Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать

1.2. Әлеуметтік педагогиканың туындауы мен дамуы

Әлеуметтік педагогика - әр түрлі келңсіз, тосын жағдайларға душар болған адам, немесе адамдар тобы мен бүкіл қауымды осындай қиыншылықтан шығару және олардың жүйке жүйесін қалыбына келтіруге арналған тәрбиелік жұмытардың теориялық және практикалық қосындысынан туындаған ілім.

Кеңес дәуірінде «әлеуметтік педагогика» ұғымы қолданылмайтын, бірақ, әр түрлі әлеуметтік мәселелер көп болатын және олар әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері тарапынан шешіліп отыратын. Алайда ресейлік ғылымдар 1917 жылға дейін-ақ бұл мәселені танып-біле бастаған еді.

П.Г. Лесгафтың (1837-1909 жж.) «Семейное воспитание ребенка и его значение» деген к3табы XIX ғ. 80- жылдарында жазылып, осы уақытқа дейін педагогика ғылымы үшін өз мәнін жойған жоқ. Орыстың философы және психологы В.П. Вахтеров (1853-1924 жж.) қоғамның балаға тигізетін әсерін белгілеп, «балалар ұжымы еркін дамуға кедергі бола ламайды»,-деген ойды айтқан. Ал педагог П.Ф. Каптеров (1849-1922 жж.) «мектеп-баланың қарым-қатынас және байланыс түзу ортасы» екенін белгілеген.

1911 жылы неміс ғалымы Пауль Напорттың «Социальная педагогика» деген кітабы орыс тілінде басылып шыққан. Оның басты пікірі – « Адам қоғамда ғана «адам» болып қалыптасады».Ескерілмей қалған орыс педагогы С.И.Гесен (1887-1950 жж.) « Основы педагогики» (Берлин,1923) деген еңбегінде « баланы әлеуметтендірудің ең негізгі орны – мектеп деген пікір айтқан.

XIX ғ. Ортасында «әлеуметтік педагогика» деген ұғымды нміс педагогы А.Дистервег ұсынғанымен, ол XX ғасырдың басында ғана қолданысқа ене бастады. Өйткені, Еуропаға экономикасы артта қалған, не нашар дамыған өлеклерден мигранттар көп барып, оларда бейімделу үрдісі үстем болғандықтан, андрагогика (ересек адамдарды тәрбиелеу педагогикасы) туындадаы. Одан барып герогогика (қарттар педагогикасы) бөлініп шықты.Ал XX ғ. Жасөспірім балалар мәселелері көп болғандықтан, оларды тәрбиелеу, түзету, қатарға қосу, қалыбына келтіру мақсатында түзету ( пенитенциар) педагогикасы пайда болды.

XIX ғ. ортасында орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824-1870 жж.) « Человек как предмет воспитания» деген антропологиялық еңбегінде баланы тәрбиелеуде қоғамның, оқытудың және халық педагогикасының мәнін баса көрсеткен.

Әлеуметтік педагогика XIX ғ. аяғында дүгиеге келіп, XX ғ. 20 жылдары мектепті өмірмен ұштастырла бастаған. Бірақ кең қолданысқа енгізілмеген еді. Бұл практика кейбір алдыңғы қатарлы педагогтардың ғана жұмыс тәжірибесінде қолданыс тапты.

Ресейде әлеуметтік педагогиканы қуаттап негізделушілердің бірі, философ, психолог және тарихшы В.В. Зенковский қоршаған ортаның, қоғамның, отбасының, мектептің, ұлттық аслт- дәстүрдің, діни наным-сенімдерінің баланы әлеуметтендіруге тигізетін әсерін негізгі фактор ретінде қарастырған (Осовский Е.Г. Педагогика российского зарубежья// Хрестоматия.- М..,1996. с.18-19)

Белгілі кеңестік педагог және психолог П.П. Блонский (1884-1941 жж.)» Бірінші тәжірибе стансасын» ұйымдастырып, балаларға әлеметтік-экономикалық және географиялық ортаның ықпалын зерттеу мен әлеуметтендіруге көмектесу міндетін шешуге ұмтылыс жасаған. Ал, А.С. Макаренко (1888-1939 жж.) қамқоршысыз және қылмыскер жасөспірімдердіқайта тәрбиелеуге арналған М.Горький атындағы еңбек колониясын және Ф.Дзержинский атындағы коммуна ұйымдастырып, онда көптеген балаларды тәрбиелеп , қатарға қосып, игілікті өмір жолына салған.

