Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) - қаз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу ерекшелігі

Қызметінің түріне қарай қызметкерлерінің саны 50 адамнан аспайтын мемлекеттік емес заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер шағын /кіші/ бизнес субъектілері деп аталады, бұл тұлғаларға заң шығарушы арнайы назар аударады (1997 ж. 8 сәуірінде қабылданған ҚР Үкіметінің Қаулысы). Заңды тұлғаларды шағын бизнес субъектілеріне жатқызудың екінші талабы – ол оның жылдық тауар айналымының мөлшері болады. Кіші бизнес субъектісі мәртебесіне ие болу әр түрлі жеңілдіктер береді: тіркеүден өту кезінде, банк несиелерін алу кезінде, салық жеңілдіктерін береді және т. б. Мысалы: шағын бизнес субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеу мерзімі 10 күннен 3 күнге дейін қысқартылады, жарғылық капиталының ең аз мөлшері, тіркеу төлемі азайтылады, т.б.

3 сұрақ. Заңды тұлғаны тоқтату екі жолмен өткізіледі: қайта құру және тарату арқылы. Заңды тұлғаның қызметін тоқтату күні болып ол жөнінде мәліметтерді Мемлекеттік Реестірге енгізу күні саналады. Қайта құру дегеніміз – ол, мирасқорлық негізінде оның құқықтары мен міндеттерін басқа заңды тұлғаға ауыстыру арқылы заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып танылады. Ол бес нысанда өткізіледі: бөлү, бөліп шығару, қосу, біріктіру және өзгертү. Қосу, біріктіру және өзгертү кезінде мүлкі жөнінде өткізу (тапсыру) актісі жасалады, ал бөлү және бөліп шығару кезінде бөлү балансы жасалады (ҚР АК 47 б.) Қайта құруға қарағанда, тарату – ол мирасқорлық негізінде оның құқықтары мен міндеттерін өзге тұлғаға ауыстырмастан, заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып танылады. Заңды тұлғаны тарату заңда белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі (ҚР АК 50-51 б., б.). Оның негізгі ұғымдары: «тарату комиссиясы», «тарату балансы», «аралық тарату балансы», «несие берүшілердің талаптарын қанағаттандыру кезегі», «төлемдерді капиталға айналдыру».

Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсың жүргізілуі мүмкін. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік миесінің уәкілдік берген органының шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.

Ал ықтиярсыз тарату шешімімен:

  1. банкрот болған;

  2. заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол бермеуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылады.

  3. Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асыралған;

  4. Тиісті құжат алынбаған қызметті, не заң құжаттарына тиым салынған қызметті жүзеге асырған, ие қызметтін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізетін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда;

  5. Заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғадың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен тиісті органның шешімімен, заң құжаттарында қаралған негіздер бойынша жүзеге аса алады.

Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органның, немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді.

Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына жатады, тарату комиссиясы заңды тұлғаның тратылғаны туралы және оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралыы хабар жарияланған кездей бастап екі айдан кем болмауы керек.

Несие берушілердің талаптарын қанағатандыру жөнінде Ак-тің 51-бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілгендігі келтірілген:

  1. Бірінші кезекте- таратылған заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру мен қанағаттандырылады;

  2. Екінші кезекте - несиеберушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

  3. Үшінші кезекте – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу, жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі.

  4. Төртінші кезекте – бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөнінде берешек өтеледі;

  5. Бесінші кезекте- заң құжаттарына сай басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.

Таратылған заңды тұлға мүліктің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүргінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.

Банктроттық заңды тұлға таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау болып табылады. Банкрот ұғымы АК-тің 52-бабында келтірілген. Оған сәйкес банкроттық борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрмексіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрмелсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіндік болмауы.

Заңды тұлғаның банктротқа ұшырлуы оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылған борышқардың мүлкі барлық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп бөлінеді.

Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға банктроттық қолдануға тиіс емес. Өйткені, олар несие берушілердің талаптарын орындау үшін ақша қаражаты жеткіліксіз, болған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21-қаңтарда қабылдаған Қазақстан Республикасының «Банктроттық туралы Заңының» 2-бабына сәйкес, банкроттық қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге жүрмейді. Дәрменсіз борышқарға банкроттық ерікті немесе мәжбір ету тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие брушілердің бақылауына негізделген өтініш пен сотсыз-ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттық несие берушінің, сондай-ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі немесе «Банкроттық туралы» заң талаптары арқылы мүмкін болады. Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып өзінің дәрменсездігіне байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады.

Борышқор өзін тарату жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі бойынша несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындығын, яғни дәрменсіз екендігін сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс. Егер борышқор үш ай ішінде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші борышқорды банкрот деп тану жөнінде сотқа өтініш жасайды.

«Банкроттық туралы» заңның 35-бабына сәйкес, банкроттық туралы сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:

  1. борышқорды банкрот деп тану және конкурс жүргізу туралы шешім;

  2. борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;

  3. өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімін колдану туралы ұйғарым;

  4. іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым.

Оңалту рәсімдері. Банктроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы болады.

Борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін. Оңалту рәсімі деп – дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған сот не соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық, ұйымдастыру – шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды айтады.

Оңарту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және екі жылдан аспауы керек. Аталған рәсімді қолдануға борышқордың өзінің өтініш жасауы мүмкін, және оның мүмкінің иесі (мемлекеттік кәсіпорынға қатысты) немесе несие берушіні де сондай құқыққа ие болады. Оңалту рәсімін жүзеге асыру үшін сот кепілімен қамтамасыз еткен талаптардың жалпы сонының 50% -нан, сондай ақылы несие берушілер талаптарының жалпы соммасының 50% - нан асатын болса онда несие берушілердің келісімі қажет. Оңалту рәсімі несие берушілердің келісімімен тағайындалған оңалту басқарушысы жүзеге асырады. Дәрменсіз борышқорды банктрот деп жариялағанда оны тарату конкурс тәсілімен жүзеге асырылады, сол үшін конкурстық басқарушы тағайындалады. Банктроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол алты айдан аспауы керек.

Дәрменсіз борышқорды борыштардан босату және банкрот болған заңды тұлға қызметінің тоқталуы Азаматтық кодекстің 56-57-баптарында қарастырылған.

11 тақырып. Коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлері.