Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Қазақ дастарханы

Әні: М.Ілиясовтікі

Сөзі: Ж.Боранбаевтікі

Көңілін ақтарып сап,

Ашылған мақтаға ұқсап.

Даланың маржанына,

Шашылған ақ бауырсақ.

Қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым!

Қазақы дастарханым.

Өзіңсің бақ, берекем,

Бақытым, бастауларым.

Күлкі бар құйындаған,

Сезім бар құйылмаған.

Жайылған дастархан ғой,

Сарыарқа жиылмаған.

Дәм татар талай ғасыр,

Ұрпақтар абай болсын

Кірлетпей таза ұстасын,

Халықтың шарайнасын.

Мәтін (3) Айт мерекесі

Айт деп мұсылмандардың діни мейрамдарын айтамыз. Ол мынадай түрге бөлінеді: 1)Ораза айты; ораза аяқталғаннан кейін үш күн бойы өтеді. 2) Құрбан айты; құдайға құлшылық ретінде құрбан шалады. Жалпы айт ислам дінінен көп бұрын, ертедегі Арабияда шыққан. Кейін арабтар өздерінің діни дәстүріне айналдырып алды. Аталған мейрамдардың қай-қайсысында да мұсылман қауым құдайға құлшылық ету үшін, күнәсінен арылу үшін, пітір, зекет, садақа беру үшін мешітке барады, бірінің үйіне бірі жүз көрсетіп, тілек тілесіп, бата сұрасып, қонаққа шақырысады.

Тапсырмалар :

1. Мәтінді үнтаспадан тыңдап, оқыңыздар. Өздеріңізге таныс емес сөздерді сөздіктен қарап, солармен сөйлем құрыңыздар.

2. Септеңіз: тілек тілеу, қонаққа шақыру

3. Өз ұлтыныздың немесе өзге ұлттың ұлттық мерекелері туралы әңгімелеңіз

Х модульдегі грамматикалық тақырыптар

Бұйрық рай. Жеке түрі

(Повелительное наклонение в единственном числе)

Жақ (Лицо)

Соңғы дыбыс (Конечный звук)

Жұрнақ (Аффиксы)

Мысалдар (Примеры)

І. Мен (Я)

Дауыссыз (Согласные)

-айын

-ейін

жаз+айын (давай напишу)

көр+ейін (давай посмотрю)

Дауысты

(Гласные)

-йын

-йін

ойна+йын (давай сыграю)

биле+йін (давай станцую)

ІІ. Сен (Ты)

Дауыссыз

(Согласные)

-

жаз (напиши)

көр (посмотри)

Дауысты

(Гласные)

-

ойна (сыграй)

биле (станцуй)

Сіз (Вы вежливая форма)

Дауыссыз

(Согласные)

-ыңыз

-іңіз

жаз+ыңыз (напишите)

көр+іңіз (посмотрите)

Дауысты

(Гласные)

-ңыз

-ңіз

ойна+ңыз (сыграйте)

биле+ңіз (станцуйте)

ІІІ. Ол (Он, она)

Дауыссыз

(Согласные)

-сын

-сін

жаз+сын (пусть напишет)

көр+сін (пусть посмотрит)

Дауысты

(Гласные)

-сын

-сін

ойна+сын (пусть) сыграет

биле+сін (пусть станцует)

Бұйрық рай. Көпше түрі

(Повелительное наклонение во множественном числе)

Жақ (Лицо)

Соңғы дыбыс (Конечный звук)

Жұрнақ (Аффиксы)

Мысалдар (Примеры)

І. Біз (Мы)

Дауыссыз

(Согласные)

-айық

-ейік

жаз+айық (давай напишем)

көр+ейік (давай посмотрим)

Дауысты

(Гласные)

-йық

-йік

ойна+йық (давай сыграем)

биле+йік (давай станцуем)

ІІ. Сендер (Вы)

Дауыссыз

(Согласные)

-ыңдар

-іңдер

жаз+ыңдар (напишите)

көр+іңдер (посмотрите)

Дауысты

(Гласные)

-ңдар

-ңдер

ойна+ңдар (сыграйте)

биле+ңдер (станцуйте)

Сіздер (Вы вежливая форма)

Дауыссыз

(Согласные)

-ыңыздар

-іңіздер

жаз+ыңыздар (напишите)

көр+іңіздер (посмотрите)

Дауысты

(Гласные)

-ңыздар

-ңіздер

ойна+ңыздар (сыграйте)

биле+ңіздер (станцуйте)

ІІІ. Олар (Они)

Дауыссыз

(Согласные)

-сын

-сін

жаз+сын (пусть напишут)

көр+сін (пусть посмотрят)

Дауысты

(Гласные)

-сын

-сін

ойна+сын (пусть сыграют)

биле+сін (пусть станцуют)

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

Х модуль. Салтын білмеген сауапты түсінбейді жалғасы

Ү-VІ апта. 13-18 - кредит-сағат.

