Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

V. Базарда

  • Айтып жіберіңізші, картоптың бағасы қанша?

  • Қазір картоптың бағасы – 70 теңге.

  • Маған 3 келі картоп, 2 келі пияз, 1 келі сәбіз өлшеп берсеңіз.

  • Жақсы, қазір.

  • Сізде алма бар ма?

  • Иә, бізде апорт және жергілікті жердің көк алмасы бар.

  • Онда екі келі апорт өлшеңіз. Барлығы қанша теңге?

  • 800 теңге бересіз.

  • Рахмет!

Vі. Біз қандай пәндерді оқимыз?

- ...

- ...

- ...

-

Тапсырмалар:

1. Сұхбаттарды бөліммен үнтаспадан тыңдаңыз.

2. Есте сақтап, сөйлесімде қолданыңыз. Өз-өзіңізді тексеріңіз. Басқа үлгіде сұхбаттар құрастырыңыз. Ол үшін досыңызбен сұхбаттасыңыз. Мынаны біліп алыңыз:

Ер адамдар бір-бірімен «ассалаумағалейкум» деп амандасады. Бұл сөз «сізге Алланың нұры жаусын» деген мағынаны білдіреді. Бұған «уағалейкумассалам» деп жауап береді, оның мағынасы - «сізге де Алланың нұры жаусын».

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сіздің (досыңыздың) аты-жөніңіз кім?

  • Сіз (досыңыз) қайда тұрасыз?

  • Сіздің (досыңыздың) мекен-жайыңыз қандай?

  • Үй телефоны (ұялы телефон) бар ма?

  • Оқу орнының мекен-жайы қандай?

  • Кестеге таныстарыңыз туралы жазыңыз.

    Аты-жөні

    Мекен-жайы

    Үй теле-фоны

    Оқу орны

    Оқу орнының мекен-жайы

    Жұмыс орны

    Жұмыс орнының мекен-жайы

    Ұялы теле-фоны

    1

    2

    3

    4

    1. Сіз басқа қалаға конференцияға келдіңіз. Қонақ үйдегі бөлмелес адаммен танысыңыз.

    2. Сұхбаттарды жатқа біліңіз.

    3. Ерекше дыбыстарды дұрыс айтып жаттығыңыз. Үнтаспадан тыңдаңыз.

    4. Мынау сызбанұсқаны үнемі қолданыңыз, біліп алыңыз. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: дыбыс, әріп, ерекше, жуан, жіңішке, ұяң.

    Мәтін: Қарым-қатынас мәдениеті

    Халқымыздың дамуында, халық болып қалыптасуында қарым-қатынас мәдениетінің алатын орны ерекше. Қарым-қатынас - белгілі бір әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара түсіністігінен туындайтын күрделі қоғамдық үрдіс. Қарым-қатынастың жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Соның ішінде тілдік қатынастың орны ерекше.

    Адам қарым-қатынасындағы ерекше орын алатын сәлемдесудің өз әдебі, жөн-жосығы бар. Әр халықтың сәлемдесу үрдісінде өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, Айн халқы /Хоккайда аралында тұратын халық/ бір-бірінің құлағынан ұстап амандасса, самоастар бір-бірінің беттерін иіскеу арқылы сәлемдеседі. Сонымен қатар, лаонга қауымы қол соғу арқылы, үнділер екі алақанын біріктіріп, бас ию арқылы амандасады. Осының бәрі әрбір ұлт мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді. Қазақ дәстүрінде сәлемдесудің бірнеше түрі қалыптасқан. Мәселен, жасы кішілер үлкендермен, ақсақалдармен кездескенде әдетте, «Ассалаумағалейкум» деп қол алысады. Оған жауап, яғни сәлемді қабылдау ретінде «Уағалейкумассалам» сөзі қолданылады.

    «Ассалаумағалейкум» - Ей, бауырым! Бейбітшілік, тыныштық, сенім, бақыт, көркем суретте болған әр нәрсе сенікі болсын дегені. «Уағалейкумассалам» - өзіңізге де тыныштық, бақыт болсын дегені.

    «Сәлем» сөзі арабша бейбітшілікті, сенімді баяндайтын мағынадан тұрады. «Сәлем» - адамдар арасындағы қарым-қатынасты, жастықты, адалдықты арттыратын құралдың бірі.

    Көптен кездеспеген ағайын-туыс, аға-іні, құда-жекжат, дос-жаран құшақтасып амандасады.

    Тапсырмалар:

    1. Мәтінді тыңдаңыз. Мағынасын түсініңіз.

    2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

    3. Жаңа сөздерді теріп жазыңыз. Жазылуына көңіл аударыңыз.

    4. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.

    5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

    6. Мына мақал-мәтелдерді оқып түсініңіз, айтып үйреніңіз, мағынасына мән беріңіз, сөйлесімде пайдаланыңыз:

    • Қазақтың тілі – қылыш, сөзі – сойыл.

    • Сөзі көріктінің - өзі де көрікті

    • Көсем сөз, көрікті ой көркем көңілден шығады

    • Сөз – адамның айнасы

    • Өткір сөз - өлмес ерлік, өшпес мұра.

    • Өз тілін білмеген ұлттың ұланы да, ұраншысы да бола алмайды.

    • Тіл – жаның, діл – арың.

    • Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

    • Сөз байлығы – тіл байлығы, тіл байлығы – ақыл байлығы.

    • Тілдің анасы – халық.

    • Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады.

    9. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мазмұнын түсініңіз. Түсінгеніңізді айтып беріңіз.

    10. Глоссарийге қарап отырып, әр бөлімге мысалдар жазыңыз.

    1-модульдегі грамматикалық тақырыптарға глоссарий:

    Грамматика-лық түсініктеме

    Мазмұны

    Мысал

    1

    Қазақ әліпбиі

    42 әріп, 28 фонема.

    2

    Дауысты дыбыстар

    Жуан (твердые) – а, о, ы, ұ;

    Жіңішке (мягкие) - ә, ү, ө, і, и, э;

    3

    Дауыссыз дыбыстар

    Ұяң (звонкие) – б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ;

    Қатаң (глухие) – п, к, қ, т, с, ш, щ, х, ф, ч, ц;

    Үнді (сонорные) –л, м, н, ң, р, й, у;

    4

    Үндестік заңы

    Жуан түбір + жуан аффикс

    Твердая основа + твердый аффикс;

    Жіңішке түбір + жіңішке аффикс;

    Мягкая основа + мягкий аффикс;

    қала+

    лар,

    кісі+лер.

    5

    Қазақ тілінің ерекшеліктері.

    1)Қазақ тілі агглютинативті (жалғамалы) тіл болып табылады;

    2)Жаңа сөздер және олардың түрлі формалары сөздің түбіріне сөз тудырғыш аффикстердің жалғануы арқылы жасалады.

    Аффиксация в казахском языке проводится в строгой последовательности, т.е. сначала присоединяется к корню или основе словообразующий аффикс и 1)аффикс числа, 2)аффикс принадлежности, 3)аффикс падежей, 4)аффикс лица;

    бала+

    лар

    кіта+

    бым

    сабақ+

    қа

    студент+пін

    күндіз+

    гі

    6

    Сұраулы сөйлем.

    Сұраулы сөйлемнің жасалуы (образование вопросительных предложений):

    1) При помощи вопросительных местоимении: Кім? Не? Қайда? Қашан? Қанша? Неше? Қалай? Неде?Кімде? Кіммен? Немен? Кімнің? Ненің? Не істеді? Не себепті? Неліктен? ...

    2) При помощи вопросительных частиц: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.

    3) При помощи некоторых модальных слов: -ау, шығар, ғой, рас

    4) При помощи интонации.

    Қияр қанша тұрады?

    Сен ғимаратқа барасың ба?

    Сіз ше?

    Олар бармайтын шығар?

    Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

    Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

    ІІ модуль. Отбасы – бақыт негізі.

    ІІІ-IV апта. 7-12 – кредит-сағат.

    кредит-сағаттар

    тақырыпшалар

    лексикалық минимум

    грамматика

    7-14

    кредит-

    1-шағын-мәтін: Біздің отбасымыз.

    Туыстық атаулар.

    Отбасы, жанұя, ата, әже, әке, шеше, ата-ана, аға, жеңге, жезде, сіңілі, қарындас, іні, бауыр.

    Жалғаулар. Жұрнақтар.

    Мәтін: Отбасы және менің туыстарым.

    Сұхбат-мәтін: Адамның үш жұрты және жеті ата.

