Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

2.2 Лекциялық сабақтар тезистері бағдарлама бойынша қарастырылмаған.

2.3 Семинарлық сабақтар жоспары

І семестр

І модуль. Сәлем – сөздің анасы

І-ІІ апта. 1-6 кредит-сағат.

Кредит-сағаттар

Тақырыпшалар

лексикалық минимум

Грамматика

1-6

кредит-сағат

Сұхбат-мәтін: Әдептің басы – амандық.Сәлемдесу. Танысу. Қоштасу. Алғыс айту.

Сәлем!

Сәлеметсіз бе? Амансың ба? Халіңіз қалай? Ассалаумаға

лейкум, уағалейкумас

салам.

Ризамын. Өкінішті! Қуаныштымын. Мекен-жай. Көшесі.

Аты. Есімі. Ұялы

телефон. Нөмір.

Ықшам аудан.

Грамматикалық ерекшеліктер. Дыбыстардың жіктелуі.

Кешірім сұрау. Ризашылық білдіру. Өкіну. Қуану.

Кешіріңіз! Ғапу етіңіз! Айыпқа бұйырмаңыз! Алғысымды білдіремін! Алла жарылқасын! Қап! Өкінішті! Қайырлы күн!

Қайырлы кеш!

Кеш жарық!

Үндестік заңы. Ілгерінді ықпал. Кейінді ықпал.

Қарым-қатынас мәдениеті. Сабақ кестесі. Ертеңгі сабақ. Қандай пәндерді оқимыз?

Ғимарат.

Сабақ

кестесі.

СОӨЖ.

Ауысым.

Буын түрлері

Сұхбат-мәтін: Аялдамада. Көлікте. Көкеніс базарында.

Қоғамдық

үдеріс. Әдеп,

жөн-жосық. Тыныштық,

сенім,

бақыт.

Жастық,

адалдық.

Сала.

Меңгеру.

Дамыту.

Сөздердің дұрыс жазылуы Тыныс белгілердің қойылуы.

Бақылау жұмысы

Қайталау

Сұхбат-мәтіндер

І. - Сәлем! (Қайырлы таң!)

  • Халің қалай?

  • Мына кісі кім?

  • Бұл – менің досым.

ІІ. Танысу

  • Танысып қояйық, менің атым – Баян.

  • Мен – Динарамын.

  • Танысқаныма қуаныштымын.

  • Сен қайда оқисың?

  • Мен мектепте оқимын.

  • Мен Қарағанды мемлекеттік университетінде оқимын.

  • Өте жақсы.

ІІІ. Қайда оқисың?

  • Амансың ба, Айнаш?

  • Хал қалай, Айнұр?

  • Сен осында оқисың ба?

  • Иә, мен химия факультетіне оқуға түстім.

  • Тамаша. Мен қуаныштымын.

ІV. Сабақ кестесі

  • Сәуле, сабақ кестесін қайдан көруге болады?

  • Сабақ кестесі 3 - қабатта, деканаттың жанында ілулі тұр.

  • Мен жазып алайын.

V. - Жадыра, мен сабақ кестесін алдым. Аптасына алты күн оқимыз.

  • Қай ауысымда оқисың?

  • Таңертеңнен түске дейін.

  • Сабақ нешеде басталады?

  • Сағат 8 30-да басталады.

  • Қай ғимаратта оқисыңдар?

  • Бас ғимаратта.

  • Қазақ тілі аптасына неше рет болады?

  • Алты рет. Үш сабақ және үш СОӨЖ (студенттің оқытушымен өздік жұмысы).

  • Қандай жақсы!

Vі. Ертеңгі сабақ

- Ертең қандай сабақтар болады?

- Ертең бірінші сабақ – Қазақстан тарихы.

- Ағылшын тілі бар ма?

- Жоқ, ағылшын тілі жұма күні болады.

- Ертең қазақ тілі және бейорганикалық химия пәндері болады.

Қоршаған ортамен қарым-қатынас

І. Үйде

  • Жоғары шығыңыз! Дастарханға келіңіз!

  • Рахмет!

  • Өтінемін, төрге қарай отырыңыз!

  • Рахмет! Айтқаныңыз болсын!

ІІ. Аялдамада

    • Қарындас, айтып жіберіңізші, маған университет жаққа қалай баруға болады!

    • Ол жерге №40 автобуспен баруыңызға болады. Аялдамада автобустың жүру кестесі ілулі тұр. Соны қарауыңызға болады.

    • Автобустың аялдамасы қайда екен? Айтар ма екенсіз?!

    • Аздап алға қарай жүрсеңіз, көрініп тұр.

    • Рахмет!

ІІІ. Көлікте

  • Ғафу етіңіз, келесі аялдама қалай аталады?!

  • Келесі аялдама – Мәдениет сарайы.

  • ... Сіз келесі аялдамадан түсесіз бе?

  • Жоқ, мен келесі аялдамадан түспеймін.

  • Ендеше, мен өтіп кетейін.

ІV. Супермаркетте

  • Кешіріңіз, кезектің соңында кім?

  • Мен боламын.

  • ... Тәтті тағамдар сөресі қай қатарда?

  • Сол жаққа қарай өтсеңіз, бірінші қатар.

  • Рахмет!

  • ... Маған кептірілген жемістер керек еді. Мына сөреден көрмей тұрмын.

  • Олар – міне, мына сөреде.

  • Бағасын қалай білуге болады?

  • Кассада көрсетеді.