Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2.4.Отбасымен әлеуметтік –педагогикалық жұмыс

Қоғамдағы адамды оқыту және тәрбиелеу ісімен шұғылданатын әлеуметтік институттардың ішінде отбасы тәрьиесінің маңызы зор. Өйткені, балалардың алғашқы дамуы, қалыптасуы, әлеуметтік қарым қатынасы, байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық номаларын менгеруі отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі, қайратты болуға тәрбиеледі.

Қазіргі кезде нарықтық экономика көптеген отбасының материалдық жағдайына ауыр әсерін тигізеді, тұрмыстық деңгейі төмендеп, жат көріністер байқалып, ұрпақтан –ұрпаққа өтеді келе жатқан құндылықтар мен жақсы тұлғалық қасиеттерге нұқсан келіп, жлпы отбасының сиатын өзгертті. Мұндай жағдайда материалдық қамтамасыз етілген, табысы жеткілікті отбасы да кедейленген, жоқшылық азабын күнде тартып отырғаны да балаларын оқытып, тәрбиелеу де мұғалімнің тәрбиешінің, психологтың жәрдеміне мұқтаж.Соған қарамастан, отбасының атқаратын қызметі өз мәнін жойған жоқ. Олар мыналар:

  1. репроуктивті қызметі. Латын тілінен аударғанда ол « қайтадан жарату, көбейту» деген мағынаның білдіреді. Отбасынан байланысты бұл адамзаттың ұрпағын көбейту, оларды бағып-қағу, балалы болуы міндетін өтеуге болады. Демографиялық жағдайға қарасақ,т қазіргі кезде әр отбасындағы өлім-жітім мың адамға шаққанда үш адамнан артық болады. Жастар арасында баласыз өмір сүру не жалғыз, не екі балалы ғана болу туралы ойлар белең алуда. Жас жұбайлардың ата-енесінен бөлек отау құруды қалауы, отбасының бұзылып, ажырасудың көптігі, жалғыз бастылық, экономикалық және экологиялық ахуалдың нашарлығы , азық-түліктің нәрсіздігі, адам денсаулығының нашарлығы –осылардың барлығы отбасының үлкеюне кері әсер етуде.

  2. Экономикалық және тұрмыс –тіршілік қызметі. Ерете заманнан –ақ отбасы адамның тұрмыс-тіршілік мекені болып келеді. Егіншілік, мал шаруашылығы, аңшылық, қол өнерімен шұғылдану, сауда-саттық –отбасының күн көруі және «бар» болуының басты тірегі. Ерлі –зайыптылар азық-түлік даярлау, күнделікті тұрмыс тіршілігі, болашақтан күткен үміт, балаларды бағып-қағу, оқыту, тәрбиелеу, қыз ұзатып, ұл үйлендіру, керек жарақ сатып алу секілді әрекетпен қашанда айналысып келген. Әсіресе, қазіргі жағдайда байлыққа ұмтылу, жеке меншік объектілеріне ие болу, біреуге бағынышты болмай,өз алдына күн көру отбасының экономикалық қызметін белгілейді.

  3. Әлеуметтендіру қызметі. Бала отбасында қоғамдық өміріне қажетті қасиеттерді, қарым –қатынасқа ену тәсілдерін, әр түрлі байланыстар орнату жолдарын іздестіреді. әр түрлі қоғамдық құбылыстарды біліп, соған бейімделіп өмір сүру,оқып, білім алу, кәсіп таңдау, мамандыққа ие болу секілді әлеуметтендірудің басты мақсатын меңгереді. Әлеуметтік жүріс-тұрыс ережелерін, қоғамдық қарым-қатынас нормаларын сақтау мен қоғамда өмір сүруіне бейімдеу, ұлттық әдет-ғұрыптарды мәдениетті танып-білу және меңгеру, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы жағдай жасау керек.

  4. Тәрбиелеу қызметі. Ата-ананың атқаратын ең басты міндеті –баланы тәриелеп, қатарға қосу. Баланы отбасында тәрбиелеу-әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің ең иағыналы құрамдас бөлігі. Ата-ана баланың іс-әрекетін қадағалап өсіреді. Кейде балаға тәрбие бере алмаған, ауру, не болмаса жүріс-тұрысы нашар ата-аналар да кездеседі. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагогтың көмегі өте маңызды.

