Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

1. Факультетте

- Кешіріңіз, Сізден сұрауға бола ма?

- Әрине, сұраңыз!

- Химия факультетінің деканаты қай қабатта екен?

- Үшінші қабатқа көтеріліп, солға қарай жүріңіз.

- Рахмет.

2. Топ студенттері

- Сәлеметсіз бе? «Химия» мамандығында оқитын бірінші курс студенттері қайда екен?

- Сіз бірінші курс студентісіз бе?

- Иә. Маған топ студенттері керек еді.

- Олар 306 дәрісханада отыр. Қазір топ жетекшісі барады.

- Жақсы.

3. Қайда оқисың?

- Сәлем, Гүлім!

- Хал қалай, Сәуле?

- Сен осында оқисың ба?

- Иә, мен химия факультетіне оқуға түстім.

- Тамаша. Мен қуаныштымын.

- Қандай жақсы!

4. Ертеңгі сабақ

- Ертең қандай сабақтар болады?

- Ертең бірінші сабақ – Қазақстан тарихы.

- Ағылшын тілі бар ма?

- Жоқ, ағылшын тілі жұма күні болады.

- Ертең орыс тілі және мәдениеттану пәндері болады.

5. Сен қай тілде сөйлейсің?

- Сен үйде қай тілде сөйлейсің?

- Мен үйде қазақ тілінде сөйлеймін.

- Тағы қандай тілдерді білесің?

- Орыс тілін жақсы білемін, ағылшын тілін үйреніп жүрмін.

- Достарыңмен қай тілде сөйлесесің?

- Қазақ және орыс тілдерінде.

6. Вокзалда

  • Қайырлы таң!

Алматы қаласына күндізгі пойыз сағат нешеде жүреді екен?

-Алматыға күндіз сағат 12.30-да және 16.40-та Алматы-Петропавл бағытындағы пойызжүреді.

-Билет бар ма екен?

- Әрине, бар.

-Маған Алматыға дейін купеге 2билет беріңізші!

-Жақсы. Міне, алыңыз.7500 теңге.

-Алыңыз. Пойыз қай жолға тоқтайды?

- Пойыз екінші жолға тоқтайды.

- Рахмет.

- Жолыңыз болсын!

7. Кітапханаға бару

- Кітапхана қай жерде, айтып жіберіңізші?

- С. Ерубаев көшесінде үлкен кітапхана бар.

- Кітапханаға қалай баруға болады?

- 04- маршрутпен немесе №53- автобус апарады.

- Көмегіңізге рахмет.

8. Кітапханада.

- Кітап алуға бола ма?

- Әрине, болады. Қандай кітап керек?

- Химия оқулығы және қазақ тілі, болса орысша-қазақша сөздіктер керек еді.

- Оқырман картасы бар ма?

- Бар, міне.

9. Жатақханада

- Қаламқас, сен қазір қайда тұрасың?

- Мен № 5- жатақханада тұрамын.

- Бір бөлмеде неше студент тұрасыңдар?

- Екі студент.

- Жатақхана жағдайы қандай?

- Өте жақсы. Барлық жағдай жасалған.

- Бөлме кең бе?

- Иә, бөлме кең, жарық, жылы.

10. Әлеуметтік жәрдем

- Менің көршіме әлеуметтік қамқорлық қажет. Ол кісі – зейнеткер, әрі денсаулығы нашар. Жалғыз тұрады.

- Көршіңіздің мекен-жайы қандай?

- Оңтүстік-Шығыс. Құрылысшылар даңғылы, 13- үй, 69- пәтер.

- Біздің адамдарымыз таяу арада барады. Міндетті түрде жәрдем береміз.

- Рахмет. Сау болыңыз.

11. Спорт кешенінде

- Марат, спорт залына барамыз ба?

- Әрине, бүгін волейболдан «Ректор кубогы» үшін жарыс болады.

- Қандай командалар ойнайды?

- Химия факультетінің студенттері мен биология факультетінің студенттері ойнайды.

- Олай болса барайық. Мен биология факультетінің жанкүйерімін.

- Сен ше?

- Мен де.

12. Шаңғы жарысы

- Шаңғы жарысы қашан болады?

- Ауа-райының қолайсыздығына байланысты келесі аптаға ауыстырылды.

- Сен шаңғы жарысына қатысасың ба?

- Иә, қатысамын. Өйткені шаңғы тебуді ұнатамын.

13. Жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінде

– Сәлеметсіз бе? Жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі қай қабатта?

- Екінші қабатта. 207- бөлме.

- Бөлім бастығы бар ма?

- Әрине, бар.

14. – Кіруге рұқсат па?

- Кіріңіз.

- Сәлеметсіз бе? Мен хабарландыру бойынша келіп тұрмын. Жұмыс керек еді.

- Мамандығыңыз кім?

- Мәдени сауықтыру шараларының әдістемешісі.

- Иә, бұл өте қажет мамандық.

- Құжаттарыңыз бар ма?

- Әрине, міне.

- Жақсы, ертең сағат 10- да 209- бөлмеге келіңіз.

15. – Ассалаумағалейкум! Мен жұмысқа орналасуға

келіп едім.

- Келіңіз, отырыңыз. Кімсіз? Қайдан келдіңіз?

- Мені еңбекке орналастыру орталығы жіберді.

- Құжаттарыңыз бар ма?

- Иә, міне.

- Қандай құжаттар әкелдіңіз? Бұл құжаттардың көшірмесі ме?

- Түпнұсқасы да, көшірмесі де бар.

- Жеке бастың куәлігі, диплом, фотосуреттер, мінездеме, отбасы

туралы анықтама.

- Жақсы, өтініш жазыңыз.

Тапсырмалар:

  1. Сұхбат-мәтінді рөлге бөліп оқыңыз.

  2. Өзіңе қиын сөздерді теріп жазыңыз. Жазылуына көңіл аударыңыз, есте сақтаңыз.

  3. Қалай? Қашан? Қайда? сұрақтарына жауап беретін сөздерге талдау жасаңыз.

  4. Әр бөлімнен екі сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

  5. Сөйлемдерді мүмкіндігіңізше басқа нұсқамен айтыңыз.

  6. Сұхбаттарды жаттап алыңыз.