Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Сұхбаттар:

1.

  • Сәлем, Айбар! Қалың қалай?

  • Сәлем, Әсел! Рақмет қалым жақсы.Сен қандай мамандықты таңдадың?

  • Мен туризм мамандығын таңдадым.Өзің қай факультетке барасың?

  • Мен экономика факультетін, қаржы және несие мамандығын таңдадым.Сен неге туризм мамандығын таңдадың?

  • Себебі, біздің елімізде туризм саласы енді дамып келе жатыр.Бұл сала мені қатты қызықтырады. Бізде әдемі жерлер көп, бірақ біз сонын бәрін әліде болса көрсете алмай жатырмыз.

  • Иә, біздің табиғатымыз өте әдемі.

2.

  • Сәлеметсіз бе, кіруге болады ма?

  • Сәлеметсіз бе, кіріңіз, отырыңыз.Мен сізді тыңдап тұрмын.

  • Мен хабарландыру бойынша келдім.

  • Кәсібіңіз не?

  • Мен- қаржыгермін.

  • Қандай жоғары оқу орнын бітірдіңіз?

  • Мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірдім.

  • Сіз түйінді тастап кетіңіз, біз сізбен хабарласамыз.

  • Жақсы,сау болыңыз.

  • Сау болыңыз.

3.

  • Сіз қай факультетте оқисыз?

  • Мен экономика факультетінде қаржы және несие мамандығында оқимын.

  • Сіз болашақта қай салада жұмыс істегіңіз келеді?

  • Мен қаржы полициясында жұмыс істегім келеді.

4.

  • Сәуле, сабақ кестесін қайдан көруге болады?

  • Сабақ кестесі 3 - қабатта, деканаттың жанында ілулі тұр.

  • Мен жазып алайын.

5.

  • Жадыра, мен сабақ кестесін алдым. Аптасына алты күн оқимыз.

  • Қай ауысымда оқисың?

  • Таңертеңнен түске дейін.

  • Сабақ нешеде басталады?

  • Сағат 8 30-да басталады.

  • Қай ғимаратта оқисыңдар?

  • Бас ғимаратта.

  • Қазақ тілі аптасына неше рет болады?

  • Алты рет. Үш сабақ және үш СОӨЖ.

  • Қандай жақсы!

6.

  • Ертең қандай сабақтар болады?

  • Ертең бірінші сабақ – Қазақстан тарихы.

  • Ағылшын тілі бар ма?

  • Жоқ, ағылшын тілі жұма күні болады.

  • Ертең қазақ тілі және менеджмент пәндері болады.

Тапсырмалар:

1.Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.

2.Үлгі бойынша екеуара әңгімелесіңіздер.

3. Рөлдік ойын.

Сіз бір мамандықты таңдаңыз.

Сіздің міндетіңіз: Өзіңізді таныстыру.

Көршіңіздің міндеті: Сізді таныстыру.

Мысалы: Менің атым Әсел. Ұлтым қазақ. Мен қаржыгермін. Мен әкімшілікте жұмыс істеймін. Мен Қарағанды қаласында тұрамын. Жасым жиырма бесте. Оның аты Әсел. Ол – қазақ. Оның мамандығы қаржыгер.Ол әкімшілікте жұмыс істейді. Оның жасы жиырма бесте.

Мәтін оқыңыз. Мәтін бойынша сұхбатқұрастырыңыз.

Мен білім алатын оқу орны

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Еуропалық менеджментті дамыту қорының есебінен халықаралық аккредитациядан өтуге мүмкіндік алған Қазақстанның 5 жоғары оқу орнының қатарына енді. Университетте сыртқы аудит тобы жұмыс істеді, оның құрамында Еуропалық менеджментті дамыту қорының жобалары департаментінің директоры Кристоф Террас (Бельгия) болды. ҚарМУ-дің экономика факультетінің аккредитациядан өту рәсімі еуропалық аудит ережелеріне сәйкес жүргізілді. Университетпен танысу барысында халықаралық сарапшылар әлемдік бизнес-білімнің талаптарына сай келетін ҚарМУ экономикалық бағдарламаларының жүзеге асырылуының сапасын жоғары бағалады. Аудиторлардың есебімен келісімді ҚарМУ-дің экономика факультеті аймақтық бизнес-қоғамдастықтың дамуына себепші болып, инновациялық оқыту технологияларын енгізуге жәрдем етеді, қазіргі заманның материалдық базасын қамтамасыз етіп, білім, ғылым және өндірісті кіріктіруде. 2005 ж. сәуір айының 1Еуропалық менеджментті дамыту қоры (EFMD) мен Орталық Азия менеджментті дамыту қорының (CAMAN) аккредитациялық комитеті аудит материалдарын қарап, ҚарМУ-дің экономика мамандықтарын үш жылға аккредиттеу туралы шешім қабылдады. ҚарМУ-дің экономика факультеті Қазақстанда халықаралық сапа стандарттары бойынша аккредиттелген бірінші мемлекеттік факультет ретінде танылды. Халықаралық аудит қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мамандандырылған аккредитацияны енгізу бойынша базалық жоғары оқу орны болып белгіленді. Осыған байланысты 2005 ж. маусым айында ҚарМУ-де «Білім беру бағдарламаларының аккредитациясын енгізудің мәселелері» тақырыбында республикалық семинар-мәжіліс өтті. Мемлекеттік бағдарламада жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде Қазақстанды Болон процесіне қосу үшін жағдай жасалады делінген. Қарағанды мемлекеттік университетінің әлемдік білім кеңістігіне ену үшін жасаған қадамдары, оған 2005 жылдың мамыр айында Университеттердің Ұлы Хартиясына қабылданған екінші жоғары оқу орны (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан кейін) атағын иеленуге мүмкіндік берді. Бұл ұйым 1988 жылы Болон Университетінің 900 жылдығына орай құрылған болатын. 1997 жылы осы ұйым әлемдегі университеттік білімді дамыту жолдарын айқындаған тарихи жағынан айрықша мәні бар Болон келісімінің ұйтқысы болған еді. Қазақстанда қабылданған Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көп ережелері Болон келісімінің қағидаларына үндес болып келеді. Бұл — еліміздің халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алуға талпыныс жасауының белгісі. Халықаралық білім стандарттарын қолдау үшін Қарағанды мемлекеттік университеті 2005 жылы ИСО 9001:2000 үлгідегі сапа менеджментінің жүйесін (СМЖ) енгізу үшін сертификаттау үдерісіне қосылды. Аталмыш рәсім қазақстандық «Медеу Консалтинг» ЖШС компаниясы және «SGS» ЖШС сертификаттау жөнін-дегі халықарлық органымен бірлесіп өткізіледі.