  5. Психотерапиялық қызметі. Бұл-баланың үйде өзін емін еркін де қолайлы сезініп, ата-анасының қасында тәні мен жанына зиян келтіретін барлық жат көріністерден қорғалып «отбасы-менің панам» дегенді жанымен түйсіну қызметі. Бала үшін отбасы мықты сүйеніш, әр түрлі сыртқы күштердің теріс ықпалынан сақтайтын қорған, ақыл-кеңес беретін, басына түскен қиыншылықтарды бірге көтеріп, одан шығарып алатын жәрдешісі дегенді білдіреді. Отбасы бала үшін оқудан не жұмыстан соң үйіне келіп, дем алып, ата-анасымен, бауырларымен бірге уақыт өткізіп, ертеңгі күнге даярланып, күш-жігер жинайтын жылулық мекені болуы тиіс. Бала отбасындағы осындай тәрбиесі үшін аса маңызды жылуды басқа ешбір мекеме, мұғалім не тәрбиеші толықтыра алмайды.

Отбасы осы келтірілген қызметінің барлығын толық не кейбірлерін ғана орындауы мүмкін.Бұл міндеттер орындалмаған не жартылай ғана іске асқан кейбір отбасында баланың отбасынан алған қуаты,көрген тәрбиесі де жапртылай.Осының салдарынан баланың өсіп-жетілеуі кешеуілдеп,тәрбиесі жеткіліксіз болып, рухани жан дүниесіне, психикасына , кейде денсаулығына да үлкен нұқсан келеді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарға көмектесетін және оны ұйымдастыратын әлеуметтік педагог болып табылады. Өткен дәуірде бұл қызмет түрлерінің кейбірлерін мектеп мұғалісдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер жүщеге асыратын еді. Бұлар қазіргі кезде әлеуметтік педагогтың қызмет түрлерінің бірі болып саналады.

Отбасының типтері және әлеуметтік мәртебесі (статус). Қазіргі заман отбасының көптеген шешімін күтіп тұрған мәселелердің ішінен әлеуметтік-педагогикалық қызметкерге тиесілі –күйзеліске ұшыраған отбасы мүшелерінің қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесу. Бейімделудің ең басты көрсеткіші отбасының әлеуметтік мәртебесі, әсіресе оның материалдық қал-жағдайы, құрылымы, мүшелерінің жеке ерекшеліктері , рухани құндылықтары, көзқарасы болып табылады. Осыған орай әлеуметтік педагог отбасының құрылымына байланысты оның мынадай белгілерін білуі тиіс:

  • Толық, не толық емес отбасы;

  • Күн көру үшін уақытылы құрылған жалған отбасы;

  • Отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері –жастар, ересектер, қарттар;

  • Қаншаншы рет құрылған отбасы (мысалы, алғашқы не екінші, үшінші рет құрылған;)

  • Балаларының санына қарай –көп балалы, жалғыз балалы отбасы;

  • Отбасында ұрпақ жалғасына қарай –бір не бірнеше буыннан құрылған, мысалы жас отбасы мен әке-шешесі, әже атасы, қайын бикесі, қайын сіңілісі, қайын ағасы, т.б. тұра ма;

Бұлардың басқа әлеуметтендіру жұмысын ұйымдастыруда отбасының материалдық ахуалы, психологиялық жағдайы, тқұрмыс тіршілік шарты, мүшелерінің атқаратын міндеттері -әкелік, балалық міндеттері, әр адамның жеке және жас ерекшеліктері де маңызды. Міне, осылардың барлығы отбасының мәртебесін құрайды. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі бар:әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени және ситуативтік. Оның үлгісін мына суреттен көруге болады. (8- сурет).

8-сурет. Отбасының қызметі

Отбасы үшін әлеуметтік бейімделудің ең маңыздысы-материалдық ахуалы, кірістері, баспанасы, жиһаз бен керек жарақ бұйымдары, жылжымайтын мүлікке иелігі, отбасы шаруашылығы т.б. бұлар отбасының әлеуметтік-экономикалық мәптебесін құрайды. Егер отбасында жұбайлардың табысы ең басты қажеттіліктерге жетпесе,мысалы, азық –түлік, киім-кешек, төлемақылар, т.б., ол отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен екендігін көрсетеді.

