Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Хі модульдегі грамматикалық тақырыптар

Сын есімнің шырайлары (Степени сравнения прилагательных)

Шырай түрлері (Степени сравнения)

Жұрнақтар және олардың мағынасы (Аффиксы и их значение)

Мысалдар (Примеры)

І. Жай шырай (Положительная степень)

-

әдемі (красивый)

жақсы (хороший)

ақ (белый)

көк (синий)

ІІ. Салыстырмалы шырай (Сравнительная степень)

а) (-рақ, -рек, -ырақ, -ірек) бір заттың сынын екінші бір сынмен салыстыру арқылы бір-бірінен болмашы айырмашылығын білдіреді (Обозначают незначительное различие качества одного и того же признаки разных предметов)

Біздің үй сіздікінен кіші+рек

(Наш дом меньше вашего)

Ол менен жас+ырақ

(Он моложе меня)

б) (-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу) орыс тілінің –оват, -еват жұрнақтарына сәйкес келеді (Обозначают уменьшение интенсивного качества, что соответствуют русским прилагательным с суффиксами -оват, -еват)

Сенің көйлегің әдемі+леу

(Твое платье красивее)

семіз+деу (жирнее) жұмсақ+тау (мягче)

биік+теу (высоковатый)

сары+лау (желтоватый)

в) (-қыл, -ғыл, -ғылт, -ғыш, -ғылтым, -қылтым, -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім, -ілдір, -қай) зат түстерінің (сынның) кішірейтіліп, шамамен айтылғандығын білдіреді (Обозначают цвет и выражают уменьшительное, приблизительное значение)

қу+қыл (бледноватый)

боз+ғыл (пепельнее)

сұр+ғылт, сұр+ғылтым (сероватый)

аш+қылтым (кисловатый)

ақ+шыл (белее)

көк+шіл, көк+шілтім (голубоватый)

көк+ілдір=көгілдір (голубой)

қоңыр+қай (коричневатый)

ІІІ. Күшейтпелі шырай (Превосходная степень)

Бірінші буынның қосарланған түріне «п» әрпінің қосылуы арқылы (Путем удвоения первого слога прилагательного и добавления соединительного - п)

сап-сары

(желтый-прежелтый)

қап-қара

(черный-пречерный)

жап-жақсы (очень хорошо)

Сын есімнің негізгі түрі мен ең, өте, тым, аса, нағыз, тіпті сөздеінің қоса айтылуы арқылы (При помощи сочетания основной формы прилагательного (жай шырай) с усилительными словами: ең (самый), өте (очень), тым (весьма, слишком), аса (наиболее), нағыз (настоящий), тіпті (совсем) - обозначают высшую степень качества признака)

ең тәуір адам

(самый хороший человек)

өте жақсы

(очень хорошо)

тым биік

(слишком высокий)

тіпті жақын

(совсем близко)

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

ХІ модуль. Отан оттан да ыстық жалғасы

ІХ-Х апта. 25-30 - кредит-сағат.

кредит-сағаттар

Тақырыпшалар

лексикалық минимум

Грамматика

9-10 апта

Менің елім - Қазақстан

Қазақстан қалалары

Менің қалам (сырттай саяхат).

Отан туралы нақыл сөздер

Сұхбаттасу.

Бақылау жұмысы

Сұхбат:

- Сіз Қазақстанда қашаннан бері тұрасыз?

- Мен Қазақстанда ертеден тұрамын (осы жерде тудым, жақында көшіп келдім).

- Қазақстан туралы не білесіз?

- Қазақстан - көпұлтты мемлекет. 100-ден аса ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Қазақстан – бейбіт ел. Елбасы Н.Назарбаев - өте ақылды, іскер басшы.

- Мемлекеттік тіл – қазақ тілін жақсы білесіз бе?

- Иә, жақсы білемін. Өйткені, мектепте 11 жыл оқыдым. Енді университетте оқып жатырмын. Менің қазақ достарым көп.

- Қазақтар қандай халық?

- Қазақтар - өте қонақжай, бауырмал халық. Қазақтар әке-шешесін, ата-әжесін (үлкендерді) қатты сыйлайды. Маған осы қасиеттері өте ұнайды.

Лексикалық минимум: өзгеріс, егемендік, тәуелсіздік, жарлық, бүкілхалықтық, күнпарақ, рәміз, құқықтық негізде, Біріккен Ұлттар Ұйымы, дәйекті, көкейтесті, өмірлік қағидалар, қамсыздандыру, көмекке зәру, насихаттау, үнемдеу,

Мәтін (1): Егеменді еркін ел

ХХ ғасыр соңында біздің елімізде тарихи өзгерістер болды. 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендігіміз туралы декларация қабылданды. 25 қазан – Республика күні болып жарияланды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіздік туралы заң қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні және бүкілхалықтық мереке болып күнпараққа енді.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (әнұраны, елтаңбасы, туы) қабылданды.

Қазақстан Республикасы 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Қазақстан басқа елдермен құқықтық негізде қарым-қатынас жасайды.

Қазақстан Республикасы – демократиялық, құқықтық мемлекет.