Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

V модуль. Тәні саудың жаны сау

ІХ-Х апта. 25-30 – кредит-сағат.

кредит-сағаттар

тақырыпшалар

лексикалық минимум

грамматика

9-10

апта

Салауатты өмір сүрудің негізгі элементтері

салауатты,

рухани, әлеуметтік,

салт, дағды,

ұжым,

қоршаған орта,

ұтымсыз

Етістік туралы түсінік. Етістік санаттары

Спорт-денсаулық кепілі

бағдарлама,

жеткіншек,

саналы,

парасатты,

қаймықпау,

ат құлағында ойнау,

бозбала болған шақ,

епшілдік, шапшаңдық,

болбырлық, аурушаңдық,

шымыр

Туынды етістіктің жасалуы

Халық емі

сауығу тәсілдері,

табиғи,

халықтық,

ағза,

шипа,

белсенді нүкте,

тұнба,

тынықтыру

Сұхбат-мәтін:

Емханада

Бақылау жұмысы

Барлық сөздер

Қайталау

Мәтін: Салауатты өмір сүрудің негізгі элементтері

Салауатты өмір сүру, негізінде, қоғамның және жеке адамның рухани, әлеуметтік моральдық-өнегелілік жағдайына тікелей байланысты әрі оған күнделікті өмір сүру салты мен дағды өз әсерін тигізеді. Солардың ішінде:

  • адамның күнделікті қозғалу режімі (айналысатын еңбек түрі, дене шынықтыру, тренировка, ертеңгі гимнастика т.с.с.) жатады;

  • организмді шынықтыру;

  • еңбек және демалыс гигиенасы;

  • жеке басының және қоғамдық гигиенасы;

  • ұжымдағы психикалық-эмоциональдық қарым-қатынасты үйлестіру;

  • қоршаған ортаны қорғау (тұрмыста, оқуда, өндірісте, демалыс орнында).

Күнделікті өмірде адам өміріне қоршаған ортаның әсерінен көп күш түсіп отырады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы осындай 200-ден астам факторларды есепке алып отыр, соның ішінде гиподинамия, ұтымсыз тамақтану (артық дене салмағы), стрестік жағдайлар, ұйқының бұзылуы, зиянды әдеттер (темекі шегу, арақ ішу, есірткі пайдалану).

Осы факторлардың көбісі аурулардың көбісі аурулардың дамуына өз әсерін тигізуде. Олардың алдын алу, сипаттамаларын, себеп-салдарын білу, сол арқылы аурудың әсерін төмендету арқылы аталған факторлардың әсерін азайтуға немесе жоюға болады.

Тапсырмалар:

1.Сөздерді тыңдаңыз. Оқыңыз. Жазылуына көңіл аударыңыз: өнегелі, шынықтыру, ұтымсыз, өнім, жаратылыс, таңқаларлық, дәреже, мүмкіншілік.

2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

- Өзіңіз салауатты өмір салтын ұстанасыз ба? Қалай?

- Салауатты өмір салтына нелер әсерін тигізеді?

- Адамның салауатты өміріне қоршаған орта қалай әсер етеді?

- Жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін не істеу керек?

6. Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.

7. Салауатты өмір салты туралы өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз.

8. Мәтіндегі салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз.

9. Мәтінді әңгімелеңіз.

Мәтін: Қазақстан спорт әлемінде

Қазақтың көптеген ұлттық спорт ойындары болған. Олардың ішінде бәйге, жамбы және аударыспақ ойындары бар.

Қазақстанда көптеген спорт мектептері жұмыс істейді, онда 160 мыңдай оқушы тәрбиеленеді.

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болды.

Осы уақыттан бастап қазақстандық спортшылар әр түрлі халықаралық жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетуде.

Біздің команда Наганода өткен қысқы олимпиадалық ойында 100 команда арасынан 11-ші орынды жеңіп алды. Атлантада біз (180 команда арасынан) 26-шы орынды иелендік. Мұның бәрі біздің қиыншылықтарға қарамастан жеткен жетістіктеріміз.

