Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағандының мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеті

Филология факультеті

Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы

«ҚАЗАҚ ТІЛІ»

пәні бойынша барлық мамандықтар үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

ҚАРАҒАНДЫ – 2012

Құрастырғандар: Б. М. Айтбаева, ф.ғ.к., доцент

Г. Х. Абдрахманова, аға оқытушы

Б. С. Сатеева, ф.ғ.м., оқытушы

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеніне оқу пәнінің қысқаша мазмұны, тақырыптық жоспар, семинар сабақтарының жоспары, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмысы сабақтарының әдістемелік нұсқаулары, студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары, бақылау түрлері, өздік бақылауға арналған тест тапсырмалары кіреді.

Университеттің барлық факульттерінің І курс студенттеріне арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жалпы білім беру пәндері бойынша типтік бағдарламасы (Алматы, 2005ж.); Көптілді білім беру мамандықтарына арналған қазақ тілінің базалық курсы бойынша типтік оқу бағдарламасы (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ. Қарағанды, 2010) негізінде құрастырылған.

«Қазақ тілі» пәні бойынша барлық мамандықтар үшін оқу-әдістемелік кешені / Құрастырғандар Г.Х. Абдрахманова, Б.М. Айтбаева, Б.С. Сатеева –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. -160 бет.

© Қарағанды мемлекеттік университеті баспасы, 2012 жыл

  1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Филология факультеті

Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы оқытушылар

    1. Пән туралы мәліметтер:

«Қазақ тілі»

6 несие

Өткізу орны: №6 ғимарат, ҚарМУ

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семе

стр

Несие

лер

Семи

нар

лар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлы

ғы

Бақы

лау

түрі

1

күндізгі

1-2

6

90

90

90

270

емтихан

1 сырт

қы

1-2

3

30

30

30

90

емтихан

1.3 Алғы деректемелер: Курстың бастапқы сатысында студент қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.

  1. Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу; қажетті ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну:

  2. Жазу: емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу:

  3. Тыңдау: лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік сөйлеуді меңгеру.

  4. Сөйлеу: өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап қайтара білу:

Қазақ тілі курсының барлық деңгейінен өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктіліктерді игеруі қажет.

Лексикалық тақырыптар бойынша

  1. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу;

  2. Күрделі емес пікірсайысқа қатысып, өз ойын аргументтеу, дәлелдей білу;

  3. Өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу;

  4. Өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттермен күрделендіріп бере білу;

Грамматикалық минимум

Сын есім, үстеу, мекен үстеулер, мезгіл үстеулер, сан есім, септік жалғаулары, зат есім, кәсіби сөздер мен термин сөздер, төл сөз бен автор сөзі, септеуліктер, демеуліктер, сөздердің орын тәртібі, етістіктің болымсыз нысандары, жұрнақ пен жалғау, кірме сөздер, диалект сөздер, қаратпа сөзер.

1.4 Кейінгі деректемелер: Әлеуметтік-қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілі пәні осы факультетте жүргізілетін барлық пәндерге қажет.

1.5 Курстың қысқаша мазмұны: 270 сағат көлемінде 1-2 семестрге арналған бағдарлама (аптасына 6 кредит-сағат).

Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілін оқытудың мақсаты: студенттердің кәсіби және қарам-қатынас компетенциясын қалыптастыру. Интегративтік негізде, лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік – мәдени компетенциясы қалыптасады.

Белгілі бағдарламаның көлемінде оқытылатын тілдің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық компетенцияның мазмұнына кіреді.

Дискурстық компонентке студенттердің тіл нормалары мен сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес етіп, қарам-қатынас және кәсіби әрекеттеріне мәтіндер мен ой-пікірлерді құрастыруға тіл құралдарын білу және дағдылану керек.

Студенттердің мәдени аралық байланысының ұлттық мәдени тіл құбылысының ерекшелігі және өзін-өзі ұстау, тіл иеленушінің, сол елдерге тән құбылыс жағдайларын салыстырумен қамтамасыз етуі әлеуметтік – мәдени компонентке жатады.

Курс міндеттері сөйлеу әрекетінің барлық түрлері: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дискурсты қабылдау мен тудыруға (диалогтық қарым-қатынас) және медиацияға (арнайы мәтіндерді аудару) байланысты талаптарымен анықталады.

Пән бойынша шет тіліндегі тәжірибелік курс бағдарламасы төмендегідей тапсырмаларды қамтиды, яғни болашақ студенттердің білім алуы мен іскерлік талабын қамтамасыз етеді:

- оқу ролінің негізінде сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерін қазақ тілінде іске асыру;

- келешектегі кәсіптік қызметті жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнында алған білімін және іскерлігін өз бетінше арттыру;

- тұрмыстық, кәсіптік, іскерлік байланыс мақсатында пәндерге берілген сағат бойынша лексико-грамматикалық, фонетикалық минимум (ең аз шама мөлшерінде) негізінде меңгеру, және тұрмыстық, кәсіби және іскер қарым-қатынаста пайдалану.

Студент 1 семестрдің соңында өзін таныстыруды, тұрғылықты орнын, айналасындағы адамдарды суреттеуде қолданатын белгілі фразалар мен ілеспе сөздерді күнделікті қарам қатынас ситуацияларында пайдалана білуі керек және оқулықпен, анықтама материалымен, құжаттармен мерзімді баспа әдебиеттерімен жұмыс істеуге дағдылану керек.

Оқу:

1. оқу тәсілдерін меңгеру;

2. оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескеріп, дауыстап және ішінен оқу. Мәтіннің түп-нұсқасын түсінуге тырысу;

3. таныса және зерттеп оқуларының элементтерін меңгеру;

4. анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу.

Жазу:

1. графика мен орфографияны меңгеру;

  1. диктант, бланктарды, сауалнамаларды және декларацияларды жаза білу.

Тыңдау:

1. оқытушы мен студенттің арасында қарым-қатынастың қарапайым деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушының нұсқауларын дұрыс түсіну;

2. оқылған тақырып көлемінде қазақ тілде айталған сөйлемдерді түсіну.

Сөйлеу:

1. диалог-сұраудың, ақпаратты алуға арналған диалогтың әр түрлі функцияларын меңгеру;

2. ілікпе фразарды пайдаланып, әңгімені жалғастыруды білу, ақпарат алудың, өзін-өзі таныстыруды, дәлелдеуді, бастартуды, алғыс айтуды, кешірім сұраудың, ақпаратты анықтауды, қарсы қойған сұрауды, байланыс аяқталғанын білдіретін іскерліктерді меңгеру;

3. монологтық сөйлеуді меңгеру (сипаттау, хабарлау);

4. басты және жанама ақпаратты белгілеуді немесе мәтінді қысқартуды (компрестеу) білу керек.

Курстық сабақтар сіздің алдыңызға қойған мақсаттарға жету көмегі ретінде жоспарланған:

- қысқаша жазба жұмысы, яғни үй тапсырманы орындау, құжаттарды толтыруда, талдау дағдысын, критикалық оқу және жазу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

Дәрісханадағы ситуацияларды дамытудағы қойылған және алынған жауаптар, талдау дағдысына, оқу критикалық дағдысына, ауызекі тілдің дағдысына және құжаттарды толтыруға көмектеседі.

- талдау кейсі қазақ тілінде сөйлеу, ойлау әрекетін шынықтыруға, лексико-грамматикалық сөйлеу, талдау, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін серіктесімен өз ара талдауға, шынықтыруға;

- жеке және топтық жобаға қатысу зерттеу жұмысын және презентацияны жүргізу, сол сияқты талдау, дербес ой дағдыларын дамытуға.

Жұмыс түрлері және оларды орындаудың тізімі.