    Зейнеткер, қарт, қария, ағайын, нағашы, өз жұрты, туыс, жекжат, қайын аға, ата-ене, қайын сіңілі, құда, құдағи, күйеу бала, келін, жиен немере, шөбере, шөпшек, немене.

    Жіктеу есімдігі Жіктеу есімдігінің септелуі. Жіктік жалғау.

    Мәтін: Кім жақын? Не қымбат? (Қазыбек бидің шешендік сөздерінен қысқартылған нұсқа). Не қиын? Шағын мәтін: Туған тілім – тірлігімнің айғағы.

    Жақын, қымбат, қиын, би, жауап беру, тату, ақылшы, бауырмал, инабатты, ұрпақ, әйел, құт-береке, дау, тентек.

    Сын есім тудырушы жұрнақтар. Көптік жалғаулар. Көптік жалғауды қаламайтын сөздер.

    Мақал-мәтелдер. Нақыл сөздер.

    Асқар тау, бұлақ, құрақ, жаға, тыныс, ырыс, өріс, ұя.

    Тәуелдік жалғау. Сөздердің көпше және жекеше түрде тәуелденуі.

    - нікі, - дікі,

    - тікі жұрнақтары.

    Бақылау жұмысы

    Барлық сөздер

    Грамматиканы қайталау

    Туыстық атаулар біліп алаңыз

    Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар ағайын, яғни өз жұрты, нағашы жұрты, және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорған болып саналады.

    Ата –әкесінің әкесі, ел-жұрт «ақсақал»деп құрмет тұтады. Мұндай кісілер төрден орын алады, әрқашан құрмет көрсетіледі.

    Дәстүр бойынша сол елге, ауылға келген адамдар атаға сәлем беруге тиіс.

    Әже – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын – ел анасы. Қазақ халқының заңы бойынша әжені де, атаны да әрбір адам танысын, танымасын оған сәлем беріп, құрмет көрсетуге тиіс.

    Әке-шеше, ата-ана – өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Мұхамбет пайғамбардың 368 хадисінде «ата-анасын ренжіткендерді Алла тағала жақсы көрмейді» деген бар.

    Бала – ата-анадан тараған ұрпақтар бала яғни ,,ұл”, ,,қыз” деп аталады. Балалы үй бақытты үй деп бағаланады. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» - деген дана халқымыз.

    Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғасы деп есептеледі.

    Қыз – басқа елдің болашақ келіні, анасы. Қыздың орны – төр, жолы үлкен болып есептелінеді. «Қыз-қонақ» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп өсірген.

    Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Қазақ халқы бірінші туған баланы ,,тұңғышым”, одан кейінгілерін ,,ортаншы”, ең соңғы туғанын ,,кенже” деп атайды. Олар ержетіп, өскен кезде ата-ана тұңғыштарын мен ортаншыларын үйлендіріп жеке отау тігіп, енші беріп бөлек шығарады да, кенжесі өз қолына қалады. Ол – әке-шешесін бағуға міндетті.

    Немере – ұлдың баласы.

    Шөбере – немеренің баласы.

    Аға, апа – бір әке-шешеден туған жасы үлкен жігіт аға, қыз апа деп аталады.

    Жеңге – ағаның әйелі.

    Қайын іні, қайың сіңлі – жеңгелері үшін күйеуінің інісі ,,қайын іні”, қарындасы ,,қайын сіңлі” болады.

    Ағайындылар – бірге туған ағалы-інілі, апалы-сіңлілер.

    Келін – інінің, баланың әйелі.

    Қалыңдық – күйеуге атастырылған бойжеткен.

    Абысын – ағайынды жігіттердің әйелдері.

    Бөле – апалы-сіңлілі қыздардың күйеулері, бір-біріне бажа болады.

    Қайын ата – әйелге күйеудің әкесі, күйеуге әйелдің әкесі ,,қайын ата” деп аталады.

    Қайын ене – әйелге күйеудің шешесі, күйеуге әйелдің шешесі ,,қайын ене”.

    Нағашы – ананың туыстары.

    Жиен – қыздан туған бала.

    Жезде – әйелдің інілері мен сіңлілері оның күйеуін ,,жезде” дап атайды.

    Балдыз –әйелінің інілері мен сіңлілері ,,балдыз” деп аталады.

