Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

1.3. Әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыттары

Оқытып, тәрбиелеу ісімен шұғылданатын арнайы білімі бар адамды «оқытушы», «мұғалімі», «ұстаз», «тәрбиеші» деп атап, оған ізет, құрмет көрсету халқымызда ертеден ақ қалыптасқан дәстүр. Заман өзгеріп, қоғамның дамуына байланысты қазіргі кезде нысаны, мақсаты мен міндеттеріне байланысты жаңа кәсіп түрлері де пайда болды. Кейінгі кезде педагогика саласында осындай мән беріп келе жатқан кәсіп түрінің бірі әлеуметтік педагог кәсібі.

Егер «маман» ұғымы белгілі бір саладағы білім, білік иелеріне арналғамн атау болса, «кәсіп» соның ішіндегі белгілі бір бағыттағы іс әрекетті білдіреді. Демек, жалпы оқыту және тәрбиелеу ісімен шұғылданатын арнайы білімі бар адамдарды «педагог маман» десек, соның ішінде күйзеліске ұшыраған балалар (ересек адамдар,жастар) ісімен шұғылдануды кәсіп қылған тұлғаны «әлеуметтік педагог» деп айтады.

«Әлеуметтік педагог» кәсіби «педагог» және «мұғалім» деген сөзбен сәйкес келді. Сондықтан қазір әлеуметтік педагог міндетін арнайы дипломат бар не болмаса сондай курстардан өткен мұғалім куәлігі (сертификат) бар адамдар атқаруда. Мұғалім мен әлеуметтік педагогтың жалпы ұқсастары екеуінің де жұмысы нысаны баланың он сегіз жасқа дейінгі дамуы және әлеуметтік қалыптасуы. Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясында (1995 ж) көрсетілгендей, балалар қоғамның өзін қорғауға қауқарсыз ең әлсіз мүшелері болғандықтан, қоғам, әсіресе отбасы тарапынан ерекше қорғауды, қамқорлықты, қолдауды қажетсінеді. Сондай ақ мұнда баланы туғанша және туғаннан кейін де құқықтық қорғау, ол дүниеге келген ұлт пен халықтың мәдени құндылықтарды бағалап құрметтеу, баланың мүддесін көздеу қарастырылған. Сонымен бірге, Конвенцияда егер де бір себептермен бала күйзеліске душар болып, не бағушысынан айырылып қалса,бұл міндетті мемлекет өз мойнына алып оның ата анасының құқығына құрметпен қарап, әр отбасының баланы дамыту, тәрбиелеуіне мүмкіндік берелі. Әр бала өмірге оқуға, білім алуға, тәрбиеленуге, өз ата тегін, ұлтын білуне өз пікірін, көзқарасын білдіруге құқылы деген секілді тағы басқа да мәселелерді дәріптеген.

Алайда бұл екі кәсіптің айырмашылығы бар. Мұғалім оқытушы, жас буындарға білім беруші, тарихи дәуірлерде жинақталған тәжірибені беру мен дамыту және тәрбие жұмыстарын жүргізетін, арнайы білім алған тұлға. Ал енді әлеуметтік педагог белгілі бір жағдайға душар болып, соның салдарынан күйзеліске ұшыраған балаға көмектеседі, сүйеу болады, талдау көрсетеді, қатарға қосу немесе қайта қалыбына (реабилитация) келтіру, қайта тәрбиелеуі жұмыстарын жүргізеді. Мұұғалім белгілі бір мекемеде (мектеп, колледж, лицей,институт, университет т.б.) жұмыс істесе, әлеуметтік педагог бұлардан басқа да мекемелермен ұйымдарда жұмыс істеп, күйзеліске немесе ауытқуларға ұшыраған балалармен ересек адамдарға жасына, әлеуметтік материалдық ахуалына қарамастан әр түрлі көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді, асырады. Әлеуметтік педагогтың жұмыс ауқыиы өте кең. Біз ос ытарауда әлеуметтік педагогтың жұмыс, мақсаты, нысаны объекті, субъекті туралы сөз қозғамақшымыз.