а) Оқу нақтылы ситуациялар (Case study) – студенттерге көптеген ситуацияларды ұсынады, оларды дамытып, сұрақтарға жауап беріп, мәселеге байланысты көз қарасын білдіру және өзінің кейсін жазу;

б) Жылдам оқу (Skim) – оқу бағдарламасына (Syllabus) байланысты берілген деректерді оқу;

в) Тақырып бойынша шолу жасау (Review) – Интернет, ақпараттық қор және мерзімді баспа қолданып алынған қосымша деректермен берілген тақырыпқа 1-2 бет қасқаша әдеби шолу жасау.

г) Глоссарий (Glossary) жасау – орыс тіліндегі терминдер және түсініктемелердің қазақ тіліндегі аудармасы мен қысқаша түсіндірме берілген тақырып бойынша орындалады.

д) Таныстыру - өзін таныстыруда студент кез келген тақырыпты таңдауына болады және кез келген аспект бойынша өзінің түсінігін немесе түсінбеушілігін білдіре алады. Таныстыру уақыты – 8-10 мин. Таныстыру мынадай белгілер бойынша бағаланады: қаншалықты тақырып ашылды, аудиторияның көңілінен шықты ма және студент мәселені қаншалықты кәсіби қарастырды.

е) Аударма сайма-сай, толық, логикалық байланысты, жалғастырылған мағына бойынша аяқталған болу керек;

Талап және нәтиже.

Сабақ кезінде жұмысқа белсеңді қатысу үшін, сізде өзіңізге тән топтағы пәнді оқытуда қызықтырушылықтың бар болуы, басқа да топтағы тыңдаушылар арасында стимул ретінде қатысу қажет. Барлық тапсырмалар берілген мерзімге дейін орындалуы керек.

Тақырыптарды талдауды, қажетті сұрақтар қою мәселелерге сын көзбен қарап және оларды шешу үшін сіз сабаққа жақсы дайындықпен келуге міндеттісіз. Сонымен қатар, курс бойынша өзара жұмыс істеуге, сіз өзіңіздің оқуыңызға жауапкершілік алуыңыз қажет.

1.6 Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік). Курс аяқталғаннан кейін студент қазақ тілінде сауатты да талапқа сай оқып, сөйлеп, жаза білуі керек.

1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Жұмыс түрі

Пайдала

нуға ұсыныла

тын әдебиет

тер

Тапсырманың мақса ты және маз мұны

Орын

дау мерзімі

Балдар (рейтинг тік шкалаға сәйкес)

Бақы

лау түрі

Тапсыру уақы

ты

1

Тәжірибелік сабақтар бойын

ша ауызша жауап

Ұсыныл

ған әдебиетті тәжірибе

лік сабақ тарға дайындыққа пайда лану

Тәжірибе лік

сабақтар жоспары бойынша

І семестр бойы сабақ кестесі мен оқу жоспары

на сай

Әр сабақ

бойынша

ауызша

жауап 20 балл

Ағымдық

(ауызша жауап

пен жұмыс бағаланады)

Тәжірибелік сабақ кестесі мен оқу жоспа

рына сай

2

СОӨЖ бағдарламасында қа растырыл

ған тақы рыптар бойынша тапсырма ларды орындау және басқы жұмыс түр лерінде (кейсті талдау, интервью, талқылау)

СОӨЖ дайындалу ға әдебиет терді пайда лану

СОӨЖ жоспа рына сай

І се местр бойы сабақ кестесі мен оқу жоспа

рына сай

Тәжіри белік са бақтың әр тақы рыбы ның ауыз ша жауабы на, баян дамаға, рефератқа 15 балл

Ара лық бақы лау СОӨЖ-де айыз ша жә не жаз баша жауап

тары мен жұ мыс ба ғаланады

СОӨЖ сабақ кесте сі мен оқу жоспарына сай

3

СОӨЖ және СӨЖ кезінде жазбаша жұмысты дайындау

СОӨЖ және СӨЖ дайындауға ұсынылған әдебиетті пайдалану

СОӨЖ және СӨЖ жоспарына сәйкес

І семестр бойы оқу жоспары

на сай

Жазбаша жұмысттың қорытындысын ауызша қорғауға 20 балл

Ара

лық ба қылау, жазбаша жұ мысты дайындау жә не нә тижелерін қорғау

СОӨЖ және СӨЖ сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай

4

СӨЖ бойынша (ауызша және жазбаша жауап, баяндама, реферат, шығарма және т.б.) дайындау