Отбасының кірістері өмір сүрудің материалдық нормаларын қанағаттандырып, бірақ материалдықө жақтан толық қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай отбасының мәртебесі орта деңгейде деп бағаланады. Ал егер отбасының кірісі қажеттіліктерінен екі сес көп болып, артық қаражаты болса, онда олар байлар қатарына қосылып, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жоғары делінеді.бұл отбасының әлеуметтік сипатының бірінші белгісі.

Отбасының әлеуметтік сипатының екінші белгісі –отбасындағы психологиялық ахуал. Бірге өмір сүруші адамдардың өзара бір бірімен қарым-қатынасы, бауырластық пен үйірсектігі, өзара сый-құрметі, ізеттілігіи, бір-біріне көмектесуге даяр тұруы жақсы психологиялық жағдай түзіп, отбасылық өмірде қуаныш пен қанағаттану сезімдерін туындатады.

Психологиялық ахуалы дұрыс қалыптаспаған отбасында өзара қарым-қатынас нормалары бұзылып, мүшелерінің арасында қарама –қайшылық туындап, зекіп сөйлеу, тілазарлық, бірін-бірі тыңдамау, түсініспеушілік, ұрыс-керіс сеіклді жат көріністер апйда болса, онда бұндай отбасыларға психотерапиялық көмек ұйымдастыру қажет.

Отбасының үшінші белгісі-әлеуметтік-мәдени бейімделу.

Бұл –отбасы мүшелерінің білімділігі, мәдениеттілігі. Бұл отбасының бала тәрбиесіне ықпал ететін аса маңызды сипаты. Себебі, мәдениетті отбасында салт, әдет-ғұрып сақталып, ол дәстүрге арналған мейрамдар өткізіліп, рухани байлығы артып, оның мүшелерінің бос уақыты пайдалы, қызықты өтсе, онда әлеуметтік-мәдени көрсеткіші ең жоғары деп есептелінеді. Ал егер, керісінші отбасында дау-жанжал, маскүнемдік, жалқаулық, тілазарлық орын алып, ізет-құрмет болмаса ондай отбасының әлеуметтік-мәдени деңгейі төмен дәрежеде деп есептелінеді.

Төртінші белгі-ситуативті роль атқаруға бейімділік. Бұл отбасы мүшелерінің балаға деген қарым-қатынасы. бұл-баланы ұғынып, түсіну, оның проблемасын шеше білу. Ал ондай болмаған күнде, отбасы мүшелерінің өзара мәмілесі мен балаға деген қарым-қатынасы нашар болып, баланың мәселелеріне мән берілмесе, онда бұндай отбасының мәртебесі төмен деп есептелінеді.

әлеуметтік педагог әр түрлі типтегі отбасыларға назар аударуы керек. өзара қарым-қатынастары жақсы отбасылар болса, енді бір отбасы мүшелерінің арасында түсініспеушілік салдарынан ұрыс-жанжал туып жатыр. Негізгі әлеуметтік жұмыс осы соңғы жағдайдағы отбасы мүшелеріне бағытталуы керек.

Егер де ынтымақты отбасында аяқ астынан бір қиын жағдай бола қалса, әлеуметтік педагог оны ушықтырмай дер кезінде ақыл кеңес беріп, әңгімелесіп, шешу жолдарын нұқсайды.осындай отбасыларымен жұмыс аса қиындық туғызбайды.

Өзара қарым-қатынасы бұзылған, береке –бірлігі жоқ отбасынынң әлеуметтік мәртебесі төмен болғандықтан, онда тәлім тәрбие мәселелері шешілмейді. Сондықтан әлеуметтік педагог төзімділік танытып, ұзақ мерзім жәрдем көрсетуі керек.

Әлеуметтік ахуалы төмен отбасы көбінесе өз күшімен еңбектеніп, балаларына тәлім-тәрбие беруге, басына түскен мәселелерді өздері шешуге ұмтылады. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагог оларға көңіл бөліп, бақылау жүргізіп, бір жағдай болып қалса, көмектесуге даяр болуы керек.