Осындай тәжірибелердің болуына қарамастан әлеуметтік тәрбие жүйесі жақсы дамығын жоқ , ал 1936 жылы қабылданған («О педагогических извращениях в системе Наркомпроса »-мұнда педагогиялық теорияны «жалпы ғылым» дегенді сынаған болатын) белшілі шешімнен кейін бұл жұмыс мүлде керексіз болып қалды. Кеңес Одағының тысында ,XXғ.30-жылдары көптеген ғалымдар әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы зерттеулерін тоқтатып, әлеуметтік проблемалы тақырыптар жабық сипатқа көшті.

Мыңдаған адамдарды күйзеліске душар қылған екінші дүние жүзілік соғысы (1941-1945) , әлеуметтік мәселелерге қайтадан назар аударуға мәжбірледі. Соғыс салдарынан көптеген балалар жетім қалып, тұрған мекендерінен басқа жақтарға көшірілген. Оларға соғыстан зардап шеккендер ретінде көмектесу үшін көптеген балалар үйін ұйымдастырып және мектеп-интернаттар ашуға тура келді. Қамқорсыз қалған әскерлер мен офицерлердің балаларына жәрдем беру мақсатында қайрымдылық қоры және әлеуметтік есепшоты ашылып , халықтан ақщалай көмектер жинақталды.

60-70жж. Педагогика ғылымында қайтадан әлеуметтік ортаның адамға тигізетін ықпалын зерттеу қолға алына бстады, өйткені, әлеуметтік өзгерістар салдарынан көптеген тәлім-тәрбиелік мәселелер туындады.

80-85жж. Экономикада сыр бере бастаған дағдарыс қоғамдық тырмыстың барлық жағына түгелдей қанат жайды. Шаруашылықты басқару әдістері заман талабына сай келмей ескіргендіктен, өндірістік күштер мен экономика арасындағы қарым-қатынас қайшылықтары күшейіп, кірісті дұрыс бөлістірмеу , еңбек технологиясының жарақсыздығы мен бұзылуы, тәртіптің нашарлауы, шығарған заттардың саны көп, сапасының төмендігі, жалпы халықтың тұрмысына теріс әсерін тигізді. Мұндай көріністер адамдардың жүріс-тұрысы, ақылақтық және тұлғалық сапалары мен көзқарасына теріс ықпал етті. Бұл жылдары ересектер алкогольді ішімдікке беріліп, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстық істерге бару , нашақорлыққа салыну да белең ала бастады.

Кеңес Одағы күйреген соң, жаңа ғана құрылған елдердің экономикасы әлсіз болып , халықтың тұрмысы нашарлаған сайын әр түрлі әлеуметтік мәселелер де көбейді: әр түрлі сипатта күйзеліске ұшыраған балалар , ауру адамдар , тұрмыс ахуалы төмен қарттар ,т.б. келеңсіздікке душар болған адамдар саны артты. Бұларға мемілекет тарапынан мәміле әр қалай : қоғамның аксиологиялық (құндылық) көзқарасына , идеологиялық негізіне , әдеуметтік, экономикалық , құқықтық(нравственный) т.б. құндылықтарына байланысты болатыны белгілі.

Қоғам қаншалықты дамыған болса да, жеке тұлғаның ешкіммен қатыспай , қарым-қатынас жасамай, өз алдына өмір сүре алмайтыны белгілі. Қоғам жаңа сипатқа көшіп, әр ел өз алдына мемілекет болып құрылған соң сыртқы әлеммен қарым-қатынас күшейді. Соның салдарынан басқа елдерден жақсы технологиялық, ақпараттық құралдар, мәдени-тұрмыстық заттармен қатар , рухани мәдениет материалдары да тарала бастады. Бұл адамдардың, әсіресе мінез-құлқы қалыптасып болмаған балалар мен жасөспірімдер , жастарға теріс ықпал ететіні белгілі. Оларда педагогиканың «жақсы үлгі-өнеге көрсету арқылы ықпал ету» деген асыл ережесіне қайшы келетін заттар көптеген тарала бастады.