кредит-сағаттар

Тақырыпшалар

лексикалық минимум

Грамматика

5-6 апта

Ұлттық тағамдардың ерекшеліктері.

маржан,

асқар тау,

бақ, береке,

шарайна,

жиылмаған,

бастау

Сапалық сын есімдер

Ұлттық ойындар.

алтыбақан, тербетеді, шырқалады, қамшымен, соғады, лақ сойылып, тартысады, мал сойып, қашықтық, әскери жаттығу

Ойын сабағы.

ұшты-ұшты, хан талапай, бес тас, асық, тоғыз құмалақ

Қатыстық сын есімдер

Киім үлгілері (бейнесабақ). «Нұр-әсем» тігін фирмасына сырттай саяхат.

бешпет, сәукеле, кимешек, кемзал, шапан, бөрік, тымақ

Бақылау жұмысы

барлық сөздер

қайталау

Тақырып: Қазақтың ұлттық ойындары

Ұлттық ойын-сауықтарының түрі сан алуан. Өте көп тараған түрлері әдеби-көркемөнерлік түр: күй шерту, ән айту, би билеу, өлең айтысу, дастан-қиссалар айтысу. Ойын-сауықтардың бірсыпырасы балалар мен жасөспірімдердің ойындары.

Ертеден келе жатқан ұлттық ойындардың бірі – «тоғыз құмалақ». Мұны шахмат сияқты екі адам ойнайды, бұдан басқа қазақ арасында дойбы және асық ойынының біраз түрлері бар.

Қазақ ойындарының мол түрі спорттық шынығу сипатындағы ойындар, көпшілігі ат үстінде шынығуға арналған.

Қазақ халқының ұлттық ойын-сауықтары халқымен бір туып, біте қайнасқан. Оның ұзақ тарихы бар.

Алтыбақан – ұлттық ойын. Мерекелерде, жазғы демалыста алтыбақан тебеді. Екі адамды отырғызып екі жақтан екі кісі тербетеді. Ән шырқалады.

Қыз қуу – бір қыз және бір жігіт атқа мініп бірін-бірі қуады. Басқа адамдар қызықтап қарап тұрады. Егер жігіт қызға жетіп алса, жігіт қызды сүйеді, ал егер қыз жетіп озса, қыз жігітті қамшымен соғады.

Көкпар – ертеден келе жатқан ойын. Мұнда лақ сойылып, жігіттер тартысады. Оны алып қашқан жігіт бір үйге апарып тастайды. Ол бұларды мал сойып қонақ етеді.

Теңге алу – бұл ойында теңгені жерден шауып келе жатып алу керек. Бұл әскери жаттығу ойыны.

Асық ойнау - Әр отбасы қойдың асығын жинайды. Асықты бір сызыққа тігеді де, сонан соң келесі бір асықпен атады. Ол сақа деп аталады. Тізілген асықтарды белгілі қашықтыққа құлатып, өзіне асық жинау керек. Кім көп жинаса, сол ұтады.

Тоғызқұмалақ – қазақ ұлттық ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Тоғызқұмалақ бұрынғы өткен заманда қазақ даласында ең көп тараған ойындардың бірі болған. Өкінішке орай, ол Кеңес Одағы кезінде біршама тоқырауға ұшырап, кейіннен тіпті насихатталмай қалды. Бірақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері осынау ұлттық ойын қайта жандану жолына түсті. Қазіргі таңда Республикамызда оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақ үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғызқұмалақ» кітабының авторы, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ ғылыми орталығы директорының орынбасары Мақсат Шотаев деген азаматтар осы ойынның жандануына үлкен үлес қосты. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде бұл ойын жақсы насихатталып жатыр. Монғолияда тоғызқұмалақ сабағынан олимпиада ойындары өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда, Алтайда үйірмелер ашылған. Жалпы, тоғызқұмалақ зияткерлік ойынға жатады. Ал зияткерлік ойындар дегеніміз – адамның ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытатын спорт түрі. Ғалымдардың пікірінше, бұл ойынның тағымдылық, тәрбиелік, танымдық құндылықтары көп, сонымен қатар зияткерлік ойындардың терапиялық сипаты да зор екен. Тоғызқұмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.

Тапсырмалар:

1. Ұлттық ойындардың атын қазақша жатқа жазыңыз.

2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

3. Бейнетаспадан ұлттық ойындар туралы көріңіздер.

4. Көргендеріңіз бойынша бір- біріңізге сұрақтар қойып, оған жауап беріңіздер.

5. Мәтіндегі ұлттық ойындардан басқа қандай ұлттық ойын түрлерін білесің бе?

6. «Ұшты- ұшты» ойынын ойнаңыздар.

7. Сөз құрамына талдаңыз: асықты, ұлттық, алтыбақан, ойында, тізілген, мерекелерде.