    1-шағын мәтін: Біздің отбасымыз

    Біз Қарағанды қаласында тұрамыз. Біздің отбасымыз үлкен. Менің атам, әжем және әке-шешем бар. Атам 65 жаста. Әжем 62 жаста. Атамның аты – Есен. Әжемнің аты – Зере. Олар зейнеткерлер. Ал әкем – Қанат, шешем – Гүлнәр. Әкем осы қалада кенші. Шешем - дәрігер. Менің екі ағам, әпкем және қарындасым бар. Үлкен ағам Серік үйленген. Ол – экономист. Жеңгем Сәуле – есепші. Екінші ағам – студент. Ол Алматыда оқиды. Ал әпкем Әлия мен жездем Мақсат Теміртауда тұрады. Олар Тұран Әлем банкісінде жұмыс істейді. Қарындасым Әсел мектепте 10-сыныпта оқиды. Мен Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқимын.

    Тапсырмалар:

    1. Сөздермен танысыңыз. Тыңдаңыз. Оқыңыз. Жазыңыз. Айтып жаттығыңыз! Ерекше дыбыстарға көңіл аударыңыз. Сөздерді бөліп алып, фонетикалық талдау жасаңыз: Отбасы, жанұя, ата, әже, әке, шеше, ата-ана, аға, жеңге, жезде, сіңілі, қарындас, іні, бауыр.

    2. Мәтінді үнтаспадан тыңдаңыз.

    3. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

    4. Сұрақтарға жауап беріңіз:

    • Сендер қандай қалада тұрасыңдар?

    • Отбастарың қандай, онда кімдер бар?

    • Атаң мен әжең неше жаста?

    • Олар жұмыс істей ме, әлде зейнеткер ме?

    • Әкең мен шешеңнің мамандығы кім?

    • Сенің ағаң, әпкең, қарындасың бар ма?

    • Сенің туғандарың қайда жұмыс істейді?

    • Өзің ше?

    1. Глоссаридің көмегімен мына сөздерді сөз құрамына талда: қаласында, біздің, отбасымыз, менің, атам, әжем, қарындасым, есепші, кенші, банкісінде, олар, университетінің.

    2. Өзіңнің отбасың туралы шағын әңгіме жаз.

    7. Мына кестеге туыстық атауларды толтырыңыз.

    Отбасы

    2-мәтін: Отбасы және менің туыстарым

    Менің отбасым – үлкен отбасы, туыстарым да көп. Оған мен қуанамын. Менің атам мен әжем өте еңбекқор адамдар. Олар Қарқаралы ауданы Томар ауылында тұрады. Зейнеткер болса да, жеке шаруашылықпен айналысады. Ол кісілерден көп үйренуге болады.

    Ата-анам Астана қаласында тұрады. Екеуінің де мамандығы экономист, фирмада жұмыс істейді. Әкем Әсет - фирманың бас маманы. Шешем Сәмиға – бөлім меңгерушісі. Үлкен ағам Айдын Қарағанды қаласындағы «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, өзінің отбасы бар. Екінші ағам Атырауда тұрады, үйленген. Қарындасым Айдана медицина колледжінің студенті. Мен Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінде химик мамандығында оқимын.

    Немере-шөберелері барғанда, атам мен әжемнің қуанышында шек болмайды. Немере-шөберелері жазғы демалыста ата-әжелерімен бірге демалады. Атырау қаласында немере апайымыз тұрады. Ол кісі Астанаға, Қарағандыға келіп тұрады. Біз де Атырауға, ағама жиі барамыз. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп дұрыс айтылған, біз бір-бірімізге көмектесеміз, көрмесек, сағынамыз. Біздің туысқандар өте тату.

    Тапсырмалар:

    1. Мәтінді үнтаспадан тыңдаңыз.

    2. Мәтінді бөлімге бөліп оқыңыздар.

    3. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз. Сөздікпен аударыңыз.

    4. Жаңа сөздердің айтылуын үнтаспадан тыңдаңыз, қайталап оқыңыз, жазыңыз, айтып жаттығыңыз:

    Зейнеткер, қарт, қария, ағайын, нағашы, туыс, жекжат, қайын аға, ата-ене, қайын сіңілі, құда, құдағи, күйеу бала, келін, жиен немере, шөбере, шөпшек, немене.

    1. Мәтінге қарап отырып өзіңіздің жекжат, туыстарыңыз туралы жазыңыз.