Кейбір отбасында психологиялық ахуал өте күрделі:маскүнемдік орын алған, туысқандар арасындағы түрмеге отырып шыққан мүшесі бар, құлықтық негізі бұзылған, балалары қараусыз қалған, материалдық жеткіліксіздік, санитарлық ахуалы төмен. Бір ғана әлеуметтік педагог емес, құқық қорғау орындары, медицина қызметкерлері және әлеуметтік қызметкерлері бірге жұмыс істеуі тиімді. Оларға медициналықи, моральдық, материалдық жәрдем жеткіліксіз болса, мұндай отбасына мемлекеттің және әлеуметтік қызметкерлердің тарапынан көмек қарастырылған. Әлеуметтік педагог аталған орындарға хабарлауы тиіс.

Отбасымен жұмыс формалары және мұқтаждарға жәрдем беру жолдары. әлеуметтік педагогтыиң жұмыс нысаны-балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар,яғни бүкіл отбасы мүшелері. Оларға жәрдем беру ж ұмыстарын мыналар құрайды: білім алуға, медициналық, көмек алуға қолдау көрсету, мәлімет беру.

Білім беру екі бағытта жүргізіледі: білім беру және оқыта отырып тәрбиелеу . осыған орай ата-аналарымен жұмыс бағыты да, ата-аналарға педагогикалық білім беріп, отбасында

5 –кесте. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мазмұны

әлеуметтік педагогикалық көмек

Психологиялық көмек

Дәнекерлік жұмыстары

Ата аналардың педагогикалық сауатын ашу;

Балаларды оқытуға көмектесу;

Тәрбиелеуге көмектесу;

Отбасында психологиялық жағдай орнатуға қолайлы;

Психологиялық көмек;

Қарым-қатынасын реттеуге;

Психоллогиялық қолдау;

Психологиялық түзету;

Үйлестіру;

Ұйымдастыру;

Жеткізу;

Мәлімет беру;

Біріктіру;

Хабарландыру;

Байланыстыру;

Кезедесетін қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктердің алдын алып, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және педагогикалық сауатын ашып, қарым-қатынас мәдениетін көтеру шараларын қамтиды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында әлеуметтік-педагогикалық білімі жеткіліксіз болса, бір ғана материалдық қамтамасыз ету ісін көздегенінен көптеген қателіктер кетіп жатады. өйткені, материалдық қамтамасыз ету жас ата-аналар арасында тәрбилеу мақсатын дұрыс түсіне алмағандар, балаға екеуі бірдей талап қоя алмағаны, артық еркелетуі, не болмаса шектен тыс қаталдық баланың көз алдында өзара мәмілеге келе алмай, ұрысып керісуі, баланы ұрып-соғу, зеку, кемсіту, баланы бағып-тәрбиелеуді басқаларға сеніп тапсыратындар. Сондықтан, әлеуметтік педагог әке-шешелерімен мынадай іс-шаралар жүргізеді:

  • әке мен ананы болашақтағы бала тәрбиесіне педагогикалық және әлеуметтік –психологиялық даярлау;

  • ата-ананың бала тәрбиесіндегі беделінің маңызын және жеке үлгі-өнеге көрсетудің рөлін, өзара қарым-қатынастың мәнін түсіндіру;

  • баланы жолдастарынынң арасында өзін ұстауға, олармен қарым-қатынас орната білуге үйрету жолдарын меңгерулеріне үйрету;

  • тәрбиелеуде балалардың жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескеруді қаперіне салу;

  • баланы өзіне-өзі қызмет етуге жаттықтыру, әдет-дағды қалыптастыру және оны ұйымдастырудағы отбасының рөлін анықтап көрсету;

  • мадақтау, мақтау және жазалау әдіс-тәсілдерін сауатты қолдана білу жолдарын қарастыру;

  • ата-аналарының тәрбиеде жіберген қателерінің себеп-салдарынан мәлімет беру, айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс тәрбиенің мәнін ашып көрсету және сендіру;

  • балаларды еңбек етуге тәрбиелеп, кәсіп таңдауына байланысты ақыл-кеңестер ұйымдастыру, олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу жолдарын нұсқау;

  • оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға кеңестер беру;

  • мектепке даярлау және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға көмектесу;

  • баланы құлықтық, дене тәрбиеі, эстетикалық, экологиялық, экономикалық жақтан отбасында тәрбиелеу қажеттігінет көз жеткізу және жолдарын көрсету;

  • жасында еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттер: ішімдікке әуестену, шылым шегу, нашақорлықтың еліктеудің алдын алу шараларын үйрету және отбасының тұрмыстық жағдайын көтеруге, статусын жоғарылатуға көмктесу;

Бұлардың басқа кедей отбасы мүшелерімен бала тәрбиесіне байланысты семинарлық жұмыстар өткізудің де өзіндік орны және пайдасы бар. Мысалы, жас отбасына қаражатын дұрыс пайдалану туралы кеңестер, азықтану ережелерін сақтаудың жолдарын үйрету, санитарлық және гигиеналық ережелерін сақтау, отбасы қарым-қатынасын реттеу, туындаған мәселелерге байланысты тура жол тауып, шешу жолдары қарастырылады.