Әр олимпиада сайын ірі жетістіктерге кубалықтардан кейін 2-ші орынды жеңіп алған боксшылар жетіп жүрген боксшыларды ерекше атау керек.

Президент Назарбаевтың бастамасымен 1998 жылы тамыз айында тұңғыш рет бүкіл Қазақстандық ұлттық спорт ойындарының спартакиадасы өтті.

Енді Қазақстанның барлық облыстарының спортшылары өздерінің шеберліктерін, батылдықтары мен күштерін көрсетуге мүмкіндіктері бар.

Сидней олимпиадасында Қазақстан командасы 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Биылғы жылы олимпиада Қытай елінің Бейжің қаласында өтті. Еліміздің көптеген спортшылары өздерін әлемге танытты.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

3. Бейжің олимпиадасы туралы сұхбаттасыңыз.

Мәтін: Халық емі

Сауығудың дәстүрлі емес тәсілдері ежелден-ақ белгілі. Әр халықтың өз сауығу тәсілдері бар. Соңғы кезде олар кең қолданыла бастады.

Әр түрлі табиғи және халықтық әдістер аурудың алдын алу үшін пайдаланылуда.

Сауығудың өте жақсы тәсілі – жерде жалаң аяқ жүру. Әдетте ағзада артық энергия жиналады, жерге жанасқанда ол азайып, денсаулыққа жақсы әсер етеді.

Халық емшілері шипалы өсімдіктермен емдеуді, уқалау және биологиялық белсенді нүктелерді тітіркендіруді кеңінен пайдаланады.

Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері белгілі. Мысалы, суық тигенде өгей шөп, киікоты, тасшөп, шалфей өте пайдалы. Сол сияқты құлпынай, бал және сарымсақпен емдеген жақсы. Шайқурай мен түймедағы өсімдігінің микробқа әсері белгілі. Түйежапырақ бауыр, бүйрек, ішек қарын жұмысын жақсартады. Қалақайдың да дәрілік, шипалық қасиеті зор. Оның жапырақтарының тұнбасы шашты қатайтуға және қайызғаққа қарсы жақсы ем ретінде қолданылады. Дәрілік шалфей жүйке жүйесін тынықтыру үшін қолданылады.

Тапсырмалар:

  1. Сөздерді тыңдаңыз, оқыңыз, жазып алыңыз: құрам, қоспа, шипа, құлпынай.

  2. Сөздердегі ерекше дыбыстарға фонетикалық талдау жасаңыз.

  3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

  4. Сіз қандай шөптерді емге пайдаланасыз?

  5. Дәрілік өсімдіктерді қарап, қалай пайдалану керектігін айтып беріңіз.

Сұхбат-мәтін.

Емханада

- Кіруге бола ма?

- Кіріңіз. Отырыңыз.

- Қай жеріңіз ауырады?

- Тамағым ауырады, ептеп қызуым көтеріліп тұр.

- Қазір қызуыңызды өлшейміз.

- Аузыңызды ашып, тамағыңызды көрсетіңіз... Сіздің тамағыңызға суық тиген. Мен дәрілер және емнің түрлерін жазып беремін. Үйде емделіңіз. Суыққа шықпаңыз.

Ертең үйге өзіміз келеміз.

- Рахмет. Сау болыңыз.

Әлеуметтік жәрдем

- Менің көршіме әлеуметтік қамқорлық қажет. Ол кісі – зейнеткер, әрі денсаулығы нашар. Жалғыз тұрады.

- Көршіңіздің мекен-жайы қандай?

- Оңтүстік-Шығыс. Құрылысшылар даңғылы, 13- үй, 69- пәтер.

- Біздің адамдарымыз таяу арада барады. Міндетті түрде жәрдем береміз.

- Рахмет. Сау болыңыз.