    2. Туысқандар және отбасы туралы досыңызбен әңгімелесіңіз.

    3. Бос орындарғы тиісті сөздерді тауып қойыңыз:

    Менің отбасым ----- . Олар ----- тұрады. Әкем Әсет – фирманың бас ----- . Шешем Сәмиға – бөлім ----- . Екінші ағам Атырауда тұрады, ----- .

    1. Берілген сөздерді жіктеңіз:

    Менің сіңілім бауырым жиенім

    Сенің --------- ------------ ---------

    Сіздің --------- ----------- ---------

    Оның --------- ----------- ---------

    Біздің --------- ----------- ---------

    Сендердің --------- ----------- ---------

    Сіздердің --------- ----------- ---------

    Олардың --------- ----------- ---------

    9. Сұхбатты толықтырып, жалғастырыңыз.

    • Әсем, сенің отбасың шағын ба?

    • Жоқ, ------- отбасым ------ емес, -------.

    • Әсем, ------- атаң бар ма?

    • Иә, менің ------ бар. ------- зейнеткер.

    • Сенің ----- бар ма?

    • Жоқ, менің ----- жоқ.

    10. Көп нүктенің орнына өз туыстарыңыздың есімдерін жазыңыз:

    ... - әпкемнің үлкен ұлы. ..., ... - әпкемнің қыздары. ... – ағамның кіші қызы. ... – ағамның ұлы. ... – інімнің қызы. ... – інімнің ұлы.

    11. Жауап беріңіз, сұхбаттасыңыз.

    С1:- Әже, бұл кімнің отбасы?

    С2: ----------------------------------

    С1: -Әже, ол кісі кім?

    С2: ----------------------------------

    С1: -Оның қандай туыстары бар?

    С2: ------------------------------------

    С1: - Ұлы қайда жұмыс істейді?

    С2: --------------------------------------

    С1: - Қарындасы кім?

    С2: --------------------------------------

    12. Отбасы туралы сұхбаттасыңыз.

    13. Мына сөздердің қандай баламасы бар? Жазыңыз

    Ана – Ата-ана – Тұрмысқа шығу –

    Әпке - Туысқан – Жұмыс істеу –

    Бөбек – Үй иесі – Туылды -

    Сұхбат: Адамның үш жұрты және жеті ата

    - Апа, қазақта «Әр адамның үш жұрты бар» - дейді ғой. Ол не деген сөз?

    - Үш жұрт деген: бірінші - өз жұрты (әкеңнің туыстары), екінші - нағашыларың (олар анаңның туыстары), үшінші – қайын жұрт (ол болашақ әйеліңнің туыстары немесе қыз балаға – күйеуінің туыстары).

    - Енді түсіндім. Рахмет.

    - Ал, сен жеті атаңды білесің бе?

    - Жоқ, білмеймін.

    - Онда біліп ал. Жеті ата, олар сенің арғы жеті ата-бабаларың.

    Тапсырма:

    1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

    2. Үш жұртыңызды жазыңыз.

    3. Өзіңіздің үш жұртыңыз туралы айтып үйреніңіз.

    Мәтін. Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?

    Қазыбек биге бір адам: «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» деген үш сұраққа жауап беріңізші», - деп сұрапты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен:

    Тату болса, ағайын жақын,

    Ақылшы болса, апайың жақын.

    Бауырмал болса, інің жақын,

    Инабатты болса, келінің жақын.

    Сыбайлас болса,

    Нағашың жақын.

    Еркелейтін немерең жақын.

    Өз ұрпағың – шөберең жақын.

    Жан серігің жас кезіңнен

    Бәрінен де әйелің жақын.

    Құт-берекең – атаң қымбат,

    Аймалайтын анаң қымбат...

    Арадан шыққан жау қиын,

    Таусылмайтын дау қиын...

    Тентек болса, ұл қиын.

    (Қысқартылған нұсқасы)

    1. Төмендегі нұсқаны пайдаланып, «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» Қазыбек бидің жауаптарын айтып көріңіз. Мына сөйлемдердің екінші сыңарларын табыңыз:

    «Кім жақын?»