Өткен тарихи дәуірге көз салсақ, Қазақстан Ресейге қосылар алдында ,XVIIIғ. 30-70 жылдарында париархалды-феодалдық қоғам үтемдік еткен кез болатын. Орта ғасырдан бері келе жатқан ішкі рулық қақтығыстар халықты хандықтарға бір бөлсе, одан кейінгі кезде жекелеген бай-шонжарлар бөліп-жарып билік құрған еді. Мұндай күрделі әлеуметтік жағдайда өмір сүрген елге рехымшылдық , қайырымдылық жасау, кедей-кепшітерге көмектесу мақсатында байлар мен би , болыстар төңірегіне өзінің туысқан, жекжат-ағайындарын, бұқара халықты топтастырған. Олар мал бағып, үй шаруасы, егін егу, отын-су тасу т.б. жұмыстарын істеген сөйтіп жан бағып, күн көрген.

1936 жылы Қазақ ССР-і құрылып, ол КСРО-ның құрамына тең құқықты одақтас республика ретінде кіргеннен бастап, Ресейде болған барлық өзгерісер бізге де ықпал етіп отырды. Қазан төнкерісінен кейін жекеменшіктің жойылуы , қайырымдылық-буржуазиядан қалған ескіліктің қалдығы ретінде қарастырылып, шет елдерің ғалымдарымен қарым-қатынасқа «темір тордың» тосқауыл болуы, әлеуметтік кежейшілікті жоққа шығарған заманға аып келді.Соған қарамасытан өлкеде әлеуметтік жәрдемге мұқтаж адамдарға қайырымдылық көрсетіліп, арнайы есеп және қор ашылып, балалар үйі, интернаттар, қарттар үйі жұмыс істеген. 90жылдары отанымызда зор өзгерістер болып, ол экономикалық дағдарыс, мәдени, ғылыми және білім беру үрдісінің құлдырауына алып келді.Соның салдарынан халықтың тұрмысы нашарлап, қылмыс көбейіп, қараусыз қалған балалар мен қарттардың саны өсіп, әр түрлі әлеуметтік түйіткілді мәселелер (маскүнемдік, нашақорлық, кедейшілік, психикасы және денсаулығы нашар туған балалардың саны көбейе бастады.Осы жылдары қылмыс жасаған үйінен безіп кетекн балалардың саны бұрынғыдан да артты. Жасөспірімдер арасында бейресми ұйымдар (хиппи, металист, роккерлер,ж.б.) пайда болды.

Қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбеюде. Мысалға, 2005 жылы Шымкент облысында жасөспірімдер арасында төрт рет отты қару қолдану, сегіз кісі өлтіру, 46 кісі тонау, жиырма сегіз қарақшылық тіркелген. Осыған байланысты мектептерге полиция қызметкерлері бекітіліп, бақылау қойылатын болды.

Қылмыс істеген балалар мен жастар саны (мың адамға шаққанда)

Мұндай жағдай әлем бойынша да байқалады, мысалы,

Жасы

2003

2004

14-15

80,9

73,9

16-17

1,9

2,1

18-29

4,6

4,7

30-дан жоғары адамды айтады

39,2

35,7

2005 жылы құқық бұзғандардың 22% жасы 19- ға дейінгі азаматтар болған.

Сингапурге кешкі сағат 23:00 ден кейін жасөспірімдерді полиция ұстайды.Мезгілсіз уақытта қоғамдық орындарда супермаркетте жүрген жеткіншектің құжаттары тексеріліп, ата-аналарына хабар беріледі. Осындай пәрменді шаралар бізге де қажет. Өйткені бос уақытын қалай өткізерін білмей «екі қолы алдына сыймаған», «бұзақылық істемесе алақаны қышып тұратын» жеткіншектерге қоғам тарапынан қандай да бір тыйым сау керек.

