- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •1.9 Баға туралы ақпарат:
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері бағдарлама бойынша қарастырылмаған.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •Vі. Ертеңгі сабақ
- •V. Базарда
- •Vі. Біз қандай пәндерді оқимыз?
- •Визитка үлгісі
- •Мекенжай үлгісі
- •Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар
- •Ііі модульдегі грамматикалық тақырыптарға глоссарий.
- •Уақыт. Мезгіл
- •V модуль. Тәні саудың жаны сау
- •Ү модульдегі грамматикалық тақырыптарға глоссарий.
- •Vі модуль. Әдеп ережелері
- •Сұхбаттар:
- •1.Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •2.Үлгі бойынша екеуара әңгімелесіңіздер.
- •3. Рөлдік ойын.
- •Мен білім алатын оқу орны
- •Қарағанды мемлекеттік университеті
- •Е.А.Бөкетов – тұңғыш ректор
- •Үі модульдегі грамматикалық тақырыптар
- •Vіі модуль. Мен және қоршаған орта
- •1. Факультетте
- •Үіі модульдегі грамматикалық тақырып
- •Vііі модуль. Қазақшаңыз қалай?
- •5. Кестені толтырыңыз
- •6. Берілген нақыл сөздерді мәнерлеп оқып, ұнағанына шағын әңгіме құрастырыңыз.
- •Іх модульдегі грамматикалық тақырыптар
- •Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер
- •Қазақ дастарханы
- •Х модульдегі грамматикалық тақырыптар
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Х модульдегі грамматикалық тақырыптар жалғасы
- •Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
- •Қазақ елінің Елтаңбасы
- •Қазақ елінің Әнұраны
- •Астана – Қазақстанның ел ордасы
- •Хі модульдегі грамматикалық тақырыптар
- •Үш бақытым
- •Тапсырмалар:
- •Тарих беттерінен...
- •Қазақстан халқына
- •8. Септік жалғаулы сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
- •9. Қоныстанады, көбейтеміз етістіктерін міндетті келер шаққа қойыңыз. Тапсырмалар:
- •Хі модульдегі грамматикалық тақырыптар жалғасы
- •Тапсырмалар:
- •Хіі модульдегі грамматикалық тақырыптар
- •Қазақстан экологиясы
- •Жаңа сөздер
- •Тапсырмалар
- •Арал теңізі
- •Семей - Невада қозғалысы
- •Туған өлкенің өзен-сулары
- •Атамекен
- •Хіі модульдегі грамматикалық тақырыптар жалғасы
- •2.4. Лабораториялық сабақтар жоспары (бағдарлама бойынша қарастырылмаған).
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •V модуль. Тәні саудың жаны сау
- •Vі модуль. Әдеп ережелері
- •Vіі модуль. Мен және қоршаған орта хііі-хіv апта. Соөж 37-42
- •Vііі модуль. Қазақшаңыз қалай? хv апта. Соөж 43-45 Бақылау жұмысы
- •Іі семестр
- •Хііі-хіү апта. Соөж 37-42.
- •Vііі модуль. Қазақшаңыз қалай?
- •1. Досыңыздың отбасы туралы жазыңыз.
- •Кредит-сағат тақырыпшалары:
- •1. Қазақстандағы өзіңіз жақсы білетін бір қала туралы жазыңыз.
- •V модуль. Тәні саудың жаны сау
- •1. Реферат. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы
- •Хііі-хіү апта. Сөж 37-42
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •20. Қате жазылған сөзді табыңыз
- •Тест жауаптары і нұсқа
- •Тест жауаптары ііі нұсқа
- •Студент білімін бағалау өлшемі
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
- •Абдрахманова Гаухар Хайроллақызы
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер
Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, отбасында сәби болуын арман етеді. Себебі бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі – зайыптылардың тіреу діңгегі. Сондықтан да қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой топшылаған.
Шілдехана алғашқыда «Жас босанған әйелді түні бойы жынпері жағалап жүреді: әйелдер, қыз-келіншектер жас босанған әйелді үш күні бойы жын-періден қорғап күзету керек» деген діни ұғымнан пайда болған. Күн батқаннан таң атқанша жас босанған әйел мен жаңа туған жас сәбиді ұйықтамай күзетіп отыру үшін үш күндей түнімен өлең айтып, ән-жыр, күй-бимен, ойын-сауықпен өткізген. Кейін бұл дәстүр жас нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған жастардың ойын-суық дәстүріне айналып кеткен. Жастар таң атқанша түрлі ұлт ойындарын ойнап, ән салып, күй шертісіп, жұмбақ, жаңылтпаш айтысып, өнер салыстырады.