    Тату болса – 1) Апайың жақын

    2) Ағайың жақын

    3)Досың жақын

    Ақылды болса – 1) Інің жақын

    2) Туысың жақын

    3) Нағашың жақын

    Сыйлас болса – 1) Шөберең жақын

    2) Келінің жақын

    3) Нағашың жақын

    Өз ұрпағың – 1) Шөберең жақын

    2) Досың жақын

    3) Әйелің жақын

    «Не қымбат?»

    Алтын ұяң – 1) Атаң қымбат

    2) Анаң қымбат

    3) Елің қымбат

    Мейірімді – 1) Апаң

    2) Атаң

    3) Жерің

    Туып-өскен – 1) Жерің

    2) Атаң

    3) Елің

    «Не қиын?»

    Таусылмайтын – 1) Сөз

    2) Дау

    3) Дерт

    Өзің түскен – 1) Серт

    2) Жау

    3) Дерт

    Жазылмаса – 1) Серт

    2) Дерт

    3) Дау

    2.Үлгіге қарап, мына сөздерді тәуелдеңіз.

    Жиен Сіңілі

    Немере Әже

    Аға Құдаша

    Қарындас Жезде

    Сөздің жекеше түрде тәуелденуі

    Сөздің соңғы

    дыбысы

    Жақ

    Дауысты дыбыс болса

    Дауыссыз дыбыс болса

    1. Менің

    -м балам

    -м әкем

    -ым досым

    -ім үйім

    2. Сенің

    -ң балаң

    -ң әкең

    -ың досың

    -ің үйің

    2. Сіздің

    -ңыз балаңыз

    -ңіз әкеңіз

    -ыңыз досыңыз

    -іңіз үйіңіз

    3. Оның

    -сы баласы

    -сі әкесі

    -ы досы

    -і үйі

    4.Буын

    Жуан

    Жіңішке

    Жуан

    Жіңішке

    Сөздің көпше түрде тәуелденуі

    Сөздің соңғы

    дыбысы

    Жақ

    Дауысты дыбыс болса

    Дауыссыз дыбыс болса

    1.Біз (дер)дің

    -м балаларымыз

    -м әкелеріміз

    -ым досымыз

    -ім үйіміз

    2.Сен-дердің

    -ң балала-рың

    -ң әкелерің

    -ың достарың

    -ің үйлерің

    2.Сіздер-дің

    -ңыз балала-рыңыз

    -ңіз әкелеріңіз

    -ыңыз достарыңыз

    -іңіз үйлеріңіз

    3.Олар-дың

    -сы бала-лары

    -сі әкелері

    -ы достары

    -і үйлері

    4.Буын

    Жуан

    Жіңішке

    Жуан

    Жіңішке

    Мақал-мәтелдер. Нақыл сөздер.

    3. Сөйлесімде мына нақыл сөздерді қолданыңыз. Оларды жаттап алыңыз:

    • Әке – асқар тау,

    Ана – бауырындағы бұлақ,

    Бала – жағасындағы құрақ.

    • Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

    - Әйел – ырысың, қыз - өрісің, келін – тынысың.

    - Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

    4. Ойын «Кім дұрыс табады?»

    5. Мына етістіктерді жіктеңіз:

    Мен келейін _________ _________ _________ _________

    Сен _____ баста _________ _________ _________

    Сіз _____ __________ келдіңіз _________ ________

    Ол _____ __________ _________ үтіктесін ________

    Біз _____ __________ _________ ________ сатпайық

    Сендер ___ __________ ________ ________ _________

    Сіздер ___ __________ _________ ________ _________

    Олар ____ __________ _________ _________ _________

    6. Сөздерге тиісті қосымшаны жалғаңыз:

    Жеңге -ға -дан -ны

    Жезде -ге -дан -ны

    Әпке -қа -тан -ты

    Сіңілісі -ға -ден -н

    Қарындас -ге -нен -ні

    Аға -ге -ден -ні

    Нағашы -не -ден -ні

    7. Осы сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз. Үлгі: жеңгенің ақылы, жеңгені сыйла, т.б.

    8. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. Үлгі: Жеңгенің ақылы сен үшін өте пайдалы екенін ұмытпа. Бірінші күннен жеңгені сыйла, құрметте, айтқанын тыңда.

    9. Сыйластық – отбасының сәні. Өзінің отбасындағы адамдарды сыйлай білу адамның ақылдылығына, мәдениеттілігіне, білімділігіне, әдептілігіне байланысты. Үй ішіндегі ата-анасын, аға-інісін, апа-қарындасын сыйлай білген жастың өз басы да сыйлы болады. Сен қалай ойлайсың? Осыған не айтар едің? Мысал келтір.

    2-модульдегі грамматикалық тақырыптарға глоссарий

    1

    Жұрнақ

    тар

    Сөз тудырушы жұрнақ өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз туғызады.

    (С помощью словообразующих суффиксов образуются новые слова с новым лексическим значением.)

    Форма тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзге сәл де болса жаңа мағына үстейді, бірақ негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейді.

    (Формаобразующие суффиксы отличаются тем, что они не образуют слов с новым лексическим значением, а придают несколько другие значения, оттенок.)

    біл+ім

    оқу+шы

    кел+ме

    бар+ма

    2

    Жалғаулар

    Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, оларға грамматикалық мағына үстейтін қосымшаны жалғау дейміз. Қазақ тілінде төрт түрлі жалғау бар. (Окончания – это изменяемая часть слова, образующая определенную грамматическую форму и выражающее грамматическое подчинение данного слова другому слову. В казахском языке различают 4 группы окончаний.)

    бара+

    мын

    адам+

    сың

    3

    Көптік жалғаулар

    Көптік – заттың біреу ғана емес, бірнеше (көп) екенін білдіретін жалғау (Обозначает множественное количество предметов)

    ана+лар

    қыз+дар

    тас+тар

    4

    Жіктік жалғаулар

    Сөзге жіктік жалғауының жалғанып түрленуі сөздің жіктелуі деп аталады. Личные окончания показывают, что представляют собой данные предметы (кем, чем они являются)

    ақын+

    мын

    ақын+

    сың

    ақын+

    сыз

    ақын

    5

    Тәуелдік жалғаулар

    Заттың иеленуші үш жақтың біріне меншікті екенін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады. (Притяжательная форма показывает принадлежность данного предмета или явления первому, второму, третьему лицу и выражает посредством присоединения к основе слова аффикса принадлежности.)

    ана+м

    ана+ң

    ана+ңыз

    ана+сы

    Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

    Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

    ІІІ модуль. Алтын қазына (Үй және тұрмыс)

    V- VІ апта. 13-18 – кредит-сағат.

    кредит-сағаттар

    тақырыпшалар

    лексикалық минимум

    грамматика

    5-6

    апта

    Сұхбат-мәтін: Ауылым – алтын бесігім. Қала өмірінен. Мекенжай, визитка.

    Жобалау,ғылыми зерттеу,байланыс, көлік, тамақ өнеркәсібі.жеңіл өнеркәсіп,өндіре бастаған.кәсіпкерлерінің басшылығымен,қараған,

    жағалау,жолсерік, жүк көтерушілер, жолаушылар, іздеп келе жатырмын, жолдан жүреді, сатып алыңыз, тоқтайды, мал өсіреді, егін шаруашылығы, қала өмірі.

    Етістік туралы түсінік

    Шағын мәтін: Менің үйім. Менің пәтерім. Үй жиһаздары.

    көрпе-төсектер, сандық,ас үй жиһазы, киім ілгіш, тоңазытқыш, тұрмыстық заттар еденде төсеніш, ойыншықтар ілулі тұр, қабырғада, кітап сөресі, орындық, кереует ,үстел, үй жиһаздары, қонақ бөлмесі,демалыс бөлмесі, жуынатын бөлме,сырғанақ тебеді, ойын алаңдары ,ауласы, даңғылында

    Сөз тудырушы жұрнақтар.

    Мәтін: Алтын қазына. Киіз үй.

    Суағар, тіреуіш, бақан, киіз есік, ағаш есік, торкөз, басқұр,жерқағар, түндік, желбау, уық, күлдіреуіш, киіз үйдің сүйектері қаңқалары: кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ, баспанасы,киіз үй

    Сөз тудырушы жұрнақтар. Жалпы есім, жалқы есім.

    Бақылау жұмысы

    Барлық сөздер

    Қайталау

    Сұхбат-мәтін: Ауылым – алтын бесігім

    • Сәуле, сен қандай жоғарғы оқу орнында оқисың?

    • Мен Қарағанды техникалық университетінде оқып жүрмін. Өзің ше?

    • Мен Қарағанды экономикалық университетінде оқып жүрмін.

