Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, өз жазбаша аударып, сөйлемдердің орын тәртібіне мән беріңіз.

2. Қазақстан туралы бейнефильмді көріп, ІІІ жақта әңгімелеп беріңіз.

3. М.Мақатаев. «Үш бақытым» өлеңін түсініп оқып, жаттап алыңыз.

4. Мәтінге сұрақ құрып сол бойынша мазмұнын айтыңыз.

Тарих беттерінен...

Қаз дауысты Қазыбек би – елінің бірлігі мен тәуелсіздігі жолында ересен еңбек еткен көрнекті мәмлегер, мемлекет қайраткері. Ол Жоңғария хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған. Бірінші рет барғаны, жобамен, ХҮІІ ғасырдың 80-жылдары. Жас шамасы 14-15-тегі кезі. Жоңғар ханына тесіле қарап тұрып:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз,

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз.

Ойтүрткі:

1. Қазыбек бидің сапары жайлы толығырақ мәлімет беріңіз.

2. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзінен не байқадыңыз? Елімізге, халқымызға берген бағасы туралы не ойлайсыз?

3. Мәмлегер, елші болу үшін қандай қасиеттер міндетті деп ойлайсыз?

Лексикалық минимум: қол жеткізу, несиелендіру, көбейту, төмендету, айқын /анық/, әлеуметтік, жәрдемақы, шәкіртақы, деңгей, қамқорлық, жақсы тұрмыс, өсім, көлік.

Мәтін (4) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына

Ж О Л Д А У Ы

...Мен Қазақстанның әлемдегі ең бай 50 елдің біріне айналғанын көргім келеді. Мен Қазақстанды әр отбасында өз үйінің немесе пәтерінің, өз ісінің және көлігінің кілті бар ел ретінде көргім келеді.

Мен Қазақстанның бейбітшілік пен келісімнің үлгісі болғанын көргім келеді.

Мұны қалай жасауға болады? Менің алдағы күндерге құрған жоспарым – айқын, орындауға болатын жоспар. Ол үш бөлімнен тұрады.

Әрбір қазақстандық неге қол жеткізе алады?

Біз әрбір қазақстандықтың табысын екі есеге көбейтеміз. 70 мың теңгеден кем болмайтындай деңгейге жеткіземіз.

Ипотекалық несиелендіру өсімін төмендетеміз. Осы жеті жылда миллион қазақстандық жаңа пәтерлерге қоныстанады.

... Менің жоспарым қарапайым және ол армандарға қолымыз жетер күн де алыс емес. Бұл – қарттарға қамқорлық пен жақсы тұрмыс, жастарға – жұмыс пен жарқын болашақ. Баршаңызға денсаулық пен білім, әр үйге тыныштық пен бақыт!

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

2. Мәтінді абзацқа бөліп оқыңыз.

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.

4. Көп нүктенің орнына сөздерді қойыңыз.

5. Етістіктің шақтарын анықтаңыз.

6. Глоссарий бойынша қалау райдың үш жағына қойыңыз: орындау, айту, қол жеткізу.

7. Менің жоспарым. Қай формада тұр? Үш жаққа қойыңыз.

8. Септік жалғаулы сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықтаңыз.

9. Қоныстанады, көбейтеміз етістіктерін міндетті келер шаққа қойыңыз. Тапсырмалар:

1. Отан туралы мақал-мәтелдерді оқыңыз, аударыңыз, жаттап алыңыз.

1) Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

2) Отан үшін отқа түс, күймейсің.

3) Опасызда Отан жоқ.

4) Отан оттан да ыстық.

5) Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

2. Ел, туған жер, отаншылдық туралы атақты адамдардың сөздерінжазып алыңыз, түсіндіріңіз. 3. Көп нүктенің орнына керек сөздерді қойыңыз: ... мемлекет, ... Қазақстан, ... заң, ...ту, ... табиғат, ... байлық, ...тіл, ел, ... Отан, ... жер, ... аспан, ... рәміз.

4. Оқылған мәтіндерді және қосымша әдебиеттерді пайдаланып, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында шығарма жазыңыз.

* Тақырыпты бекіту үшін бақылау алынады.

Ұсынылатын әдебиет: [1.7.2]; [1.7.4]; [1.7.9]; [1.7..26]; [1.7.6].

Отан туралы нақыл сөздер:

  • Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

  • Отан үшін отқа түс, күймейсің.

  • Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

  • Отан оттан да ыстық.

  • Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.