Әке-шешелерге беретін көмегі ақыл-кеңестер баланы тәрбиелеудегі мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап, қажеттілігін қанағаттандыру, отбасы мүшелерінің ой-санасына, ақыл-есіне ықпал ететін әңгімелер өткізу, семинарлар мен сұхбат, дөңгелек үстел секілді басқа да іс-шаралар ұйымдастыру әлеуметтік педагогикалық қызметтің пәрменділігін көрсетеді.

Отбасындағы бала тәресінде ата-ананың қолданатын педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдана білуі,олардың қайсысының балаға дұрыс ықпал ететінін білуі аса маңызды. Олар мынадай екі топтан тұрады:

Бірінші топ, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастың өзара сыйластыққа құрылуы,; олардың бірін-бірі қолдап, өзара көмектесуі, сенім және түсіністікке құрылуы, қайғы мен қуанышта бір біріне ортақтасуы; кейбір күрделі мәселелерді ақылдасып шешуші; айтылған сын пікірлерді тыңдап қабылдауы.

Екіншісі, педагогикалық және психологиялық әдістерді сараптан қолдану арқылы баланың ой санасына, ішкі жан дүниесіне әсер ету. Олар үлгі-өнеге көрсету, мысалдар келтіру, түсіндіру, психикасындағы ауытқуларды тоқтату, ырық-эмоциясын басқаруға үйрету, стресс жағдайларынан шығару, сезімін оятып, түзету тәсілдерін қолдана білу болып саналады.

Бұл айтылған әдістер мен тәсілдер арқылы отбасындағы туындаған мәселелерді азайтуға немесе жоюға болады. өзара сыйластық, біріне-бірі қамқоршы бола білу,көмектесу арқылы отбасында жылулық, тыныштық орнатып, қарым-қатынасты реттеп, өмір сүруге жайлы, балаларға қолайлы жағдай жасауға болады. Олардың сана-сезімінде «отбасым-қорғаным»деген ой қалыптасуы керек.

Әлеуметтік-педагогикалық көмектің тағы бір аса маңызды құрамды бөлігі –психологиялық көмек. Оның өзі былай бөлінеді: әлеуметтік-психологиялық көмек және психика түзету жұмыстар немесе коррекция.

Түзету –қайта тәрбиелеу болғандықтан, педагогикалық және психологиялық жұмыс жүргізеді.Себебі, мінезі мен жүріс-тұрысының қай дағын түзетсек те, ол алдымен, санасына ықпал ету арқылы жүзеге асады.Өйткені, бала талап етіп отырған жаңа сипаттағы құқық түрлерін алдымен санасына сіңірмейінше, соның қажет екенін жан дүниесімен ұғынбайынша, меңнермейді. Отбасы мүшелерінің арасындағы бұзылған қарым-қатынасты реттеу, қайта тәртіпке келтіру ондағы адамдардың психикасын реттеумен тығыз байланысты. Өйткені,ұзаққа созылған келіспеушілік пен ұрыс, жанжал, кейде тіпті ұрып соғу секілді ұшқары қылықтарды реттеуді талап етеді. Сондықтан, психологиялық жұмысты арнайы білім алған психолог маманы, психотерапевт жүргізеді.Отбасында оларды реттеудің нәтижелілігі әлеуметік педагог, психотерапевт және психологтың күш біріктіруіне байланысты. Педагог отбасындағы қарым-қатынасты, баланың жан-күйін, қоғамдық ортамен болған байланысын тексеріп, реттеу жолдарын болжап қарастырса, психолог тестілеу, әңгімелесу, социометриялық зерттеулер жүргізу арқылы ондағы адамдардың психикалық ахуалын және өзгерулерді талдап, осыған орай реттеу жолдарын қарастырады. Ал психотерапевт психикасына зақым келген отбасы мүшелерін әр түрлі психологиялық және медициналық жолдармен емдеуді қолға алады.