Жұмыс нысанына байланысты әлеуметтік педагогикалық іс әрекеттің мақсат, жүзеге асыратын міндеттері айқындалып, одан соң жұмыс формалары белгіленеді және құралдары нақтыланады.

3-суретте көрсетілгендер әлеуметтік педагогтың атқаратын іс әрекетінің құрылымы нысанаға (объектіге) байланысты .

3-сурет. Әлеуметтік педагогтың жұмыс үлгісі

Олар- әр түрлі себептермен күйзеліске душар болған немесе денесі зақымдалып не психикасы ауытқуларға ұшыраған балалар, жасөспірімдер, жастар және қарттар, ересек адамдар, мысалы, зердесі не психикасы бұзылған, педагогикалық әлеуметтік жақтан қиыншылықтарға кездескендер (денесі, қозғалыс мүшелері, ақыл есі, сана сезімі, есіту менс өйлеу мүшелері т.б.)

Егер де даму, қалыптасу үрдісі еш өзгерусіз, тұрақты болып, қиыншылықтарға ұшырамай өтсе, ондай жағдайда әлеуметтік педагогтың қатесі де жоқ. Бірақ та, әр түрлі тосын жағдайларға ұшыраған, қоғамдық тәртіп нормаларының шегінен шыққандар, тыйым салынған заттарды қолдану мен қоғамдық тәртіпке қайшы келетін істер мен шұғылданған тәртіп бұзушылар, қылмыстық істерге барған балалармен ересек адам кездеседі. Әлеуметтік педагог осылармен жұмыс жүргізеді.

Әлеуметтік педагогтың алдына қойған негізгі мақсаты балалар үшін психологиялық жағымды шарттар түзу және қауіпсіздігін сақтау, олардың талабын, қажеттіліктерін, мүддесін,қорғау, отбасындағы, мектептегі қарама қайшылықтарды жоюға, келеңсіз аурулардың алдын алуға жәрдем беру болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік педагог мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:

  • диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру: әр түрлі себептердің салдарынан туындаған адамдардың, балалардың бойындағы жат көріністерді, ауытқуларды анықтау;

  • болжамдар жасау: жат көріністерді жоюдың қандай нәтиже берерін көз алдына келтіру, шамамен болжау;

  • делдалдық жұмыстар: кейбір жағдай, белгілі бір мәселелерді шешуде педагогтың өзіне де көмекші керек, екінші бір жағдайда, белгілі бір ұйыммен, не жәрдем көздері мен нысана арасында байланыстырушы тізбек қызметін атқаруға тура келеді;

  • қорғау, сақтау, сақтандыру жұмыстары; кейде күйзеліске ұшыраған адамды баланы т.б. өзінен, басқалардан қорғау, сақтау тура келеді;

  • алдын алу, ескерту, мәлімет беру жұмыстары;

  • қаржы қаражат табу, оларды жұмсай білу немесе берілген қаржының дұрыс бағыттау;әлеуметтік педагогтың барлық іс әрекеті белгілі бір құралдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Оларға әр түрлі іс қимылдар, заттық жабдықтар, қосымша рухани және материалдық қаражаттар, әдістер, жұмыс формалары және ақпараттық технологиялар мен басқа да құралдар жатады. Әлеуметтік педагогтың жүзеге асыратын басты міндеті көп қырлы болғандықтан, практикада іс жүргізеді пайдаланып жүрген құралдары да сан алуан. Ол педагогтың жеке тұлғасы, білім – білгірлігі мен кәсіптік шеберлігіне байланысты. Енді соларға тоқталайық.

Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіптік сапалары мен қасиеттері.Ең алдымен әлеуметтік педагогтың жеке сипаттарына тоқалайық. Әлеуметтік іс -әрекеттің субъектісі жоғары дәрежелі кәсіп иесі, маман әлеуметік педагог болғандыктан,ол әлеуметтік киыншылыктарды терең түсінетін,баланың өмірлік мүддесін білетін, оған жәрдем бере алатын, жалпы теориялық және практикалық білімі жетік, арнайы қабілеті бар, мәдениетті адам болуы керек.

Педагогтың әлеуметтік психологиялық менталитеті (ішкі жан дүниесі, ақыл ойы, көз қарасы) белгілі бір тұрғыда табан тіреген, құндылық бағдары, қоршаған ортаны қабылдауы мен ой елегінен өткізе білуі, кез келген тұрмыстық жағдайларда өзін басқара білуі,өзін ұстауы және белгілі тұрмыстық жүріс тұрыс ережелеріне мығым дағдыланған адам болуы керек. Менталитет дегеніміз –адамның әлеуметтік мәдени тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырылып белгілі бір ұйымға, топқа, қауымға, жас ерекшеліктеріне, жынысына, не болмаса ортақ мүддесіне қарай бірігуі.

Кәсіптік менталитет дегеніміз – білім,түсінігі, қызметі, кәсібі бойынша өзінің жеке мінездемесі бар бар және оған сай келетін белгілері бар адамдардың кәсіп иелрінің топтасып бірігуі.

Маман ретіндегі әлеуметтік педагогтардың жеке ерекшеліктеріне тоқталсақ оларға байқампаздық, алдына ала сезе білуі немесе интуициясының дамығандығы, басқалардың жетістігі қайғы, қуанышына сезімтал, әр түрлі шарттар мен жағдайлардан шығудың жолдарын шұғыл және дұрыс таба алу сынды қасиеттер тән. Басқа адамдардың қал жағдайының, сұрау талаптарын түсіне алатын, және өзін өзі басқару мүмкіндігі мол болуы керек.

Бұлардан басқа мынадай кәсіби біліктілікті дамытуы тиіс: адамдармен қарым қатынас орната білу; жылдам және қоян қолтық араласып кету немесе үйірсектік; бауырмалдық пен адамгершілікті мейірімді, басқалар үшін жанашыр бола алатындай кең пейілді; болашаққа сенімді; адамдармен жұмыс істеуге, қызметтес, істес болуға бейімді өз ойын білдіре алатын; белсенді де жігерлі, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдей алатын; тосын және тұтқиыл жағдайлардан ұтымды жол таба білетін, ұстамды және жүйке жүйелерінің қозуы мен тежелуі үрдістерін басқара алатындай маман болу керек. Шет елдік әлеуметтанушы, әлеуметтік психолог және педагог ғылымдарының зерттеулеріне назар аударсақ, әлеуметтік педагогтың жеке психологиялық ерекшеліктері туралы келелі пікірлер айтылған. Мысалы, Англияда зерделік туралы деп дамудың ең жоғарғы деңгейі, өзін өзі реттей алатын және жеке тәртібі, талаптылығы, табандылығы, жігерлігі, қиын сәттерде адамдарға жәрдем бере алатын, сезімтал және ақыл парасатының жоғарлығында деп белгілеген. Амнерикалық психолог Дж. Холанд өзінің «Самонаправленный поиск» деген әдістемелік еңбегінде адамдардың алты сипаттағы типтерін көрсеткен, олар: тұрмыстық, зерттеушілік, актерлық, әлеуметтік, іскерлік және діндік. Осылардың ішіндегі әлеуметтік типке « әлеуметтік педагог» деп аталатын кәсіпті таңдап алғандар да кіреді. Оның негізгі көрсеткіші мыналар: ізгілік, жауакершілік, құлықтық, тазалық, басқа адамдарды түсіне алатын сезімтал, кез келген адамның адамдық қасиетін сыйлайтын, болашаққа сенімділікмпен қарайтын, эмоционалдық жағымды, өмірге құшта,жолдастыққа адал.

Әлеуметтік педагог Климов жіктеуіндегі: «Адам- адам» санатындағы кәсіптің иесі екенін және жеке сипаттамаларының құрамына кіретінін де ескеру керек. Әлеуметтік педагогикалық іс әрекет көп қырлы және сан алуан. Әлеуметтік педагог қайда, қалай, қандай контингентпен жұмыс істесе де, ол адамдармен жұмыс істейді, соның ішінде балалармен жұмыс істеудің де өзіндік ерекшелігі бар.Оның кәсіби біліктілігі зердесімен ғана емес, сондай ақ эмоционалды ұстамдылығы және еңбекшілдігі мен де бағаланады. Эмоционалды сфераға – эмоциясының мығымдығы, оң ниетінің бкасым болуы, күдіктілігі мен күманділігінің орынды дәрежеде болуы, психологиялық сілкіністер мен қақтығысты ахуалдарды шұғыл да ұтымды шеше білуі кіреді. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық сапаларын саралап айтар болсақ, олар мыналар:

  • ізгілікті-адамгершілігі мол, альтруист, жеке басының мүддесінен бұрын басқаларға жақсылық ойлауы, өзгеге қамқорлық жасауы;

  • психологиялық сипаты- психикалық үрдістерінің икемділігі, ерік күші мен ырықтылығы , эмоциясының тұрақтылығы

  • психикалық талдау жүргізе білуі, өзіндік қасиеттерінің анық пайымдауы- өзін бағалауы, өзін бақылай алуы, салыстыра білуі және өз күшін шамалауы;

  • педагогикалық-біліктілігі- қарым қатынас орната білуі, эмпатиясы, бетпе бет сөйлесуден тайынбауы , сыртқы мүмкіндігі мен сөз өнерін жетік меңгеруі;

Жеке адамның осындай қабілеттерін талдай келе кез келген жанның әлеуметтік педагог бола алмайтын, әлеуметтік педагог қызметінің ерекше қасиет пен біліктілікті талап ететінін көруге болады. Әлеуметтік педагогтың негізгі ерекшелігілеуметтік педагогтың негізгі ерекшелігі – альтруистік қасиеттерінде, яғни, басқаларға жақсылық істер істеуден, көмектесуден қорықпауы, тайсалмауы мен мәрттігі. өзінің қажеттілктері мен талаптарынан артып\, жәрдемге мұқтаж адамдарға қайырымды болу әлеуметтік педагогтың ең негізгі көрсеткіші.

Балаларға көмек берудің түрлері мен әдістері.

Әлеметтік педагогтың кәсіби құзіреттілігі теориялық білім мен практикалық іс әрекеті ұйымдастыруға даярлығы, әдістер маман бола алуында. Оның негізгі көрсеткіштері құқықтық нормативтік және педагогикалық психологиялық сипаттауларында көрсетілген.

Кәсіптік сипаттамалар КСРО-ның Мемлекеттік Жоғарғы білім беру комитеті тарапынан бекітілген болатын. Қазіргі кезде ТМД елдерінде, мысалы, Қырғызстан мен Өзбекстанда осы сипаттамалар негізге алынған. Сол секілді біздің елімізде де оны басшылыққа алуға болады. Себебі, олар ғылыми негізді және қай қоғамға болса да тура келетін педагогикалық практикалық, құқықтық ережелер мен ұстанымдарға табан тірейді. Ол « Қызметкерлердің міндеті», «нені білу керек», «кәсіптік талаптар»т деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім- «қызметкерлердің міндеттері».Онда әлеуметтік педагогтың адамдарға, соның ішінде балаларға көрсететін қызмет түрлері мен міндеттері көрсетілген. Олар мыналар:

  • балаларға әлеуметтік қорғау борйынша мәліметтер беру, оларға көрсетілетін әлеуметтк көмектер туралы ақпарлармен таныстыру;

