Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Vіі модуль. Мен және қоршаған орта

ХІІІ-ХІV апта. 37-42 – кредит-сағат.

кредит-сағаттар

тақырыпшалар

лексикалық минимум

грамматика

13-14

апта

Менің досым. Менің оқытушым. Менің тобым.

әрине,

солға қарай,

топ жетекшісі,

тамаша,

Есімше

Университетте. Кітапханада. Оқу залында.

қуаныштымын,

қазақстан тарихы,

ағылшын тілі,

мәдениеттану,

ағылшын тілі,

күндізгі,

Дүкенде. Вокзалда. Мұражайда.

бағытындағы,

міне, алыңыз,

қай жолға,

тоқтайды,

жолыңыз болсын.

Асханада. Спорт кешенінде.

Бақылау жұмысы

Барлық сөздер

Қайталау

Лексикалық минимум: Ағза, тері, бас, тіс, бет, құлақ, мұрын, тамақ, өңеш, қол, аяқ, саусақ, бармақ, бақай, өкше, шынтақ, білек, тізе, бел, омыртқа, арқа, жамбас, кеуде, іш, қарын, жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, тамыр. Адамның сыртқы келбеті, дене бітімі, түрі, бойы ұзын, аласа, орта бойлы, денесі арық, толық, орта денелі, кең иықты, сымбатты, сүйкімді, тартымды, келісті, шымыр, өңді, өңсіз, жүдеу, аққұба, қара торы, ақ сары, бетінің секпілі бар, беті таза, көзі тостағандай, көзі қысық, қасы қиылған, ат жақты, қалқан құлақ, қыр мұрын, пұшық мұрын, таңқы мұрын, оймақ ауыз, сопақ, домалақ, жалпақ , мең, қал, тыртық.

Мәтін (1) Дене мүшелері

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Тіл мен жағың не үшін керек?

Ақиқатты айту үшін.

Ал аяғың?...

Шетте жүрсем, туған елге қайту үшін.

(Қадыр Мырзалиев).

Тапсырмалар:

1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар, аударыңыздар.

2.Лексикалық минимумды пайдаланып, сөйлем құраңыздар. Таныс емес сөздердің аудармаларын сөздіктен қараңыздар:

3. Жұмбақтар шешіңіз:

- Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін.

- Сырты орман, алды жазық құрлықты, араласаң, табасың жеті құдықты.

- Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым.

- Асқар тауда қара орман.

- Сөз ұққыш – қос тұтқыш.

- Таппайтын тағат, тығулы сағат.

- Бірі үлкен, бірі кіші, туысқан екен бес кісі.

- «Ти» десем, тимейді, «тиме» десем, тиеді.

4. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Мәтін: Адамның сыртқы келбеті

Мен танысымның сыртқы келбетін суреттеймін. Танысымның аты – Дәурен. Оның жасы жиырма жетіде. Оның бойы биік, ол орта бойлы емес. Оның дене бітімі келісті, шымыр. Дәурен спортпен айналысады. Дәурен арық та емес, толық та емес.

Оның көздері көк емес, қара және ойлы. Дәуреннің басы үлкен де емес кішкентай да емес. Шашы қара, қалың. Көзінің үстінде қалың, әдемі қасы бар. Кірпіктері өте ұзын емес. Дәуреннің мұрны қыр мұрын, еріндері қалың. Танысымның құлақтары қалқан құлақ емес, бетінде дақ, тыртық жоқ. Мандайы кең, ашық. Дәуреннің қолы, аяғы қысқа емес, ұзын, себебі оның бойы биік. Бір сөзбен айтқанда, менің танысым сымбатты, тартымды жігіт.

Тапсырма:

1. Лексикалық минимумды пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңздар.

2. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыздар (тірек сөздерді қолданыңыздар):

Тірек сөздер: ұзын, аласа, орта, арық, толық, үлкен, кішкентай, қысық, сопақ, домалақ, жалпақ, қыр, пұшық, қалың, жұқа, арық, жүдеу, томпақ

а) Мен .......... бойлымын. Сен ..........бойлысың. Сіз ...........бойлысыз. Ол ........... бойлы.

Менің бойым ............... Сенің бойың ........... Сіздің бойыңыз ......... Оның бойы ........... Мен ......... денелімін. Сен ...........денелісің. Сіз ...............денелісіз. Ол ...............денелі. Менің денем ............ Сенің денең ............ Сіздің денеңіз ...............Оның денесі ............

