Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Атамекен

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білемІ

Қайырмасы:

Қайда жүрсең, атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспанымен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем!

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем.

Тапсырмалар:

1. Әнді тыңдаңыз.

2. Мәнерлеп оқып жаттығыңыз.

3. Оқытушының көмегімен мазмұнын түсініңіз.

4. Жатқа әнімен айтыңыз.

Сұхбаттасу

– Гүлнұр, сенің туған жерің қай қала?

– Мен Қарағанды қаласында тудым.

– Саған қала ұнайды ма?

– Әрине. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас деп тегін айтылмаған ғой.

– Ал, мынау қандай көше?

– Бұл Бұқар жырау даңғылы.

– Орталық дүкен алыс па?

– Жоқ, міне келіп қалдық. Келесі аялдама «Абзал» орталық дүкені.

– Мен қазақтың ұлттық киімдерін және әшекейлерін сатып алайын деп едім.

– Онда ұлттық дүкенге барайық.

– Мынау демалыс саябағы, оған қарсы тұрған Мәдениет сарайы.

Хіі модульдегі грамматикалық тақырыптар жалғасы

3. Союзы (жалғаулықтар)

4. Частицы (демеуліктер)

5. Модаль сөздер (модальные слова)

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Жалғаулықтар (Союзы)

Орыс жалғаулықтары (Русский эквивалент)

Мысалдар (Примеры)

1. Ыңғайластық (Соединительные)

және, мен, бен, пен, да, де, та, те

и, да

Мен жіне сен (Ты и я)

Жанар мен Гүлнәр (Жанар и Гульнар)

Шыныбек пен Назарбек

(Шыныбек и Назарбек)

Жаңбыр жауды да, жер көгерді (Дождь прошел, и земля зазеленела)

2. Қарсылықты (Противительные) бірақ, бірақ та, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де

а, но, да

Киноға барар едім, бірақ қалтамда ақша жоқ

(Пошел бы в кино, да в кармане

нет денег)

3. Талғаулықты (Разделительные) не, немесе, я, әлде, біресе, әйтпесе, болмаса, ал

или, либо то..., по

Не мен барам, не сен бар

(Либо я пойду, либо ты пойдешь)

Біресе жаңбыр жауады, біресе күн шығады

(То дождь, то солнце)

4. Себепті (Причинные) өйткені, себебі

так как,

потому что

Ол жақсы оқиды, себебі жақсы маман болғысы келеді

(Он хорошо учится, так как хочет быть хорошим специалистом)

Мен сабаққа барған жоқпын, өткені ауырып қалдым

(Я не ходил на занятия, потому что заболел)

5. Салдарлық (Следственные) сондықтан, сол себептен, сол үшін

поэтому

Мен ұйықтап қалдым, сол себептен сабаққа кешігіп келдім

(Я проспал, поэтому опоздал на занятия)

Ол көп оқыды, сондықтан білімді адам болып шықты

(Он много занимался, поэтому стал знающим человеком)

6. Шарттық (Условные)

егер, онда

егер... онда

если, тогда если... то

Егер кітап оқымасан, білімді адам болмайсың

(Если не будешь читать, то не

будешь умным)

Маған келмесең, онда мен

саған барамын

(Если не придешь ко мне, то я к

тебе пойду)

Демеуліктер өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулі пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды. Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді

Демеуліктер (Частицы)

Аудармасы (Перевод)

Мысалдар (Примеры)

1. Күшейткіш-шектік (Усилительно-ограничительные)

ғана (қана), ғой (қой), әсіресе, -ақ, ау

только, особенно, же

Ол саяжайға Арланды ғана алды

(Он взял на дачу только Арлана)

Мен жемістерді жақсы көремін, әсіресе алмұртты

(Я люблю фрукты, особенно груши)

Мынау дәптер ғой (Это же тетрадь)

2. Сұраулық (Вопросительные)

ма, ме, ба, бе, па, пе, ше

ли, а

Ол бара ма? (Пойдем ли?)

Сен ше? (А ты?)

Модаль сөздер (Модальные слова)

Аудармасы (Перевод)

Мысалдар (Примеры)

керек

необходимо, нужно

Маған сол кісі керек еді

(Мне нужен был тот человек)

сияқты

как, как будто, кажется

Ол мені жек көретін сияқты

(Мне кажется, что он меня ненавидит)

екен

оказывается

Онда кітап көп екен

(Оказывается, там много книг)

мүмкін, шығар,

болар

возможно, может быть

Олар қалада шығар (болар)

(Может быть они в городе)

рас

правда,

верно

Рас, сен менің досымсың

(Верно, ты мой друг)

шамасы

вероятно

Шамасы, олар үйде жоқ

(Вероятно, их нет дома)

әрине

конечно

Әрине, сен оны білесің

(Конечно, ты его знаешь)

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

ХV апта. 43-45 - кредит-сағат.

Мен қазақша қалай сөйлеймін?!

кредит-сағаттар

тақырыпшалар

лексикалық минимум

грамматика

15

апта

Бақылау жұмысы

1. Жатқа оқу

2. Тест. Сөздік диктант

3. Сөйлесім.

4. Шығарма.

5. Мазмұндама

6. Тыңдалым

Барлық сөздер

Қайталау

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]