Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

(Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы, 28 ақпандағы Жолдауынан)

....Осыдан екі жыл бұрын біз дәйекті әлеуметтік жаңаруға қарай бет бұрдық. Көп нәрселерге қол жеткіздік. Біз үшін ең бастысы – маңызды әрі көкейкесті өмірлік қағидаларды іске асыру үшін қазақстандықтарға:

  • отбасын қамсыздандыру;

  • тұрғын үймен қамтамасыз ету;

  • денсаулықты нығайту;

  • зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады.

Өзіміздің алдыңғы тәжірибемізден және әлемнің басқа елдерінің тәжірибесінен біз екі маңызды қорытынды шығара аламыз.

Біріншісі. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке зәру мүшелерін қолдауға міндетті. Олар, ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер...

Екіншісі. Қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз,олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының,әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет.

Тапсырмалар:

1.Тыңдаңыз. Бейнетаспадан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қазақ тілінде және орыс тілінде тыңдаңыз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

3. Қиын сөздерді теріп жазыңыз. Сөз тіркестерін құраңыз.

4. Жіктік жалғаулы сөйлемдерді үш жаққа қойып жаттығыңыз.

5. Сөйлемдердегі септік жалғаулы сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын көрсетіңіз.

... Менің жоспарым қарапайым және ол армандарға қолымыз жетер күн де алыс емес! Бұл – қарттарға қамқорлық пен жақсы тұрмыс, жастарға – жұмыс пен жарқын болашақ, баршаңызға денсаулық пен білім, әр үйге тыныштық пен бақыт!

(Елбасы жоспарынан)

6. Етістіктерді осы шаққа және келер шаққа айналдырыңыз.

Көргісі келу, үлгісі болу, орындау

7. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.

8. Төмендегі мақалды жаттап алыңыз.

- Елің кім десең, салтымнан көріп біл.

Өзің кім десең, елімнен сұрап біл.

Тақырып: Қазақ елінің Туы

Қазақ мемлекетінің туы көк түсті. Ол халқымыздың бірлігін көрсетеді. Көшпенділер ғарышы – көк аспан. Көк аспан мен қара жер барлық тіршілікті көрсетеді. Күн – көшпенділердің өмір белгісі. Геральдика заңында күн байлық пен берекенің белгісі. Тудағы дала бүркіті - еркіндіктің белгісі. Қазақ елі дала бүркіті сияқты тәуелсіз, әлемдік өркениет биігіне ұмтылады.

Қазақ елінің Елтаңбасы

Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ бар. Шаңырақ ұғымы «үлкен үй» дегенді білдіреді. Осы «үлкен үй» қазақ еліне, барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді. «Шаңырақ – биік, ортақ босаға берік болсын» дегені. Елтаңбада қос пырақ бар. Ат - адамның қанаты. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз және төменгі жағында елдің аты жазылған. Тәуелсіз мемлекетіміз бес құрлыққа есігін кең ашқан, ол бірге тірлік, іс жасағымыз келетіндігін көрсетеді.

Қазақ елінің Әнұраны

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған Жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді тыңдаңыз. Оқыңыз, аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

  3. Қазақ елінің Елтаңбасы мен Туының суретіне қарап отырып, суреттеп әңгімелеңіз.

  4. Мәтіннен терминдерді көшіріп жазып, аударыңыз, сөйлем құраңыз.

  5. Қазақстан әнұранын үнтаспадан тыңдаңыз.

  6. Әнұранның мәтінін жаттап алыңыз. Әнімен айтыңыз.

7. Мына сөздерден үстеу жасаңыз.

а) Орыс, қазақ, сенің, өзің, ағылшын, ескі;

ә) Құс, біз, бастық, жас, апаң;

б) Түн, жаз, қыс, күз, алыс, көктем;

в) Төмен, айы, жылы, жаны, оң жақ, сол жақ.

8. Берілген үстеулермен сөйлем құраңыз:

ерте

кеше

биыл

тез

жақсы

дұрыс

қазір

жаңаша

төменгі

9. Қазақстан Республикасы рәміздері туралы әңгімелеп беріңіз.

Тақырып: Шыңға шыққан шаһар (бейнесабақ).

Тапсырмалар:

1. Бейнефильмді көріңіз. Әр бөлімге шағын мәтін құрастырыңыз.

2. Сұхбаттасыңыз.