  • Әлеуметтік құқықтық көмек көрсету, балалардың құқығын қорғау және сақтау, олардың баспанаға мұқтаждығын шешу отбасы және некелесу құқығының сақталуы еңбектенуге үйрету, отан сүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;

  • Әлеуметтік қатарға қосу орталықтарын кешенді іс шаралар жүргізу, әлеуметтік қызмет ұйымдарында жәрдемге мұқтаж балаларға психологиялық, құлықтық, эмоциялық жақтау қолдауы көрсету, қалыбына (реабилитация) келтіру және денсаулығын сақтау сауығуына көмектесу;

  • әлеуметтік тұрмыстық жәрдем беруге балаларың тұрмыстық жағдайларын жөндеу және отбасында ахуалы нашар балаларға көмек беру;

  • Әлеуметтік медициналық көмек – жазылмайтын сырқатқа ұшырап қалған не болмаса созылмалы ауруларды бар, не туғанынан денсаулығы нашар балаларға дәрәгерлік- көмек көрсету, маскүнемділікке әуестенген нашақорлыққа салынған балалар мен жасөспірімдер арасында жұмыс жүргізу, өзіне қызмет ете алмайтындарға қолғабыс жасап, дәрігерлік, психологиялық көмектер мен бақылау жұмыстарын жүргізу;

  • әлеуметтік псхологиялық жәрдем беру отбасындағы, алыс-жақын әлеуметтік ортадағы теріс ықпал тигізетін көріністерді жоюға, өзара қарым қатынасын жақсартуға, жылы қабақ, жағымды психолгиялық ахуал орнатуға бейімдеп, сондай жағдай жасауға ұмтылу;

  • әлеуметтік педагогикалық көмек балалардың отьасына ата анасына, басқа да мүшелермен қарым қатынасы жақсарту, үйден безген тілазар, қиқар, тәртіпсіз, теріс жолға түскен, мінез құлқында ауытқурары бар балаларды түзетуге тәрбиелеуге көмектесу;

Осы келтірген әлеуметтік жұмыс түрлері сан алуан формада жүзеге асырылады. Мысалы, қашықтан, жанама түрде, қоян қолтық араласу арқылы, көпшілікпен, ауруханаларда, арнайы жатақханаларда,асханалар мен басқа да қоғамдық және арнайы тәрбиелік, қамқорлық жұмыстарды ұйымдастыру орындарында және т.б. жерлерде жүргізуге болады.Мұндай жұмыстарды кейде тікелей жүздесе отырып, не болмаса белгіленген агенттер арқылы жүзеге асыруға болады. Мерзімі жағынан бұл жұмыстар кез келген мақсатқа қол жеткізген созылуы тиіс. Кейбір жағдайларды әлеуметтік мәселелер әп- сәтте шешілуі мүмкін, ал кейде ол әлеуметтік педагогтан табандылық білгірлік және төзімділікті талап етеі бұл мамандықтың айырмашылығы да осында.

Сырттай көмектесу- хат арқылы не телефонмен сөйлесіп шешілмей жатқан мәселесін біліп, кеңес беру, қолдап жәрдемдесу болып табылады. Олар мәліметтер беретін қызметтерге және сенім телефоны арқылы жүзеге асырады. Мұдай көмек мүгедектерге, маскүнемдікке салынған , нашақорлыққа берілген балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында құпия түрде жүргізілгені абзал.

Қысқа мерзімді шұғыл көмек беру балалар, жетімдер үйіне әр түрлі көмек беру орталықтары мен ұйымдарға, биржаларға келгендермен жүздесіп сөйлесу, ақыл-кеңес , нұсқаулар беру арқылы шешіледі.

Стационарлық көмек беру – интернатта, балалар үйінде, бөбектерді бағып қағатын орындарға әлеуметтік педагог арнайы барып сәйлесу арқылы жүзеге асады.