әлеуметтік-педагогикалық жұмыста отбасындағы баланың ахуалына мән беру аса маңызды мәселе.Өйткені, ондағы ахуалы нашар болса, баланы кемсітіп, зекіп, ұрып соғып, қорқытып, оған сенімсіздік білдірсе, оның жұйкесі тозып, психикалық ауруға шалдығцы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда педагог оның себептерін анықтап, психикасын реттеу,ішкі күйзелістерінің себептеріне сай қалыбынпа келтіру жолдарын қарастырады. Ол баланың бойындағы кемшіліктерді жоюға, отбасындағы туысқандарымен болған қарым-қатынасын реттеуге, оны жақсарту жолдарын қарастырып, жылы қарым-қатынас рнатуға көмектеседі.

әлеуметтік педагогтың отбасын реттеуге дәнекерлік танытуы мынадай үш тармақтан тұрады: отбасына көмек беретін мекемелердің, демемушілердің жұмыстарын біріктіру және материалдық көмек мөлшері мен сипаты туралы мәлімен беру; отбасы мүшелерімен ондағы балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне, қажетті іс-шаралар ұйымдастыруға көмектесу-мейрамдар мен әр түрлі сайыстар өткізу, танысу кештері мен кездесулерін, клуб жұмыстарын ұйымдастыру, көрмелер аукциондар ұйымдастыру, спортпен шұғылдану, дарынды және қабілетті балаларға өз мүмкіндіктерін пайдалануы бойынеша бағыт беру.

Әр түрлі мамандар мен мекемелердің біріккен іс -әрекетін (координация) отбасы мүшелерінің мәселелерін шешуге бағыттау әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі. Олар мыналар:

  • баланы басқа адамдардың уақытша бағып-қағуын ұйымдастыру; бала бағып алушыларға көмектесу;

  • балаларды көмек мекемелері, балалар үйі, интернат, балалар ауылына тапсыру;

  • көмекке мұқтаж аналар, балиғатқа жетпей ауыр аяқ болған қыздарды, отбасындағы зорлық-зомбылыққа шыдамай қашқан әйелдерді уақытша «баспаналарға» орналастыру;

  • ұзақ уақыт емделетін ересектер мен балаларға рухани, материалдық, медициналық көмектесу шараларын ұйымдастыру;

  • балалар үйі, жабық мекемелер, пенитенциар мекемелермен бірігіп, қашқын балалармен жұмысты ұйымдастыру;

  • мектеп-интернаттарда жатып оқиьындарға әр түрлі мекемелер мен жеке адамдардың, мамандардың көмегін ұйымдастыру;

Әлеуметтік педагог матеиалдық және рухани сипаттағы көмек беруші мекемелер мен жекелеген адамдарды іріктеп, кім қандай көмек бере алады, ол кімге қажет екенін сараптап, тиісті орынға бағыттайды.отбасына байланысты қарастыратын болсақ, ол алдымен ондағы микороклимат, оның мүшелері арасындағы қарым –қатынасты, отбасының құрылымы және ондағы мүшелердің әлеуметтік беделін (статусын) талдап алған соң оларға көмек беру сипатын жэәне мүмкіндіктерін қарастырады.

әлеуметтік педагог отбасымен жұмысында мынадай үш міндетті жүзеге асырады:

  1. әке мен анаға отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, оның ішінде ата-анамен бала арасындағы мәміле туралы, баланың дамуы, оны тәрбиелеу туралы мәліметтер береді;

  2. отбасының қазіргі проблемалары баланы тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері, баланың жас және жеке ерекшеліктері, тәрбиелеу құралдары, формалары, баланың дамып қалыптасуына ықпал ететін фактолар туралы әңгіме –кеңестер өткізеді;

  3. баланың құқығын қорғау, мысалы әке-шешесі маскүнем, нашақор, баланы жәбірлейтін отбасында оның құқығын қорғау, тәрбие мекемелеріне орналастыру, асырап алу немесе бағып-қағуға беру, ата-ананың құқығынан айыру секілді жұмыстарды ұйымдастырады.

