Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік университеті

Біздің Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті - Қазақстандағы алғашқы университеттердің бірі. Ол 1972 жылы құрылған. Мұндағы 14 факультетте 117 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы бөлімдерде 20 мыңнан аса студент оқиды.

Оларға Интернет Залы, Мәдениет сарайы, бірнеше дисплейлік класс, асхана, телеаудитория, лингафон кабинеті, спорт залы, мультимедиялық сыныптар, тұрмыстық қызмет көрсету кешені қызмет етеді. Университет студенттері үшін «Жастар әлемі» газеті, «Университет» кафесі, Е.А.Бөкетовтің және университет тарихы, этнографиялық және табиғат, бейнелеу өнері мұражайлары жұмыс істейді. Сыртқы бөлімнің басқа қалаларда тұратын студенттері үшін, халықаралық байланыс үшін дистанциялық оқыту институты ашылған.

Кітапхана қорында миллионнан аса кітап бар, оқу залында, сирек кітаптар қорында, мерзімді баспасөз залында оқытушылар мен студенттер үнемі шұғылданады. Талантты балалар үшін «Дарын» мектеп-интернаты ашылған. Әр факультеттің өз ғимараты бар.

67 кафедраның жоғары білікті мамандары студенттермен оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді. Олардың ішінде атақты физиктер мен химиктер, белгілі экономистер мен заңгерлер, көрнекті филологтар, суретшілер, споршылар бар. Жыл сайын 30 мамырда университетте «Ашық есіктер күні» өткізіледі.

5. «Біздің университет» атты бейнефильмді көріп, қысқаша әңгіме жазыңыз.

Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша сұхбат құрастырңыз.

Е.А.Бөкетов – тұңғыш ректор

Евней Арыстанұлы Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь (қазіргі Сергеевка) ауданындағы Бағанаты ауылында дүниеге келді.

Ол өмір жолын бастауыш және орталау мектепте мұғалім болып бастады.

Кейін ол Алматы Қазақ тау-кен металлургия институтын аяқтап, осы институттың аспиранты болды. 1954 жылы Техника ғылымдарының кандидаты, 1967 жылы Техника ғылымдарының докторы және профессор ғылыми атағы берілді.

1972-80 жж. жаңадан ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры болды.

Е.А.Бөкетов әдебиетпен, ғылыммен және ұстаздық қызметпен айналысты. Ол көркем әдебиетке өте құштар болды. Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев туралы мақалалар жазды. Абай мен Мұхтар туралы жазды. Ол С.Есениннің, В.В.Маяковскийдің, А.С.Пушкиннің көптеген шығармаларын жатқа оқыды.

Е.А.Бөкетов металлургия және химия саласында ғана емес, сонымен бірге әдебиет сыншысы, тамаша аудармашы, публицист, ақын және жазушы, қоғам қайраткері, педагог, жастардың ұстазы болды.

Қазір ҚарМУ-де Е.А.Бөкетовке арналған мұражай бар. «Гүлдер» шағын ауданындағы бір көше Е.А.Бөкетов есімімен аталады.

9. «Е.Бөкетов – ғалым, академик»тақырыбында досыңызбен әңгімелесіңіз.

10. Мына сызбанұсқа бойынша сөйлеңіз:

Мәтін: Білімдіден шыққан сөз

Қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Мынаны есте сақтаңыз:

Ер адамда 8 түрлі қасиет болсын, олар: игі мінез; ізгі қасиет; әйел адаммен сөйлескенде әдепті, сыпайы болсын; жұрт сыйлайтын адамды жақсы көріп, құрмет тұтсын; жауының алдында жүректі болсын; үлкендерге кішіпейілдік; халық салтын қадірлей білсін; осал жерін білетіндерге жұмсақ болсын;

  • Таза адамдар әрқашан тыныш, алаңсыз, олар өздерінің тамаша істерін мақтан етеді. Ал зұлымдық жасайтындар әрқашан қорқақ.

  • Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады:

  1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды;

  2. Елді басқарған үкіметті сыйламау ел ішіндегі бірлікті жояды;

  3. Асты күтпей, ысырап ету берекені кетіріп, ашығуға апарып соғады.

  • Бойыңды да, ойыңды да, арыңды да таза ұста.

  • Жүзің жарқын, жаның жомарт, мінезің жақсы болсын;

  • Сын сағатта әлсәздәк, ұстамсыздық жасаған адамды халық жек көреді;

  • Баланы ойынмен, үлкенді шындықпен жеңесің.

Тапсырмалар:

1. Берілген сөздерді тыңдаңыз, оқыңыз, жазыңыз, баламасын табыңыз: бірлестік, тіршілік, әлеуметтік, мінез-құлық, ерекшелік, қарапайымдылық, кішіпейілдік, икемділік, бала жандылық, еңбексүйгіштік

2. Мәтінді тыңдаңыз, оқып, аударыңыз.

3. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңыз. Жауап беріңіз.

4. Мәтіндегі сын есімдерді теріп жазып, салыстырмалы және күшейтпелі шырайға айналдырыңыз.

6. Досыңыз немесе туысыңыз туралы әңгімелеңіз.

7. Білімдіден шыққан сөздерді оқып, жадыңызда сақтаңыз. Сөйлесімде қолданыңыз. Сұхбаттасыңыз.