Қылмыс дегеніміз- әлеуметтік құқықтық құбылыс, ол нақты бір аумақта, белгілі бір уақыт аралығында адамға не оның мал мүлкіне қарсы жасалған істердің сандық және сапалық көсеткіші мен сипатталады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2004 жылы Қазақстанда 143,6 мың қылмыс тіркеліп, оның 25% әйелдерге қарсы, 3,1% жеткіншектерге қарсы істелген. Оның жалпы сипаты: 62 мың ұрлық, 2,1 мыңы әдейі өлтірген және өлтіруді ойластырған, 14,5 мыңы қарақшылық пен ұрып соғу арқылы тартып алу, 9,3 мыңы нашақорлыққа байланысты қылмыс, 1,5 мың зорлық не зорлық істеуді ойластырған.

1990 жылы қуатты кеңес одағының ыдырауы әлеуметтік, экономикалық саяси құрылымдардың дағдарысына лаып келді де, бұрын қалыптасып қалған «масылдық» психологиялық жұмыстың жандануына түрткі болды.

Осыған орай Қазақстанда әлеуметтік көмекке мұқтаз адамдар қорғауға алынып, балалар үйі, қарттар үйі, отбасынан безген балаларды қабылдау орындары және басқа да мекемелер ашылды.

Мейірім және қайырымдылық дәстүрінің дамуы. Халқымызда «мейірімділік», «қайырымдылық» деген екі ұғым адам санасында ерте заманнан орын тепкен ұғымдар. Олар мағынасы жағынан бірдей болып көріңгенмен мазмұны жағынан екі түрлі: мейірімділік- адамның ішкі жан дүниесіне қатысты болғандықтанпсихологиялық жүгі бар ұғым ретінде адамға деген сүйіспеншілік, құрмет, жанашырлық, ізеттілік қарым- қатынасты білдіреді. Ал қайрымдылық-мейірімділік ұғымының сыртқы көрінісі, басқаша айтқанда, мейірімділіктің іс жүзінде орындалуы, нақты жәрдем, көмек беру, қолдау көрсету. Ол материалдық көмек, жеке күш жұмсап көмектесу, талпынысын қуаттау болып табылады.

Қазіргі кезде әлеуметтік көмек жұмыстарын Қазақстан Республикасында Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі атқарады. Ол халықты еңбекпен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру, халықтың әлеуметтік көмекке мұқтаж қатарына әр түрлі көмек ұйымдастыру, және мемлекет тарапынан осы мақсатқа бөлінген қаржы – қаражатты орынды жұмсап, нысанаға жетуін қадағалау секілді т.б. жұмыстарды ұйымдастырады және қадағалайды.

Қайырымдылық мәселелері заң негізінде шешіліп, Қазақстан Республикасының Конституциясының (1995 ж.) 17 бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық- зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік не адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмамйды» делінген. Осыған орай Қазақстанда 1998 ж. Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар намысты қорлайтын іс әрекеттермен жәбірлеу түрлеріне қарсы конвенция қабылданған. Осыған орай кейінгі кезде азаптаулардың түрлерін психикалық азаптау және тән азабын тартқызу деген екі топқа бөліп қарастыру туралы мәселелер көрсетілуде. Әлеуметтік педагогикалық жұмысқа байланысты ересек адамдар мен балалардың психикалық ауытқуы себептері мен салдарын нақтылау және іс шара ұйымдастыруда бұл аса маңызды.

2001 жылы «Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» қабылданды. Онда «әлеуметтік қорғау- бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедек, денсаулық жағдайы, асыраушысынан не жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды гнегіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасых етуге арналғант жүйе» деп көрсеткен.

Қазақстан халықаралық еңбек ұйымының мүшесі болып табылады. Оның анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:

  • Тұрақты, ақылы еңбектерге ынталандыру

  • Негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ол туындаған жағдайда сол қатер салдарынан айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

  • Халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек;

  • Азаматтардың тегін білім және медициналық қызметтерге қол жеткізуі;

Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып әлеуметтік қорғаудың мынадай тиімді жүйесі анықталған: 1) мемлекеттік жәрдемақылар;2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды.

