін мексикалықтар мен сібірліктер дене қуатын арпырып, көңіл көтеру үшін жегендігі белгілі. Осындай өсімдіктердің бірі - Мексика кактусы (тіксн гүл) адамның сана-сезіміне эсер беріп, дененің ауырған жерін басады екен. Бүлар XVIII ғасырға дейін Еуропада емдік мақсатта кең колданған негізгі және бірден-бір өсімдіктер болган. Кейін келе "крест көтерушілер"(крстоносцы) Таяу щығыстан апиын алып келген. Ауруларды емдеу мақсатында 1805 жылы дәрігер Зертюрнер апиыннаң арнайы үйьщтататын, ауыртқан жерді басатын қасиеті бар "морфин" бөліп алып, оны операцияда, адам шыдағысыз ауруды басуда пайдаланған. Бүл жаңа дөріні ежелгі гректердің үйқы қүдайы Цорфидің атымен атаған. Дөрі егетін иненің пайда болуымен наша, героин т.б. заттарды денеге егу тәсілі пайда болды. Бүл инені Эйденбург қаласының түрғыны дәрігер Александр Буд деген адам ойлап тапқан. XIX ғасырдың бас кезінде англиялық компания Бенгальда алғашқы апиын өндіретін кәсіпорын қүрып, одан, алған өнімді Қытай еліне сата бастаған, Кейін келе мүны Қытай өзі де өндіретін болған. Апиын мен гашишті XIX ғасырдан бастап Еуропада кеңінен қолдана бастаған. Деректерге сүйенсек, шығармашылық шабыт табу, лөззат алу үшін алғашқылардың бірі болып бүл заттарды жазушылар колданған екен. Сол себепті XX ғасырда америкалық жазушылар шығармашылық шабыт береді, адамның дене күшін арттырып, ақылына ақыл қосады, адамның сана-сезіміне қозғау салады, ішкі дүниесін байытады деген оймен осындай есірткі заттарды мақтап, мадақтаған.

Бәңгі заттарын көңіл көтеру, ләззат алып, рахаттану үшін қолдангандар Орта Азия мен Ресейде XX ғасырдың 70 ж. қүшейе бастаган. Ал, қарамастан емделуге бет бүрып, дөрігерлерге қаралгандардың саны бір жылда 3-5 адамнан аспайтын. Кеңес үкіметі кезіндегі идеология бойынша, дамыган социализмнен коммунизмге бара жатқан мемлекетте "жаман" әдеттер болмайды деген жалған сенім ықпалымен осындай келеңсіздіктерге мөн берілмеген. Ал 90 жылдары осы мәселе қарқынды күшейе бастаған кезде оған қарсы күреске мемлекет даяр болмай шықты. Қазақстанда егемен ел болған соң қабылданған "Маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы", "Халықты әлеуметгік қорғау", "Жастар мен балаларта көмек" деген заңдар мен түжырымдар осы проблемаларды шешуге арналған.

Маскүнемдік секілді нашақорлық та адамдарды қылмысты істерге итермелейтін себептердің бірі, оның салдары кейде ауыр жагдайға дейін алып келеді. Қазақстанда осыған орай сыбайлас жемқорлық, үйымдасқан қылмыс көбейіп, наркобизнес кең таралуда.

Кейбір жагдайларда бүл істерге мемлекеттік қызметкерлер, шенеуніктер мен саяси көсемдердің де араласып кеткен сэггері бар. Мысалы, белгілі боксшы Германияның Гановер қаласында 3 кг, героинмен полицияға үсталган. Наркозат-тарды заңсыз жолмен басқа жақтарға тасымалдау жыл сайын өсуде, мысалы, 1997 жылы құқық қорғау органдарына 1 кг 35 г заңсыз жолмен әкетіп бара жатқандар үсталса, бүл 2000 ж. 200 кг дейін көбейген.

Бизнестің бүл түрінен түсетін пайда шаш-етектен болған-дықтан қауіптілігіне қарамастан көптеген адамдар онымен шүғылдануда. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 1996 жылы 900 қг апиын сатушыларды үстаған. Зерттеу барысында әр топтың қүрамында заң қызметкерлері, қүқық қорғау орындарына қатысы бар адамдар екендігі анықталған.