Кешенді көмек беру әлеуметтік педагогтардан басқа да мамандар, заңгерлер, психологтар, дәрігерлер әлеуметтік қызметкерлер мәселені ортаға салып, ақылдасып, мәжіліс өткізу арқылы туындаған мәселені шешеді.

Әлеуметтік педагогтың кәсіптік сипатынан екінші бөлімі «Педагог нені білуі керек?» деген нақты сұрақтардан тұрады. Мұнда әлеуметтік педагогтың теориялық білім және оны практикада қолдану жолдарын меңгеруі көзделеді. Олар мыналар:

  • Өз кәсібіне тиесілі құқықтық нормативтік заңдар мен актілердің қаулы- қарарлар, бұйырықтар мен нұсқауларды, т.б. білуі;

  • Әлеуметтік педагогиканың теориясын және оның тарихи даму жолдарныда үнемі туындап, жанғырып не қосылып отырған ереже қағида ұстанымдарды және т.б. білуі;

  • Әрқилы социумда әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін және жаңа технологиясын меңгеру;

  • Балалар мен жастар, жасөспірімдер психологиясын ерекшеліктері мен қалтарыстары бойынша бөлім олардың жасына және басқа да жағдайларға байланысты дағдарысқа ұшырау кезеңдерді білуі;

  • Әлеуметтану бойынша бөлімі, отбасы, шағын топтар ұжымы мен жұмыс істеу жолдарын меңгеруі;

  • Әлеуметтік басқаруды және әлеуметтік пеагогкалық зерттеуді ұйымдастыра білу.

Әлеуметтік педагогтың қызметінің кәсіби ерекшелігі оның жұмыс нысанына байланысты, мысалы, даун дертіне шалдыққан баламен жұмыс істеудің мазмұны-оны төздімділікті талап етеді; ал қиқар баламен жұмыста басты талап етілетін «ойлап тапқыштық» немесе шығармашылық. Мұндай жағжайда алдын ала жазып қойған рецепт жоқ.Мәселе сол жерде «табан астында » әп сәтте шешіледі. Сондықтан әлеүметтік педагогтың кәсіптік біліміне мыналарды жатқызуға болады:

  • бала, жасөспірім, ересек адам т.б. туралы талдаулар

жүргізе білу;баланың қал-жағдайын,ішкі жан дүниесіндегі құпия қозғалыс қимылдарын аңғару, түсіну, әлеуметтік ортаның ықпалын талдау , оның мәнін анықтай білу;

  • болжау:алдын ала көре білу және түйсініп, сезіну; алдына қойған мақсатты жүзеге асыру, тапсырманы орындау, қортындысын болжау, баланың іс қимылын жоспарлау, уақытты тиімді пайдалану;

  • алдын ала жоспрарлай білу: баланың сұранысын, талаптарын, қажеттілігін, мүддесін ескере отырып жұмысты ары қарай жүргізу әдістері мен тәсілдерін жоспарлай білу;

  • рефлексиялық біліктілігі: өткен тәжірибелерді ескеру, кері байланыс орната білуі, жұмыстың пайдалы және зиянжы жақтарын, оның әсер ету дәрежесін, қорытындысын балаға тигізген ықпалын талдау;

  • қарым-қатынас олрната білуі: баламен ашық сөйлесу, оның басына түскен қиыншылықтар мен күрделі жағдайды ұғынып- түсіну, оны жеңілдетуге көмектесу байқап бақылау, көңілін көтеру, т.б. болып табылады.

  • Әлеуметтік педагогтардың сипаттамасының үшінші бөлімінде оларға қойылатын –«кәсіби талаптар».Ол – білім алу механизмдерін меңгеріп, өздігімен білімін жетілдіру, арнайы кәсіптік санаттар қатарына қосылып, сол туралы біліміне байланысты куәліктерге ие болу. Ол туралы кеңінен осы еңбектің кейінгі тараудан қарастырамыз.