Онда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғау, жұмысынан айырылу жағдайында әлеуметтік қорғау, қартайған кездегі әлеуметтік қорғау, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау қарастырылған.

ҚР 2001 жылы қабылданған «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңда осы көмекті алу құқығы және оны уәкілетті орган жүзеге асырады делінген. Атаулы көмек жергілікті бюджет қаражатынан бөлінеді. Бұл жан басына шаққанда табысы обылыстарда және Астана, Алматы қалаларында белгіленген кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем деп көрсетілген.

Осы негізде көптеген балалар үйі, балаларға арналған әр түрлі қорлар мен ұйымдар, аудандық құқық қорғау мекемелерінде жанынан балаллар және жасөспірімдер мен жұмыс істеу орындары, созылмалы және айығуы қиын аурулар үшін тегін емдеу мен дәрігерлік пункттері, бос уақытты ұйымдастыру орталықтары, аудан, ауыл аймақ әкімшіліктерінде әлеуметтік жұмыстары ұйымдастырып, үйлестіріп отыратын арнайы бөлімдер қызмет ете бастады.

1995 жылы әйгілі «Бөбек» қоры, халықаралық балалар қоры кешенді де жүйелі, әрі мақсатты жұмыс жүргізе бастады. Олардың бағдарламаларында «жетім балалармен жұмыс», «ата анасының қамқорлығынан ажыраған нәрестелерді бағып қағу», «кіші жастағы мүгедек балалармен жұмыс», «туа біткен созылмалы не айықпайтын ауруға ұшыраған балалармен жұмыс», «психикасы мене ақыл есі кем балалармен жұмыс» секілді көптеген мәселелерді қамтиды.

1995 жылы БҰҰ қабылдаған бала құқығы туралы конвенцияда «отбасына бала тәрбиесінен міндеті жүктеледі және оны толық жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуы керек. Бала ерекше көмек және қамқорлыққа құқылы ; бала тұлға ретінде толық және жан жақты дамуы үшін отбасындағы қарым қатынастың түсіністікте, бақытта, сүйіспеншілікте болуы бала өз алдынша күн көруге даяр болып достық еркіндік, теңдік рухында тәрбиеленіп, игі қасиеттерді бойына дарытуы тиіс» делінген.

Сондай ақ мұнда баланың мүддесін қорғау ата аналарының құқығы мен міндеттерін орындауы әр баланың өмір сүру құқығы баланың денсаулығын сақтау, өз ата аналарын білу құқысы, отбасы тәрбиесі т.б. қатысты бір топ мәселерді қарастырған.

Осыған орай елімізде әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы әр түрлі мекемелер: отбасы және баланы әлеуметтік қорғау , денсаулық сақтау орталықтары, заң бұзған балалар және жасөспірімдермен жұмыс мекемелері, тәртіп бұзған балалармен жұмыс, «қатарға қосу» (реабилитация) орындары мегн қараусыз, не жетім қалған балаларға арналған « Балалар үйі», «Бөбектер үйі», балалар үйі түлектеріне арналған «жастар үйі», «қарттар үйі», әлеуметтік жатақханалар, сенім телефондары әлеуметтік медициналық қызмет педагогикалық, психологиялы көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылуда.

Әлеуметтік медицина созылмалы, не айықпайтын аурулар мен әлеуметтік аурулар , мысалы, СПИД, радиация, өкпе сырқаты, психика кінәраты т.б. ауруларды тегін емдеу пункттер мен оларға тегін дәрі дәрімек шприц секілді қажетті заттар беріп қызмет көрсететін орындар пайда болады.Психологиялық көмек тек миына зақым келген, психикасы бұзылған адамдар емес, сонымен бірге уақытылы күйзеліске ұшыраған сәттерде қолдау көрсететін жұмысы арқылы көрсетіледі. Педагогикалық көмек отбасы, мектеп мұғалімдері мен оқушылары және басқа да адамдарға арналған педагогикалық білімін толықтыру жәнге көмектесу қызметі.