Сүйінші. Жас нәрестенің әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі немесе атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған. Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген.
Тұсау кесу. Бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады тойға келгендер шашуға құрт, шай, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ т.б. әкеледі.
Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баласының тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
Сүндет тойы. Сүндетке отырғызу ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы сүндетке 7,8 немесе 9 жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте сүндетке отырғызға, солғұрлым ауырсынбай, тез жазылып кететін болған.
Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күз айларында іске асырылған. Себебі суық та, ыстық та балаға әсер етпесін деген мақсат кезделген. Кейде 5, 7, 9 жастағы ауыл балаларын жинап, қожаны шақырып 3-4 үйдің балаларын бір-ақ сүндетке отырғызған.
Сүндетке отырғызу үшін балаларды шешіндіріп, әкесі немесе ересек ағалары қол-аяғын мықтап ұстап, ал қожа балаға: бір, екі, үш, төрт, бес тәшімай үшін кес – дейтін өлең айқызып, алдандырып отырып , өткір пышақпен 1 сантиметр теріні кесіп алып, қанды тоқтату үшін тәнге күл салады, немесе құрым кигізді отқа күйдіріп, соның күлін басады. Қожаға баланы сүндетке отырғызғаны үшін қой, тайынша, тай немесе ақша береді.
Байғазы. Көрімдік. Бұл екі дәстүрдің бір-біріне ұқсастығы болғанмен екеуі ек басқа. Мысалы: «Байғазы - балалардың жаңа киіміне, бір заты үшін (шана, ер тоқым, тон т.б.) берілетін ақшалай немесе заттай сый. Байғазы сұраудың ешқандай сөкеттігі жоқ. Мұны негізінен әке-шешелерінен, құрбы-құрдас, жеңге ағаларынан, сыйлас туысқан, көршілерінен сұраған жөн. Жігіт адам байғазы сұрағанда жеңгелері ойынға айналдырып байғазына – байдың қызы» деп те құтылуға болады. Байғазы көңіл – күй көтеретін, сыйластық, татулықты білдіретін дәстүр..., көрімдік жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдылығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
Көрімдік – жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқаға алғаш көрген сәтте сұралатын сый, лайықты дәстүр. «Көрімдігің» деп жоғарыдағыдай сыйлыққа ақша немесе заттай беруге болады. Сонымен көрімдік адамға, жандыға, байғазы жансыз дүниеге қатысты айтылады. Бұл дәстүрдің мәні алып-беруде ғана емес, тереңде жатыр.
Жаңа сөздер:
салт-дәстүр - традиция
жұбай-супруга
отбасы-семья
бесік-колыбель
сыйластық-уважения
Тапсырмалар:
Шілдехана (Бейнесабақ)
1. Фильмді көріп, түсінгеніңізді жазыңыз.
2. Досыңызбен сұхбаттасыңыз.
3. Мына сұхбатты оқып, басқа нұсқасын құрастырыңыз.
- Жаңалықты білесің бе? Ертең Серікбол үйленеді.
- Шын ба?
- Міне, шақыру билеті.
- Тойлары қай жерде өтеді?
- Студенттердің «Шаңырақ» кафесінде.
- Қалыңдығын танисың ба?
- Иә, біздің курстасымыз.
- Өте қуаныштымын ...
4. Салт-дәстүрлерді түсініп оқып, оқытушы сұрақтарына жауап беріңіз.
5. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз.
6. Мәтінде берілген сын есімдерді теріп жазыңыз.
7. Салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні қандай? Қысқаша мәтін құрастырыңыз.
8. Тәрбиеге байланысты 10 мақал-мәтел жаттаңыз.
9. Мәтіндерде аталмаған салт-дәстүрдің біреуі туралы шағын мәтін дайындаңыз.
10. Мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді құрамына қарай талдаңыз.
Тақырып: Қазақ дастарханы (бейнесабақ)
Тапсырмалар:
1. Фильмдегі тағамдардың атын жазыңыз. Олар туралы айтыңыз.
2. Өлеңді тыңдаңыз. Айтып үйреніңіз. Жаттап алыңыз.