Есірткі заттарын пайдаланудың салдары. Есірткі заттар дегеніміз — адамңың организміне әр түрлі сипатта эсер ету арқылы оны қалыбынан шыгарып, адамдық сипатынан айырып, ауыр жағдайға алып келстін табиғи өсімдіктер және оларды өңдеу арқылы алынған жасанды заттар. Бүлай деуіміздің себебі, нашадан басқа да гашиш, кендір, марихуана, синтетикальіқ және т.б. "есірік" күйге алып келетін заттарды бір сөзбең бсылай атаған. Көрсетілген заттарды пайдаланудан кейінгі ахуалды "есірік" күй деуге болады.

Мүндай заттардың адам ағзасына тигізетін әсері әр түрлі сипатта, мысалы, кейбіреуінің басы айналып, қүсқысын келтіреді, жүрегін айнытады, әлін кетіріп, көз алдына әр түрлі елестер пайда болады, сандырақтап сөйлеп, екінші оны көргісі де келмейтіндей болып көңілі қалады. Ал мүндай заттіардың кейбірі адамның көңілін көтеріп, шаттыққа бөлейді, өзінен-өзі күле береді, дене қуаты артқандай қайраттанып, "нёде болса бір ерлік" істегісі келіп қалады. Көңіл күйінің осындай ахуалы өзіне үнап қалады да қайта-қайта есірткі заттарды пайдаланғысы келіп, аз-аздан қолдана бастайды. Сөйтіп көп қолдана берген соң ол енді онсыз түра алмайтындай күйгс душар болады. Организмі апиын, гашиш, кендір басқа да синтётикалық заттарды, не болса соны пайдаланаіъйі болып қалады да ол ауыр дертке шалдығады.

Мүндай, өзі сатып алатын дерт материалдық ахуалына қарамастан адамдардьщ арасына тарала береді. Алайда қоғамда кедейяік, жүмыссыздық жайлаған кезде, адамдардың мінез-қүлқы өзгеріп, қарым-қатынас, рухани қүндылықтар төмендеген жерде осындай келеңсіздіктер орын алатыны белгілі.

Қазіргі ксзде әлемде 500-ге жақын есірткі заттар, олардың ішінен 100 наша тектес және 50 психиканы бүзатын есірткі заттар бар екені белгілі. Оларды былайша топтастыруға болады:

  1. Аналгетикалык - морфи, кодеин, апиын, героин т.б. Медицинада дененің ауыру азабын жеңілдету не басу үшін қолданады. Мысалы, морфимен 7-12 рет егілген адам нашақорлыққа беріяеді, ал героин одан да күшті болғандықтан 2-3 рет қабылдау да жеткілікті.

  2. Медицинада адамның қайғы қасіреті, ішкі жан дүниесі-нің жабырқауын басу, психикалық ^урулар "көтеріліп" делебесі қозған Кезде үйықтату, тыньшітандыру, албыртқан көңіл күйін, қайғы-қасіретін басу үшін депрессант, яғни қайгы-қасіретті басу затын қолданады.

3. Адамның дене қуатын күшейтіл, белсёнділігін арттыра- тын стимуляторлар - күшейтуші, жылдамдатушы заттарды, никотин, кофеин, кокаин, амфетамин т.б., спортшылар мен шығармашылық адамдардьщ пайдаланатыны кездеседа. Бүлар адамның орталық жүйке жүйесін қоздырып, ақьш-ой, білек күші, қол еңбегінің белсенділігін артгырады; адамның көңілін котеріп озіне сенімін нығайтады. Бүл заттарды пайдалану адамдарды жігерлендіріп, қандай істі болса да сеніммен атқарып тастауга итермелейді.