Отбасы проблемаларына байланысты әлеуметтік-педагогикалық көмек берудің түрлері де сан алуан. Шетелдерде осыған орай бай тәжірибе жинақталған. Олар қысқа мерзімді, ұзаққа созылған, бір рет жәрдем беру болып бөлінеді.

Қысқа мерзімді көмек дағдарысты кезеңде туындаған проблемаға байланысты ұйымдастырылады. Мысалы, су тасқынында баспанадан айырылған отбасына үй беруді ұйымдастыру. Осы шара жүзеге асқан соң тоқтатылады. Ал осындай отбасындағы балаларға берілетін көмек те сол кездегі баланың психикалық, денесіне тигізілген зардапқа байланысты жүргізіледі.

Бұдан басқа қысқа мерзімді психологиялық –педагогикалық көмек жас баланың кризисті кезеңіне байланысты. Белгілі психолог Л.С. Выготский кризсті кезеңдерде баланың бойында жеке психологиялық сапалар пайда бола бастаған 3жаста, 6-7жаста –мектепке барған кезде,12-13жастағы немесе жеткіншектерде,16-17жастағы мектеп бітіретін жасөспірім немесе бозбалада,21-25 жаста -әлеуметтік тұрғыдан тәуелсіз болған кезінде көмек беретін дағдарыстар туындайды дейді. Бұндай дағдарыстар тез арада ішкі және сыртқы жәрдем беру шараларын қажетсінеді. Ішкі көмек отбасы мүшелерінің әлеуметтік педагогпен бірігіп жүргізетін ықпал ету, тәрбиелеу, қатарға қосу, түзету мүмкіндіктеріне байланысты. Әсіресе,ұрыс керісті жағдайда келісе алмаушылықта теріс эмоцияны басып, қарама-қайшылықтар тудыратын мәселені шешу,кеткен кемшіліктерді өзара кеңесіп жою, отбасында жағымды психологиялық жағдай орнату -әке мен шешенің міндеті.

Ал кейбір күрделі мәселені шешуге отбасының шамасы келмесе, онда әлеуметтік педагог, әлеуметтік қорғау мекемесі, қолдау топтары қатарға қосу (реабилитация) орталықтары т.б. көмек беру жұмыстарын ұйымдастырады. Әр түрлі кризистердің нәтижесінде қорқу пайда болатын, тартыншақтау, жасқану, мазасыздану, көңіл-күйі нашарлау, басылып, күйзелу секілді ахуалдарға әлеуметтік педагог пен психологтың жәрдемі керек. Егер осы ауыр эмоциялық жағдайды жойып немесе азайта ласа, онда әлеуметтік педагог өз міндетін атқарған деп саналады.

Белгілі бір проблемаға бағытталған көмек. Бұл көмек қысқа мерізмге арналып, оны орындау төрт айдан аспауы керек. Отбасында туындаған мәселені олар жақсы біледі. Көп жағдайда олар туындаған мәселені түзетуге немесе жоюға даяр болғанымен, мәелені шешуді неден бастауы керек екенін біле бермейді, сондықтан көмекке мұқтаж. әлеуметтік педагогтың міндеті-барлық іс-әрекетін, ой-санасын осы мәселеге бұрып, оны шешуге отбасымен қоса бірігіп әрекет етуі керек. Осындай аса күрделі проблемаларға отбасындағы қарым-қатынастың нашарлауын, күрделі психикалық ахуал, тәрбиедегі кеткен қателіктер мен тәрбиелеу стилі, балаға деген теріс қарым-қатынастар т.б. жатқызуға болады. Мұндай жағдай әлеуметік педагог, әлеуметтік психолог, медицина қызметкері, психотерапевт, әлеуметтік қызметкер т.б. күш біріктіруімен шешілгенде толыққанды болады.

Әлеуметтік педагогтың мақсаты-отбасындағы нашар қарым-қатынас жүйесін түп тамырынан өзгертіп, не болмаса оған ықпал еткен шарттарды түзетіп, реттеу болмаса мүлде жою. Бұндай істерді жүзеге асыру белгілі бір уақыт аралығын және күш қуат жұмсауды талап етеді.

