Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Іх модульдегі грамматикалық тақырыптар

Дыбыс үндестігінің 2 түрі бар (Существует 2 вида ассимиляции звуков)

1. Ілгерінді ықпал (Прогрессивная ассимиляции)

2. Кейінгі ықпал (Регрессивная ассимиляции)

Ілгерінді ықпал

Түбірдің соңғы буыны (Последний слог)

Мысалдар (Примеры)

Сөз қатаң дауыссызға немесе (б, в, г, д) дауыссыздарының біріне бітсе, қосымша қатаңнан басталады

дос+қа (другу)

терек+тер (тополя)

педагог+ке (педагогу)

штаб+тан (из штаба)

Досанов+қа (Досанову)

Сөз дауыстыға немесе үнді мен ұяңның (б, в, г, д басқа) біріне бітсе, қосымша не үнді, не ұяңнан басталып жалғанады

бала+лық (детство)

аспан+да (не небе)

жылқы+ны (лощадь)

көл+ге (к озеру)

қол+ды (руку)

қаз+дар (гуси)

ауыл+ға (в аул)

Сөз ш дыбысына аяқталып, қосымша с дыбысынан басталса, с дыбысы ш дыбысына айналады. Бірақ ол жазуда ескерілмейді.

ш+с...=...ш+ш...

қаш (убегай)

қаш+са=қаш+ша

(если будет убегать)

іш (пей)

іш+сін=іш+шін (пусть пьет)

Алдыңғы сөз қатаңға аяқталып, кейінгі сөз ұяң б дыбысынан басталса, ол қатаң п дыбысына айналады. Бірақ жазуда ескерілмейді

а) біріккен сөздер аралығында

ә) Сөз тіркесі сыңарлары аралығында

қатаң (глухой)+б...=

қатаң (глухой)+п...

Айт+бай=Айт+пай (имя)

Жүсіп+бек=Жүсіп+пек (имя)

көп бала=көп пала (много детей)

әкеп бер=әкеп пер (принеси)

Сөздер аралығында алдыңғы сыңары дауысты, ұяң не үндіге аяқталып, кейінгі сыңары қатаң қ, к дыбыстарынан басталса, олар ұяңдап кетеді

дауысты (гл.)+қ, к=

дауысты (гл.)+ғ, г

ұяң (зв.)+қ, к=ұяң (зв)+ғ, г

үнді (сонорн.)+қ, к=

үнді (сонорн.)+ғ, г

Қара+көз=Қара+гөз

Талды+қорған=Талды+ғорған

Кейінді ықпал

Сөз қатаң қ, к, п дыбыстарына аяқталып, қосымша не келесі сөз дауысты, үнді және ұяң д, ж, з дыбыстарынан басталса, сөз соңындағы қ-ғ, к-г, п-б айналады

к – г

жүрек (сердце)+і=жүрегі (его сердце)

білезік (браслет)+ім=біезігім (мой браслет)

көк аспан (голубое небо) =көг аспан

қ – ғ

қуыршақ (кукла)+ым=қуыршағым (моя кукла)

қасық (ложка)+ы=қасығы (его ложка)

ақ ешкі (белая коза) =ағ ешкі

п – б

мектеп (школа)+ім=мектебім (моя школа)

доп (мяч)+ы=добы (его мяч)

Сөз қатаң п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанғанда, қатаң п үнді у дыбысына айналады

тап (найди)+ып=тауып (найдя)

жап (закрой)+ып=жауып (закрывая)

кеп (высохни)+іп=кеуіп (высыхая)

Сөз үнді н дыбысына бітіп, қосымша не кеінгі сөз б, п, м дыбыстарынан басталғанда н қос ерін м дыбысына айналады

н+б=м+б

сен+беді (не поверил) =сем+беді

он бес (пятьнадцать) =ом бес

н+п=м+п

Жан+пейіс (имя) = Жам+пейіс

он парақ (десять листов) =ом парақ

н+м=м+м

келген+мін (приходил) =келгем+мін

Сөз үнді н дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қ, к, ғ, г дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы ң дыбысына айналады

н+қ=ң+қ

сән+қой (модница) =сәң-қой

Барман+құл (имя) =Барман+құл

н+г=ң+г

сен+гем (поверил) =сең+гем

Сәрсен+гүл (имя) =Сәрсең+гүл

н+ғ=ң+ғ

тон+ға (шубе) =тоң+ға

Сөз ұяң з дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қатаң с дыбысынан басталғанда, ұяң з қатаң с дыбысына айналады

з+с=с+с

жаз (пиши)

жаз+са (если будет писать) =жас+са

көз (глаз)

көз+сіз (без глаза) =көс+сіз

күз сайын (каждую осень) =күс сайын

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

Х модуль. Салтын білмеген сауапты түсінбейді

ІІІ-ІV апта. 7-12 - кредит-сағат.

кредит-сағаттар

Тақырыпшалар

лексикалық минимум

Грамматика

3-4

апта

Қазақтың салт-дәстүрлері. Үйлену тойы. Шілдехана (бейнесабақ)

Құттықтау, отбасы, тату-тәтті, мейірімді, сәби, бесік

Қазақ дастарханы (бейнесабақ)

Айт мереке. Наурыз. Құттықтау

«Қыз Жібек» фильмі

Ұлттық тағам, ерекшелік, емдік қасиет, дәмді, сусын, тәбет, жағымды

Бақылау жұмысы

барлық сөздер

қайталау

Тақырып: Қазақтың салт-дәстүрлері. Үйлену тойы.

Мәтіндер: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойды-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер. Еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болмайды.

Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт-дәстүрлерден өзікті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.