СӨЖ ұйымдастыруға ұсынылған әдебиетті пайдалану

СӨЖ жоспа

рына сәйкес

І семестр бойы оқу жоспарына сай

Әр тақырып бойын

ша жаз баша (баяндама, рефе рат жә не шы ғарма) және ауызша жауапты дайын дауға 10 балл

Үй жұ мысы СОӨЖ СӨЖ, тәжірибелік сабақ тарға дайындалу дың деңгейі бағаланады

Тәжірибелік сабақтар оқу жоспарына сай

1.8 Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (27 қаңтар, 2012 жыл)

2. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005.

3. Алдашева А. Тілді оқыту әдістемесінің негізгі түсініктері (Әдістеме әлемінде. Ғылыми әдістемелік жинақ) Алматы, 2008.

4. Құлмағанбетова, Ж.Елемесова. Қазақ тілін үйренушілерге көмек Алматы: «Рауан», 1990 ж.

5. Әлметова Ә.С. Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттастық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми әдістемелік негіздері. Алматы, 2007.

6. .Қадашева Қ. Қазақша жаңғыртып оқытулың әдістемелік негіздері, өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Алматы, 2001.

7. .Құрман Н.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесіндегі қазақ тілінен сабақ үлгілері. Астана, 2008.

8. Құрман Ж.Н. Қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері. Алматы, 2009.

9. Күзекова З.С. Қазақ тілінің практикалық курсы. Алматы, 2001.

10. Сұлтанова Ғ., Сатқаева З. Жаңаша оқыту- заман талабы. Алматы, 2011.

11. Ж.Доспанова, С.Сарсембекова, Г.Шаһарман. Практикалық қазақ тілі. Алматы, 2002.

12. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994.

13. Б.Құлмағанбетова, Ж.Елемесова. Қазақ тілін үйренушілерге көмек Алматы: «Рауан», 1990 ж.

14. Х.Қожахметова. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1995 ж.

15. Н.Ергалиева. Іс-қағаздарының орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1993.

16. З.Күзекова, Г.Қарақұсова. Қазақ тілі: Жоғары оқу орындар.эконом.фак.арн. орташа және жалғастырушы топтар үшін. Алматы, 1997 ж.

17. Күзекова З.С. Қазақ тілінің практикалық курсы. Алматы, 2001.

Ж.Доспанова, С.Сарсембекова, Г.Шаһарман. Практикалық қазақ тілі. Алматы, 2002.

18. Әбілқасымов М. Тілдескіш. Алматы, 1997 ж.16. Мұса А.О. Қазақ тілінің практикалық курсы: оқу құралы. Алматы, 1998

19. Ахметов А., Джунусбекова К. Казахский язык для русскоязычных и иностранных студентов. Алматы, 1995.

20. В.Ю.Франк. Қазақ тілі: Жоғары сынып оқушылары мен студент. арн. Әмбебап анықтама. Алматы, 1999.

21. Құлмағанбетова Б., Елемесова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.

22. Құрманбаев Ш., Сыбанбаева А. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындары заң факултеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы, 2001.

23. Сүлейменова Э.Д., Қадашева Қ.Қ., Ақанова Д.Х. Қазақ тілі. Алматы, 1996.

24. Баяманова Р. Ғ., Абдрахманова Г. Х. Мәтінмен жетсін ұлағат. Оқу құралы. Қарағанды, 2001.

25. Г.Х. Абдрахманова. «Қазақ тілі» оқу құралы. Қарағанды. ҚарМУ баспасы, 2007ж.

26. Б.Қасым, Ж.Қырықбаева, І.Жұмабаева. Қазақ тілінің практикалық курсы бағдарламасы (SYLLABUS) және әдістемелік нұсқау (Кредиттік технологияға негізделген жоғары оқу орындарының орыс бөлімдері үшін). Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2007.