    • Сен қай жақтан келдің?

    • Мен Қарқаралы ауданы Тоқтар ауылынан келдім. Сол ауылдағы №6 орта мектепті бітірдім.

    • Ал мен Ақмола облысы Аршалы ауылынан келдім. Қазір қала өміріне үйреніп келемін. Дегенмен, ауылым ыстық көрінеді. «Ауылым – алтын бесігім» деп тегін айтылмаған ғой.

    • Ауылдағы достарыңмен хабарласып тұрасың ба?

    • Иә, хабарласып тұрамын. Олардың біразы осы қалада, біразы ауылда жұмыс істейді.

    • Ауылда қандай жұмыс істейді?

    • Біздің ауыл егін шаруашылығымен айналысады. Мал өсіреді. Менің досым жеке меншік иесі.

    • Ауылға қашан барасың?

    • Қысқа демалыста бармақпын.

    Тапсырмалар:

    1. Жаңа сөздерді тыңдаңыз, оқыңыз, дәптерге жазыңыз. Жазылуына көңіл аударыңыз.

    2. Сұхбатты рольге бөліп оқыңыз.

    3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

    • Сіз (немесе досыңыз) қай ауылдан келдіңіз?

    • Ауылыңыз қандай?

    • Ауылда сізге ұнай ма?

    • Ауылыңызда қандай қандай шаруашылық бар?

    4. Ауыл туралы қандай ән білесіз? Бірігіп айтыңыздар.

    5. Өз ауылыңыз туралы (немесе бір ауыл туралы) әңгімелеңіз.

    6. Бірнеше сөзді сөз құрамына талдаңыз. Фонетикалық талдау жасаңыз.

    Шағын мәтін: Қала өмірінен

    Қарағандыға ұшақ, пойыз және автобустар барады. Мен осы жолы поезға отырамын. Міне, анықтама бюросына келіп тұрмын.

    • Қарағандыға дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға болады? Қай платформаға шығуым керек? Тоғызыншы пойыз қай платформаға тоқтайды? Қай жолдан жүреді?

    • Қарағандыға екі пойыз жүреді. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Сіздің поезыңыз екінші платформаға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.

    Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмын. Перронда жүк көтерушілер, жолаушылар көп.

    • Мынау алтыншы вагон ба?

    • Иә, алтыншы вагон,- деді жолсерік.

    • Міне, билетім. Менің орным қай купеде?

    Ол бәріне жауап берді. Мен төсек-орын алып, төменгі орынға орналастым.

    Мәтін: Біздің қала

    Біздің қала Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Жерінде қараған бұтасы көп болғандықтан, Қарағанды деп аталған.

    Осы жерде алғаш рет 1833 жылы Аппақ Байжанов көмір тапқан.

    Содан 1856 жылдан бастап орыс кәсіпкерлерінің басшылығымен көмір өндіре бастаған.

    Облыс экономикасының негізі – көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

    Біздің қала – көлік пен байланыстың үлкен орталығы.

    Ғылым, білім және мәдениет орталығы.

    19 ғылыми зерттеу және жобалау институттары бар. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды техникалық университеті, Медициналық академия т.б. жоғары оқу орындарында студенттер білім алуда, білім алатын 80 мектеп, 7 колледж, 39 мектепке дейінгі мекемелер және 3 мұражай, бірнеше кітапханалар жұмыс істейді. Ескерткіштер де жетерлік... Зауыттар мен фабрикалар көбеюде.

    Кеншілер қаласы күннен-күнге жаңаруда...

    Тапсырмалар:

    1. Бейнетаспадан өз қалаңыз туралы көріңіз. Жоспар құрыңыз.

    2. Мәтінді оқыңыз. Қарамен жазылған сөздерді аударыңыз. Сөз құрамына талдаңыз.

    3. Мәтін және фильм бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыз.

    4 .Мәтіндегі сан есімдерді теріп, сөзбен жазыңыз, оқып, жаттығыңыз.

    5. Досыңызбен сұхбаттасыңыз.

    6. Қалаңызға сырттай саяхат жасаңыздар.

    7. «Қала өмірінен» сұхбатын оқып, танысыңыз. Сөйлесімде қолданыңыз.

    8. Жағдаяттық тапсырма орындаңыз. Астанадан келген досыңызға өз қалаңызды таныстырыңыз.