Отбасы көмек сұраған кезде әлеуметтік педагог патронаждық міндет атқарады. Немесе отбасына барып жай күйімен жан-жақты танысады, күйзелістің себептерін, оның отбасына келтірген әсерінің сипатын анықтайды. Олар мыналар:

  • отбасының тұрмыстық жағдайымен танысып, қандай кемшіліктер бар, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, күн көрісін танып білу , сол арқылы қандай көмекке мұқтаж екенін анықтау. Мысалы, медициналық, әлеуметтік –материалдық, әлеуметтік-педагогикалық , психологиялық т.б.

  • белгіленген іс-шаралардың орындалуын қадағалау, бала мен ата-ана қарым-қатынасын талдау, берген ақыл-кеңес нәтижелерін сараптау;

  • оларды құқықтық, педагогикалық, психологиялық т.б. мәліметтермен қамтамасыз ету, дәнекерлік қызмет көрсету;

Егер отбасы қарым-қатынасы өте күрделі болса, онда құқық қорғау орындарына барып, оларға көмек алу жолдарын көрсетеді. Патронаж немесе көмек психологиялық, құлықтық әлеуметтік ахуалға қарай шешіледі, мысалы егер отбасындағы мүгедек адамдардың сипаты мен дәрежесін анықтау, көңіл-күйін жақсартып, рухани күш-қуат беру; созылмалы немесе уақытылы ауруларға ұшырағандарына медициналық көмек; жағдайы нашар отбасыларға материалдық көмек ұйымдастыру;

Бұлардан басқа аса маңызды әлістердің бірі –кеңес беру, мысалы, сендіру,мысалдар келтіруэмоциясына ықпал ету, көңілін көтеру, жігерлендіру, өмірге құщтарлығын арттыру;

Тағы бір аса маңызды жаттығу –тренинг. Бұл жұмысты отбасынынң мүшелерімен жүргізуге болады. Онда алдымен отбасы педагогикасы мен психологиясынан мәліметтер беруден басталып, онда бала тәрбиесі, олармен қарым-қатынас орнату жолдары, тәрбиелеу әдіс-тәсілдері, оларды орынды қолдану, баланы (адамның) ішкі дүниесін түсінудің қажеттілігі мен жас ерекшеліктерінің маңызын ескеру мәселелері қарастырылады.

әлеуметтік-психологиялық тренинг ата-ананың педагогикалық-психологиялық сауатын ашып, мүгедек, ауру балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктерімен таныстырады және отбасында оларды тәрбиелеуге ,өмірге бейімдеуге қатысты кеңестер береді.

Отбасы тәрбиесінде қолданатын әлеуметтік-асихологиялық әдістерді жалпы төмендегіше топтасытруға болады:

  • коммуникативтік-үйірсектік немесе қарым-қатынас орнатуға құлшыныс. Қазақта мұны «іші-бауырына кіру» дейді. Ол адамның ішкі пікірін бұзбай дұрыс түсіну, жай-күйін сөйлеген сөзінен ұғыну, соған сәйкес кеңес беру т.б.;

  • күнделікті тұрмыста өзін ұстай білу, сабырлылық пен байсалдылыққа үйрену;

  • баланың өз уағында білім алуына, дамуына, ойын, оқу және бейімділік, нышандарын, қабілеттерін дамыту, қолынан келетін үй жұмыстары арқылы тәрбиелеу;

  • топтық әдістер –топ мүшелерінің өзара тәжірибе алмасуынұйымдастыру, әңгімелесіп, қоян-қолтық араласуына жағдай жасау, қызықтырған сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік беру.

Келтірілген әдістер отбасына жылдам және ұзақ мерзімде көмектесу практикасында кеңінен қолданылады. Отбасы –шағын мемлекет. Белгілі бір ұлт не халықтың көптеген ғасырлардан бері қалыптасқан салт, сана, әдет,-ғұрпы, тұрақты қарым-қатынастары мен мәмілесі бар. Кейде әр отбасының өзіне ғана тән, ешкім білмейтін бала тәрьиелеу тәсілдері болады. Ол сол отбасының ерекшелігіне байланысты. Олар өз жағдайын өзі шешеді, сондықтан әлеуметтік педагог оған киліге алмайды. Барлық проблеманы отбасы өзі ғана шеше де алмайды, әсіресе бұл отбасының иатериалдық жағдайына байланысты. Қалай десек те отбасының тұрақтылығы, ондағы бала тәрбиесінің орынды болуы мемлекеттің қалыптасуына да белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.