'4. Жасанды жолмен алынатын голлюцинагенді, көзіне елестер көрініп, дыбыстар естілгендей эсер беретін заттар — кислота, мексалин кактустан алынады, псилоцибин мең буфотеин саңырауқүлақтан алынатын заттар. Бүлар психоторопты немесе психикасын бүзатын заттарға кіреді. Медицинада қолданылмайды. Бірақ жасоспірімдер мен жеткінщектер, балалар білместікпен "қызық коріп" пайдаланса, біртіндеп оған көніп алады да соны пайдалануға қүмарланады. Бүл заттарды пайдаланған адамдардың көзіне неше түрііі елестер көрініп, қүлағына әр түрлі дыбыстар естіЛеді. Сөйтіп біртіндеп психикасы бүзылады.

  1. Ежелгі дәуірден бері медицинада дененің ауыру азабын басу мақсатында қолданьш келе жатқан психикаға эсер ететін заттар - кендір, гашиш, марихуан, наша рак аурулары, глаукома, саркоманы емдеуде қолданады. Басқа жағдайда қолдануга болмайды.

  2. Иіскету (инголация) арқылы наркоз ретінде үйықтату, ауыртпау үшін медицинада пайдаланатын заттарга азот түнбасы, эфир, хлороформ жатады. Оларды көп иіскеуден "таксикомания" — қүмарлық ауруына шалдығады. Бүлар жас-өспірімдер мен жеткіншекетр,.ба^алар арасында кең тараган.

Әлемдік медицина саласында бүл заттарды дөрі ретінде қолдануға қатаң бақылау қойылған. Олар емдеуші дәрігердің рүқсатымен белгілі дозамен ғана беріледі. Бүл заттарды арнайы орындардан баска жерлерде өндіру және сатуға тыйым салынған.

Бүлардан басқа есірткі заттардың тағы бір түріне улы заттар кіреді. Бүларға химиялық заттар - бензин, хлороформ, дихлофос, ацетон, бояу, қоспалар, желім, тазалаушы, дақтарды кетіретін заттар кіреді. Оларды адамға эсер етуіне байланысты екіге белуге болады: а) өте көп мөлшерде пайдалану арқылы уланады; ө) үнемі иіскеу арқылы адамның ағзасына эсер береді - оларды таксикомандар дейді.

Уландырушы заттар қүрамында кофейннің алколоиді немесе уландырушы шәй (шефир) және кофе болады. Оларды көп мөлшерде пайдалану үйқыны бүзып, маужыратьш, шаршап-шалдықтырып еңбекке қабілетін төмендетеді, кейде суицитке дейін алып барады.

Ал иіскеу арқылы улану кейбір адамдардың әр түрлі иіске қүштарлығынан пайда болады. Ол кейде химиялық заттарды үнемі пайдаланудан туындайды. Бүдан басқа ауаның түтін, шаң, машиналардың газы, химиялық заттар, бензин иісі адам организміне, әсіресе дем алу органдарына зиян келтіріп, улануға дейін алып барады. Химилық заттардың ауыз суына жер астынан не адамдардың абайсыздығынан жер үстінде қосылуынан судың ластануы да улануға себеп болады. Бүлардан басқа экологаяның ластануы да түрғындардың организміне әр^түрлі сипатта ықпал етеді. Оның басты белгілері - адам уланып, демі қысылып, ауаның жетпей қалуы, қан қысымы көтерілуі не түсіуі. Бүкіл ағзасыңың улануынан іште жатқан шаранаға дейін улануы секілді басқа да көптеген ауруларға шалдығады.

Бүкіл өлемдік денсаулық сақтау үйымының баяндамасын-да есірткі заттарға әуестену себептерін томендегіше қарастырады: 1) нашақорлардың мінез-қүлқының түрақсыздығы; 2) денесінің элсіреуі және психикасының нашарлыгы; 3) элеуметтік-мәдени ортаның теріс ықпалы. Бүларды адам ағзаларының улану дәрежесі, оған улы заттардың әсері сипатына қарай - микродеңгей, макродеңгей, мезадеңгейлерге бәліп қарастыруға болады. Өйткені, сонда ғана адамдардың улану дәрежесін дүрыс анықтап, емдеу жолдары мен қүралдарын да нақты белгілеуге болады.