ә) Менің көзім ............. Сенің мұрның .......... Сіздің аузыңыз ............. Оның құлағы ..........

Менің басым ............... Сенің қасың .............. Сіздің бетіңіз ............... Оның ерні ...............

3. Келесі сөздерді қатыстыра отырып, өздеріңіздің таныстарыңыз туралы айтыңыздар:

Сүйкімді, тартымды, тапал (коренастый), сүйкімсіз, тартымсыз, кең иықты, сымбатты, қушық кеуделі, жек көрінішті, жуан, тәп-тәуір, жұқа, ауыр денелі, ұзын бойлы, арық.

Бас пен шаш: бұйра шаш, жирен шаш, ақсары шаш, кесілген шаш. таралған, бапталған шаш.

Адамның беті: ақкөңіл жүзді, сұрықсыз жүзді, кесек бетті, көріксіз жүзді, сопақ бетті, қарапайым жүзді, жүдеу жүзді, бозарған бетті, көрікті жүзді, әдемі жүзді, дөңгелек жүзді, әсем жүзді, бүйрек бетті, әдемі жүзді, арықтап жүдеген жүзді, сүйкімді жүзді.

Беттің түр-түсі: ақ (қара торы емес) бет, ал қызыл бет, қара торы бет, қызыл бет, күнге күйген бет.

Маңдай: кең маңдай, тар маңдай, ашық маңдай, биік маңдай.

Мұрын: кішкентай мұрын, пұшық мұрын, таңқы мұрын, үлкен мұрын, ұзын мұрын, қысқа мұрын, қыр мұрын, қисық мұрын, бүкірейген қыр мұрын, жалпиған мұрын.

Көз: бота көз, бітік, қысық көз, сұр көз, жалқау көз, қара көз, мейірімді көз, көкшіл көз, ерке көз, қой көз, ақылды көз, үлкен көз, ашушаң көз, кішкене көз, қара көз.

Кірпік: ұзын кірпік, сирек кірпік, қысқа кірпік, тік кірпік, қалың кірпік, қайырылған кірпік, қайқы кірпік.

Қас: қалың қас, ұзын қас, селдір қас, қысқа қас, тұнжыраған қас.

Ерін: төменгі ерін, жұқа ерін, жоғарғы ерін, торсиған ерін, қалың ерін.

Тіс: бір тегіс тіс, алдыңғы тіс, тегіс емес тіс, ірі тіс.

Беттің белгілері: жұқа бет, жай бет, кішкене бет, дұрыс біткен бет , ірі, кесек бет, қарапайым бет, секпіл бет, тым жүдеу бет, қарапайым бет, қатпар-қатпар бет, қатал, қатігез бет, түнерген бет, қатқыл, сұр бет , жабыраңқы бет.

Бет (жақ): томпиған бет, бозарған бет, бір тегіс бет, ал қызыл бет, әжімді бет, қызарған бет, бетінің шұңқыры бар бет, салбыраған бет, жақ.

Тұлға. Мүсін: жіңішке белді, сымбатты тұлға, кең иықты мүсін, сымбатты, қушық иықты, бүкірейген.

Иек: дөңгелек иек, сүйір иек, майлы иек, екі қатарлы иек.

Ауыз: үлкен ауыз, оймақ ауыз.

Мойын: ұзын мойын, ши мойын, қысқа мойын, әдемі мойын.

Бойы: аласа бойлы, биік бойлы, орта бойлы.

Дауыс: қатты дауыс, қоңырлау дауыс, анық, ашық дауыс, нәзік дауыс, дөрекі дауыс, сүйкімді дауыс, қырылдаған дауыс, сазды дауыс.

Күлкісі: көңілді күлкі, сүйкімді күлкі, шын жүректен жымыю, еркелеген жымыйыс.

Жас мөлшері: жас, қарт (кексе), орта жаста, кәрі.

Дене бітімі: дене құрылысы толық, семіз жаратылған дене бітім, дене бітімі тығыз, торсия жаратылған бітім

Аяқ: аяғы жақсы жаратылған, қысқа аяқ, қисық аяқ, тік әдемі аяқ.

4. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

Сұхбат-мәтіндер: