Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Үш бақытым

Мұқағали Мақатаев

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – тілім менің!

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген!

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен!

Үш бірдей бақытым бар алақанда

Құдай мені бақытты жаратар ма?

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!

Мәтін (2) Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

(Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2007 жылғы, 28 ақпандағы Жолдауынан)

....Осыдан екі жыл бұрын біз дәйекті әлеуметтік жаңаруға қарай бет бұрдық. Көп нәрселерге қол жеткіздік. Біз үшін ең бастысы – маңызды әрі көкейкесті өмірлік қағидаларды іске асыру үшін қазақстандықтарға:

  • отбасын қамсыздандыру;

  • тұрғын үй иелену;

  • денсаулықты нығайту;

  • зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады.

Біріншісі. Мемлекет қоғамның осындай көмекке зәру мүшелерін қолдауға міндетті. Олар, ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер...

Екіншісі. Қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет.

Табиғи ресурстарды үнемдеу мен ұтымды пайдаланудың мұндай технологиялары мен бағдарламаларын енгізуді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды оңтайлы ұштастыру қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырған жөн.

Тапсырмалар:

1. Бейнетаспадан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қазақ тілінде тыңдаңыз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

3. Қиын сөздерді теріп жазыңыз. Сөз тіркестерін құраңыз. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

4. Жіктік жалғаулы сөйлемдерді үш жаққа қойып жаттығыңыз. Жатқа еркін айтыңыз.

5. Соңғы үш абзацтағы сөйлем түрлерін ажыратыңыз. Мәтіндегі етістіктердің түрлерін ажыратыңыз, талдау жасаңыз.

6. Мәтіндегі етістіктерді шақ категорияларына айналдырып жаттығыңыз.

7. Мәтін бойынша пікіріңізді айтыңыз.

8. Төмендегі мақалды жаттап алыңыз, өзіңіз бірнеше мақал-мәтелдер жазыңыз.

- Елің кім десең, салтымнан көріп біл.

Өзің кім десең, елімнен сұрап біл.

9. «Қазақстанның кешегісі, бүгінгісі, болашағы» тақырыбында көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

10. «Қазақ елі – менің Отаным» тақырыбына бұқаралық ақпарат құралдары мәліметтерін қатыстыра отырып, шығарма жазыңыз.

Мәтін (3): Наш Казахстан

Среди 175 государств – членов ООН – молодая Республика Казахстан по обширности территории (2 млн.717,3 тыс.кв.км.) занимает девятое место и, таким образом, входит в первую десятку крупнейших по территории государств мира после России, Китая, США, Канады, Бразилии, Австралии, Индии и Аргентины.

По данным Госкомстата численность населения в Казахстане к началу 1993 года превысила 17 миллионов человек. А это значит, что мы занимаем пятидесятое место по данному показателю в мировом масштабе после Узбекистана и Румынии, опережая Ирак и Афганистан. Девятое место по территории и пятидесятое место по численности населения – это вполне солидное положение в мировом содружестве государств. Казахстан имеет самую большую протяженность границ по суше (15 тыс.км.). Общая протяженность границ Казахстана составляет 16,5 тысяч километров, что равно длине экватора.

Казахстан – настоящая срединная европейско-азиатская страна. Однако, не каждый знает, что географический центр огромного европейско-азиатского суперконтинента находится именно в Казахстане, в Семипалатинской области.

В Казахстане проживают около 100 диаспор - представителей других народов. Это поистине этнодемографическая лаборатория Евразии.